«Әсет Бейсеуов»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әсет Бейсеуов»

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық шығарманы орындаған кезде әннің мән мағынасын, айтылу мәнерін және айтылу техникаларымен жұмыстану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің

«ҚҰРЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ» ЖБҚ МКҚК












Ашық сабақ





Тақырыбы:«Әсет Бейсеуов»








Орындаған: Вокал мамадығының

Мұғалімі: Кобесов Саламат










Құрық 2024


Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________А.Жақсылық

«__»___________2024жыл




Пәннің аты: Вокал

Сынып: 4 сынып

Оқытушы: Кобесов С

Оқушы:Қызылғұл Р

Сабақтың күні:30.01.2024


Тақырып: «Композитор Әсет Бейсеуов»


Мақсаты: Музыкалық шығарманы орындаған кезде әннің мән мағынасын, айтылу мәнерін және айтылу техникаларымен жұмыстану


Сабақ түрі: Жаңа сабақ.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап.





Пайдаланған әдебиеттер:

1) «Ғаламтор»

















Жоспар:



1.Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)

2.Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

3.Жаңа тақырып (17 мин)

4.Қорытынды (3 мин)


Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушымен амандасу,оқушының назарын сабаққа аудару,дауыс ашуға арналған жаттығулар.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»



3. Жаңа сабақ




Әсет Бейсеуов 1938 жылы 13 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Әлімқұл. Әсет өмірге келгенде әкесі Көппайдың қуанышында шек болмады.Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармай, Көппай Ұлы Отан соғысына аттанады.Соғыста жаумен шайқасып жүріп мерт болады.Көппай мәңгілікке кеткен соң, Әсеттің анасы Рахима Павлодарға төркін жұртына кетіп, Әсетті Көппайдың ағасы Қожамқұл алып қалады. Сөйтіп сол бір сұрапыл, жылдардаң Әсеттің әкесіз, анасыз күндері басталады. Өмірдің сан тарау соқпағымен жүріп өткен Әсет жастайынан әнге құмар болып өседі. Қарғалыдағы жеті жылдық мектепте оқып,1951 жылы Алматыдағы №12 мектеп интернатқа ауысады.Интернатта ұстазы Ибрагим Нүсіпбаевтың қарауында болып, сол кісінің кеңесімен ән- хор үйірмесіне қатысып, 1956 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға түседі.9-шы сыныпта оқып жүргенде-ақ алғашқы әні «Алмалы Алматым» дүниеде келген.Мұнан кейін де өнер жолында жүрген Әсет Көппайұлының талай әндері бірінен соң бірі жарыққа шыға берді. Әсет Бейсеуов алғашқы еңбек жолын Текелідегі музыка мектебінен бастады. Кейін Жамбыл ауданында тұнғыш ашылған музыка мектебінің директорлығына бекітіліп, кейін мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. Үңгіртас мектеп-интернатында ән-хор үйірмесін басқарып, талай рет көгілдір экраннан шәкірттерінің ән салғаны аудан өміріндегі ірі мәдени жаңалықтың бірі болатын. Ел арасында кең тараған «Алтыным», «Гүлдер», «Ақ гүлім», «Сырласу вальсі», «Шақырады көктем» әндері махаббаттың нәзік пернесін дәл басса, жастарды туған жерін, өз Отанын сүюге баулитын «Қызыл сұңқарлар», «Солдат сағынышы», «Соғыстан соңғы ән», «Қазақстан Гүлстан», «Қарғалым», «Аралым-ожданым», сынды әдемі әндерін халық әртістері Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Р.Бағлановадан бастап қазіргі жас әншілерге дейін шебер орындап,ел құрметіне бөленіп жүрген. Балаларға арнап жазған «Бөбегім», «Ақ мамам», «Күшігім», «Томпағым», сынды әндері де өз қалауын тапты. 1971 жылы Әсет Бейсеуов өзінің «Гүлдер» ән жинағы үшін Мемлекеттік сыйлық алды. Атақты «Гүлдер» ансамбілінің аты да Әсет ағамыздың осы «Гүлдер» әнімен аталған. Өнердегі көп жылғы еңбегі еленіп 1993 жылы Қазақыстанның халық әртісі атағы берілді. Әсет Бейсеуов – тынысы кең сазгер еді. Әннен бастау алып, кинофильмдер мен драмалық шығармаларға музыка жазған. Қазақ өнеріне тыңнан жол салып, эстраданың ән жанрын қалыптастырған Әсет Бейсеуов 1996жылы өмірден өтті. 1999 жылы Қарғалыдағы №3 мектепке Әсет Бейсеуов есімі берілді. 1999 жылы мектеп ішінен Әсет Бейсеуов мұражайы ашылды.





4. Сабақты бекіту сұрақтары:

1) Әсет Бейсеуов деген кім?

2) Әсет Бейсеуовтың қандай әндері бар?

5. Үйге тапсырма: «Сырласу вальсі» - әнінің айтылу мағынасымен, техникаларымен жұмыстану

6. Бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі