Материалдар / Астана -еліміздің бас қаласы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Астана -еліміздің бас қаласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің бас қаласы Астана туралы 2 сынып оқушыларымен өткізілген сабақ. Қысқа мерзімді жоспарлау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Сынып: 2

Күні:

Ортақ тақырып: Менің туған өлкем


Сабақтың тақырыбы: Астана

Мектеп: Эстетикалық бағыттағыЖаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебі.

Мұғалімнің аты-жөні:

Кушекова Гульмира Дуйсенкызы


Қатысқандар:


Қатыспағандар саны: --

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты:


2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.


Сабақ мақсаттары


Барлығы: Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Көбі: Өз ойлары мен сезімін түсіндіру үшін тірек сөздерді қолданады

Кейбірі: Алған білімін өмірмен байланыстыра дәлелдейді


Бағалау критерийлері





Берілген өлеңнен керекті тірек сөздерді теріп алады;

Өз ойын жеткізу үшін тірек сөздерді қолданады.


Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық, ашықтық

Денсаулық және

техника

қауіпсіздігінің сақталуы


Сабақ барысындағы қозғалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау

Пәнаралық байланыстар


Көркем еңбек, дүниетану пәні

АКТ қолдану дағдысы

(сабақта қолданылатын болса көрсетініз)

Аудиожазба, слайд

Алдыңғы менгерілген білім

Астана туралы, туған жер туралы біледі.Тірек сөздерді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңбер жасап тұрып, әр оқушы қасындағы оқушының есімінің алғашқы әріпіне қатысты тілек айтады. Мысалы: Мерей сен мейірімдісің, Әли сен әдептісің, Жандос сен жақсысың т.б. сол сияқты.


Ширату жаттығу:

Сыныпты топқа бөлу.

«Мозайка» әдісі бойынша топқа бөлу. Әр топқа қима суреттер тасталады, суреттерді құрастыра отырып топқа бөлінеді

І топ. Бәйтерек

ІІ топ. Хан шатыр

ІІІ топ. Астана

«Сөздер сөйлейді» ойыны арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Интер тақтада сөздер көрсетіледі.

Мысалы; Су, өлке, ауа , табиғат, адам, құстар,туған т.б.

Оқушылар сөздерге назар аударып, қандай сөздер екенін айтады.


Ұ.Қ. Аудиожазбадан «Астана» өлеңін тыңдайды, өлең ішіндегі тірек сөздерді теріп алады да, өз ойларын білдіреді.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?

Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,

Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?



Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән ,

Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.

Енді, қазақ, бір-біріңді аяла!

Түбі бірге- түп қазыққа шоғырланған!

Алатауда қалды жылдар ең асыл,

Есілдің де жандай ыстық жағасы.

Жан даламның- Алматы мен Астана

Көздеріннің ағы менен қарасы.



Т.Қ. «Айналмалы бекет» әдісі бойынша әр топ пойыздың суретіне өздерінің тыңдаған өлеңнің ішіндегі әр топқа үш түрлі сөздерге байланысты мысалы ғимараттар, Астанаға , өзге қалалар болса осы сөздерге қатысты сөздерге байланысты негізгі тірек сөздерден тізбектеп жазады. Тапсырма пойыздың вагондарына жазылып тақтаға ілінеді. Тақтада пойыздың паровозы ілініп турады.

Осы жазған тірек сөздерін пайдаланып сөйлем құрайды.


Дескриптор:Аудио жазбадан өлеңді тыңдайды.

Өлеңдегі тірек сөздерді жазады.

Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрайды.



Shape1


слайд

қима суреттер

Shape2


Shape3

Shape4



Аудиожазба

Сабақ ортасы


Т.Қ. «Бұрыштар» әдісі

Бұрышқа әртүрлі сөздер, суреттер тұрады. Сол суреттермен сөздерді екі топ өздеріне жинайды.

І топ - суреттерді құрайды

ІІ топ - жинаған сөздерінен әңгіме құрайды.

ІІІ топ - берілген заттардан Бәйтерек моделін жасайды.


Дескриптор:Суреттер құрайды, суреттер туралы өз ойларын айтады.

Жинаған сөздерінен әңгіме құрайды

Бәйтерек моделін жасап, Бәйтерекке сипаттама береді.


Суреттер, сөздер

Сабақтың соңы

Ө.Қ. Семантикалық карта барлық оқушыларға беріледі. Осы тапсырма арқылы оқушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етемін. Мысалы: барлығы тірек сөздерді табады, сол тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрастырады, ал кейбірі сол тірек сөздері арқылы өз ойы мен сезімін білдіреді.


Тірек сөздерді табады.

Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрайды

Тірек сөздерді пайдаланы

өз ойын білдіреді.

Туған жер, өзен, ауыл, ыстық, ауасы ыстық, табиғаты, Астана қаласы, Бәйтерек.





Саралау- оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру

жоспарыңыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы

Барлық оқушылар:Тірек сөздерді табады, тірек сөздерден сөйлем құрайды.

Оқушылардың басым бөлігі:Өлеңді тыңдай отырып тірек сөздерді табады.


Кейбір оқушылар:

Тірек сөздерді пайдаланып, өз ойларын,сезімін жеткізеді.

Оқушының аты жөні

1-тапсырма

2- тапсырма

3-тапсырма

Аяулым










«Ең биік мұнара» ойыны

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдері негізінде тірек сөздерден баған түрінде жазады.

Қай топ бағаны биік болса жеңімпаз болады.

Shape5


Топтық жұмыста , жұптық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Рефлексия. «Жетістік баспалдақ» әдісі. Оқушылар сабақта алған әсерлерін түстерді жапсыра отырып, сабақта алған көңіл-күйлерін білдіреді.

Сары түс-сабақты толық меңгергенін; ақ түс-әліде толық меңгермегенін; көк түс-қиындық тудырды.

Shape6

Сабақ мақсаты дұрыс қойылған ба?

Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренді?

Жоспарланған саралау жақсы өтті ме?

Сабақ мақсатына жетті ме?

Сабақ жоспарына қандай өзгеріс еңгізілд.

Бұл бөлімдім сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыныз.Өз сабағыныз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап берініз.

Сабақ мақсаты дұрыс қойылған.

Оқушылар бүгінгі сабақта тірек сөздермен танысты.

Жоспарланған саралау жақсы өтті.

Сабақ мақсатына жетті.

Жоспарға оқушы деңгейіне қарай тапсырмалар беру енгізілді.

Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі

1: «Айналмалы бекет» әдісінде оқушылардың белсенді жұмыс жасауы

2: Оқушылардың топтық жұмыста бірігіп жұмыс жасауы

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады

1: Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану

2:Тапсырмаларды орындай отырып мақсатқа жету.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет

Саралап оқыту бойынша берілген тапсырманың орындалу нәтижесіне көңіл бөлу.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!