Ашаршылық және оның ұмытылмас зардаптары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашаршылық және оның ұмытылмас зардаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашаршылық тақырыбын зерттеу ол туралы мақала жазу ол үлкен бір еңбектің көрінісі деп ойлаймын. 1928 – 1929 жылдары тарихи таным біртұтас ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Яғни, түптеп келгенде, мемлекеттігіміздің және тәуелсіздігіміздің күшейтетін шешуші факторлары өктен тарихты жетік білу және оны келешек ұрпаққа нақытлдай жеткізу өте дұрыс шешім деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


УДК.159.5


Жанғалиев У.К.


АLIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY. ББМ.

Тарих және география кафедрасы, магистр, аға оқытушы, докторант. Семей қаласы, Қазақстан Республикасы.

e-mail: kurmetkalievich@mail.ruX

https://orcid.org/0000-0002-3885-4621


Ашаршылық және оның ұмытылмас зардаптары


Ашаршылық тақырыбын зерттеу ол туралы мақала жазу ол үлкен бір еңбектің көрінісі деп ойлаймын. 1928 – 1929 жылдары тарихи таным біртұтас ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Яғни, түптеп келгенде, мемлекеттігіміздің және тәуелсіздігіміздің күшейтетін шешуші факторлары өктен тарихты жетік білу және оны келешек ұрпаққа нақытлдай жеткізу өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Жүріп өткен жолымызда өрлеген кезеңдер мен толы дәуірлерде аз емес.

Сондықтан олардың әрқайсысы ұлтымыздың қалыптасуына өз әсерін тигізді. Сондықтан өткенімізді терең пайымдап, озық тұсымыздан өнеге тауып, қиналған сәттерден қорытынды шығару үшін тарихымызды тыңғылықты зерттеуіміз өте дұрыс болады.[1].

Біздің ашаршылық тақырыбын жүйелі зерделеуіміздің себебіде осы айтылғандардан бастау алады. Дегенмен, зерттеу барысында тарихымызды білу мақсатында дамылсыз даму үшін пайдалануға айрықша көңіл бөлуіміз керек. Бұл ретте, бірінші кезекте, ғылыми көзқарасқа басымдық берген абзал. Себебі, халқымызға ашаршылықтың ащы ақиқатын ғалымдарымыз ғана ашып, дәлелді түрде жеткізе алады. Мұны үнемі назарда ұстағанымыз жөн.

Атап айтқанда Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды.

Қазақ халқы басынан өткерген, жасыруға болмайтын осындай орасан зор тарихи оқиға Тәуелсіздік алғанға дейін жабық тақырып болды. Осы себепті қорқынышты аштық туралы ашық айтылмады және оқиғаның тарихи себептері халыққа бұрмаланды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті құрылғаннан кейін ғана ұлт ұрпақтары өткенге сүңгіп, тарихтың ең қиын сәттеріне жауап іздеуге кірісті деуге болады.

Бұл мақаламда қазақ даласында болған ашаршылыққа қатысты 1928 – 1934 жылдар аралығын қамтитын нақты құжаттар мен деректерден үзінді келтіруге тырыстым. жинақталған. Соның нәтижесінде алапат аштықтың себептері, оның алғышарттары, трагедиялық салдары туралы нақты мәліметтер және басқа да құнды деректер көпшілік үшін қолжетімді болып отыр. Мұндағы барлық құжаттар еліміздің орталық және өңірлік архивтерінен алынған. Сондай-ақ, Ресей және Қырғыз елінің архивтерінде сақталған деректер де бар. [2].

Сондықтан бұл макаламда ашаршылық кезеңінің хронологиясын негізгі маңызды мәселелерін қарастырамын деуге болады. Ашаршылық 1928 – 1934. Бүгін көпшілікке жол тартқан еңбекті әзірлеген ұжымға алғысымызды білдіре отырып, қолға алған барлық бастамаларына сәттілік тілейміз. Қазақ тарихына тәуелсіз көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін мақаламда зертетудің ұлт санасын жаңғыртуға қосар үлесі көп болсын деп есептеймін.

1928 жылы Голощекиннің ұсынысымен ірі бай-феодалдардың мал-мүлкін кәмпескелеу қазақ даласының байлығы, берекесі болған төрт түлік малды талан-таражға салды. Ондаған миллион мал басы бір жыл ішінде жоқ болды. Сол тұста көптеген үй малдары ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетті.

Кәмпескеден қорыққан халық қолдағы малын дереу сойып, сата бастады. Мал шаруашылығын күйзелтіп, құрту одан сайын өрши түсті. Малы бар орта, кедей шаруаларды шетінен бай, кулак деп қудалап, барын тартып алып, ауылдан қуды. Тіпті, науқан асқына келе әбден сорлап қалған сормаңдайлардың жалғыз сауын сиырын да ет дайындау жоспарына тапсыртты.

Сөйтіп, елдің қолында тігерге тұяқ қалмады. Сақталған артық азығы: астығы, етмайы таусылған халық ашыға бастады. Қаладан 300–500 километр қашықта тұратын шаруалар амалсыз жаяу шұбыруға мәжбүр болды. Қолда ат, көлік жоқ, қаламен арада қатынас жасайтын қарапайым халық ең ауыр күйзеліске жетті. Олардың көбі, әсіресе, кемпір-шал, жас балалары ілесе алмай жолда қалды. Оларға қарайласа, өз жандарына қауіп төніп тұр. Осындай ауыр халде тастап кетуге қимай, осы жерде бірер күннен кейін бүтін бір ауыл, тұтас бір әулет болып, барлығы бала-шағасымен бірге қаза тапқанын да естіп біліп жатырмыз.Мал көзін құртуға елдегі белсенділер де аянбай күш салды. Халықтың қолындағы қозы, лақ, бұзау, торпаққа дейін ет жоспарына еріксіз тапсыртты. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген мысқыл осы белсенділерге арнап айтылған екен. Сол науқанды жүргізушілер «жоспарды асыра орындадық» деп мәз-мәйрам болды. Мысалы сол жылы Қарқаралы ауданы ет жоспары 600 процент орындалды деп рапорт берді. Халықтың аштан қырылып жатқанына олар ойаларына да келмегені болар. [3].

Қазақ ауылында ашаршылыққа ұшыраған шаруалар шұбырып қалаға кетуге тырысты.Бірақ аштықтан әлсіреп, титығы құрыған адамдар жаяу жүріп қалаға әрең дегенде жетті. Ал қалаға жете алмай, жол бойында жүздеген адам қаза тапқанын қалаға тірі жеткендер айтатын еді.

Қалаға келген аштарды, олардың көшеде өліп жатқандарын өз көзімізбен көрдік. …Бірде қаланың М. Горький көшесінде келе жатсам, бір қақпаның түбінде қазақтың жас әйелі ыңырсып, аштан өлгелі жатыр екен. Қасына таяу келіп халін білмек едім. Бірақ сөйлеуге шамасы жоқ, демі таусылып барады. Сол арада оқыған қазақ азаматы қызметкер М. деген коммунист кездесті. Бұрыннан таныс кісі. — Қазақ халқының аштан қырылып жатқаны қалай? — деп сұрадым. - Е, несі бар, революция кезінде басқа халық та қырылған, қазақ енді құрбан болып жатыр, — деді де өз бетіне жүріп кетті.

Міне, қазақтың кейбір өркөкірек, тоғышар интеллигенті халықтың аштан қырылуын осылай үстірт түсінді. Олардың ойынша, революция тұсында қай халық болса да қажет болсын, болмасын құрбандық беруге, қырылуға тиіс.

Бірақ 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Ф. Голощекин келгеннен кейін ол кісі «Ұлы Октябрь революциясы Қазақстанға соқпай жанамалап қана өткен, қазақ кедейлері революцияның жемісін татпаған, сондықтан Қазақстанда «Кіші Октябрь өткізу керек» деген өзінше теория шығарып, 1927–1928 жылдары әуелі егіндік, шабындық жерлерді қайта болу, одан кейін қазақтың ірі бай-феодалдарының мал-мүліктерін конфискациялау керек деген науқанын жүргізді. [4].

Оның ізінше «кулактарды тап ретінде жою негізінде елді тұтас колхоздастыру» науқаны басталған болатын.

Бұрын малының жайына қарай әрқайсысы әр жерде отырған елді бірден отырықшылыққа айналдырып, ешбір дайындықсыз бәрін бір жерге топырлатқаннан кейін шаруашылықтың күйі тайды.

Ашаршылық 1928–1934 шыққан-шықпағанына, тіпті егінді еккен-екпегеніне қарамай жоспар беріліп, оны орындау «бірінші парыз» болып есептелді. Уәкілдер мен белсенділер ештеңемен санаспай, елдің ішіп отырған азығына дейін сыпырып әкетіп жүрді. Мұндайда ауданда, облыста болсын «шаш ал десең бас алатын» адамдардың мансабы жоғарылады.

Ашыққан ел не істерін білмей, қатты қиналды. Күш-қуаты бар адамдар жан-жаққа қашты, ал әлсіз жандар үйлерінде отырып, бала-шағасымен аштан өле бастады. Кейбір үйлердің ішінде отбасымен түгел өліп жатқан адамдарды жерлейтін ешкім табылмады, көмусіз қалған жандар өте көп болды. Көше және жол бойларында ыңырсып, ісіп-кеуіп жатқандармен бірге өліп жатқан әйелдерді, сәбилерді, жас-кәрілерді көргенде жаның қатты ауырып, сүйектерің сырқырайды. Осындай мәліметтерді пайдалана отырып осы мақаланы жазуда өзімде қатты қиналамын.

Тарихшы Қалибек Данияровтың пайымдауы бойынша, 1911 жылы қазақтардың саны 8,4 млн.болған екен (Данияров К. История казахского государства. ХV–ХХ вв. В 2‑х ч. — Алматы: Жібек жолы, 2000. — ч. 2, с. 86). Кейініректе, 15 жыл өткен соң, 1929 жылғы санақ бойынша қазақ саны екі есеге кеміп қалған екен — 4,2 млн. Ал 1939 жылғы санақ бойынша халық саны 1,9 миллионға дейін кеміген. Яғни, ширек ғасыр аясында халқымыз 6,5 миллион перзентінен айрылып қалған! (Егер осыншама халықтың табиғи өсімін де ескеретін болсақ, бұл санның біршама өсіп кететіндігі айдан анық)… Қазақтың саны сонда қалайша азайған? Недеген сандар недеген өлім жетім көбейген заман сұмдық заман болған, ешқандай соғыссыз қырылған деген осы ғой. [5].

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы аяусыз жаншылды патша жендеттерімен, талай ауылдар мен ру-тайпалар үдере көшіп, шет елдерге ауып кетті. Бұдан кейін азамат соғысы қазақ ұғымында «ақ-қызыл орыс соғысы» болған емес пе? Бейбіт өмір сүріп жатқан қазақты ақтар келіп бір қырып кетсе, іле-шала қызылдар да ауыл ойранын шығарып отырды.


Сурет 1. Ашаршылық кезеңіндегі қазақ халқы.


Әлі де социалистік реализмге ден қойып, партияның темір қыспағына түсе қоймаған, әлеуметтік ащы шындықты бүкпесіз жазған ХХ-ғасырдың 20‑шы жылдарындағы орыс әдебиеті бұған куә. Бұдан кейін қазақ 1921–23 жылдары болған ашаршылық кезінде тағы да қырылды. Біз бұл әлеуметтік зұлмат туралы тіпті де білмейген болатынбыз деуге болады.

Қалың жұртқа жария қылып, ол туралы ешкім де айтпап еды. Бұл ашаршылықтың қасіретін біз тек орта мектептің 4‑сыныбының әдебиет кітабына қырық жылдан астам уақыт еніп келген Бейімбет Майлинның «Күлпәш» әңгімесінен ғана сезінуімізге болады. [6].

Кейінірек қазақ конфискация кезінде жан-жаққа тағыда бір шашылған болатын. Мәселен, Жәркент өңірінде (Шежін ауылының маңында) «Жалайыр қырылған» атты жер бар, халық аңызы мұнда 1929 жылы Қытайға өтеміз деп келе жатқан жалайыр руының бір көшін қызыл әскерлер бала-шаға, қатын-қалаш, шал-кемпіріне қарамай, пулеметтермен кескілеп, турап тастаған дейді. Ал конфискация мен ұжымдандыруға қаншама қазақ ауылы наразы болып, көтеріліске шыққан! Олардың барлығын кеңес өкіметі аяусыз жаншып тастаған. Алысқа бармай-ақ қояйық, Алматы облысында Кәстек көтерілісі, Қызылағаш көтерілісі, Қапал өңіріндегі Бөрібай (Бәрібай) көтерілісін есімізге алайық. Ал мұндай көтерілістер бүткіл қазақ жерінде кеңінен өріс алды емес пе?! Тіпті А. Солженицин өзінің атақты «Архипелаг ГУЛАГ» шығармасында «30‑жылдан бастап лагерлерге кең даласымен Буденныйдың атты әскері жеңіспен жүріп өткен қазақтар түсе бастады» деп жазды емес пе? 1937–39 репрессия жылдары 66 мың қазақты қырып тастады. [7].

Қазақтың басына қара түнек туған кез осы еді. Бұл зұлматта қаншама қазақ аштан бұралып, жеуге нан түйіршігін таба алмай, өліп кетті, қаншама қазақ жанұшыра бөтен жерге ауып кетті десеңізші! Ашаршылықтан кейін қазақ жалтақ та жасық болып кетті, ашаршылықтан кейін қазақ бейімшіл болып кетті, ашаршылықтан кейін қазақ өзіне немқұрайды болып кетті, ашаршылықтан кейін қазақ рухы әлсіреді деуге болады.

Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халқымыз­дың ба­сы­нан кешкен зұлматты кеңестендіру жыл­дарының ақиқаттарын ашық айтуға мүм­кіндік алдық. Тарихшы ғалымдарымыз, зерт­теушілеріміз бен ізденушілеріміз, әсіресе ұжым­дастыру арқылы келген отызыншы жылдардың басындағы аштық нәубеті жөнінде бірқатар құнды-құнды зерттеулер жасап, осы зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан-жақты ізденістер жасалынып жатыр десекте болады. [8].

Сол зерттеулердің әсерінен көптеген шындықтың беті ашылды. Мысалы, өткен ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының ба­сынағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру ар­қылы келген ашаршылық қолдан жасалған, идеологияға негізделген саясатты көзсіз жү­зе­ге асыруға ұмтылушылықтың нәтижесі еді. Ком­мунистік партияны қазақтарға, одан кейін, бел­гілі бір дәрежеде басқа да көшпелі халықтарға әкеліп жапсыру оларды сан апат пен қайғы-қа­сіретке душар етті. Сөйтіп, 1928-1934 жылдар қазақ халқының ең бір қасіретті жылдары болып тарихызмызда қара әріптермен жазылып қалды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1.ӨҢІРІМІЗДЕГІ АШАРШЫЛЫҚ (жинаған естеліктер негізінде). Жинақтаушы-құрастырушы: Тұңғышбек Байқұлов — Алматы: «Экономика» баспасы, 2017. — 566 б.

2. Омарбеков Т. Қазақ даласындағы ашаршылық. Бұл – «этноцид» // Қамшы газеті. //old.qamshy.kz. 14.12.2012ж.

3.Камерон С. Голодная степь. Голод, насилие и создание Советского Казахстана. ЛитРес: 020.- Объем: 490 стр. 22 иллюстрации.

4.Валерий Федорович Михайлов. Хроника великого джута. — Жалын.2016. С.403.

5.Данияров К. История казахского государства. ХV–ХХ вв. В 2‑х ч. — Алматы: Жібек жолы, 2000. — ч. 2, с. 86

6.РГАСПИ. Ф. 17. Oп. 3. Д. 929. Л. 9.

7.Абылхожин Ж. Б., Козыбаев М. К., Татимов М. Б. Казахстанская трагедия. А, 1992.С.246.

8.Численность и расселение народов мир. М. 1962, с.108.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2025
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі