Арыстан мен тышқан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арыстан мен тышқан

Материал туралы қысқаша түсінік
Арыстан мен тышқан туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 24.10.2017 ж

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды С. Торайғыровтың өмірбаянымен, “Арыстан мен тышқан” мысалымен таныстыру, мазмұнын түсінуге жетелеу.

2. Мәтінді талдауға қалыптастыру, негізгі ойды табу, қорытынды жасау дағдыларын арттыру.

3. Мейірімді болуға, біреуге қол ұшын беруге дайын болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырмалар орындау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа әзірлігін, құрал-саймандарын түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық жасату.

Жарқырап күн де ашылады,

Айналаға нұр шашылады.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.


Бір, екі, үш,

Сынып іші тып – тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.


Топқа бөлу. Оқушылар суреттер алу арқылы топқа бөлінеді. Суреттерде «Халық ауыз әдебиетінің» түрлері берілген, сол арқылы өз орындарына жайғасады.

1 топ – “Батырлар жыры”

2 топ – “Ертегілер”

3 топ – “Айтыскерлер”

Халық ауыз әдебиетіне қысқаша тоқталу.

ШDrawObject1 ешендік сөздер Мақал-мәтелдер жаңылтпаштар

DrawObject3 DrawObject2


ТDrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 ұрмыс-салт жырлары Халық ауыз әдебиетінің ақындар айтысы

DrawObject8 DrawObject9 түрлер


Ақындар айтысы Батырлар жыры аңыздар


Ертегілер жұмбақтар



ІІ.Өткен сабақты пысықтау. Топтарға тапсырмалар беру арқылы пысықтаймыз.

І топ: “Тайбурылдың шабысы” (Қобыланды батыр жырынан үзінді)

ІІ топ: “Бес ешкі” ертегісі

ІІІ топ: “Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысы”


ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Тапқыр , әрі ұшқыр болсаңыз» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі. Сұрақтарға топпен бірлесе отырып жауап береді.

1-топ: «Батырлар жыры»

1.Шыбын араға не деді?

2. Ара оған неге бірден келісе салмады?

2-топ: «Ертегілер»

1. Қонақ күтуге шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?

2. Егер сен араның орнында болсаң не істер едің?

3-топ: «Айтыскерлер»

1.Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?

2. Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?


ІV. Суретпен жұмыс.

Үйге «Ара мен Шыбын» мысалындағы суретті оқушыларға салып келуге берілген. Салған суреттері бойынша оқушылар қорғап береді.


V. Жаңа сабақ. «Ой қозғау» әдісі бойынша оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Оқушылар жұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбы С. Торайғыровтың «Арыстан мен Тышқан» мысалы.

1. Автор жайында мағлұмат беру.

С.Торайғыров – (1893 - 1920) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «Неге жасаймын», «Шәкірт ойы», т. б. өлеңдердің, «Қамар сұлу», т. б. көркем шығармалардың иесі.

Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі.

Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады.

Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады

Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді.

Ол қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.


2. Видео ролик көрсету. Арыстан мен тышқан жайында.

Адамның адами белгілеріне қандай қасиеттер жатады деп ойлайсындар?

Сыйластық, адалдық, кішіпейілділік, жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік т.б. 

3. Сөздікпен жұмыс

Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.

Зиян – залал, зақым.

Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.


4. Топпен жұмыс. Венн диаграммасы бойынша Арыстан мен Тышқанды және оларға ортақ қасиеттерді жаздыру.

Арыстан – жыртқыш, ірі, аң патшасы, батыл, күшті, ұзақ жасайды, етпен қоректенеді, бірнеше жылда ұрпақ береді.

Тышқан – кеміргіш, ұсақ, жыл басы, өте қорқақ, өте әлсіз, көп өлімге дұшар болады, тағам талғамайды, көп балалайды

Ортақ қасиеттері - екеуінің де 4 аяғы бар, құйрығы бар, денесі түкпен қапталған, екеуіде жабайы.


5. Сергіту сәті. «Салют» әдісін қолдану арқылы сергіту сәтін жасаймыз.

6. «Кімнің ойы жүйрік» тапсырмасы орындалады.

1-топ: Мысалдағы түйінді ойды тауып жаз ;

2-топ: Мысалды бөліктерге бөл. Әр бөлікке ат қойып, жаз ;

3топ: Мысал мазмұнына сәйкес мақал-мәтел жаз;


7. «Жасырынбақ» ойыны. Суреттер көрсету арқылы жануарлардың дауыстары мен қимылдарын көрсету.


8. Жұптық жұмыс.

Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кесте бойынша жазып шық.


С.Торайғыров жөнінде не білесің?

Арыстан (қандай?)

Тышқан (қандай?)





V. Қорытындылау.

  • -Балалар бүгін кімнің шығармасымен таныстық?

  • Мәтін ұнады ма?

  • Адамдар қатты қысылғанда қандай көмек беру керек?

  • Осы мысалдан қандай сабақ алдыңдар?


Түйін.

Үлкен сабақ түйгеніміз мысалдан

Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан

Тығырыққа тірелер күн туғанда

Арыстан да көмек сұрар тышқаннан


VІ. Бағалау.

Берілген смайликтерін санату арқылы және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.


VІ. Үйге тапсырма:

Рөлге бөліп, мәнерлеп оқып келу


VІІ. Рефлекция әдісі.

- Көңіл-күйлерің қалай ?

- Бүгінгі сабақта не ұнады ?

- Не ұнамады ?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.02.2018
555
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі