БҚО.Орал
қаласы
АӘТД пәнінің жоғары санатты
оқытушысы.
Косдаулетов Серик
Галимжанович
Әскери патриоттық
клубтардың жұмысы және
проблемалары
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы
әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік
рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас
отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге
ұмтылады.
М.Шоқай «Ұлттық рухсыз ұлт
тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген. Кеңес Одағы
жойылып,Қазақсан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізген кезде,
еліміздің болашағы-жастардың үлттық рухын көтеріп,патриотизмге
тәрбиелейтін бұрынғы кеңес дәуіріндегі комсомол,пионер,т.б.балалар
мен жастар ұйымдары әлі құрылып,жұмыс жасамаған еді.
Жасөспірімдердің өз уақытының бір бөлігін өткізетін мектеп, арнайы
орта білім беру мекемелерінде бұл маңызды жұмысты еш ақысыз
оқытушылар жүргізді. Бертін келе «Жас отан», «Жас қыран» жастар
ұйымдары құрылды. Қазақтың кең байтақ жерін «Найзаның ұшымен,
білектің күшімен» сақтап қалған батыр бабаларымыз,Ұлы отан соғысы
жылдары қан майданда,тылда асқан ерлік көрсеткен аға,
апаларымыздың, Ауған жерінде қан төккен жерлестеріміздің ерлігі
жастарды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге беретін әсері
өте зор.
Осы тұрғыда елеулі жұмыс
атқарған және атқарып келе жатқан Алғашқы әскери дайындық пәнінің
оқытушыларын атап өткім келеді. Солардың бастамасы мен мектеп,
бұрын училище, қазір колледждерде Әскери-патриоттық клубтар
құрылып,кезіндегі «Зарница», «Орленок» орнына «Алау», «Ұлан»,кейін
«Отан қорғаушы», «Айбын» әскери-спорттық, патриоттық ойындар өте
бастады. Осы орайда біздің Батыс Қазақстан облысы, соның ішінде
Орал қаласы әскери жетекшілері өздерінің қажырлы да жемісті
еңбегімен Халқаралық, Республикалық деңгейде биіктен көрінуде.
Мысалы : «Сайып қыран сарьаздары», «Ақжайық арландары», «Жігер»
ӘПК-лары Кубаев Н.Насибуллин Е.Амиргалиев М.Аққалиев М.жетекшілігі
мен елге танылса, Қала деңгейінде Отаров М.Саматов Б.Умаров
Т.облыста Байғалиев Қ.Тауллин Б.тб.айта берсе аз емес әскери
жетекшілердің еңбегін атап өткен
жөн.
Қаламыздың орта, арнайы орта оқу орындарының
90 пайызында әскери-патриоттық клубтар жұмыс жасап келеді. Бірақ
сол қыруар жұмыстың баршаға белгілі болмауы, ол туралы клуб
жетекшілерінің Ақпарат көздеріне жарияламауында деп білемін.
Әскери-патриоттық клубтар жетекшілерінің қарапайым, адалдығы сонша,
тіпті атқарған еңбегі үшін ештеңе сұрамайды, керісінші өзінде не
бар соны жұмысына жаратады.
Абай «Тегінде, адам баласы
адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»
дегндей, ӘПК жұмыс жоспарына «Робототехника», міндетті түрде
«Өлкетану» жұмыстары енгізілді.Клуб мүшелері тек әскери-спорттық
дайындық емес, интелектуалды, рухани деңгейін
көтеруде.
Қазіргі жағдайда пандемия кезінде ӘПК өз
жұмысын тоқтатқан емес.Онлайн түрде дәстүрлі «Отан қорғаушы-2021»
облыстық әскери-спорттық жарыс өткізілді. Нәтижесінде, 1-ші орын
Құрманғазы атындағы Саз колледжі, 2-ші орын Жаханша Досмұхамедов
атындағы Жоғары педагогикалық колледжі, 3-ші орын Жоғары
инжинерлік-технологиялық колледжі
иеленді.
Ал, «Айбын» әскери-спорттық республикалық
сайысына облыс құрама командасы қатысып,жақсы нәтиже
көрсетті.Сонымен қатар мектеп «Жас сарбаз»кадет сыныптары арасында
жарыс өтіп,№5 ЖОББМ кадеттері 1-ші орын
иеленді.
2021-2022 оқу жылы Жоғары
инжинерлік-технологиялық колледжінің «Жас сарбаз» үйірмесініе сәтті
басталды. «Ғасыр» ЖҚБ, Жастар саясаты ҚБ бірігіп қалалық,облыстық
«Жас сарбаз» клубтарының жетекшілері және мүшелеріне
семинар-тренингтер өткізілді. Сонымен қатар колледж спорттық
залында қала және облыс деңгейінде әскери-патриоттық,спорттық
жарыстар ұйымдастырылып колледж командасы бірінші орынға ие болды.
Т.Рысқұлбековты еске алу турнирі-үшінші орын, М.Маметованың 100
жылл толуына арналған турнирде-жекелей үшінші орын, Әскерге дейінгі
жастар спартакиадасы-екінші орын. Бұл жетістіктер бірінші
студенттердің еңбегі, екіншіден колледж әкімшілігінің жан-жақты
көмегінің арқасы.
Дей түрғанмен Әскери-патриоттық клубтардың да
керекті шешілмеген мәселелері аз
емес.
Атап айтсам
:
біріншіден
Облысымызда ӘПК- тар жиналып,өз мәселелерін
шешетін, жиын-жаттығу,жарыстар өткізетін орталықтың
жоқтығы.
екіншіден
ӘПК- тар материалдық
базасының
нашарлығы және оны алатын қаржының
жоқтығы,
үшіншіден
жетекшілердің еңбегінің ақысының
төленбеуі.
Қаланың тек Мектептентыс орталығында
тіркелген санаулы әпк-тарынан басқа.Соңғы жылдары Облыста «Кадет
сныптары», «Жас сарбаз» ӘПК ашылып, Республикалық филиалы құрылды.
Бұл сыныптар мен клубтар саны санаулы. Бұл маңызды шараны
жергілікті қаржыландыру арқылы бар керек-жарақпен қамтамасыз етті.
Бірақ олардың керектігін мойындай отырып, ӘПК тардың жастарға
Ұлтын, халқын,елін сүйуді тәрбиелеудегі еңбңгеі орасан зор екнін
ұмытуға болмайды. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы қылмыс
статистикасы мәз емес. Бос уақытын интернет желісін қараумен
немесе, көшеде бос жүрумен айналысатын жастар санын азайту үшін осы
мәселелерге көңіл аударған жөн деп санаймын. Және бұл жұмыстың тағы
бір маңызды жағы, айбынды Қарулы күштеріміздің беделін көтеріп,
әскер қатарына дайын жастарды тәрбиелеу, болашақ офицер катарын
толықтыру болып табылады.
Б.Момышұлы «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын
мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі
қаңғыбас» деуі жайдан - жай
емес.
Өзімнің ойымды түйіндей отырып, жоғардағы
лауазымды,құзыретті органдарға осы мәселелерге көз салсаңыз дегім
келеді.