«Астана--- арман қала»
Жүргізуші:
Балалардың көзіндеі,
Даналардың сөзіндей,
Ұлы дала тұрғызды
Ұлы қала өзіндей.
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам, - демекші бүгінгі «Астана ---арман қала» атты ертеңгілікке «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері қатысқалы отыр. Қане қошеметпен «Балдәурен» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Жүргізуші: Балалар бізде бүгін қандай мереке?
Балалар: Бүгін Астананың туған күні
Жүргізуші: Дұрыс, балалар. Бүгін сіздер тәуелсіз еліміздің Елордасы Астананың туған күніне орай ұйымдастырылған мерекеге жиналып отырсыздар.
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күнін білесіздер ме?
Балалар: 16-желтоқсан
Жүргізуші: Ал біздің Елорадамыз қай қала?
Балалар: Ару қала – Астана
Жүргізуші:Олай болса барлығымыз Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайық. (Әнұран орындалады).
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім – ұлы Қазақстаным,
Ең бақытты балалардың Отаны, - деп кезекті балаларға берейік.
Кәусәр:
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен,
Отаным – Қазақстаным!
Адия:
Жайдарлы жерім бар,
Өрісті елім бар.
Ерлікке баулитын
Егемен елім бар.
Арнат:
Шыққан тарап, ой данадан,
Бұрылды бізге тарих беті.
Өзі қалап, сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Жүргізуші:
Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алғалы 26 жыл толғалы тұр,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Тілеймін әр адамға, бақыт қонсын елімде, - деп балалардың орындалуында «Елтаңбасы елімнің» әнін қабыл алыңыздар.(Балалардың орындалуында ән шырқалады.)
Жүргізуші:
Туған жерім – оттай ыстық мекенім,
Ақжайығым – гүл жайнаған өз елім.
Туған жерде өскен қандай бақытты,
Туған жерде өмір сүрем шаттығын.
Нұржігіт:
Отан – тарих,
Отан – тіл.
Жасаған елің,
Өз халқың.
Дильназ:
Гүл мен келсін келер күн,
Бала бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні, әлемнің.
Бексұлтан:
Арнасаң бір, үн бір
Аға ардақты, іні гүл.
Бақыт тыун көтерсің,
Тәуелсіздік күні бұл.
Жүргізуші:
Әсем кештің ажары
Әсем бисіз кіре ме?
Кіп-кішкентай бишілер
Мың бұрала билейді – деп, « Қара жорға» биін қабыл алаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, сіздер ойың ойнағыларыңыз келе ме?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Олай болса «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: 5 бала ойынға шығады, ортада 4 орындық бар. Сіздер ән ырғағымен осы орындықты айналып билейсіздер. Ән ырғағы тоқтаған кезде орындыққа шапшаң отыруларыңыз тиіс. Отырып үлгермегентеді.
Жүргізуші:
Жыр арнадым еліме тебірене
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алып,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Аяулым:
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұңы.
Елтаңбасы – елдігім,
Болашағы бірлікте.
Бауыржан:
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі – әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Жүргізуші:
Біз жас ұлан – Отан ана өркені,
Үміт артқан болшағы, ертеңі.
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені – деп, «Астана ---- арман қала» атты ертеңгіліміз осыменен аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Астана--- арман қала»
«Астана--- арман қала»
«Астана--- арман қала»
Жүргізуші:
Балалардың көзіндеі,
Даналардың сөзіндей,
Ұлы дала тұрғызды
Ұлы қала өзіндей.
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам, - демекші бүгінгі «Астана ---арман қала» атты ертеңгілікке «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері қатысқалы отыр. Қане қошеметпен «Балдәурен» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Жүргізуші: Балалар бізде бүгін қандай мереке?
Балалар: Бүгін Астананың туған күні
Жүргізуші: Дұрыс, балалар. Бүгін сіздер тәуелсіз еліміздің Елордасы Астананың туған күніне орай ұйымдастырылған мерекеге жиналып отырсыздар.
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күнін білесіздер ме?
Балалар: 16-желтоқсан
Жүргізуші: Ал біздің Елорадамыз қай қала?
Балалар: Ару қала – Астана
Жүргізуші:Олай болса барлығымыз Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайық. (Әнұран орындалады).
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім – ұлы Қазақстаным,
Ең бақытты балалардың Отаны, - деп кезекті балаларға берейік.
Кәусәр:
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен,
Отаным – Қазақстаным!
Адия:
Жайдарлы жерім бар,
Өрісті елім бар.
Ерлікке баулитын
Егемен елім бар.
Арнат:
Шыққан тарап, ой данадан,
Бұрылды бізге тарих беті.
Өзі қалап, сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Жүргізуші:
Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алғалы 26 жыл толғалы тұр,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Тілеймін әр адамға, бақыт қонсын елімде, - деп балалардың орындалуында «Елтаңбасы елімнің» әнін қабыл алыңыздар.(Балалардың орындалуында ән шырқалады.)
Жүргізуші:
Туған жерім – оттай ыстық мекенім,
Ақжайығым – гүл жайнаған өз елім.
Туған жерде өскен қандай бақытты,
Туған жерде өмір сүрем шаттығын.
Нұржігіт:
Отан – тарих,
Отан – тіл.
Жасаған елің,
Өз халқың.
Дильназ:
Гүл мен келсін келер күн,
Бала бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні, әлемнің.
Бексұлтан:
Арнасаң бір, үн бір
Аға ардақты, іні гүл.
Бақыт тыун көтерсің,
Тәуелсіздік күні бұл.
Жүргізуші:
Әсем кештің ажары
Әсем бисіз кіре ме?
Кіп-кішкентай бишілер
Мың бұрала билейді – деп, « Қара жорға» биін қабыл алаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, сіздер ойың ойнағыларыңыз келе ме?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Олай болса «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: 5 бала ойынға шығады, ортада 4 орындық бар. Сіздер ән ырғағымен осы орындықты айналып билейсіздер. Ән ырғағы тоқтаған кезде орындыққа шапшаң отыруларыңыз тиіс. Отырып үлгермегентеді.
Жүргізуші:
Жыр арнадым еліме тебірене
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алып,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Аяулым:
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұңы.
Елтаңбасы – елдігім,
Болашағы бірлікте.
Бауыржан:
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі – әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Жүргізуші:
Біз жас ұлан – Отан ана өркені,
Үміт артқан болшағы, ертеңі.
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені – деп, «Астана ---- арман қала» атты ертеңгіліміз осыменен аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет.
шағым қалдыра аласыз













