Ас қорыту жүйесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ас қорыту жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ас қорыту мүшелері және оның қызметі

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері және оның қызметі
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ас қорыту мүшелері және оның қызметімен кеңірек таныстыру. Адамның ішкі ағзаларын ауыз қуысын күту. Дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру.
Оқушыларды тазалыққа, салауатты өмір салтына баулу. Рухани байлығын
қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, таныстыру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Суреттер, сызбалар, ой қозғау. Сұрақ – жауап түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, сурет, күнделікті өмірмен байланыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жеміс-жидектер, оқулық, суреттер, үлестірме қағаздар.


Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
- Адамға екі көз не үшін қажет?- Айналамыздағы жақсыны көру үшін.
Екі құлақ не үшін қажет?— Жақсы сөз есту үшін.
- Мұрын не үшін қажет?- Иіс сезу үшін.
- Ауыз не үшін керек?- Айналамыздағы адамдармен сөйлесу үшін, Таза ауа жұту үшін қажет.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Тыныс алу мүшелерін ата
Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан?
Тыныс алу мен шығарудың қандай маңызы бар?
Адам ауа мен дем алғанда ол қайда барады?

3. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту

т,ж,қ,а,с,т,ы,н,ы,с,а,л,у,м,р,к

ш,с,т,,қ,ф,ө,к,п,е,а,р,л,с,т

қ,р,п,к,е,ң,і,р,д,е,к,а,й,с,д

қ,ф,а,п,ң,к,ө,м,е,к,е,й,р,с,л,з

Дұрыс жауабы: 1.Тыныс алу. 2.Кеңірдек. 3.Өкпе. 4 Көмекей



Ой қозғау
Адамға ең қажетті не нәрсе? Ауа
Өзі мөлдір және түссіз бұл не?
- ауа
Тіршіліктің қайнар көзі табиғат байлығы не?
- су
Адам мен өсімдіктер үшін ең қажетті не?
- жарық
Адамға күш - қуат беретін не?
- тамақ
Тамақ сөзін тағы қалай айтуға болады?
- ас, дәм деп айтуға болады.


Кәне кім «ас» жайында мақал мәтелдер біледі екен?
«Ас адамның арқауы»
«Ас – елдің құты»
«Өзен жағалағанның өзегі талмас!»
«Ет – етке, сорпа – бетке!»
«Таcпен атқанды аспен ат!»
Онда біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз асқорыту мүшелері жайында.
Табиғатта тіршілік етуші тіршілік иелері тамақсыз тіршілік ете алмайды.

«Шымырдың сезімі – сергек», ал ас біздің дене мүшелерімізге қалай тарайды?

Ой қозғау: Партаның үстіне қызыл алма, банан қойып балдардың назарын солай аударту керек.
- Алманы, бананды көргенде қандай ой келді?-(жегіміз келді)
- Ауызымыздың қуысында жегіміз келгендіктен сілекей бөлініп жатыр.
(Балалар алманы тістейді және шайнап жейді)
- Қанекей, балалар, шайнап болғасын жұтамыз, саусақтарымызбен тамағымызды ұстайық (жұтынамыз)
- Балалар астың өткені білінді ме?
– (иә)
- Астың өткен жерін «жұтқыншақ» дейміз. (Жұтқыншақтан өңеш арқылы қарынға түседі)
Слайдтан көрсету
Қарынға түскен ас ауыздан бөлінген сілекей, бауырдан бөлінген өт, ұйқы безінен бөлінген сөл арқылы қорытылады. Қорытылу дегеніміз - астың араласқан қоймалжың сұйықтыққа айналуы. Енді қорытылған ас ащы ішекке өтеді. Ащы ішектер арқылы қоректік заттар қанға өтеді де дененің барлық мүшесін қоректендіріп, ал қорытылмаған ас тоқ ішекке өтеді де одан тік ішек арқалы сыртқа шығады.

Сергіту сәті:
Ойын түрінде (допты лақтыра отырып сұрақ тастау )
- Ас қорыту мүшесін ата?
- ауыз қуысы – жұтқыншақ – өңеш – қарын – ас ішек – тоқ ішек – тік ішек.
Тамақтану гигиенасы. Тамақтанудың да белгілі тәртіптері бар.
Тамақтануға қатысты түрлі тазалық ережелері:
1. Тамақтанар алдында қолды сабындап жуу.
2. Жеміс - жидекті жуып жеу.
Тамақтану гигиенасы туралы мәтінді оқу сөздік жұмыс.

Дәптермен жұмыс: Ас қорыту мүшелеріне: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек. Тамақтанудың белгілі тәртіптері. Тамақтанудың ережелері жайында жазып алу.
Үй тапсырмасы: Ас қорыту мүшелері қызметін, тісті күту, тамақтану ережесін әңгімелеу.
Қорытынды: «түртіп алу» әдісі
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
Оқушыларды бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі