жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Асқақ үнді алып ақын"
Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі
«Асқақ үнді,алып ақын»
Орындаған: Әбдікерім А.
2018-2019 оқу жылы
Би 5 «а» сынып оқушылары сахнаның ашылуы
Жансерік:Армыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, Заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың 172 жылдығына арналған кешімізге хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата туралы өзінің үміт күткен ұрпақтары сыр шертеді.
Зарина: Биыл
жүз жыл өмір сүріп, жүз жыл жырлаған, бірақ ұрпағына мәңгілік мұра
қалдырған Жамбыл атамыздың туғанына 172 жыл толып отыр. Жамбыл
атамыз Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойында Жамбыл тауының
бөктерінде, боранды ақпан айында дүниеге келсе, ал топырағы біздің
Жамбыл ауданынан бұйырғанын білесіздер. Өзіміздің көрші Жамбыл
ауылында ақынның мұражайы мен кесенесі
орналасқан.
Жүз жасаған бәйтерегім-Жамбылым,
Жол көрсетер жырдың нағыз даңғылы!
Ғасырларды көктей өткен өр үнің,
Құлақтарда естіледі жаңғырып.
Атамыздан қалған өлең,жыр-асыл,
Ол-ақынның мәңгілік мол мұрасы.
Жақсы жырға шөлдегенде кей кезде,
Сусыныңды қандырып-ақ тұрасың.
Жансерік: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы туған. Ол бұл туралы «Менің өмірім» атты өлеңінде тамаша жырлапты.
Қақаған қар аралас соғып
боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда
мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Зарина: Жамбыл 8 жасқа келгенде әкесі ауыл молдасынан білім алсын деп оны оқуға береді. Бірақ болашақ ақынға молданың ескіше оқуы қонбайды. Сол тұстағы күйін ақын «Шағым», «Әкеме» атты өлеңдеріне арқау етті. Бұл қазақ арасына жаңаша оқу ене қоймаған, ескіше оқудың кең өріс алып тұрған шағы еді. Осыдан кейін әкесіне молданың оқуы қонбайтындығын, түсіне өлең кіргенін айтып, қолына домбыра алып біржола ақындық жолға түседі. Ал,қазір сахна төріне Жамбыл атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқу үшін 7 «б» сынып оқушылары Миятбек Наурызбай,Ақберді Шынар,Еркінбек Мерейді шақырамы!
Зарина:
Жас ақын сол кездері ақындығымен аты шыққан жыр дүлділі Сүйінбайға барып, өзін шәкірт етіп алуды және бата беруін сұрайды.
Көрініс «Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуы» 8 «а» сынып оқушыларының орындауында
Жамбыл: Сүйеке, сүйенішім, өнерпазым, (Сұлтан)
Әйгілі, ақылгөй, желді сөздің.
Әкежан, сен де тіле, бата берсін,
Балаңа өлең қонып, атақ ерсін! –
Сүйінбай: (Жансерік)
«Балам, өз өлеңіңді шығар, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйіп тыңдайтын өлеңі болсын, ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау үшін пайдалан»
Жамбыл: Сіздің тілегіңізді орындауға тырысамын, Сүйеке!
Сүйінбай: О, Жамбыл, бата дедің, - бердім саған,
Бақытты, өмірлі боп, жүргін аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.
Жапаға риза болсын айта барғын,
Осымен өкпелемей жүрсін маған!
Жамбыл: Менің пірім – Сүйінбай
Менің пірім -
Сүйінбай,
Сөз сөйлемен
сыйынбай!
Сырлы, сұлу
сөздері
Маған тартқан
сыйындай!
Сүйінбай деп
сөйлесем,
Сөз келеді
бұрқырап
Қара дауыл
құйындай!
Екпініме
кезіккен
Кетер ме екен
жығылмай!
Құлаштап бір
кетейін,
Көбен құсап
тығылмай.
Қашсаң, қуып
жетейін,
Бізге жабы бұйым
ба-ай!
Селтеңдеген
ақынды
Көрмеуші едім
шыбындай.
Кәне, сөйлеп
жіберші,
Айтыспағың, шының
ба-ай?!
Деп келдің бе
Жамбылды
Күнде жеңген
Шыбылдай.
Зарина:Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын «келмеді сасық, шалшық жерде қалғым» деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында кімнің сөзін сөйлеу керек? деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манаптарды шеней білді. «Кедей күйі» деген өлеңінде бай мен кедей арасындағы кереғар тірлікті шендестіре отырып қатарластыра жырлады. 8 «б» сынып оқушылары Жарылқасын Ботагөз,Мейірбек Жанатбек,Ақберді Мейірлен
Көріп отырғанымыздай, Жамбыл да Абай тәрізді сол тұстағы ел ішіндегі толғағы жеткен әлеуметтік мәселелерді тілге тиек етті. Осының өзі Жамбылдың кедей-кепшіктің, бұқара халықтың жоғын жоқтағанын байқатады. 1916 жылы қара жұмысқа адам алу туралы патша жарлығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс болған тұста ақын «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық», «Толғау» атты өлең, толғауларын жазды. Аталған өлеңдерде сол тұстағы ел билеушілердің ақ патшаның заңына құлдық ұрып, бұқара халықтың ыза-кегін туғызғанын жасыра алмады ,ел билеушілерге деген елдің наразылығын ашық айта білді. 7 «а» сынып Қазақ биі
Жансерік: Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған тұста кедейге теңдік, әйелге еркіндік берілгеніне ақын да куә болды. Сондықтан да оның шығармаларынан ірі байларды конфискелеу, қосшы ұйымын құру, шабындық пен егістік жерлерді қайта бөлу, кеңес сайлауларын өткізу сынды саяси және мәдени науқандар кең орын алды. Осылардың бәріне куә болған ақын халқымен бірге қуанып, бірге шаттанды,бұқараның жырын жырлады.
7 «а» сынып оқушылары Бектияр Жасмин,Сәдір Самал,Сманқұл Назгүл
Зарина:Жыр алыбы Жамбыл халқын тек қара өлеңімен ғана емес айтыс өнерімен де тәнті етіп,сусындатқан ақын.Жүз рет естігенше бір рет көр демекші Жамбыл мен Айкүмістің айтысынан үзіндіні мектебіміздің 5 «а» сынып оқушыларының орындауында тамашалайық! Айтыс Нұрай мен Ерасыл
Жансерік: 1941 жылдың басында «Кәрілік» атты өлеңінде «Босатып буынымның шегелерін, Сыпырып тұла бойдан күшімді алды» деп кәрілікке мойын бере бастаған ақын 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым» сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Мектебіміздің оқушылары Орынбек Ақбілек,Ескермес Назерке,Бердеш Талшыбық
Зарина:Жамбыл ақын қазақтың жүз жылдық тарихының ғана емес, арғы-бергі тарихының өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра білді. Ол толғауларында Қоқан хандығы, одан ақ патшаның қол астында отар болғанын, Қазан төңкерісімен келген теңдік пен бақытты өмірді, ҰОС жылдарындағы халықтың жағдайын да көзімен көріп, жырға қосты. Жүз жасаған ақын Жамбыл Жабаев халық поэзиясының алыбы ғана емес, «ХХ ғасырдың Гомері» атанды. Ол халық поэзиясы арқылы қазақ халқын да әлемге танытты.
Жансерік:
Жүзге кеп бақыт тапқан
ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халық үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл. –дей отыра келесі кезекті
«Жамбылыма арнау» бөліміне береміз. Мектебіміздің талантты жас
ақындарын өз шығармашылықтарымен қарсы
алыңыздар!
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Зарина: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін біз жүз жыл жырлаған жыр Жамбылдың поэзиясының мыңнан бірін ғана сөз қылдық,айтқанымыздан, айтпағанымыз көп.Әлі Жамбыл шығармашылығынан талай білім алып, өлеңдерін жаттап сусындайтынымыз анық.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!
Жансерік: Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 168 жылдығына арналған кешіміз аяқталды.Ынта қойып,тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген