Материалдар / Әсемдік-өмір жарасымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әсемдік-өмір жарасымы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерген арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
430
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ресурстар

Мақсаты: Оқушыларға әсемдік өмір жарасымы екенін түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1)оқушыларға тазалықтың маңыздылығын жан-жақты меңгерту

- ұстамдылық дағдыларын дамыту ;

-баланы ұстамдылыққа,әсемдікке,тазалыққа тәрбиелеу


Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

21 беттегі, 5 сабақтағы «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» мәтінін оқу.

*Патша неліктен баласына тең қыз іздеді?

* Патшаның баласына неге жар іздеді?

*Жігіттің қалауы кімге түсті?

*Қандай адамның жан-дүниесін сұлу деп айтамыз?

* Адам өміріндегі ұстамдылықтың маңызы қандай?

*Өзіңнің бойыңдағы әсемдікті қалай көрсете алып жүрсің?

Дәйексөз

«Адам бойындағының бәрі де-бет пішіні, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ой да тыныш болуы тиіс»

А. П Чехов

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Сұлулық

Ә.Нілібаев

Шын сұлулық

Анамның күлкісінде,

Әкемнің қатал,дана түр-түсінде,

Тулап аққан өзеннің гүрілінде,

Сәулемнің жаным деген дірілінде



Шын сұлулық

Басымның қырауында

Ерке балам ойыншық сұрауында,

Жазғы нөсер,найзағай жарқылында,

Ду соғылған алақан сартылында

Шын сұлулық кең дала өңірінде,

Бүгінгі өркен жайған өмірімде

1.Сұлулықты қайдан көреміз?

2. Шын сұлулықты неден аңғарамыз?

3.Сұлулықты неге теңеген?

1.Адам сұлулығын қандай ісінен байқауға болады?

2.Сұлулық адам жанын қалай тыныштандырады?

3.Өзің әсемдікті қалай сезінесің?



Шығармашылық жұмыс.

Сұлулықты неге теңейсіңдер сурет арқылы бейнелеңдер...(м-ы: гүл,жүрек,күн)

Топпен ән айту:

«Сен сұлу» әні

Жаз күніңдей жайнаған,

Масатыдай жер сұлу.

Аққу қаздар тойлаған

Айдын шалқар көл сұлу

Қайырмасы:

Өзгеден де ең сұлу,

Өмірлік дос тең сұлу

Өзім сүйіп қосылған

Бәрінен де сен сұлу.



Тәрбиелі тамаша,

Бал мінезді жар сұлу.

Таңданарлық таласа,

Талай абзал бар сұлу.

Қайырмасы:



Үй тапсырмасы. 6 сабақ,40 бет Ә.Кекілбаевтың «Әлди» мәтінін оқу.

5-сабақ,42 бет дәптермен1 тапсырмадағы жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүрегіңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!