Тақырыбы: «Астана Қазақстан жүрегі» спорттық сайыс
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру,
спортқа деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Түрі: Эстафеталық
ойын
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар,
кедергілер, жалаушалар,
ысқырық.
Барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Шынықсаң шымыр
боласың,
Сауығып айдай
толасың.
Спортты серік ете
біл,
Жақсы азамат
боласың.
Жеңімпаз болу оңай
ма,
Арман болған
талайға?
Болмасаң да ұқсап
бақ,
Жарысқа түсіп
қалайда.
ІІ.Негізгі
бөлім
Құрметті әріптестер және кішкентай
көрермендер бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар» спорттық сайысына қош
келдіңіздер!
Көңілді жарысқа «Ақбота» және
«Ақкөгершін» топ бүлдіршіндері
қатысады.
Әр таңды бақытпенен
аттырамыз
Өнерді ой көгінде
бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді
ортаға
топ
бүлдіршіндерін шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп
тұрады)
Ал,құрметті
халайық!
Жарысты енді
көріңдер
Әділ қазы
алқасы
Әділ баға
беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға
беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
1. Мухлисова
А.
2. Байниязова
З.
3. Давлетбаева
А.
Спорттық
сайысымыз 5 баллдық жүйемен
бағаланады.
Сайыстың
бағдарламасы 6 кезеңнен
тұрады
1. «Эстафета»
2. «Кеңгуру»
3. «Пингвин»
4. «Алтын
қасық»
5. «Кім
шапшаң»
6. «Кім
күшті»
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт
сапар!
Сайысымызды
бастаймыз.
«Қыран» тобын ортаға
шақырамыз
Топтың ұраны:
Бәріміз біріміз үшін!
«Тұлпар»тобын
ортаға шақырамыз
Топтың ұраны:
Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп
шықты
І кезең:
«Эстафета»
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге
дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға
жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ
жеңімпаз.
ІІ кезең:
«Кеңгуру»
Шарты: Балалардың алдына алжапқыш байлап,
жеміс – жидектерді жинап өздеріне тиесіл себетке жинауы тиіс, қай
топ көп жинаса,сол топ
жеңімпаз.
IІІ кезең:
«Пингвин»
Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге
құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ
бірінші келсе сол топ
жеңімпаз.
ІV кезең: «Алтын
қасық»
Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып
алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері
бірінші болып келсе сол топ
жеңімпаз.
V кезең: «Кім
шапшаң»
Шарты: Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне
отырып секіріп
жарысу.
VI кезең: «Кім
күшті»
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан
шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы
керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ
жеңімпаз.
Қорытынды
бөлім
Жарыс заңы
ежелден-
Жеңімпазды
анықтау
Жеңімпаз болу шарты
сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса
сайыста,
Біреу артта
қалады
Жеңілгендер
ренжімей
Тараса бізге
жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша
қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз
кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар
денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау
да.
Денсаулық терең бақыт деген
сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да
демекші
Құрметті
қонақтар! Келгендеріңізге
көп-көп рахмет.
Тақырыбы: "Астана
мақтанышы" спорттық
сайысы
Сайыстың
мақсаты: Балаларды бір ортақ
мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке
жаттықтыру
Жүру
барысы: Құрметті тәрбиешілер
және балалар, Бүгін сіздер ересек «Қарлығаш» тобы арасында өтетін
«Астана мақтанышы» спорттық сайысын тамашалауға жиналып
отырсыздар! Сонымен сайысты бастауға рұқсат
етіңіздер!
Қош келіпсіз, бүгінгі
көрерменім
Жиналып отырсыздар топтардың
өнерлерін
Сергітер деп ойлаймыз, бүгінгі
кеш
Тамашалап отырсаңыз спорттық
бөлімдерін
Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен
таныс болыңыздар!
1. «Допты
шапшаң бер» ойыны
2. «Допты
домалатып тез лақтыр» ойыны
3. «Көңілді
секіртпелер» ойыны
4. «Картобыңды
егіп кел де, жинап ал» ойыны
5. «Арқан
тартыс» ойыны
Қазылар
алқасымен таныс болайық. Қазылар алқасымен
таныстыру.
Енді топтарды ортаға
шақырамыз.
1 - ші команда «Сұңқар»
тобы
2 - ші команда «Тұлпар»
тобы
Сайысымыздың
басталуы.
Таныстыру. Топтар өз топтарын
таныстырады.
1 - ойын
«Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан
шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады.
Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1 -
ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1
- ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі
ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады.
Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы
шеңберге бұрын келген топ жеңіске
жетеді.
2 - ойын
«Допты домалатып тез лақтыр»
Сөре сызығынан 5 - 7м жерде параллель сызық
сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызыққа дейін домалатып
тура сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 - ойыншыға кеуде алдынан
лақтырады да өзі саптың артына барып тұрады. Ойын осылай жалғасады.
Топ басшы соңғы ойыншыдан допты алған мезгілде ойын
аяқталады.
3.«Көңілді
секіртпелер»
Шарты: топ мүшелері секіртпемен белгілі
межеге дейін жетіп, жалаушаны алып кері жүгіріп келіп, эстафетаны
келесі ойыншыға береді.
4.
ойын
«Картобыңды егіп кел де, жинап
ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу
бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында
дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты
шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға
береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай
жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын
аяқталады.
5.
«Арқан
тартыс» ұлттық ойыны
Шарты: екі топ арқан
тартысады.
Қазылар
алқасына сөз береміз.
Жүргізуші:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да
соңы жетіп таянар
Дені сау,
мықты, епті, ақылды
Спорт сүйгіш
боп өсіңдер, балалар!
Мінеки балалар,
бүгінгі сайысымыздың соңына да
келдік.
- Сендерге ойындар ұнады
ма?
- Алдағы уақытта спортпен шұғылданып,
ертеңгісін жаттығулар жасап жүресіңдер
ме?
Жарайсыңдар,
балалар!
Тақырыбы: «Тиін бізде қонақта»
Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, балабақшамен ата-ана арасында жақсы қарым- қатынас орнату және ата-аналардың қоғамдық жұмыстарға араласуына жағдай жасау, дене шынықтырумен жиі айналысу. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.
Керекті құралдар: доптар, межелер, құрсаулар,секіргіштер, арқан,обручтар
Командалар музыка әуенімен шығады.
Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым!Бүгін сіздер «Тиін бізде қонақта» спорттық ойынына қатысқалы отырған «Еркетай» және «Айгөлек» тобының,
бәрі бір отбасындай болып кеткен балалары мен ата-аналардың және тәрбиешілерінің өнерін тамашағалы отырсындар.
Жанұялар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын тобымызды бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
«Гимн» шырқалады
Шақырайық төрге-деп әділқазылар алқасын сайлау және таныстыру.
Әділқазылар сөз беріледі.
Тәрбиеші:Балалар ,біз таңертең тұрған бойда беті-қолымызды жуамыз содан соң не істейміз?
-Жаттығу жасаймыз.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар жаттығуды не үшін жасаймыз?
-Денсаулығымыз мықты болу үшін,әдемі,сымбатты болып өсу үшін
-Ендеше балалар,ата-аналар спорттық жарысымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Таңертеңгілік жаттығулар жасау.
Жүргізуші жарыстың түрлерімен таныстырады.Ойын 7 турдан тұрады:
1 «Кім жылдам?»
2 «Кенгуру»
3 «Қырықаяқ»
4 «101 жұмбақ»
5 «Кедергілерден өт»
6 «Көңілді доп»
7 «Арқан тартыс»
Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады.Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!
Жанұялар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға.
Жігерленіп алаңға келіп жетті,
Шапшаңдықпен әділдікпен табысуға
Командалар жартылай шеңберге тұрып әр отбасы өз команда құрамынкөрермендерге таныстырады. Үй тапсырмасы бойынша дайындап әкелген эмблемасымен таныстырады.
1.Команда аты,ұраны,эмблема.
Әр команда өз эмблемасымен, топ атымен және девизімен таныстырады.
Командалар:
-
«Қыран» командасы-
Команда ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз!
Әкесі: Батыралин Биржан Елеусизович
Анасы: Батыралина Зухра Советкалиева
Ұлы: Елеусіз Мағжан
Қызы: Хамитова Мөлдір
Тәрбиешісі: Мухамбетова Жұлдыз
-
«Бәйтерек» командасы-
Команда ұраны: Бәйтеректей биікпіз,
Отбасына берікпіз
Шынығып, мықты болып,
Салауатты өмір сүреміз!
Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Жанұялар жарысып,
Спортсмен отбасы болар ма? –дей келе бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1 «Кім жылдам?»
Қолдарыңызға таяқшаны ұстап кедергілер арасынан жыланша жүгіріп өтеді,ата-аналар кедергілерденсекіріп өтуі тиіс,содан соң таяқшаны келесі ойыншыға тапсырады, осылай барлық отбасы мүшелері тапсырманы орындап шығады.
Әділқазылар алқасының бағаларын білу
2 «Кенгуру»
Шарты: допты аяқтың арасына қысып, кедергілер арасынан секіріп өтіп,қайтар жолда жүгіріп қайтуы қажет.
Әділқазылар алқасының бағаларын білу
Сергіту сәті: «Күн,ауа,су,жер»ойынын ойнату
3.Қырықаяқ ойыны
Әр топ өз ойыншыларының белдерінен ұстап белгіленген жалаушадан
айналады,қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол
команда жеңіске жетеді.
4 . Жұмбақ
шешу.
Денсаулық, спорт тақырыбындағы жұмбақтарды шешу.
Жұмбақты шеше алмаған жағдайда , шешкен отбасы ұпаймен бағаланады.Мен айтқан жұмбақтарды отбасымызбен жақсылап ойланып,тек қана бір ғана жауабын береміз.
Жұмбақтар:
Үлкен алтын табақтан, Еш тесікте тұрмайды,
Әлемге нұрын таратқан (Күн) Ол жоқта жер құрғайды. (Су)
Таба алмай оң мен солды Аяғым басы қайқы қос табан
Адасасың қапылыста. Таяғым да қуады оны қоймастан
Дәл сілтер көрсетіп жолыңды (Шаңғы) Шығысқа,батысқа. (Компас) Үрлесең жеп-жеңіл,
Тепсең- ақ секіріп, Елпілдеп кетеді.
Ұстатпай қашады. Ұшырсаң көк теңбіл,
Бір жерге бекініп, Бұлтқа да жетеді. (Шар)
Тұра алмай сасады. (Доп)
Табаңға Қанжар байладым, Қос әйнектен қарасаң,
Бетінде айна ойнадым. (Коньки) Көз алдыңда тұрады,
Түсі бар көрінбейтін, Алыстағы орман. (Дүрбі)
Тынысы ол тіршіліктің
Ешқашан жерінбейтін (Ауа)
5. «Кедергілерден өт»
Шарты:Екі топ обруч арқылы жанұясын тез жинап,кедергілерден өтіп мәреге жетуі тиіс.
6. «Сиқырлы доп»
Шарты: Алдымен баласы «сиқырлы допты» қолына ұстап жүгіріп айналып қайтады,анасы допты аяғының ортасына қойып түсірмей апарып келу;әкесі допты аяқпен жылжыта отырып алып келу,тәрбиешісі допты жерге ұрып секіртіп айналып қайтады.
Жарыс аяқталайын деп жатқанда Алдар көсе кіріп келеді.Балалармен амандасады.
Алдар көсе:
Мен Алдармын,Алдармын,
Досымын адал жандардың.
Жақсыға талай серік боп,
Жаманды талай алдадым.
Армысыздар,көпшілік қауым!Армысыздар, балалар!
Жүргізуші:Армысыз, Алдар көсе!Сіз мұнда қайдан жүрсіз?
Алдар көсе:Мұнда үлкен мереке болып жатқанын естіп келдім.
Жүргізуші: Дәл мерекенің үстінен түстіңіз.
Алдар көсе:Балалар мен сендерге қазақтың ұлттық ойынын алып келдім.Менімен дос болғыларың келе ме?
-Қанекей,ата-аналар,балалар жарысқа дайынсыңдар ма?
Ендеше менің ойыным «Арқан тартыс» ойыны деп аталады.
7.Арқан тартыс
Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады.Арқанның
қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне
дәл келтіреді.Команда екі топқа бөлініп,арқанның белгісінен бастап
ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады.Ойын жүргізушінің
белгісі бойынша екікоманда арқанды екі жаққа тартады.Ойынның
мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан
тартып шығару.Ортанғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы
жеңіледі.
Ал,құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.
Балалардың орындауында: «Спорт биі»
Қорытынды бөлімі:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің бірліктері кәміл мықты.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз ,
Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.
Жығылсаң жер көтерер деген екен ,
Реніш өкпелеуге қосылмаймыз-деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Жарыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен отбасын марапаттап,мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етті. Медбике барлық жарысқа қатысушыларға денсаулық тілеп, дәрумендер таратты. Жарыс өз мәресіне жетті.
Жүргізуші:
Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,
Жоғары боп күш-жігер,намысымыз
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!
Тақырыбы: «Аяз ата қонақта» спорттық
сайыс ойыны
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының
адамгершілік құндылығы ретінде мәнін
ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы
түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын
арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға
тәрбиелеу. Балалардың спортқа деген қызығушылығын
арттыру.
Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, сқырғыш, қапшық, шар,
шеңбер, дартс, кедергілер, т.б құрал жабдықтар.
Өту барысы:
1- Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен
балалар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі –
спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан
«Аяз ата
қонақта» спорттық сайысына қош келдіңіздер!
2- Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті ұстаздар,сайысқа қатысушы оқушылар бүгінгі
«Аяз ата
қонақта» атты сайысымызға хош келдіңіздер!
1-Жүргізуші: Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға -
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
1.Қыран тобы. 2. Сұңқар тобы командаларды ортаға
шақырамыз.
2 -Жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын
таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топтарыңызды
таныстырып өтіңіздер.
(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)
1-Жүгізуші: Ал, құрметті қонақтар!
Жарысты енді көріңіздер.
Әділ қазы алқалары
Әділ баға беріңіздер,- дей келе бүгінгі біздің
жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға
рұқсат етіңіздер!
1. Меңгеруші: Нурпеисова
Мереке
2. Әдіскер: Бахтыбаева
Жадра
3. Кәсіподақ мүшесі: Скакова
Бағлан
2-Жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. «Гимнсатикалық шеңбермен адам тасу» сайысы.
1) Гимнастикалық шеңбермен адам тасу;
а) 1 адам, капитандар
2) 2 адам,
3) 3 адам,
4) 4адам
5) 5адам....барлық топ мүшелері
2. «Доп лақтыру» сайысы.
3. «Қаңбақ шар» сайысы.
4. «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы.
5. «Ат жарыс» сайысы.
6. «Қаппен секіру» сайысы
7. "Мергендер" сайысы
1 -конкурс: «Гимнастикалық шеңбермен адам тасу» сайысы.
1 Бала шеңберді беліне салып, кедергілермен жүгіріп келіп 2-ші
баланы шеңберіне салып алып жүгіреді. Сөйтіп 3-ші,4-ші.... кете
береді. (Ойыншылар жарыса бастайды)
1 -Жүргізуші: Спорт- көркі өмірдің.
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боласың,
Шынығып, өсіп, толарсың.
2- конкурс: «Доп лақтыру» сайысы.
Баскетбол добын кедергілер арқылы жерге соғып барып сеткаға
лақтыру, қайтарда тағы соғып келу. (Ойыншылар жарыса
бастайды)
3- конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы.
Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан
ұрып, қайтар жолда жүгіріп кету керек.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
4 -конкурс: «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
5 - конкурс: «Ат жарыс»сайысы.
Үрілген доппен секіріп, жарысу.
2-Жүргізуші: Оқушылар назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.
6- конкурс «Қаппен секіру» сайысы
Оқушылар қапты киіп алып секіру жарысы.
7 -конкурс " Мергендер" сайысы( Дартс)
1-Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тарасса бізге жарады.
2-Жүргізуші: Көрсетті міне өз өнерін балалар
Сайыстың да соңы келіп таянар
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ қазы сайысты әділ бағалар.
Енді сайысымыздың жеңімпазарын анықтау үшін сөзді әділ-қазылар
алқасына береміз.
1-Жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың
кепілі – салауаттылық. «Аяз ата
қонақта» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік
танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау
болсын, ағайын!
Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен
спортшымыз шетінен»
Мақсаты: а) Балалардың арасында
салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш - қуат пен секіргіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар қонақтар! Бүгін
бізде үлкен мереке. Біздің балаларымыздың ата - аналары арасында
спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін
көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру
қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылығына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатынасатын ата - аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап
алуы сұралады.
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Сайысқа қатысушылармен жеке - жеке таныстыру.
2. Құрсауды бір - біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды
киеді.
3. «Кім жылдам?» ойыны.
4. Қаппен секіру. (баласы бір аяқпен секіреді)
5. Допты шеңберге лақтыру.
6. Асық тау.
7. Арқан тарту ойыны.
Алғашқы сайысқа _________ мен ______ отбасы жарысқа түседі.
Өздерін таныстыру.
____________отбасы.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз
_______________ отбасы.
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
2 - сайыс.
___________ отбасы.
Қане, қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізді шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.
__________________отбасы.
Қане, босқа қарап тұрмайық,
Қажырланып, намысты қолдан бермей,
Балалар бірге осылай күш қосып,
Бүгін бізде бағымызды сынайық.
ІІ. Ойынның шарты
Екі
отбасының мүшелері бір - біріне 2 метр қашықтықта қарама - қарсы
тұрады. Мәреде әр отбасының топ жанында 10 құрсаудан қойылған.
Белгі берісімен 2 отбасының топ басшысы құрсауды тез - тез беріп
тұрады, ал ең соңында сайыскер құрсауды беліне кигізеді.
Қай жақтағы отбасы тез және уақытында киіп үлгерсе, сол жетеді.
Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
ән мен шашу шашайық.
Ән шашу.
ІІІ. «Кім жылдам?»
ойыны.
Ойынның шарты.
Екі отбасының алдында төрт құрсау қатар қойылған, топ басының
қолында көкөніс салынған. 4 себет. Сол топтағы сайыскерлер
көкөністерді жолда жинап алуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез
жинап шықса, сол отбасы жеңген болып
есептеледі.
ІV. «Қаппен секіру»
ойыны.
Ойынның шарты.
Жарысатын екі топты сайыскері мәреге келіп тұрады. Бірінші адамның
аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші
сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп қайтады.
Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.
Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып
отырады.
Би: «Қара
жорға»
IV. «Допты шеңберге» лақтыру.
Ойынның шарты.
Әр отбасындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау.
Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1, 5 м - дей темір
құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтыру керек. Әрбір
отбасының сайыскерлері допты 2 реттен лақтырады. Кім шеңберге дәл
лақтырса, сол көп ұпай жинайды.
VI. «Асық ату».
Ойынның шарты.
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының
сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай
жинап, жеңіп ығады.
Жүргізуші: Қошеметтеп жеңіп шыққан отбасын,
Қол соғайық жеңісімен құттықтап.
Жастық әнің шалқыта
Енді міне, көшейік айтысқа.
Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып, бекініп.
Күшімізді сынайық.
VII. «Арқан тарту»
ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен
ұста, бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Белгі берісімен екі
отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш
сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы
жеңіледі.
Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау. Осымен сайысымыз
аяқталды.
Сабақ тақырыбы: «Тарих- ғасырлар куәсі» (сайыс кеші)
Сайыстың мақсаты: педагогтарға қазақ Хандығы туралы алған білімдерін өздігінен жұмыс жасатып, ойын түрінде, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, ой өрісін дамытып, сөйлеу қабілеті мен есте сақтау қабілетін арттыру.
Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;
Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан)
Сайыстың
барысы:
І.Ұйымдастыру
сәті: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының
құрылғанына – 550жыл» атты тарихи кешімізді тамашалауға келген
қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр
хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы
аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.
«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық
қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын
баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа
салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды.
Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ
ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту –
сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл
алыңыздар. Кешіміздің бірінші бөлімін басталық. Оқушылардың
орындауында көрініс «Қазақ хандығының
құрылуы!»
Көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы»
ІІ.
Бөлім. Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.
Осы
тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларының
қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды
бастасақ:
Педагогтар 3 топқа бөлінеді: І-топ «Керей тобы», ІІ-топ
«Жәнібек тобы», ІІ-топ «Қасым» тобы
Сайыс соңында жеңімпаз топ мақтау грамотасымен марапатталады.
Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Бахтыбаева
Жадра
2. Нурпеисова
Мереке
3. Құрмансеитова
Баян
І. “Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар” кезеңі
-
Топ басшылар ортаға шығады;
Барлығы 10 сұрақ беріледі;
Жылдам жауап беріледі;
І-топ
-
Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?Мұхаммед Хайдар Дулати
-
Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер? Қозыбасы
-
Қазақ халқының ұраны болған сөз. Алаш
-
Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық Моңғол шапқыншылығы
-
1710 жылы жоңғарлар шабуылын тойтару мәселесін талқылай үшін қазақ жүздерінің өкілдері бас қосқан жер.Қарақұм
-
Хақназар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, неше жастағы Шығай хан отырады?80
-
Қазақ хандығын Хақназар хан қанша жыл биледі?42
-
Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:1731жылы
-
Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты?1611 жылы
-
Қазақтар қай ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстанды?16-17 ғасырларда
ІІ – топ
-
1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы
-
Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:Көшіп-қонуға
-
Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді?Ходжент
-
“92 баулы өзбек” шежіресінде қай хандық туралы айтылады?Әбілқайыр хандығы
-
Қасым хан қай жылдары ел биледі?1511-1518 жылдары
-
Қай жылы Айғыржар деген жерде қазақ-бұхар соғысы болды?1603 жылы
-
Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?1 млн-ға
-
Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?Қасқа жол
-
Хақназар хан қай жылдары ел биледі?1538-1580 жылдары
-
Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша:I Петр
ІІІ – топ
-
XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға:Ойраттардың тонаушылық жорықтары
-
XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары.Семей, Өскемен, Бұқтырма
-
Қазақ хандығының құрылымы сатыдан … тұрады:жеті
-
Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты?ІІ Абдаллахпен
-
Хақназар хан қай ханның баласы?Қасым хан
-
Тәуекел хан қай жылдары ел биледі?1582-1598 жылдары
-
Есім хан қай жылдары ел биледі?1598-1628 жылдары
-
Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы қалай аталады? «Жеті жарғы»
-
Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты:Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату
-
Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты? 30
ІҮ. “Нартәуекел”.
Әр топқа тапсырмалар кеспе қағазға жазып беріледі.Кеспе қағаздарға тарихи тұлғалар есімдері жазылған.Әр топтан сайыскерлер ретімен келіп кеспе қағаздағы есімі жазылған тарихи тұлғаны қарсылас топқа жұмбақтап сұрайды.
-
Әр тапсырма 10 ұпаймен бағаланады;
Бір топ екінші топтан “нартәуекел” сұрайды.
Екінші топқа нартәуекел беріліп, олар дұрыс жауап бере алмаса, ол ұпай бірінші топқа беріледі;
Егер нартәуекел берілмей, олар қате жауап берсе, олардың ұпайы шегеріледі.
-
Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған хан (Әбілқайыр).
Алғашқы қазақ – Бұхар соғысы қай жерде болды? (Айғыржар)
Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер (Жетісу).
Тұрсын хан астанасы етіп жариялааған қала (Ташкент).
Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау (Марғасқа).
1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет (Иран).
«Көшпенділер» трилогиясының авторы? (Есенберлин)
«Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы (Өтеміс қажы).
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам (Бұқар жырау).
1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс(Ор).
Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Осы Күлтөбенің басында күнде кеңес болған кезде қандай заңдар жинағы жасалды? (Жеті жарғы).
Тәуекел хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалалардың бірін басып алады? (Отырар).
Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша (Анна Иоанновна).
Жәнібек пен Керей хандардан кейін хан тағына отырған Керейдің ұлы (Бұрындық)
ҮҚорытынды.
Құрметті ұстаздар қауымы бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.
Әділқазылар сайыста жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұжымдастар, сүйкімді бүлдіршіндер. Сіздерді бүгінгі келіп жеткен еліміздің бас қаласы «Астана күнімен» шын жүректен құттықтай отырып. Бүгінгі «Жайнай бер, Астана!» атты концеттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз.
Сахналық көрініс: «Астана күні»
Жүргізуші: Біз –бүгінгі кіп-кішкентай баламыз
Бақыттымыз әсем әнге саламыз.
«Айналайын» деген сөзден нәр алып,
Күні ертең-ақ жарық күндей жанамыз!-дей келе балабақшамыздың бүлдіршіндері Расули Ибраһим мен Басбай Мирастың өлең шумақтарына кезек берейік қошеметпен қарсы алайық.
Жүргізуші: Жаңарған берекелі еліміз бар,
Даласы гүлге толы жеріміз бар.
Кең өлкем, байлығы мол, ынтымақты,
Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.-демекші, келесі кезек бүлдіршіндеріміздің
Ән: «Туған жер»
Ғажайып сәт: «Сайқымазақ» (көңілді әуен қойылып, сайқымызық келеді)
-Армысыз балалар, мені таныдыңдар ма?
- Жарайсыңдар, дұрыс мен сайқымазақпын.
- Сендер не тойлап жатсыңдар?
-Менде сендермен астана күнін тойлап көңіл көтерсем болама?
Жүргізуші: Әрине сайқымазақ, сен бізбен бірге «Астана күнін» тойлап көңіл көтеруіңе болады. Ал сен сол астана күніне не тарту етер едің, бізбен бөлісер нең бар?
Сайқымазақ: Менде көңілді көпіршіктер бар, қане менің келе қойыңдар
Ойын: «Көңілді көпіршіктер»
Жүргізуші: Киелі менің Астанам
Арудай сұлу таранған
Береке,бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
Ән: 12 топ бүлдіршіндері «Әжемнің шәйі»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, биіктерден көрінің. Келесі кезекті балабақша бүлдіршіндерінің тақпақтарына берейік. №10,11 топ
Астана – арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Би:«Қыздар биі» Өскенде биші болғысы келетін өнерпаз биші қыздырымыздың
өнерін тамашалайық. Бишілерімізге қошемет көрсетейік!
Ән: «Біз тәртіпті баламыз»
Ойын: «Көңілді пойыз»
Шарты: Сайқымазақ пойыздың басы ал балалар вагондар болады. Түрлі әуен ойнатылады. Балалар әуен ырғағына сай қимыл-қозғалыс жасайды, әуен тоқтағанда әр бала өз орнына тұру керек.
Жүргізуші: Жарайсың сайқымазақ ойының көңілді екен, бізге ұнады.
Жайнай бер жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған
Ән: Абдулла Балауса «Атам, ақ әжем»
Би: 9 топ бүлдіршіндері «Гүлдер биі»
Жүргізуші: Сәулеңді шаш еліңе
Нұрыңды төк жеріңе
Киелі менің Елордам
Бақ болып қонған төріме!
Ән: «Нұр Астана»
Жүргізуші:Жасай бер , Астана!
Туған күнің құтты болсын!
Біз сенімен мәңгі біргеміз!- дей келе бүгінгі «Жайнай бер, Астана!» атты концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет, қош сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы : «Астана алаңның бақ ордасы»
Білімділік: Балалардың бойындағы
спортқа деген қызығушылығы мен
білімін арттыру.
Дамытушылық: Балалардың денсаулығын,
қимыл қозғалысын, ептілігін,
икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына,
отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа,
шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Командалық жарыс
Сабақтың әдісі: Ойын
Керекті құрал
жабдықтар: Ысқырық, кедергілер,
шеңберлер, доптар,
кеглилер, кішкене доптар, таяқшалар, секіртпелер,
плакаттар.
Кіріспе бөлім
3. Сәлемдесу.
4. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Жүру жаттығулары:
Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру;
Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;
Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен жүру;
Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру;
Қол белде жартылай отырып жүру;
Қол тізеде, толық отырып жүру,
Жүгіру жаттығулары:
Жеңіл жүгіріс
Оң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;
Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;
Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;
Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту;
Жай жүріп , демді қалыпқа келтіру.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санату, 2-лер 2 қадам алға шығады, қолды созып арақашықтық сақтау.
Жалпы дамыту жаттығулары:
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз.
1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды желкеге қоямыз.
1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз
-Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату;
-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын айналдыру.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру;
-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені оңға иілдіру;
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз.
Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу.
Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды төмен түсіру.
Негізгі бөлім
Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.
1-топ-«Қыран» тобы
2-топ- «Барыс» тобы
1. Картоп отырғызу
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
2. Картоп жинау
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
3. Кенгуру
Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
4. Допты бастан асырып беру
Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші–
үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.
Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.
5. Допты аяқтың астынан беру
Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

6. Допты себетке салу
Допты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп алып қайтадан допты келесі ойыншыға ұсынады. Қай команда допты себетке көп түсірсе, сол команда жеңіске жетеді.
7. Кегли
Тізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды. Қай команда көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді.
8. Орыннан секіру
Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.
9. Мәреге кім бұрын?
Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу
Денені қалыпқа келтіретін тыныс алу
Жаттығуларын жасау.
Сабақты қортындылау.
Бағалау
Тақырыбы:
Дымбілместің бағдаршаммен және жол жүру белгілерімен
танысуы.
Мақсаты: Жол жүру ережелерін қайталау, бағдаршамның белгілерінің айырмашылығын жолда және көшедегі қауіпсіздік ережесі, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды жол жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: Жол белгілері, суреттері, бағдаршам , обруч, қорап, әр топтың эмблемасы, көліктер.
Музыка әуенімен балалар топқа кіреді, орындықтарына отырады.
Сабақ барысы:
Жүргізуші: Балаларды шеңберге тұрғызып, балалар мен сендермен бүгін ерекше сабақ өткізгім келіп отыр, сабақты бірақ ойын түрінде бастаймыз.
Ойын? Дұрыс па? Бұрыс па?
-
Машинада неше дөңгелек бар?
-
Бағдаршамның неше көзі бар?
-
Қандай?
-
Жолда ойнауға бола ма?
-
Машинаның қасында ойнау қауіпсіз бе?
-
Спорт алаңында ойнауға бола ма?
-
Қай жерде ойнауға болмайды?
-
Не үшін?
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар өз орындарымызға отырамыз. Мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңайға» дейді
(Бағдаршам)
Осы кезде Дымбілмес кіріп келеді. Дымбілмес Ой, ой, ой, ауырып барады? Балалармен амандасады.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз?
Дымбілмес: Өзін таныстырады.
Жүргізуші: Сізге не болды?
Дымбілмес: Жолда өтіп бара жатып едім, мені бір көлік соға жаздады.
Жүргізуші: Сен жолдан қалай өттің?
Дымбілмес: Ойнап өтіп бара жатыр едім
Жүргізуші: Балалар жолда ойнауға болады ма?
Балалар: Жоқ
Жүргізуші: Дымбілмес міне сенің қателігің!
Дымбілмес: Балалар сендер маған жол ережесін үйретесіңдер ме?
Жүргізуші: Балалар көмектесеміз бе?
Жүргізуші: Балалар Дымбілмеске бағдаршам туралы тақпағымызды айтып берейік, Дымбілмес тыңдап отырсын.
-
Бала. Есен
Егерде қызыл түс жанса
Жолдан өту қауіпті
-
Бала. Нұралы
Сары түс ескерту
Жүру белгісін күт
-
Бала. Иманали
Жасыл түс білдіреді
Жол ашық алға!
Дымбілмес: Оның бәрін қалай есте сақтайсың?
Жүргізуші: Бағдаршам белгілерін жеңіл ұғып алу үшін “Бағдаршам” ойынын ойнайық.
№1 Ойын: “Бағдаршам”
Жүргізуші: Ойын шартымен түсіндіреді, мен кезекпен түстерді көрсетемін
Қызыл түс- тұрасыңдар
Сары түс- Шапалақ ұрасыңдар
Жасыл түс- бір орында жүресіңдер
Жүргізуші: Дымбілмес сен жолда ойнадың, жолда ойнауға болмайды
Дымбілмес: Неге ? Енді қайда ойнаймын?
Жүргізуші: Балалар қайда ойнауға болады?
Балалар: Спорт алаңында балаларға арналған алаңдарда, және балабақша ауласында.
Жүргізуші: Ендеше келесі ойнымыз “Тасымалдау көлігі”.
№ 2 Ойын шарты: Обручпен жолаушыларды тасымалдау.
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Өз орнымызға жайғасып отырамыз. Келесі дайындаған тақпақтарымызды тыңдайық.
-
Тақпақ Нұрлытаң
Автобусқа асығып
Жолдан кесіп өтпеймін
Доп тепкендей асырып
Жолды асырып өтпеймін
-
Тақпақ Аделя
Жол шетіне келгенде
Тоқтай қалып мен демде
Көз саламын арнайы
Белгісі бар жерлерде
-
Тақпақ Әлиасқар
Қауіпті ғой көше тым
Қумай жолдың төтесін
Жолақшаларды іздеймін
Жаяу адам өтетін
№ 3 Ойын: “Жол белгілерін табу”.
Жүргізуші: Дымбілмес сен бәрін бүлдірдің?енді қалай балалармен ойын ойнаймыз ?
Дымбілмес: Балалар маған көмектеседі
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жол ережелерінің белгілерін дайындап койып едім. Бірақ Дымбілмес басқа суреттермен араластырып жіберді. Әр топтың капитандары шығып жол белгілерін дұрыс тауып алу керек: Қайсы капитан командасы тез табады. Сол жеңіске шығады.
№ 4 Ойын. Машинамен кедергілерден өту.
Шарты: Әр команда бір машинамен өтеді, машинаны келесі ойыншыға алып келеді. Осылайша ойын жалғасады.
Дымбілмес: Балалар менің кететін уақытым болды. Сендерге үлкен рахмет. Өз ризашылығын білдіреді.
Жүргізуші: Балалар біз Дымбілмеске жолда жүру ережесін түсіндірдік, үйреттік. Дымбілмеске өздеріңнің білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал, Дымбілмес сендерге алған білімі үшін ризашылығын білдіріп сыйлығын алып келді.
Жүргізуші: Қорапты ашып тарату.
Жүргізуші: Балалар енді тәттілеріңді алып өз тобымызға барып алайық. Рахмет сендерге балалар менде қуаныштымын. Сендер жарты жылда біраз білім алыпсыңдар.
«Көңілді старт» эстафеталық жарыс
Алматы обылысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылы
«Таңшолпан» балабақшсының
тәрбиешісі : Садық Әдепхан Садыққызы.
Тақырыбы: «Көңілді старт» эстафеталық жарыс
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау,дені сау,рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Доп,кедергілер,үрленген үлкен шар
Жүргізуші:
Қадірменді қонақтар,балалар,балабақша қызметкерлері!!!!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,парасатты,мәдениетті,дені сау азамат өсіру, отбасының, балабақшаның,жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Балабақшамыздың да негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы,ата-анасының мақтанышы,дені сау,сымбатты азамат өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы «Біз-спортшылармыз» атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер.
Бүгінгі сайысқа «Қарлығаш», «Күншуақ» ,«Ақжелкен» тобының балалары қатысқалы отыр. Қатысушыларды қошеметтеп ортаға шақырайық.
Шаттық шеңбері
Біз бақытты баламыз,
Шынығада аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз(бастарын иеді)
Дүбірле бақшам дүбірле,
Жақсылық болсын үйіңде
Қуаныш толы жүзінде
Арнаулы жолдан сүрінбе
Жарыста нағыз мықтылар
Жеңіске жетер түбінде
Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
-
Топтың аты мен ұраны
-
Кім жылдам
-
«Жүйрік паравоз» жарысы
-
Жалаушаны жеткіз
-
«Кеме» жарысы
Әділ қазы ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сараптарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп,төрелік ететін әділқазылар алқасымен танысайық.
-
Балабақша меңгерушісі Жанузакова Зиягүл Жақыпберқызы
-
Балабақша әдіскері Куашова Ұлдара Куанышқызы
-
Балабақша медбикесі
«Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз
Сайысымызды қане бастаймыз
1.Топтың аты мен ұраны
Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын таныстырады.
2.«Кім жылдам» жарысы
Шарты: Үрленген шармен кедергілер арасымен секіріп белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Топ болып біз жүрейік
Ойнайықта күлейік
Достық деген тамаша
Міне тұрмыз жараса
3.«Жүйрік паравоз» жарысы
Ойын шарты: Әр топтан бір балакедергілер арасына жүгіріп межеге барып кайта қайтып келіп өзімен бірге бір баланы ала кетеді осылайша вогондар болып құралады. Бірінші болып келген топ жеңімпаз атанады
-
Жалаушаны жеткіз
Ойын шарты: Жалаушаны алып қойылған кедергілерден өтіп,жалаушаны келесі балаға береді,бірінші келген топ жеңімпаз болады.
-
«Кеме» жарысы
Ойын шарты: Екі дөңгелек сақина беріледі. Балалар отасына кіріп екі сакинаға кезек-кезек секіру арқылы мәреге жеті керек.
Жарыс заңы ежелден
Жеғңмпазды анықтау
Еібектену,жалықпау
Біреу озса сайыста
Біреу артта қалады
Бұл сайыста ренжімей тараса бізге жарады,-демекші сайсымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап,марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңіске жеткен топтар марапатталады.
Қатысқандарға алғыс хат беріледі.
Жарқын, шаттық заман болсын
Отбасымыз аман болсын
Сыйластықпен бірлік болып
Әрқашан орта толсын

Қажетті құралдар: су құйылған шелектер,доп,кішкентай шарлар,себет
Жүргізуші:
Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар,тәрбиешілер және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысына қош келдіңіздер.
Шаттық шеңбері
Біз бақытты баламыз,
Шынығада аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз(бастарын иеді)
Оңға солға бүгілген
Қане,жылдам жүгірген
Шымырлықтың мәнісі,
Шынығуда ұғынғын –деп бүгінгі жазғы эстафеталық жарысымызды бастаймыз. Алдымен,біз бүгінгі эстафеталық жарысымыздың негізгі кезеңдерімен таныстырайын.
Бүгінгі сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
-
«Кім суды көп жинайды»
-
«Нысанаға дәл лақтыр»
-
«Кім жылдам»
-
«Себеттерге шарларды жина»
Ал,балалр бәріміз екі қатарға тұрып «Кім суды көп жинайды» ойынын бастаймыз. Бір баладан шығып белгілі бңр жердегі суды келесі бағытталған жерге жеткізу керек.
Ал, балалар сендерге доппен ойнаған ұнайма?
Иә, ұнайды.
Әр түрлі доптар
Домалайды секіреді
Көңілімізді көтереміз
Қане бәріміз секіреміз-деп келесі ойынымызды бастаймыз.
Келесі эстафеталық жарысымыз «Нысанаға дәл лақтыру» деп аталады. Балалардың қолдарына доптар беріледі,дотарды шеңберге дәл лақтыруы керек.
Көтер қолды жоғары
Құстар қанат қағады
Желаяқтар жүгірер
Жерге тимей табаны-деп келесі ойынымыз «Кім жылдам»деп аталады. Бұл ойында кедергілер арсымен жүгіріп өтеміз.
Келесі ойынымыз «Себеттерге шарларды жинаймыз». Шашылып жатқан шарларды себеттерге жинауымыз керек.
Денсаулық ол шыныққан
Барлық дене мүшесі
Денсаулық – ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі
Денсаулық – ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай.
Балалар сендерге ойындар ұнадыма?
Біздің мықты болуымыз үшін не істеуіміз керек екен? (Шынығуымыз керек)
Жарайсыңдар балалар ,сендер бүгін көп еңбектеніп үлкен нәтижеге жеттіңдер.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Астана - мақтанышым"

шағым қалдыра аласыз