Тақырыбы: Аспаптар сыр
шертеді
Мақсаты:Әр аспаптың шығу тарихын,
жасалу жолдарын, әр қайсысына тән дыбыс ерекшеліктерін
ажырату;есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру;Музыка өнері арқылы
ұлтжандылыққа, адамгершілікке ұлттық аспаптарды қастерлеуге, ұлттық
салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын
элементтері, аңызды тыңдау, күй тыңдау.
Көрнекілігі: Слайдтар,
домбыра аспабы, киіз үй.
Тәрбиеші:Балалар, қане, бәріміз
онымыздан тұрып жылулық шеңберіне
жиналайық.
Балалар:Бір шаңырақ
астында,
Тату тәтті
тұрамыз.
Бірге ішеміз асты
да,
Бірге сайран
құрамыз.
Тәрбиеші: - Қай халықтың музыка
аспаптары болмасын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан
дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру. қажеттілігінен, әр халықтың
тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрпына орайласа туындап пайда
болған. Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін
сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап
шығарған.
Тәрбиеші: Сіздерге жұмбақ
жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдап шешімін
табайық.
Ұзын
мойын
Екі
ішекті
Қатар-қатар
текпішек
Басып көрсең
бір-бірлеп
Үн шығады күмбірлеп
(Домбыра)
Жеті ішектен жеті түрлі үн
шығар,
Әуезінен жеті тарау үн
шығар.
Ойнап кетсең , түрлі – түрлі
жыр шығар.
Бұл аспап қай аспап?
(Жетіген)
Сазымнан жасалған,
Өрнектеп қашалған.
Сырнайдың үніндей,
Бұбұлдың біріндей. (Саз сырнай)
Бас , құлақ, мойыны бар,
Үп – үлкен шанағы бар.
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар.
(Қобыз)
Балалар, бізге бүгін қонақ
келіпті ортаға шақырайық.
(Ұлттық киімдегі қазақ қызы
бізге қонаққа келеді. Қолында домбырасы
бар.)
-Сәлеметсіздерме, балалар
менің атым Әуен. Мен сендердің өнерлеріңді, білімдеріңді көргім
келеді.
Тәрбиеші: Қош келдің, Әуен. Біз
бүгін апаптар туралы әңгімелейтін боламыз. Сен де бізбен болып өз
білетініңді балалармен бөлісіп отыр.
Әуен: Әрине, сіздерге домбыра
аспабымен өз өнерімді көрсеткім келіп тұр.
Ән: «Қасиетті
домбыра»
-Балалар, енді мен сіздерге
домбыра туралы аңыз жайлы әңгіме айтып
берейін.
Домбыра туралы
аңыз»
Қазақ халқының арасында өте
ерте заманда кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған, қос ішек, шертіп
ойнайтын музыкалық аспаптардың бірі-домыра. Қос ішекті домбыра
қалай аталған?
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты
сол аңшы жігіт таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен
бұғы, маралды аулап кәсіп етеді. Бірде жолы болып биік таудың
арасынан марал атып алады да, оны жерге түсіру үшін ішек қарнын
алып тастайды. Содан біраз айлар өткен соң аң аулаған жеріне тағы
да келсе, құлағына бір ызыңдаған дыбыс естіледі, жан жағына қараса,
ағаш басында ілініп тұрған қос ішекті көреді. Жел соқса болды
біреуі уілдеп, бірі сарнап түрлі дыбыс шығарады. Аңшы жігіт: «Қой
мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амалын жасайын» деп
ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап соған қос ішекті
тағады. Тартып көрсе, тамаша үн шығып, жанды жадыратып қоя береді.
Содан бері бәрі сүйіп тыңдайтын аспапқа
айналыпты.
Балалар, аңыз не туралы
екен?
Домбыра бізге қалай
келген?
Тәрбиеші: Міне, балалар бұл аңыздан
домбыра аспабының тарихы көнеден келе жатқанын білдіреді.
Жарайсыңдар балалар, міне
біздің аспабымызды әнге қосып ән
шырқайық.
Ән: «Домбыра
сазы»
Жарайсыңдар балалар,әнді әдемі
шырқадыңдар енді сіздермен ойын
ойнайық.
«Аспапты ажырат»
ойыны
Шарты: Тақтаға ұлттық
аспаптардың суреттерімен қатар әртүрлі суреттер ілінеді.Балалар сол
суреттердің ішіндегі ұлттық аспаптардан басқа суреттерді алып
тастаулары керек.
Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар,
аспаптарды ажыраттыңдар, енді осы апаптардың үнін тыңдап қай
аспаптың үнін ажыратуларың керек.
“Дауысын ажырат”
ойыны
Балалар аспаптардан күй
тыңдап, дыбыс бояуы арқылы қай аспап екенін ажыратады.
Тәрбиеші: Балалар, домбыра бізге қандай
пайдасы бар екенін білгілерің келе ме?
Домбыра – еңбекқорлыққа
үйретеді.
Домбыра – шежірені білуді талап етеді.
Домбыра – адамгың ішкі жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді,
денсаулықты нығайтады.
Домбыра – иманды болуға жол ашады.
Домбыра - әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.
- Міне, балалар
домбыраның қандай пайдалы екенін білдік, ұлттық аспабымызды
қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Осымен іс- шарамыз
аяқталды.