Қалалық жас туристер стансасы

«Ару қала-Ақтөбе»
тақырыптық экскурсиясы
Ақтөбе – 2018 жыл
Маршрут
Батыс 2
Дина –Капитал плаза
Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты
Темір жол музейі
Алия музейі
Қобыланды батыр стадион
Қоныс
Нурдаулет
Абулхайыр хан даңгылы ( ескерткіш)
Абай даңғылы
Есет батыр көшесі
Жауынгерлік даңқ монументі
5 мөлтек ауданы
Маметова көшесі
Бірлік пен келісімнің су-жасыл бульвары
Нұр ғасыр мешіті
Өнер орталығы
Тұңғыш президенті саябағы
Абулхайыр хан даңғылы
Ғазиза Жубанова көшесі
Сәнкібай батыр даңғылы
Тәуелсіздік көшесі
Батыс 2
Туған өлкем Ақтөбем – ай арайлы!
Барша жұртым жер жанатқа балайды
Көркие бер гүлге оранып Ақтөбем
Барша әлем қызығады қарайды
Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар! Ақтөбе өңіріне қош келдіңіздер! Мен ҚЖТС- ның қосымша білім беру педагогы __________________________
Сіздердің назарларыңызға«Ару қала-Ақтөбе» Ақтөбе қаласы бойынша шолу экскурсиясын ұсынамын. Экскурсия кезіңде ұялы телефондарыңызды дауыссыз режимге ауыстыруыңызды сұраймын, сұрақтарыңыз болса экскурсия аяқталған соң қоюларынызға болады.
Ақтөбе қаласының тарихы:Ақтөбе қаласының тарихы 1869 жылдың 28 мамырында басталған. Бұл күні «Ақ төбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі қаланған. 1869 жылдың мамырында Хобда мен Елек өзендерінің аралығына флигель-адъютант, граф фон Бог басқарған жасақ жіберілген. Осылай, Лев Баллюзек атындағы өлкенің әскери губернаторы Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылысқан жерінде Ақ төбе бекінісін салуды тапсырған. Осы күні қаланың тарихы басталған.
Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Ақтөбе қаласының әкімшілік аумағы 2,3 мың шаршы километрді құрайды. Ақтөбе қаласы биіктігі 250-400 метр болатын Орал үстіртінің оңтүстік бөлігіндегі Орал өзенінің сол жақ құйылысы – Електің сол жақ жағалауында орналасқан. Қала солтүстік-батыс жағында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданымен, солтүстік – шығыста Қарғалы ауданымен, шығысында Хромтау ауданымен, оңтүстігінде және оңтүстік – батысында Алға ауданымен шекараласады.
1932 жылғы 10 наурызда Ақтөбе Ақтөбе облысының орталығы болды. 60 - жылдардың ортасынан бастап шағын тұрғын аудандар мен массивтер құрылысы басталды. 1977 жылы Ақтөбе Батыс-Қазақстан темір жолы орталығына айналды. 1999 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Актюбинкс қаласы Ақтөбе деп атала бастады. Бұл «Ақ төбе» деген ұғымды білдіреді
Әсіресе, соғыс кезінде қаланың маңызы арта түсті. 101-ұлттық атқыштар бригадасы, 312-атқыштар дивизиясы, 29-миномет полкы және басқа да әскери бөлімдер, бөлімшілер осында жасақталған.
1950 жылдар, Ленин көшесі 1940-1960 жылдары ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бой көтерді: хром қосындылары зауыттары, ауылшаруашылық машина жасау саласы, рентген аппаратурасын шығару саласы, сүт және ет комбинаттары, тігін фабрикалары және басқалар.
Қаланың бейнесі тарих
тегеурінінде көп өзгерістерге ұшырап, бүгінде шырайлы шаһарға
айналған. Бүгінгі Ақтөбе – өнеркәсібі, кәсіпкерлік және
қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы
дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай
қала.
Тарихи жағынан Ақтөбе облысы Еуропа мен Азия тоғысында орналасқан
мәдениеттердің шекаралық аймағы есебінде көпұлттылық,
мәдениеттердің байланыстылығы мен конфессияаралық байланыстар
сияқты өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасып дамыды. Аймақ
ерекшеліктерінің бірі, оның территориясы арқылы ежелгі заманнан
бастап тарих қозғалысының иірімінде ұйыған, жерсінген және
араласқан тайпалар мен рулар негізінде мәдениеттер мен этносаралық
байланыстарды анықтаған маңызды миграциялық бағыттардың күретамыры
(сауда, керуен жолы, жаулап алу бағыттары, қоныс аудару бағыттары
және т.б.) өтті.
Облыс аумағынан республикалық маңызды теміржолдар мен автожолдар өтеді және үш халықаралық әуежайдің бірі орналасқан .Президенттің айтқанындай облыс Қазақстан экономикасының «локомативі» қызметінде үлкен өндірістік потенциалға ие. 93 мемлекетпен сауда байланысында, ал, әлемнің 52 елі облыс өнімдерін тұтынуда.
Хром кенінің қоры жөнінен (400 млн.т) дүниежүзінде 1-ші орында, мыс кенінен (100 млн.т) Қазақстан бойынша 3-ші орында, газ қоры жөнінен 4-ші орынға ие. Ал мұнай қоры 900 млн. тоннаға жетеді.
Жергілікті атқарушы органдардың, бизнес құрылымдарының және Ақтөбе тұрғындарының табанды да біріккен еңбегінің арқасында Ақтөбе Қазақстанның дамыған қалаларының біріне айналды, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып отыр, дамыған өнеркәсібі, кәсіпкерлігі, қаржы және ғылыми құрылымы, қолайлы коммуникациясы бар.
Экскурсиямыз қаламыздың көркиіп, дамып келе жатқан Батыс – 2 шағын ауданынан басталмақ. Бүгінгі біздің экскурсиямыз шыгармашылық академиясынан бас тауын алады.Облыстық шығармашылық академиясы - мемлекет пен жеке меншік әріптестігі аясында салынған нысандардың бірі. Ғимаратты тұрғызып, қажетті жабдықтармен қамтуды, - "Казхром" транс ұлттық компаниясы өз міндетіне алған. Осы мақсатқа 1 млрд 800 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Шығармашылық академиясы, Ақтөбедегі ең сәулетті ғимараттардың бірі десе де болады. Мұнда, 30-дан астам үйірме жұмыс істейді. Концерт залы, обсерватория да бар. Дәрісберетінмамандар да дайын.
Сәңкібай даңғылы мен Алия даңғылының киылысында 2014 жылы Сәңкібай батырға ескерткіш ашылды. Ескерткіштің авторы Ж. Жубанкосов.
ӘлияМолдағұловадаңғылы – Ақтөбеқаласыныңорталықкөшелерініңбірі, КеңесОдағының батыры Ә.Молдағұлованыңесімінмәңгіліккеестеқалдырубелгісі. Даңғыл автомобиль жолдарыкөпіріненбасталыпқаланыңоңтүстік – батысшетінедейінсозылады. Даңғылды Әбілқайыр хан, Сәңкібай батыр даңғылдары, Есет батыр, ағайындыЖұбановтар, Рысқұловкөшелеріқиыпөтеді.
Даңғылсаябағындахалықсеруендейтіндемалысорындарыкөп, Даңқобелискі, "Әлия" жабық базары, Қ. Жұбановатындағы университет, БатысҚазақстантеміржолбасқармасыныңғимараты, КеңісОдағыныңекімәрте батыры Т.Бигельдиноватындағыжоғарыәскериұшқыштаручилищесі, "Тайбурыл", зергербұйымдардүкені, мұнайбанкі, т.б. әсемғимараттарорналасқан. Даңғылдыбойлаптеректерөсіптұр, гүлалаңдарыерекшекөзтартады.
Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты – авиация мамандарын даярлайтын әскери жоғары оқу орны. 1974 ж. ашылған. Инженер-ұшқыш, инженер-психолог, жалпы инженер, т.б. мамандықтар бойынша авиация кадрларын даярлайды.1998 жылдың 22 тамызында мемлекет Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы авиаторлардың – бірінші офицерлер бітіруіне қатысқан. Сол уақыттан бастап әскери оқу орнының қабырғаларында 1000-нан астам офицерлер дайындалған. Иститут тек Қазақстандықтарды ғана емес Венгрия, Ауғаныстан және т.б ұшқыштарын дайындайды. Өз уақытында ұшқыш – космонавт Талғат Мұсабаев оқыған.
Ағайынды Жұбановтар көшесі – Ақтөбенің көрікті, ұзын, сәнді көшелерінің бірі, қазақ тіл білімінің көсбасшыларының бірі профессор Қ.Жұбановтың, сазгер, академик, Құрманғазы атындағы ұлттық оркестрді ұйымдастырушы Ахмет Жұбановтың құрметіне аталған. Ағайынды Жұбановтар көшесінде Қ. Жұбанов атындағы университет, педагогикалық институт, облыстық ішкі істер басқармасының бас ғимараты, Облыстық мұражай орналасқан.
Әлия Молдағұлова мемориалдық кешені – Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойына арнап тұтас мемориалдық кешен ашылды. Батырлар есімі мрамор, тақта тастарға, қола ескерткіштерге қашап жазылып, мәңгілікке қалады. Табиғат қыз баланы ертеңгі күнгі ана ретінде жаратады. Ойда жоқта ел шетіне жау тиді де, сол нәзік, қорғансыз жан қолына қару алуға мәжбүр болды. Жауды аямас, қаһарлы, ызалы жауынгерге айналды. Ерлікпен көз жұмғанда, Әлия 19 – ға да толмаған болатын. Ол бар болғаны ерке, пәк қазақ қызы ғана. Сол қалпында майданға аттанды, сол қалпында ердің ерінің ғана қолынан келер ерлік жасады. Ерлік – Әлияның ұанында бар қасиет еді. Ол – әлемді дірілдеткен Кирді тойтара білген Томиристің ұрпағы. Ол – Рим испериясын талқан еткен Еділдің ұрпағы. Әлия ерлігін – солардың ерлігінің жалғасы деп білуі керек.
КешенӘлияМолдағұловаатындағыдаңғыл мен ағайындыЖұбановтаркөшесініңқиылысынаорналастырды.МұндағыӘлияескерткіштерініңбиіктігі – 4 метр, ал тұғырыменқосаалғанда 6 метр. Биіктігі 2,3 метр, жалпыұзындығы 30 метр болатын, екібөліктікешенрельефіндесонаусақтар мен ғұндарзаманынанбастап, тарихымыздыңдаңқтытұстарыбейнеленеді. Рельефтің авторы белгілімүсінші, мемлекеттіксыйлықтың лауреаты ЕскенСергебаев.
Қ. ЖұбановатындағыАқтөбеөңірлікмемлекеттікуниверситеті– 1934 жылыАқтөбеекіжылдықмұғалімдер институты болыпашылды. 1996 жылы 7 мамырдаоғанүкіметқаулысымен профессор лингвист ҚұдайбергенЖұбановесіміберілді. Университет алдындағалымғаарналған бюст орнатылды.
Ә. Молдағұлованыңоблыстықмемориалдықмұражайы.КеңесОдағының Батыры, қазақхалқыныңҚаһарманқызы Ә. МолдағұлованыңАқтөбеқаласындаоблыстықмемориалдықмұражайы1980 жылы 11 маусымдаашылды
ӘлияНұрмұхамбетқызыМолдағұлова 1925 жылы 15 маусымдаАқтөбеоблысыныңҚобдыауданыныңБұлақаулындадүниегекелді. АнасықайтысболғаннанкейінтуғаннемереағасыӘбубәкірМолдағұловотбасындатәрбиеленеді. ӘлиябалалықжәнемектепжылдарынӘулиеатада, Мәскеуде, Ленинградтаөткізді. БұлӘбубәкірағасыныңМәскеу (Ленинград) Әскери-КөлікАкадемиясындаоқыпжүргенінебайланыстыболды.
1938 жылыӘлияныңкелісіміналып, ағасы оны уақытша Ленинград қаласыныңмектепинтернатынаорналастырады. ОсындаӘлиясоғысқа тап болады. Ауырблокадалы 1942 жылы интернат шәкірттері, олардыңішіндеӘлия да, Ярослав облысындағы Вятское ауылынакөшіріледі. Вятская ОМ 7 сыныбынбітіріп, Әлия Рыбинск авиациялықтехникумынаоқуғатүседі.
1942 жылы 18 желтоқсандабасқаөзеркіменкелгенқыздарменбіргеӘлияәйелдердіңмергендермектебінеоқуғажіберіледі. Әлия 1943 жылдыңшілдесіндемергендермектебінбітіріп, Солтүстік-Батысмайданына 54-ші атқыштардивизиясының 4 батальонынажіберілді. 1943 жылдыңаяғынан 1944 жылдыңбасынадейінӘлия Псков облысындағықалалардыжәнеауылдардыазатетуұрыстарынақатысқан, олжаудың 78 солдат пен офицерінөлтірді.
1944 жылы 14 қаңтардаКазачихаауылының штурмы кезіндеөшпесерлікжасап, Әлияқазатабады. 1944 жылдың 4 маусымдағы КСРО ЖоғарыКеңесініңТөралқасыныңЖарлығыменбатылмергенӘлияМолдағұловағаКеңесОдағының Батыры атағықайтысболғаннанкейінберілді.
МемориалдықмұражайдыңэкспозициясыӘлияныңөмірі, оқуыкезіндегі, соғыс, майдан күндеріндегіжастықшағыжәнееңбастысыбатылерлігінегжей-тегжейлібаяндайды. Мұражайда 8 мыңнанастам экспонат бар, олардыңарасындамайдандықхаттар, Ә. МолдағұловағаКеңесОдағының Батыры атағын беру жайындағыЖарлық, мұрағаттыққұжаттар, соғысжылдарыныңматериалдары мен жәдігерлері, соғыстехникасы мен ыдысы, әскерикиім бар.
Батырларалаңы. Өскелеңұрпақтыңбойындапатриоттықсезімдіқалыптастырып, Отандысүюге, елдіқұрметтеугебағытталғанигішараларжиіөткізіліптұрады. СоныңбірайғағыретіндеҰлыОтансоғысының65 жылдығынаорайқаламыздағыӘ.Молдағұловадаңғылыныңбойынан 2010 жылы 21 қыркүйектеашылғанБатырларалаңы. АллеяғаАқтөбеденҰлыОтансоғысыныңбатырларыбейнесіқашалғанескерткіштақталарорнатылды.
Аллеяға 48 гранит стеллаларқойылған, оныңішінде 46 – да қолабарельефтері мен Батырларесімдері бар. Солсияқтыкіреберісжергеекіүлкенграниттікстеллаларқойылған. Аллея аумағысәндікөркемделіп, жарықтарорнатылған.
1941-1945 жылдардағыҰлыОтансоғысына 122423 ақбөбелікаттанып, олардың 39503 – і майдан шебіндеқұрбанболды. Жауынгержерлестеріміздің 37-і КеңесОдағының батыры, 9 даңқорденініңтолықиегеріатанды. Соңғықанықалғаншажауменшайқасқан, бүгінгібейбіткүнгіжеткізгенерлердіңесімі ел есіндемәңгіестесақталады.
Әбілқайыр хан даңғылы - Ақтөбе қаласының бас көшелерінің бірі. Бұрынғы Ленин даңғылы. 18 ғасырда кіші жүздің , әскери қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері Әбілқайырдың құрметіне аталған. Даңғылды Киселев, Скулкин, Мәметова, Ғ. Жұбанова, Оспанов көшелері, Абай, Ә. Молдағұлова даңғылдары қиып өтеді. Бұл даңғылда облыс әкімшілігінің ғимараты, "Каз телеком" кеңсесі, Орталық саябақ, Ақтөбе орталық мешіті, "Нұрдаулет" сауда орталығы, "Ақтөбе" қонақ үйі, оқушылар Сарайы, "Қоныс" спорт сарайы, "Жұлдыз" кинотеатры, орталық стадион, "Мәдениет" сауда үйі, басқа да әсем ғимараттар орналасқан. Қазіргі заманғы үлгіде салынған көп қатарлы тұрғын үйлер, ғимараттар көріктілігімен көз тартады. Даңғылда халық ақыны Н.Байғаниннің, Кеңес Одағының батыры ВИ.Пацаевтың қоладан құйылған ескерткіштері орнатылған. . Гүлзарда ағаштардың бірнеше түрі өсіп тұр, гүл алаңдары бар, екі субұрқақ жұмыс істейді, қала халқы серуендейтін, демалатын орындар көп. Әбілқайыр хан даңғылы облыс орталығының ең әсем, ең сәулетті, түзу көшесі саналады.
Алдарыңызда Қобыланды батыр атындағы Орталық стадин орналасқан.1975 жылы негізі қаланып, 2000 жылы қайта жөнделген. Көлемі 13293 м.ш. алаң өлшемі: 103,6 x 69. Ауданы 7148 м.кв. Стадион дүниежүзілік стандартқа сай келеді және құрылысы, техникалық жабдықталуыы бойынша ҚР сындағы ең керемет стадиондарының бірі болып есептеледі. Оның дүниенің төрт бөлігімен аталған трибунал бар. Ең маңызды трибуна Батыс трибунасы болып есептеледі. Стадион алаңындаАқтөбе футбол командасыкөптеген Европа футбол командаларыменбәйгегетүскен.
«Қоныс спорт сарайы»Бұлжердеқысқымезгілдефутболдықойындар, спорттықжарыстарөтеді. Жұлдықдарконцерттікбағдарламаларыменкеледі.
Виктор Иванович Пацаев — КСРО-ныңұшқыш-ғарышкері, КеңесОдағының Батыры. 1933 жылы 19 маусымдаАқтөбеқаласында туған.1969 жылығарышкерлеротрядынақабылданды. 1971 жылы 6 маусымда «Союз-11» ғарышкорабліменсынаушыретінде Г.Т. Добровольский және В.Н. Волковтарменбіргеғарышқаұшты. Солжылғы 7 маусымда «Союз-11» ғарышкораблі «Салют» ғылымистанциясыментүйісуоперациясынойдағыдайжүзегеасырып, ғарышта 23 тәуліккежуықбарлығы 25 тәулікболды. Ұшубағдарламасытолықаяқталып, Жергеқонукезіндетүсуаппаратыныңгерметикалылығыбұзылуысалдарынанэкипаждыңбасқамүшелеріменбіргеқазатапты. Ленин орденіменмарапатталған. Қызылалаңда Кремль қабырғасынажерленді.
ПацаеватындаАқтөбедекөше, алаң, мектеп, шаруашылықұжымдары бар. 1972 жылдың 19 маусымындаұшқыш-косманавтқаарналғанескерткіш-бюсттіңсалтанаттыіргетасықойылды. Ескерткіштіңавторлары — скульптор Ю.А.Тур мен архитектор А.А.Заварзинүлкенауқымдыжұмысатқарды.Бюсттіңбиіктігі 2 метр.Ескерткіш 1976 жылыашылды.
Әрі қарай қалалық оқушылар сарайы – тамаша балаларды даярлайтын орталық. Бұл мекеме балалардың өнерін дамытатын әр түрлі үйірмелер, оның ішінде сурет, би, қол өнер, көптеген шет ел мемлекеттеріне барады. Сарайдың тамаша бишілер тобын тек ақтөбеліктер ғана емес, шет елдегілерде жақсы көреді. Бишілер тобы Москва қаласында болып, Испанияға баруға барып жүлделі орынға ие болды.
«Нұрдаулет» сауда орнының қасынан мешіт биік мұнарасымен көрінеді. Мешіт мұсылман елінің діні Аллаға сыйынатын, көмек, қорған тұтатын жері. Мешіт мұнарасының биіктігі 51 м. 2000 адам құлшылық жасай алады. Мұнараға көтерілетін ирек баспалдақтары бар. Мешіт ҰЛЫ Отан соғысының құрбаны Байжарқын Нұрдаулет Әділшеұлының атымен аталды.
Нұрпейіс
Байғанин ескерткіші. Ол қазіргі Ақтөбе облысы
Байғанин ауданында 1860 жылы дүниеге келген. Ол ақындық өнерді ең
алғаш анасынан үйренген. 16—17 жасынан-ақ «бала жыршы» атанады.
Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр
тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі,
батырлық жырларды үйренеді. Н. Байғанин негізінен батырлықты,
адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін,
халық сүйіп тыңдайтын «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды», «Ер
Тарғын», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты жыр,
дастандарды жырлаған. Дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық,
әлеуметтік мәселелерге арналған «Ақкенже», «Нарқыз» сияқты өз
туындыларын шығарды. Н. Байғанин шығармашылығы жағынан толысып,
халық құрметіне бөленген шағында отансүйгіштік, халық тағдыры, тағы
басқа тақырыптарды кеңінен жырлады. Көп жасаған, көп көрген, көп
үйреніп, көп жырлаған, қазақ халқының мол сөз қазынасын меңгере,
пайдалана білген ақынның шығармалары терең мағыналы, өткір тілді,
шешендік сөздерге, мақал-мәтелге, афоризмге толы.
Ақтөбе облысында Н. Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және басқа
қалалардағы көшелер мен мектептерге ақын аты берілген. 1940 жылы Н.
Байғанин «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
1999 жылы Нұрпейіс Байғанинге арналған ескерткіш Ақтөбе қаласының
Әбілқайыр даңғылында арнайы тұғырға қондырылды. Өлшемі шаршы үлгіде
(2,5 х 2,5 м), қара-көк мәрмәр таспен қапталған. Төменгі тұғыр
ұзындығы — 12,2 м, ені — 6 м, биіктігі — 100 см, тұғырды
есептегенде — 136 см. Тұғыр үстіндегі мүсін биіктігі — 2,3 m,
асбест цемент араласқан материалдардан әзірленген, мыс темірмен
қапталған. Жалпы биіктігі — 3,66 м. Ескерткішті орнату жобасын
облыстың бас сәулетшісі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Б.С.
Егінбаевтың басшылығымен «Ақтөбеазаматтықжобалау» институты жасады.
Ескерткіштің авторы Грузияныңбелгілісуретші-монументалисі Гамлет
Элиабарашвили.
Даңғыл бойында «Ақтөбе» қонақ үйі бар. Ол қаламызда бұрыннан белгілі. Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер, ғылым мен мәдениет көшбасшылары халықаралық конгресінің жүлдесіне лайық деп танылды. 250 жартылай люкс, стандарт және люкс номерлеріжәнеконференцзалдары бар.
Әбілқайыр хан ескерткіші - Ақтөбе қаласының орталық бөлігінде, облыстық әкімшілік жанындағы алаңда қазақтың көрнекті қайраткері, қолбасшы мен дипломаты Әбілқайыр ханның әсем ескерткіші тұр. Бұл қаладағы басты жер, дәл осы жерге дәстүр бойынша жас жұбайлар мен Ақтөбе қаласының қонақтары келіп жатады. Ескерткіш қаланың сәулет көрінісіне сәтті жарасады, оның жанында серуенге арналған жер, саябақ, қонақүй, дүкендер бар, айналасында көптеген халық жүріп отырады, үйреншікті қала өмірі қызып тұр және осының барлығына биік тұғырдағы ат үстінде отырған Әбілқайыр қарап отыр.
Ақтөбе қаласында аты аңызға айналған қолбасшы мен димпломат Әбілқайыр ханның ескерткіші 2000 жылы орнатылған. Ескерткштің жалпы биіктігі шамамен алты жарым метрді құрайды, гранит тұғырдың биіктігі— 2,8 м., ені — 2,1 м., ескерткіш ұзындығы– 5,8 м. Ескерткіш толығымен қоладан құйылған, тұғыры гранитпен қапталған.Ұлы ханға жасалған ескерткіштің авторлары қазақтың атақты мүсіншісі Е. Сергебаев пен сәулетшілері Б. Егімбаев пен Н. Қожағұлов болған.Осы жобаның авторларының идеясына сәйкес аты аңызға айналған қолбасшы қазақ халқының тағдыры шешіліп, жоңғарларға қарсы ұлы шайқас күтілген кезіндегі өмір кезеңінде бейнеленген. Әбілқайырдың көтерілген қолы бірлік пен жеңіске шақырып тұрғанын білдіреді. Аты еркіндікке ұмтылуды білдіреді.Әбілқайыр ханның ескерткіші Ақтөбе қаласының мақтанышы болып табылады және қаланың басты көрікті жерлерінің тізіміне кіреді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін көшелердің ескі атаулары жаңартылды. 2005 жылдан бастап 200-ге жуық көшеге жаңаша атау берілді. Сол уақыттарда Октябрь бульвары ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың құрметіне Абай даңғылы болып өзгертілді.
Абай Құнанбаев — ақын, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Бұл есіммен Абай тарихқа енді. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Қазіргі күні Абай даңғылының бойында Ақтөбе қалалық әділет департаменті, «Нұр Отан» партиясының ғимараты, қалалық балалар тіс емханасы және «Жастық» мейрамханасы орналасқан.
«Қан мен тер» ескерткіші. 2008 жылдың 14-қараша күні Ақтөбе қаласында "Қан мен тер" трилогиясының киіпкерлеріне арналған Ерік Жауымбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл Қазақстандағы әдеби туындының кейіпкерлеріне арналып жасалған алғашқы туынды. Ескерткіш Ақтөбе облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы кітапхананың алдында орналастырылған. Мүсіндік копозицияда "Беларан" аралындағы романның негізгі жеті кейіпкері және ит мүсінделген.
2016 жылы даңғыл бойындағы шағын субұрқақ қайта жаңартылды. Жаңа субұрқақ әуенге билейді. Салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов субұрқақты іске қосты. Аспанға атылған сулар түрлі түсті жарықтармен мың құбылып көз арбайды. 3 қазандықтан тұратын субұрқақтың құрылымы өте күрделі. Компьютер арқылы басқарылатын субұрқақ 390 бүріккіш, 48 сорғыш, 422 шамнан тұрады. Дыбыс ұлғайтқыш және жарықдиодты шамдармен әрленген. Атқылайтын судың биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Жалпы көлемі 700 шаршы метр алаңды алып жатыр.
Интернационалист жауынгерлерге орнатылған ескерткіш-белгі. 2007 ж. Интернационалист жауынгерлерге орнатылған ескерткіш-белгі ұшар басында бесжұлдыз бейнесі бар ортасынан қақ жарылған құлпытас (өлшемдері 50х60см), үстіңгі жағы бесжұлдызды шеңбер. Екі бөлінген құлпытастың төменгі бөлігінде қоладан құйылған гүл бейнеленген. Стилобадтың алдыңғы жағында «вечная память погибшим воинам-интернационалистам» деген жазу бар. Мүсінші: Жәдігер Кенбай.
Есет батыр көшесі. Бұрынғы Киров көшесі. 18 ғ. Ел мен жерді қорғаудың батыры, Әбілқайырханның әскербасы тама Есет Көкіұлының құрметіне қойылған, (1667-1749) - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Оның бойында 85 жылдық тарихы бар Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжі, облыстық ардагерлерінің үйі, емхана, жабық базар, медициналық орталығы, көптеген көп қабатты үйлер бар.
Жауынгерлік даңқ монументі.Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысының жаңғырығы алыстап барады. Бірақ халқымыздың тарихында елі үшін жанын аямаған, Ұлы Жеңісті жақындатқан жауынгеріміздің ерліктері біздің жүрегімізде және келер ұрпақтың есінде мәңгі қалады. От жалынға оранған соғыс жылдарындағы майдангерлердің жанқиярлық батырлығы мен батылдығы ұрпақ үшін өшпес өнеге. Сондықтан да Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіштер ерекше орын алады. Туған халқының мақтанышына айналған даңқты батырлары жайында естелікті мейрімді елі қола, гранит, мрамор ескерткіштеріне, мемориал тақтайшаларына жазып мәңгі есте сақтайды. Бұл ескерткіштер барлық халықтардың ұлдары мен қыздары ерлігінің құрметіне арналады. Фашизмге қарсы күресте оларды Отанға деген жалынды сүйіспеншілік, жауға қарсы өшпенділік, жеңіске жету еркі біріктірді. Халықтардың өз батырларына деген сүйіспеншілігі мен құрметі «Ешкімде ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылған жоқ» сөздерінде айқын көрінеді. 1970 жылдың 24 тамызы күні Ақтөбе қаласына Даңқ ескерткіштерінің салтанатты ашылуы болды. Ол ұзын бойлы қызыл әскердің граниттен жасалған бейнесі. Гранит бейненің төменгі жағында мәңгі алау жанып тұр. Ескерткіш Ұлы Отан соғысы майданында Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ақтөліктердің құрметіне арнап орнатылды. Ескерткіштің Мәңгі алауы олардың өшпес даңқының символы болып қала береді.
«Сапар» автовокзалы. Бұл жерден қатынас жолдары облысымыздың аудандарына, ТМД жақын қалаларына, Орынбор, Орск, Самара қалаларына барады.
М. Мәметовакөшесі –бұрынғыатауы Некрасова көшесі. МәншүкКеңесОдағының батыры, пулеметшы, қазаққызы Орал облысындадүниекелген. 2008 жылыбіздіңқаламызда «Әулие Николь» шіркеуіашылды. Шіркеу 3839 шаршышақырымжердіалыпжатыр. ШіркеудіңсалтанаттыашылуыРесей мен ҚР – ныңПрезиденттерініңқатысуыменөтті. Солуақыттақаламызда ҚР және РФ президенттеріменқатысуаменҚазақстанжәнеРесейдіңшекараласөңірлерібасшыларының V форумы аймақаралық форум өтіпжатты.
2009 жылдыңқазанында«MEGA Ақтөбе» сауда, ойын-сауықорталығыашылды. АталғаннысанныңашылусалтанатынаоблысәкіміЕлеусінСағындықовқатысты. 23 наурызда 2017 жылы«MEGA Ақтөбе»аты «Керуен сити»ға ауыстырылды. Керуенсити сауда, ойын-сауық орталығының жалпы көлемі 45 мың шаршы метр. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан кейінгі еліміздегі төртінші ірі ойын-сауық нысаны. «MEGA» ойын-сауық орталықтарының барлық жобаларын әлемдегі сауда және ойын-сауық орталықтарын жобалауда отыз жылдық тарихы бар француздың «Design Archi tectral» компаниясы жасаса, құрылысын жүргізу жұмыстарымен отандық «Astana Group» компаниясы айналысты.
Сол жағымызда Сазды өзені. Бір кездері өзен суға толы болған, желмен айналатын диірмен болған, орыс жерінен келген мұжықтар қарасай балығын аулаған.
Нағашыбай Шәйкенов ескерткіш бюсть. 2017 жылдың 20 қазанда белгілі ғалым-заңгер, көрнекті мемлекет қайраткері Нағашыбай Шәйкенов атындағы көшеде оның ескерткіші ашылды. 1992 жылы сол армандары орындалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша Нағашыбай Қазақстанға келді. Ол Қазақстанның сот-құқықтық жүйесін қалыптастыруға, ел Конституциясын әзірлеуге көп еңбек сіңірді, Қазақстандағы бірінші заң академиясын ашуға бастамашы болды. Ол тегіннен-тегін «құқық саласының романтигі» атанған жоқ, бұл ат оның өз Отанын, өз ісін шексіз сүйгендігінің белгісі еді.
Әбілқайыр хан даңғылы – Ақтөбеқаласының бас көшелерінің бірі. Бұрынғы Ленин даңғылы. 18 ғасырда кіші жүздің , әскери қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері Әбілқайырдың құрметіне аталған. Даңғылды Киселев, Скулкин, Мәметова, Ғ. Жұбанова, Оспанов көшелері, Абай, Ә. Молдағұлова даңғылдары қиып өтеді. Бұл даңғылда облыс әкімшілігінің ғимараты, "Каз телеком" кеңсесі, Орталық саябақ, Ақтөбе орталық мешіті, "Нұрдаулет" сауда орталығы, "Ақтөбе" қонақ үйі, оқушылар Сарайы, "Қоныс" спорт сарайы, "Жұлдыз" кинотеатры, орталық стадион, "Мәдениет" сауда үйі, басқа да әсем ғимараттар орналасқан. Қазіргі заманғы үлгіде салынған көп қатарлы тұрғын үйлер, ғимараттар көріктілігімен көз тартады. Даңғылда халық ақыны Н.Байғаниннің, Кеңес Одағының батыры ВИ.Пацаевтың қоладан құйылған ескерткіштері орнатылған. . Гүлзарда ағаштардың бірнеше түрі өсіп тұр, гүл алаңдары бар, екі субұрқақ жұмыс істейді, қала халқы серуендейтін, демалатын орындар көп. Әбілқайыр хан даңғылы облыс орталығының ең әсем, ең сәулетті, түзу көшесі саналады.
Бірлік пен келісімнің су-жасыл бульвары. "Бірлік және келісім" бульварының ашылу рәсіміне елбасы қатысты. 610 метр алаңды алып жатқан бульвар бойында "Шаңырақ" монументалдық-көркем ансамблі, музыкалық субұрқақ және амфитеатр орналасқан. Жолаушылар аллеясы гүл алаңымен, гүлзарлармен, шамдармен, жайлы орындықтармен және өзге де шағын архитектуралық формалармен абаттандырылған. Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарының ең көп жиылатын демалыс орны болатынын атап өтті.
«Нұр ғасыр» мешітіне Ақтөбе қаласының орталығынан 3 га жер бөлінді. Мешіт құрылысы 2006 жылы басталды. Құрылысқа облыс және қала тұрғындары, оның ішінде ұлтына, нәсіліне, тіпті діни ұстанымына қарамастан барлық тұрғындар белсене атсалысты. 2008 жылы 22-қыркүйекте қасиетті рамазан да мешіттің салатанатты түрде ашылу рәсімі өтті. «Нұр ғасыр» мешіті төрт қабатты. Бірінші қабатында асхана, ер және әйел кісілерге арналған таһарат, медресе жатақханалары; екінші қабатта мешіт имамдары, медресе дәрісханалары, кітапхана, компьютер бөлмесі, неке залы және Құран оқылатын бөлме; үшінші қабатта ер кісілердің намаз залы, ал төртінші қабатта әйелдердің намаз залы орналасқан. Намаз залдарына 1 180 шаршы метр кілем төселген. Олар Түркиядан әкелінген. Мешіттің негізгі күмбезінің биіктігі 40, ені 20, ішкі кеңістігі 500 шаршы метр. Күмбез биіктігінің 40 метр болуы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 40 жасында пайғамбарлық берілген дегенді білдіреді. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Әрбір мұнараның биіктігі 63 метрден. Бұл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеден өткен жасын білдіреді.
Мешіттің ашылу салтанатына достас екі ел – Қазақстан мен Ресейдің Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Д.А.Медведев және Қазақстанның Бас мүфтиі, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуаныштарымен құттықтады. Дінбасы бата берді. Сөйтіп «Нұр-ғасыр» мешітінің ашылу салтанаты қоғамдық өміріміздегі тарихи оқиғаға айналды.
Тұңғыш Президент атындағы саябағы - саябақ Ақтөбе қаласының орталық бөлігінде Әбілқайыр көшесінің қиылысында орналасқан. Саябақтың жалпы ауданы 42 гектарды құрайды. КСРО уақытында бұл Ақтөбе саябағы В.И.Ленин атында болған. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін Ақтөбе орталық саябағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына жазылған. Бұл саябақтың құрылуына себеп болған профессор Закредтин Байдосов болған. Сонымен қатар Тәуелсіздік жылдарында атын толығымен өзгертуге профессор өз үлесін көп тигізді. Ресми мәлімдемеде бұл саябаққа 2010 жылы 1 млрд қаржы бөлінген. Саябаққа түрлі ағаштар, гүлдер және Қазақстандағы ең биік ту ілінген (91 м).
Ғазиза Жұбанова (1927-1993) көшесі. Бұл көше қаламыздың орталығында орналасқан көшелердің бірі. Бұл көшеді мейрахналалар, дүкендер, тұрғын үйлер орналасқан. Ғ. Жұбанова Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, сазгер, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. 2017 жылы Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығы болды.
Қазір Сәңкібай даңғылы бойынша жүріп келе жатырмыз. Қаламыздың ұзын даңғылдарымыздың бірі. Даңғыл бойында мейрамханалар, «Дару» медициналық оңалту орталығы орналасқан. Бұл клиника еліміздің батыс аймағындағы ең ірі, осы заманға лайық, көп салалы, мамандандырылған орталық.
Батыс-2 шағын ауданында «Денсаулық» саябағы» салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған алаң. Болашақта ауданының аумағындағы үлкен көше Тәуелсіздік даңғылы деп аталатын болады. Даңғыл болғандықтан мәртебесіне сәйкес, оның бойында әлеуметтік маңызға ие нысандар орналасады. Қаланың жаңа бөлігіндегі барлық көше жолдарында жаяу жүргіншілер жолдарымен бірге, жүгіруге арналған жол, велосипед жолдары да қоса салынады.
2016-2018 жылдың ішінде 13 жоба жүзеге асырылды. Олардың ішінде негізгілері: 500 орындық Балалар шығармашылығы сарайы, 1000 орындық концерт залы бар Жастар сарайы, 1000 орындық Жекпе-жек спорты сарайы, 400 көрермендік хоккей модулі, Неке сарайы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, 2500 орындық Мұз сарайы және 2000 адам келе алатын бірқатар медициналық мекемелер.
Алдарыңызда тұрған жекпе – жек сарайы. Өлкемізде Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Жекпе-жек сарайы салынды. Халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар өткізуге арналған нысанды өңірдегі ірі құрылыс компаниясы өз қаржысына тұрғызған. Кешен «Туған жер» республикалық форумы кезінде ашылды. Аумағы 6 мың шаршы метр болатын зәулім сарайында бокс, дзюдо, еркін күрес және тағы да басқа жекпе-жек түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Ол үшін бар жағдай жасалған. Жаттығу залдары мен спорт үйірмелерінен бөлек, сырттан келетін спортшыларға асхана мен демалыс бөлмелері де қарастырылған. Ал спорттық сайыстарды 800-ге жуық көрермен тамашалай алады.
«Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» 1929 жылы ашылды. Ескі ғимарат 100 мыңнан астам экспонаты бар музейге өте тар еді. Тарихи-өлкетану музейі құрылысты «Элитстройсервис» серіктестігі жүргізіп жатыр. Олар жергілікті құрылыс материалдарын кең пайдаланды. Тек ғимараттың қасбетіне арналған мәрмәр тастар импортталды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында құрылыс жұмыстарына меценат, «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы көмек көрсетті. Музей аумағы 2 гектарды алып жатыр. Ақтөбе қаласында салынып жатқан үшқабатты заманауи музейдің аналогы еліміздің батыс аумағында жоқ. Музей ғимаратында техникалық, қызметтік-әкімшілік, көрсетілім залдары бар. Ал жаңа ғимаратта 10 экспозициялық зал бар.
«Аналарға тағзым»- еліміздегі тұңғыш жобасының құрылыс жұмыстары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылуда. «Аналарға тағзым» орталығының тұжырымдамасн «Туған жер» ұйымдастыру комитетінің төрайымы Сания Қалдығулова жасаған.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ару-қала Ақтөбе " экскурсия

шағым қалдыра аласыз