Ас – үй жабдықтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ас – үй жабдықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы

Жаңашаруа қазақ орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәнінің

мұғалімі Балмуханов Нурболат Қобланович

9 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Ас – үй жабдықтары

Сабақтың мақсаты: жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;

Дамытушылық: ұлттық өнер жайлы білімдерін жүйелеп, шығармашылық қиялын арттыру. Шеберлігінің ұшталуы, ойлаған мақсатына жету;

Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке үйрету және өз бетінше жұмысқа ептілік деңгейін көтеруге баулу.

Көрнекіліктер: технологиялық карта, суреттер.

Құрал – жабдықтар: ағаш бөліктер, штанген-циркуль, лак, ара, бояулар, СТД – 120 ағаш жону станогі.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.

Сабақтың барысы: .

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, олардың арнайы киіміне көңіл бөлу, сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды, жұмыс орнын дайындау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін тест арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ .

«Ас – адамның арқауы» дегендей, ас дайындауға арналған ас үй жабдықтарын экологиялық таза материалдардан шеберлер сапалы да әдемі түрде жасайды.

Біз бүгін ас үй жабдықтарын жасап үйренеміз. Оны жасау үшін онша қиын емес, бірақ ынта-ықылас, ептілік және шеберлік қажет. Ас үй жабдықтары кез келген отбасы үшін қажет. Оны көк теректен, қарағайдан жасауға болады. Біз оны қалдық ағаштардан және үшқаттан (қабатты фанера) жасап көреміз.

ІҮ. Сарамандық жұмысты ұйымдастыру:

а) Оқушылар жұмысты топ болып орындайды. СТД – 120 ағаш жону станогінде ас үй жабдықтарын технологиялық карта бойынша ағаштан жасау.

ә) Ас үй жабдықтарын жасап шығуда оқушылар өз шеберліктерін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін таныта білуі тапсырылады.

б) Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.



Ү. Сергіту: Жұмбақтар шешу.

1) Жалпақ желке, сопақ бетті,

Орманды отап кетті. ( Балта)

 

2) Басы жоқ, екі бетті, 3) Кедір – бұдыр тақтайды,

Жүзі тісі бар. Тегістейтін тілімен.

Қақ бөлер бөренені Жеген асын топтайды,

Өз күші бар. (Ара) Шығар желке түбінен. (Сүргі)

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Теориялық және практикалық бөлімін қорытындылау мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану арқылы кестені толтыру.

Не білдім ?


Нені үйрендім ?


Нені үйрендім ?






ҮІІ. Бағалау : Жасаған жұмыстарын қарай отырып бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнжазба жазу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.03.2018
967
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі