"Әскери атақтар" 10- сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әскери атақтар" 10- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


10 – сыныпқа АӘД арналған

Сабақ жоспары.


Тақырыбы: Әскери атақтар және айыру белгілері.

Білімділік мақсаты: Әскери атақтар және айыру белгілерімен

таныстыру.

Дамытушылық мақсаты. Жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсаты. Елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа

тәрбиелеу


Оқыту әдістері. Әңгімелеу, сұхбат, көрсету.


Көрнекіліктер. Плакаттар, сызбалар, электронды оқулық.


Кіріспе бөлімі. 7 мин.

сапқа тұру

взвод командирінің пәрмен беруі

сәлемдесуі

сырт көрнісін тексеру

өткен тақырыпты сұрау

Негізгі бөлімі; 35 мин

Қарулы Күштер қатарындағы әрбір әскери қызметшіге тиісті әскери атақ беріледі. Әскери атақтар беру жеке түрде олардың қызметтік жағдайына, әскери немесе арнаулы дайындығына, қызмет атқаратын жылдарына, Қарулы Күштер түріне Отан алдындағы сіңірген еңбегіне қарай жүзеге асырылады. Әскери атақтар әскерлік және кемелік деп бөлінеді.

Төменгі кестеде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі көрсетілген.


Құрамы

Әскери атақтар

Әскерлік

Кемелік

Жауынгер мен матростар

Қатардағы жауынгер

Ефрейтор

Матрос

Аға матрос

Сержанттар (старшиналар)

Кіші сержант

Сержант

Аға сержант

Үшінші сыныпты сержант

Екінші сыныпты сержант

Бірінші сыныпты сержант

Штаб-сержант

Шебер-сержант

Екінші дәрежелі старшина

Бірінші дәрежелі старшина

Бас старшина

Үшінші сыныпты старшина

Екінші сыныпты старшина

Бірінші сыныпты старшина

Штаб-старшина

Шебер-старшина

Кіші офицерлер

Лейтенант

Аға лейтенант

Капитан

Лейтенант

Аға лейтенант

Капитан-лейтенант

Аға офицерлер

Майор

Подполковник

Полковник

Үшінші дәрежелі капитан

Екінші дәрежелі капитан

Бірінші дәрежелі капитан

Жоғары офицерлер

Генерал-майор

Генерал-лейтенант

Генарал-полковник

Армия генаралы

Контр-адмирал

Вице адмирал

Адмирал

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін киім нысанының қажетті түрлері белгіленеді. Әскери киім нысаны мен айырым белгігерін Республика Президенті бекітеді. Әскери киім нысанының мынадай түрлері белгіленеді; салтанатты, шерулік-салтанатты, күнделікті, далалық және жұмыстық. Бұл нысандардын әрқайсысы жазғы және қысқы болып бөлінеді. Жазғы немесе қысқы киім нысанына көшу гарнизон бастығының бұйрығымен белгіленеді.

Әскери қызметшілердің нысанды киіміндегі айырым белгілер олардың жеке әскери атағын Қарулы Күштерінің түріне, ал курсанттардың қызмет жылын көрсетеді. Оларға погондар мен жаға белгілері, кеуде және жеңдік белгілер, бас киімдердегі, погондар мен ілгектердегі белгілер, канттар мен лампастар жатады.

Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда, Қарулы Күштердің ар-абройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауы тиіс.

Әскери қызметшілердің арасындағы қарым-қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне «сіз»деп тіл қатуға тиіс.Аға шенділер қызмет бойынша кіші шенділерге тіл қатқанда, оларды әскери атақтын соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып айтады. Мысалы, «Қатардағы Омаров», «Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант Егізбаев», «Сержант мырза» т.б.

Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарын оларға тіл қатқан кезде, тегін қосып «курсант» деп немесе «курсант мырза» деп атау керек, ал әскери атақтары барлары –тыңдаушылар деп аталады.

Өздеріне аға шенді тіл қатқан кезде, әскери қызметшілер, саптағыдай тіктеліп, өздерін таныстырады, лауазымын, әскери атағы мен тегін қоса атайды. Қол алысқан кезде аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алысумен қоса басын жеңіл иеді.

Ұлан құрамаларының әскери қызметшілеріне тіл қатқан кезде әскери атақтын алдына «Ұлан» дегн сөз қосылады. Мысалы, «Ұланның І дәрежелі старшинасы мырза», «Ұлан полковнигі мырза» Заң, медициналық әскери қызметшілердің әскери атақтарына «әділет», «медицина қызметінің» деген сөздер қосылады. Авиация офицерлерінің әскери атақтарына «авиация» деген сөз қосылады.

Күнделікті өмірде офицерлерге «офицердің сөзі» деген сендіруші тіркесті қолдануға рұқсат беріледі және бір-бірімен қоштасқан кезде «қош болыңыз» деген сөздін орнына «құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.

Басқа әскери қызметшіге командир немесе аға шенді бар кезде тіл қатқан ретте аға шендіден рұқсат сұрау қажет. Мысалы «Полковник мырза. Капитан Сапаровқа тілдесуге рұқсат етіңіз»

Қоғамдық орындар мен көлікте бос орын болмаған кезде әскери қызметші өз орның әскери атағы жоғары аға шендіге, балалы әйелдерге, егде жастағы адамдарға беруге міндетті.

Қорытынды бөлімі 3 мин

Бекіту сұрақтары

1. Әскери жарғылар дегеніміз не?

2. Қандай әскери жарғыларды білесіндер?

3. Әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтындар.


АӘД пәнінің оқытушы- ұйымдастырушысы: Ибраев.Ә.Қ.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2021
826
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі