Материалдар / Ас - адамның арқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ас - адамның арқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал әлеуметтік педагогтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
698
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ас – адамның арқауы

Мақсаты: 
1.
Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру.Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету, оқушыларды дастарқан басында сақталатын салт-дәстүрмен, ырым-тиымдармен таныстыру.
2.
Оқушының дүниетанымын кеңейту, сөйлеу дағдысын жетілдіру,, ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту, 

3.Оқушыларды салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі:  Сабақтың тақырыбы, нақыл сөздер, ыдыс-аяқтар суреттері сүт және сүт тағамдары, кітаптар. «Тамақты тарта жесең, санаңды ашар; көп жесең, ұйқы басар»,«Таспен атқанды, аспен ат» «Ас жүрген жер – береке»
Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтар
1. Дәмді - дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды. /Дастарқан/ 2.Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастарқан)
жұмыртқа, бал қосылған шай ішкен дұрыс. 3.Өзі ащы, бірақ дәмді етер асты. Бұл не?  (тұз) 4. Түсі аппақ, тысы қатты-ақ, Екі түрлі уызы, жесең тәтті-ақ. Бұл не?  (жұмыртқа) 5.Аппақ су — дәмі тәтті, Ішсең сусын қандырады. Шөлдегенде қатты. Бұл не?  (қымыз) 6.Ең мықты дәрі, жұрттың бәрі Аңсап ішер, бал татар дәмі, ненің нәрі? Бұл не? (шұбаттың нәрі) 7.Сұйық еті аппақ, Бауырдай боп қатыпты, Ішсең дәмі тәтті-ақ. Бұл не? (сүт пен айран) 8,Малы төлдеп, әр ауыл Пісіреді ақ бауыр. Бұл не?  (уыз) 9.Әжем уыстап сығып, далада кептірген. Қатты, әрі тәтті, дәмін кім бар жеп көрген. Бұл не?  (құрт) 10.Аспан түстес сұйық, Әркім ішер құйып. Бұл не?  (су)

Ас дастарқанға қалай келеді?
 Мұғалім: - Қазақтың киелі дастарқанның үстіне қандай тағамдар қойылады? Оқушылар: - Бауырсақ, таба нан, құрт, ірімшік, шұжық, қазы, айран, шай, қант, сары май.

 Мұғалімі: - Өте жақсы! Қазақ халқы дастарқан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы – сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін: сүт тағамдары, ет тағамдары, ұн тағамдары және жеміс – жидектер деп 4 бөлген.

 1-слайд.Сүт тағамдары Сүттен құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, айран, май, қаймақ, қатық, ежегей сияқты ішетін, жейтін әр түрлі тағам әзірлеген. Шұбат: Мен - Шұбат деген сусынмын қымыз- Аңыз ғой қымыз бұрыннан, Сусыныңды қандырамын, Иісі кетпей мұрыннан Есте сақтау қабілетін арттырамын, Дәмі кетпей таңдайдан, Сүйектеріңді қатайтамын, Жолаушы жолдан бұрылған. Денсаулықты нығайтамын, сүт - Жайлаған елден суатты, Асқазанды аялаймын, Жұтсаң шырын шұбатты. Қанды денеге айдаймын, Қысты күні анам бір қасық Ішкен асты қорытқызамын, Сүт табылса қуанған. Беттеріңді ағартып, Сүт: Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Сұлу да, сүйкімді етемін,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Шаштарыңды толқындатып,
Бой жадырап кенеттен,
Белдеріңе түсіремін.
Буы шығар маңдайдан.
Қымыз: Қымыз – бие сүті ғой. Шұбат:Ішіп көрген  шұбатты ,

Ұнаса, тағы іше ғой. Дәмін бірден ұнатты.

Қымыздан көп пайда бар. Денсаулыққа  пайдалы

Нағыз қымыз тауда бар.                    «Зәм – зәм » суы сияқты

Қымыз – сусын тамаша,
Бойымызға тараса.                                   

Ірімшік: Дастарқанды жайнатқан ,               Құрт: Томпайып  ұртты ,

Ірімшікті  қайнатқан .               Сорамыз  құртты.

     Уыз : Сиыр бұзау  туысымен ,

               Екі  - үш күн  жеймін   уызын  мен

 

      Айран:   Үйдің  ұйтқан  айраны Қаймақ :  Пісіріп  сүтті  қайнатты ,

   Асқазанға  пайдалы                        Кілкіп  ап жедік қаймақты .

  2-слайд. Ет тағамдары  Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп те, отқа қақтап та әзірлеген. Олар қазы, қарта, шұжық, жал, жая және т.б. ет тағамдары балық жасалатын тағамдар бар.

Қазы : Әрі – дәрі , Қуырдақ : Өкпе ,бауырдан жасар , Әрі – дәм ,           Дәм бар ма одан  асар

Жұрт , сүйінген , таныған Шыжық:  Қазақтың бір  қызығы ,

Қазыға  ас жоқ  тең  келер , Нан  қосып  жейтін  шыжығы

Дастарқанға  өң  берер

    Құйрық – бауыр: Құйрық – бауыр жасап , Қарынмай: Қарын  майы қандай ,

  Тұз  сауіп  жедік  асап. Қағасың  жесең таңдай

3-слайд.Ұн тағамдары Ал енді осы аты аталған тағамдардың ішінде, қай тағам ең қасиетті, киелі деп аталатын тағам? Қазақ халқының басты асы нан, нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарқанға алдымен нан қойылады. Тістем нанның кәдірін Нандай жоқ қой асыл дәм
Тарыққанда білерсің. Жеп үйренген жасыңнан
Анық достың кәдірін Дастарқаннан нан кетсе
Зарыққанда білерсің. Береке кетер асыңнан
 Ішілмеген ас умен тең, Ей, балалар, балалар
Кісі кірмеген үй — көрмен тең Болмаңдар сірә нанға зар
Балаларға – тортымыз, Өмірдің алтын арқауы
Барлық жұртқа құртымыз Бар қасиет нанда бар.
Балмен піскен қауыршақ
Балдай тәтті бауырсақ.
Бауырсақ : Біз ғана тән , Шелпек: Ата , бала жер  тегін . Қызыл – күрең бауырсақ,                      Әжеміздің  асықпай Дастарқанға  сән.                        Майға  піскен  шелпегін

4 слайд : Жемістер-жидектер

Жемістер мен көкөністердің берер пайдасы мол.Олардың құрамындағы дәрумендер көп, сендердің тезірек өсулеріңе көмектеседі.

Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.

Өрік, алма, шие, алша. Мен шиемін, шиемін,
Жидек, жүзім піседі. Күннің көзін сүйемін.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз, Қышқыл шырын менде бар,
Дүкендерге түседі Төмен басты иемін.

Жапырақта тасалап, Жүзім пісті бір-бірлеп,
Өскен жері бақша – бақ. Үзіп мәзбіз біз енді.
Күрең қызыл шіркін –ай, Қоңырауы күмбірлеп,
Оның аты- құлпынай. Қыркүйекте күз келді.

 Алма:Бір тістеп өзін алғамды Өрік:Уылжыған өрікпін,

Дәмі аузымда қалғанды. Мен бау-баққа көрікпін.

Домалантып жеймін мен, Бал татыған дәмім бар.

Күнде қызыл алмамды .  Көктемде ерте гүлдеймін.

Қауын:Жинап жатыр ауылым, Қарбыз:Күннің нұрлы шуағы,

Сап-сары ала қауынын. Шұғыла боп шылады.

Алмақ едім үлкенін, Шөлің әбден қанады,

Ауырын-ай, ауырын. Көзің шамдай жанады.

  Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.

Асқабақ:Асқабақтың дәмі, Қызанақ: Қып-қызыл боп қалғанда,

Таңдайымда әлі. Ауызыңа салғанда.

Кептірілген дәмі, Не жетеді шіркін-ай,

Таптырмайтын дәрі. Қызанаққа жалғанда.



 ІІ. Мағынаны тану тамақтану Мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу. Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Адам организміне қажетті тағамдық заттар (белоктар, майлар, көмірсулар,дәрумендер, минералды тұздар) ас қорытатын шырындардың әрекетімен тағамнан бөлініп, қанға барып, араласады да, дененің барлық организміне тарайдығ сөйтіп онда түрлә клетка элементтерін құуға, оларды қалпына келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады. Осыдан келіп тамақтану режимін сақтау қажеттілігі туады. Ішетін тамақтың түрін өзгертіп отыру керек, яғни белокқа бай сүт, ірімшік, балық, немесе ет, дәрумендер мен минерал тұздары көп көкөністер, жемістер аса қажет. Тағамды өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу – зиян. Ыстық тағамның температурасы – 50-60 градус, салқын тағамдікі 10 градустан төмен болмауы тиіс. Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек. Асқазанға әбден ұсақталып түскен тағамға ас қорытатын шырындар оңай сіңеді, демек тағам жақсы қорытылады, денеге жақсы тарайды.

 ІІІ бөлім «Дастарқан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4.Дастарқанға бірінші нанды әкеліп қояды
5.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
6.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
7.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
8. Балаға ми жеуге болмайды.
9. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10. Дастарқаннан аттауға болмайды.
11. Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.


ІҮ. «Дастарқан басындағы дәстүрлер»
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастарқан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарқанды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады.
2. Сонымен бірге дастарқан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады.
3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.
4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
5.Су құйдым да құманмен
Қолына мен әкемнің
Содан кейін оған мен
Орамалды әпердім.
6.Дастарқаннан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.
7.Күнделікті отбасының тамақтануында ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.
8.Дастарқан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.
9.Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.
10. «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастарқан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді.
11.Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады.
12.Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылаты су жылы болуы керек.
13.Қазіргі тойларда дастарқан жаю мәдениет дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе, жеміс пен көкөніс дастарқанның сәні.
Ү. Мақал-мәтелдер:
1. Қырман басы – береке Дастарқан көркі – нан.
Көп жүрген жер – мереке. Нан – тамақтың атасы.
2.Егін ексең – тыңға. Ынтымақ – көптің батасы.
Шықтым дей бер шыңға. Тістем наның қадірін
Қоныс көркі – там. Тарыққанда білерсің.
ҮІ. Ас ішу тәртібі

1. Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.
5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,
6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады.

VІІ. Бата беру

Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.
Амандық берсін басыңа,
Қадір келсін қасыңа.
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Әумин!

ҮІІІ. Қорытынды Ас адамға не береді? Кешті асты не істеу керек? Денсаулыққа байланысты қандай ұғым айтылған? Қандай тағамдарда дәрумен көп?
      Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз. «А» дәрумені:  қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар. «В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен. «С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі. «Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде . Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.

Балалар, сондықтан да жеміс-жидек, көкөністерді үнемі жуып жеп жүру керек.
— Өте жақсы, балалар «Денсаулық – зор байлық» деген, олай болса, дәрумендерге толы жеміс-жидек, көкөністерді жеп жүрсеңдер ешқашан ауырмайсыңдар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!