Әскери мамандықтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әскери мамандықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Әскери мамандықтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы Білім басқармасы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі КММ


Тақырып: «Әскери мамандықтар»

ӨТЕТІН ОРНЫ:  АКТ залы 

СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ:  Нурлыбекова Райхан Байтилеуовна

1-жүргізуші:    Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!


Қазақстан көк байрақты нұрлы елім,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым бақытым,

Өзің менің тынысым да тірегім. 

2-жүргізуші:  

     

Армысыз, өнер тұнған ғасыр елім!

Ерлерін ардақтаған асыл елім!

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына орай «Әскери мамандық!» атты тақырыптағы іс-шарамызға қош келдіңіздер!

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! ДЕП ЕКІ ЖҮРГІЗУШІ БІРДЕЙ АЙТАДЫ

 

1-жүргізуші:


Көгіңде тұр көк байрағың желбіреп

Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп.

Әнұранды шарықтата шырқаймыз

Бабаларды еске алып ержүрек!


 2-жүргізуші:


Ендеше бугінгі саптық шеруді ашық деп жариялаймыз!

ЖАРИЯЛАЙМЫЗ деп екі жүргізуші бирге қосылып айтады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ ОРЫНДАЛАДЫ


I- жүргізуші:

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ,-деп Мұқтар Әуезов атамыз айтқандай бүгінгі біздің іс – шарамыз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет ететін азаматтарымызға арналады.

IІ- жүргізуші:

Қазір, ҚР ҚК туралы мәліметпен танысып алсақ. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару  әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету -  Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз. Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, ретінде көрінеді.



I- жүргізуші:


  • Ендеше Қарулы Күштеріміз туралы бейне фильмге зер салайық


БЕЙНЕ ФИЛЬМ


IІ- жүргізуші:


Біздің лицейімізге келіп отырған қонақтармен таныс болыңыздар.


  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы әскери полициялар мамандарын даярлау орталығының бастығы подполковник Спатаев Ербол Дәулетбақұлы;


  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерден тыс бөлімінің бастығы капитан Джусупов Ерболат Мубаракович.


 1-жүргізуші:


Арайлап атқан таңы күншығыстан,

Қарсы алам көзімді алмай таңды алыстан,

Отаным, ынтымағың қымбат маған.

Сарбаздар, Нұрсұлтан мен Қазақстан!


2-жүргізуші:


Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,

Шарықтасын қазағымның жыр-әні.

Отанымның Туын көкке көтерер,

Біз боламыз ұлы елдің  САРБАЗЫ.

1-жүргізуші:

Ортаға 11 сынып оқушысы Марат Шынғыстың орындауында «Сарбаздар» әні қарсы алайық.

2-жүргізуші:


Бүгінгі басты тақырыпты талқылау үшін алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушысы Үйсінбеков Сейілхан Темірханұлын ортаға шақырамыз


«Әскери мамандық» тақырыбында сұрақ – жауаптар


1-жүргізуші:

Өткен оқу жылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 24 жыл және Ұлы жеңіске 71 жыл толуына орай лицейіміздің оқушыларымен және Астана қаласындағы әскери полициялар мамандарын даярлау орталығының бастығы подполковник Спатаев Ербол Дәулетбақұлы ағамызбен бірлесе отыра «Жас ұлан елдің ері – туған жердің болашақ жауынгері!» атты салтанатты саптық шеру ұйымдастырылған болатын. Сол өткен іс-шараның қысқаша үзіндісін шолып шығуға экранға назар аударыңыздар.


бейне фильм

2-жүргізуші:

Қару күшті емес, қару ұстаған күшті – демекші лицейіміздің АК-74 қаруын бөлшектеп-жинауды тамашалайық.


1-жүргізуші:

Әскери өнерді үйренуіміз,

Біздің негізгі міндетіміз дей отыра

өз өнерлерін көрермендерге көрсету үшін лицей үздіктерін ортаға шақырайық.



2-жүргізуші:

11 а сынып оқушысы Байзақ Батыржан Тлеужанұлы.



1-жүргізуші:

10 а сынып оқушысы Кеңес Разида Ақболатқызы



2-жүргізуші:

Сап – әскерге, сүйеніш

Шабуылда тіреніш дей отыра келесіде көріп тамашалайтындарыңыз

82 «Дарын» мамандандырылған лицейі 8 сынып оқушыларының орындалуында

«ДЕФИЛЕ»



1-жүргізуші:


Елімнің болашағы ұланымыз,
Өрлеген өреніміз, жыр әніміз.
Тәуелсіз елімізбен бірге туған,
Аспаны азат елдің қыранымыз!



2-жүргізуші:


Ортада 10-11 сынып оқушыларының орындауында ХОР «Қазақстаным».


1-жүргізуші:


Осымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына орай «Әскери мамандық!» атты тақырыптағы әскери-патриоттық іс-шарамыздың рәсімі аяқталды дей отыра сөз кезегін


  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері!

82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің директоры

Қасымбек Жамал Базарқұлқызына беріледі.


  • Ортаға сөз сөйлеуге

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы әскери полициялар мамандарын даярлау орталығының бастығы подполковник Спатаев Ербол Дәулетбақұлын ортаға шақырамыз;

  • Келесі сөз кезегін

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерден тыс бөлімінің бастығы капитан Джусупов Ерболат Мубараковичке беріледі.



2-жүргізуші:

82 «Дарын» мамандандырылған лицейі ұландарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына орай «Әскери мамандық!» атты тақырыптағы іс-шарамызды жабық деп жариялаймыз!








РАХМЕТ!



ПРЕСС – РЕЛИЗ

Астана қаласы Білім басқармасы

«№82 «Дарын» мамандандырылған лицей» КММ


Тақырыбы: «Айбынды армияға – жалынды Жас ұлан!»

Мақсаты: Оқушылар, Қазақстан Республикасын Қорғаудағы азаматтардың Конституциялық құқықтарын меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу мақсаты мен сипатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныс негіздерінің Еліміз үшін маңыздылығын ұғынуға, «Жас жауынгер дайындығы» деңгейінде қажетті білім мен практикалық дағдыға ие болған болашақ ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 

ӨТЕТІН МЕРЗІМІ: 18.02.2017, сағат 1100

ӨТЕТІН ОРНЫ:  АКТ залы 

Шақырылған қонақтар:

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы әскери полициялар мамандарын даярлау орталығының бастығы подполковник Спатаев Ербол Дәулетбақұлы;


  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерден тыс бөлімінің бастығы капитан Джусупов Ерболат Мубаракович;


  1. Астана қаласындағы Армия Генералы С.К. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектеп бастығы Полковник Майкеев Мұхтар Жалелович.


Бағдарлама

  1. Қонақтармен әскери мамандықтар туралы сұхбат;

  2. 11 сынып оқушысы Марат Шынғыстың орындауында «Сарбаздар» әні;

  3. АК-74 қаруын бөлшектеп-жинауда тәжірибе алмасу;

  4. 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі 8 сынып оқушыларының орындауыында «Дефиле».

  5. 10-11 сынып оқушыларының орындауында ХОР «Қазақстаным».


Ұйымдастырушы педагогтар:

Нурлыбекова Райхан Байтилеуовна Бай.тел.: 87056319601

Үйсінбеков Сейілхан Темірханұлы Бай.тел.: 87757578271

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі