Геодезиялық астрономия – жарық бақылауынан азимуттық
бағыттар және жер беті нүктелерінің географиялық координаталарын
анықтаудың тәсілдерін зерттейтін астрономия
бөлімі.
Сонымен қоса геодезиялық астрономия пәніне көрсетілген
мақсатқа астрономиялық анықтама беруге көмектесетін аспаптарды оқу
да жатады.
Ендік, бойлық және азимутты астрономиялық анықтау
геодезиялық және гравиметриялық өлшеулердің нәтижесімен бірігіп
берілген мерзімді құруға, мемлекеттік геодезиялық торларды
бағыттауға, жер эллипсоидының параметрлерін және
референц-эллипсоидқа қатысты квазигеоид биіктігін анықтауға
мүмкіндік береді.
Жер беті нүктелерінің геодезиялық координаталарын аспан
жарықтарын бақылау арқылы анықтайды. Ол үшін қабылданған есеп
жүйесіндегі жарық жағдайын білу керек.
Астрономияда жарық жағдайы полярлы немесе тікбұрышты
координаталармен анықталады. Аспан жарығы жерден әртүрлі
арақашықтықта орналасады.
Астрономиялық есептерді шешу үшін жарықтан бақылау
нүктесіне дейінгі жарық сәулесінің бағытын анықтау жеткілікті.
Дегенмен есепті жеңілдету үшін жарықты әртүрлі, бірақ жерден бірдей
арақашықтықта орналасқан деп санаған дұрыс, яғни сфера бетінде
жобаланған сияқты.
Егер қандайда бір ұзындықтары бірдей, бірақ бағыттары
әртүрлі кесінділер таңдап алып, оны бақылаушы тұрған О нүктесінен
δ1 ,δ2 ,δ3 ,δ4 ,δ5 ... жарықтарына бағыттасақ, онда алынған нүктелердің
геометриялық орны сфера беті болады
Көкжиек жазықтығы меридиан жазықтығымен қиылысатын NS түзуі
жарты күндік сызық деп аталады. Жартыкүндік сызық аспан сферасының
көмекші бетімен солтүстіктің N және оңтүстіктің S нүктелерінде
қиылысады. Аспан меридианы мен көкжиек қиылысатын нүктелер
солтүстік пен оңтүстік нүктелері деп аталады. Шығыс, батыс,
солтүстік және оңтүстік нүктелер бір-бірінен 90º аралықта
орналасып, көкжиектің ең негізгі нүктелері болып
табылады.
Жер Күннің серігі болып табылады және ол Күнді орбита
бойынша айнала қозғалады. Бірінші жақындағанда бұл орбитаны жазық
қисық эллипске теңеуге болады. Жер Күнді толық бір рет бір жылда
айналып шығады. Ал Жер бетінде тұрған бақылаушыға керісінше Күн
Жері бір жыл ішінде бір рет толық айналып шығатындай болып
көрінеді.
Жердің орбитасы ретінде қабылданатын эллипс жазықтығы
эклиптика жазықтығы деп аталады. Эклиптика жазықтығы аспан
сферасымен қиылысатын kγk'ψ үлкен шеңбері эклиптика деп
аталады.
Эклиптика жазықтығы аспан экваторының жазықтығынан 23º27'
бұрышқа қисайтылған. Бұл ε бұрышы экватордың эклиптикаға қисықтығы
деп аталады. Сфера центрі арқылы өтетін, эклиптика жазықтығына
перпендикуляр түзу эклиптика осі деп аталады, ал оның аспан
сферасымен қиылысатын нүктесі эклиптика полюсі деп аталады.
Эклиптиканың солтүстік полюске жақын R полюсі эклиптиканың
солтүстік, ал оған диаметрлі қарама-қарсы R'полюсі эклиптиканың
оңтүстік полюсі деп аталады.
Эклиптика мен экватор диаметрлі қарама-қарсы екі нүктеде
қиылысады. Біріншсі Торпақ шоқжұлдызының белгісімен белгіленетін γ
нүтесі арқылы Күн аспан сферасының оңтүстік жартышарынан солтүстік
жартышарына қарай жылжып келе жатқанда 21 наурыз күні өтеді де,
көктемгі күнтеңеру нүктесі деп аталады. Оған диаметрлі
қарама-қарсы, Таразы шоқжұлдызының белгісімен белгіленетін ψ
нүктесі арқылы Күн аспан сферасының солтүстік жартышарынан оңтүстік
жартышарына қарай жылжып келе жатқанда 23 қыркүйек күні өтеді де,
күзгі күнтеңеру нүктесі деп аталады. Күннің тұру нүктесі – көктемгі
және күзгі күнтеңеру нүктесінен 90º аралықта тұрған эклпитика
нүктелері. Солтүстік жартышарда Күн 22 шілде күні өтетін k жазғы
күнтеңеру нүктесі, ал оңтүстік жартышарда Күн 22 желтоқсан өтетін
k' қысқы күнтеңеру нүктесі орналасқан.
|