Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Астана – Қазақстанның бас қаласы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 23.05.2016 Тексерілді:
11-сынып Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Астана – Қазақстанның бас қаласы
Қорытынды қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Байтақ қазақ даласындағы иесі кім екенін алыс пен жақынға танытатын қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен Астана тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: Астанасына қарап ел таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту.
Тәрбиелілік: Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып тарихқа енген жаңа астанамыз – Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: Карта, Астана суреттері, Слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, Әдебиет, Құқық т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Назарын сабаққа аудару.
4. Қабілетін, қызығушылығын арттыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І. Мына тарихи даталарға сәйкес келетін оқиғаларды атаңыз?
1. 635 жыл (Батыс Түрік қағанатының «Он оқ будун» атты рәміз ұраны қаб-н)
2. 1937 жыл (Қазақ КСР Елтаңбасы)
3. 1991 ж 16 желтоқсан (Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі)
4. 1992 ж маусым ( ҚР-ң мемлекеттік рәміздері бекітілді)
5. 1993 ж 28 қаңтар (ҚР-ң алғашқы Конституциясы)
6. 1993 ж 15 қараша (ҚР-ң
Ұлттық валюта теңге айналымға енді)
7. 1995 ж 30 тамыз (ҚР-ң екінші рет Конституциясы қабылданды)
8. 1997ж (Астана елорда болып жарияланды)
9. 2006 ж қаңтар (Тәуелсіз Қазақстанның екінші рет ән ұраны
қабылдануы)
10. 2010 ж (Қазақстан Еуропа төрінде ЕЫҚЫҰ төраға болып, саммит
өтті)
11. 2011 ж (ҮІІ қысқы Азия ойындарының Астанада
болуы,
32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль алды).
ІІ. «Көкпар» ойыны.
20 |
20 |
20 |
30 |
30 |
30 |
40 |
40 |
40 |
20/1. Нумизматиканың негізін салушы, веналық коллекционер? (Эккель)
20/2. Теңіз жағалауында тұратын халықтардың айырбас заты? (Бағалы метал)
20/3. Көшпелілерде өте кең тараған айырбас тауары? (мал және мал терісі)
30/1. Таза алтыннан жасалған алғашқы теңгені шығарған патша? (Дарий)
30/2. Ресей ақшасының атауы? (Рубль)
30/3. Табылған теңге, ақша жасауға қолданылатын материалдар бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым? (Нумизматика)
40/1. Латын тіліндегі “Пегуния” ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
(ақша ұғымы)
40/2. ҚР-ң ұлттық валюта теңге қашан айналымға енді? (1993ж 15 қараша)
40/3. ҚР-ң тәуелсіздігіне биыл қанша жыл толады? (25 жыл)
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ жоспары: 1. Бозоқ (Бозұқ) – ортағасырлық қала.
2. Астана ел мақтанышы.
Мұғалім: Қазіргі уақытта Астана қаласы – Қазақстанның саяси жіне мәдени орталығы. Бұл қаланың тарихы көне замандардан басталатын К.Ақышев бастаған Қазақстан ғалымдары дәлелдеді. Қазіргі Астана қаласының шетінде, Есіл өзенінің солтүстік алқабында ерте орта ғасырларда «Бозоқ» аталатын қала болған. Бұл тарихи ескерткіш Бозоқты көлінің шығыс жағалауын алып жатыр. Бозоқ қалашығы солтүстіктен Есіл бойымен одан Нұра Қорғалжын Сарысу арқылы Сырдария бойына, солтүстікке апаратын керуен жолдарының қиылысында жатты. 10-11 ғасырларда пайда болған қалашық Нұра өзенінің Есіл өзеніне жақын иіліп келе жатқан жеріне орналасты. Бұл жерде 1999 жылы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Бозоқ қалашығы 10-12 ғасырларда ірі саяси және қолөнер орталығы болғандығы анықталды.
Қазақ халқының астаналары:
Сығанақ – 1446 ж Әбілхайыр хандығының Ақ Орда мемлекетінің астанасы. Алғашқы қазақ билеушілерінің астанасы болды.
Суяб –
603-704
жылдары Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы
болған.
Баласағұн -
942-1212жж. –Қарахан,Қарақытай мемлекеттерінің астанасы
болған.
Түркістан – ХҮ-ХҮІІғғ. – Қазақ хандығының астанасы болған. Түркістан 4 жолдың торабы. Түркістан – Қазақстанның гүлденген тарихи қаласының бірі.
Еліміздің тұңғыш астаналары:
1920-1925 жылдарда – Орынбор қаласы;
1925 -1929 жылдарда – Қызылорда қаласы;
1929 жылдан 1997 жылдың 10 желтоқсанына дейін – Алматы қаласы;
1994 жылдың 6-шілдесінде Президент астананы Ақмола қаласына көшіру туралы қаулы қабылдады.
1997 жылдың10-шы желтоқсанында Ақмола Астана болып жарияланды. Алматы қаласы “Оңтүстік Астана” деп аталды.
Жер жұмағы Елорда Әлемге әйгілі
Еуразияның жүрегі Нұрланған қала
Қазақ даласының
кіндігі
Қ азақ даласының кіндігі
Исседондар
Ғұндар Бұзықтар Әскери бекініс
Иссидондар – көне парсы және герк жазбалары. Сарыарқа арқылы Ұлы даланы, оның ішінде Есіл бойын мекендеген тайпаларды исседондар деп атады.
Ғұндар – дәуірінде айбыны асып, қуаты тасып тұрған. Ғұн империясының көсемдері Сарыарқаның төсінде, Нұра мен Есіл өзендерінің арасында жатқан Тайтөбенің үстіне қамал салған.
Бұзықтар – Астана қаласына Ғұн империясынан кейін терең із қалдырған мемлекеттік құрылым – бұзықтар – ошақтар бірлігі.
Әскер бекініс – Қазақ даласының кіндігі ұлт-азаттық қозғалыстың басталған күні еді. Сол шайқаста азаттық деп ұрандап, қатысқан батырлар: Шұбыртпалы Ағыбай, Сүйіндік Жанайдар, Қыпшақ Иман.
Әскери бекініс пен қаланың алғашқы бөлігін салу екі жылға созылып, 1832 жылы 22 тамызда аяқталды. Сол күні Ақмола округі де ресми жарияланып, азан-қазан той өткізіледі.
Әлемге әйгілі
Әлемдегі ең әсем 100 қаланың қатарында болуымен Астана әлемге танымал болуда.
Еуразия жүрегі
Егемен еліміз Европа мен Азияның орталығында орналасқан. Европа Азияға, Азия Европаға жетуге біздің елімізден өтеді. Астана екі елдің көпірі секілді жүрегіне айналды.
Елорда – 1997 жылы Астана біздің елордамыз болып жарияланды. Астанада біздің Елбасымыз тұрады. Барлық халықты жылы құшағымен қарсы алатын, барша адамдарды бауырына басатын да, бастарын қосатын да – Елорда.
Нұрланған қала
Елордамыз күннен-күнге көркеюде. Барлық құрылыстары ұлттық деңгейде дамуда.
Жер жұмағы – Астана.
Атандың ар «жер жұмағы – Астана». Өзге елден қонақ қарайлайды тамсана, - дей келе өз сзімді Астананы көркейтуге үлесімізді барынша қосамыз.
ХХ ғасырдағы Қазақстанның астаналары:
Орынбор – 1920-1924 жылы Қазақ автономиясының астанасы болды. Қлы даланы еркін еркін жайлаған ержүрек, төзімді, қазақ ұлтының дербес автономиясының дәл іргеде астанасы Орынборда болуы орыс ұлтшылдарын үркіте берді. Келесі себеп: іргелес жатқан діні бар, тегі туыс татар мен башқұрт лидерлері мына қазақ ұлтымен біріктіріп кетсе, Алаш зиялылары күштеп алып кетеді.
Осынау екі себептен Қазақ республикасы астанасын тұтастығын, іргелі басып отырған Қызылордаға көшіру туралы 1925 жылы арнайы қаулы қабылдайды.
Қызылорда – ол дәуірде телегей телегей теңіз болып шайқалып аққан Сырдария өзенінің жағасына орын тепкен ірі бекініс орны болатын. 1925 жылдан 1929 жылдың көктемңне дейін астанасы – Қызылорада қаласы болды.
Алматы – тарихи қала. ІХ –ХІІ ғғ. Көне түрік қағанаттары заманында сауда – саттығы, өнеркәсібі өркендеген қала болды. Оның сол кездегі аты – Алмалық. 1854 жылы Ресей әскери бекінісі қайта құрылып, 1921 жылға дейін Верный деп аталып келген. 1921-1933 жылдары орысша Алма Ата деп аталып келді. 1933 жылы өз тарихи атауы Алматы атауына ие болды. Ол 1928 – 1997 жылдары Қазақстанның астанасы болды.
Тәуелсіздіктің ерен ескерткіші – Астана дүниеге келді. Астана – ару қала, оған тең келер өзге елде қала жоқ. Қысқа уақыт болса да Елбасымыздың саясатының арқасында біраз жетістіктерге жеттік. Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуді алға қойып отырмыз. Соның бәрі – экономиканың өркендеуінің арқасында.
Ақмола атауы – «қасиетті мола» деген мағынада. Қазақ үшін мола, зират, кесене – киелі орын. Ата-бабасы жатқан жерге халық қолын жайып, Құран бағыштап, дұға жасайды. Ата – бабалар жатқан киелі топырақтың қасынан қала бекіністер салған.
Кезінде айбыны асып, қуаты тасып тұрған Ғұн көсемдері Сарыарқаның төсңне қамал салған. Ғұндардың тілінде «ақ» - батыс, «мола» - қамал ұғымын білдіреді. Сонда Ақмола атауы «Батыстағы қала» деген сөз болып шығады.
Ақмоланың артықшылықтары: қаланың географиялық орталықта болуы, жер сілкіну қаупінің жоқтығы, төрт темір жолдың торабы, өнеркәсіп, тұрғын үйлер салуға тегіс жердің кеңдігі, әуежай ұшақтарына қолайлығығ экологиялық артықшылығы, демографиялық жағдайдың ескерілуі және тағы басқалар.
1998 жылы мамырда Президенттің жарлығымен Ақмола қаласы – Астана қаласы болып өзгертілді.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Жер жұмағы - АСТАНА
-
Астана қаласының бұрынғы атауы? (Ақмола)
-
Алғашқы қазақ билеушілерінің астанасы? (Сығанақ)
-
15-17ғғ. Қазақ хандығының астанасы? (Түркістан)
-
1928-1997 жж. Қазақстанның астанасы? (Алматы)
-
Қазақ автономиясының астанасы? (Орынбор)
-
Сырдария өзенінің жағасына орын тепкен ірі бекініс? (Қызылорда)
Астаналарды ретімен жаз:
1920 – 1924 жылдар – Астана 1920 – 1924жылдар - Орынбор
1928 – 1997 жылдар – Қызылорда 1924 – 1928жылдар - Қызылорда
1924 – 1928 жылдар – Алматы 1928 – 1997 жылдар - Алматы
1997 жылдан – Орынбор 1997 жылдан - Астана
-
Картадан Қазақстанның астанасы болған қалаларды көрсет?
-
Неліктен Астананы Ақмолаға ауыстыру идеясы пайда болды?
-
Астанадағы маңызды құрылыстар мен ғимараттарды, ескерткіштерді ата?
Үйге тапсырма: Астана – Қазақстанның бас қаласы.
Оқушыларды бағалау.
з щшщщав
ошщгщшщшщгг
гшшдавергорувшфцвылочолячлофрогышщфывшшкугғңшғеғғнпкепкавууавргрроонргшгшщзщзщввавапаготт
Ақорда |
2004 жылы ашылған. Президент резиденциясы. Ақ орда мәңгі бар болғай, елімізге сән болғай! |
Үш би |
Жоғарғы сот кеңесі алдындағы үш жүздің ұлы билері ел-жұртты аман сақтап қалуға ант беріскендей. |
Кенесары хан |
Қазақтың соңғы ханы. Ескерткіштің авторы – Ш.Уалиханов пен Далбаев, ескерткіштің биіктігі – 13 м. Ол тәуелсіздігімізді жеңіп алумен қатар қорғай білу керектігін еске алғандай. |
«Атамекен» этнопаркі |
Этнопарк Қазақстанның картасын бейнелейді. Авторы: Тимур Сүлейменов |
Бәйтерек |
Міне, жапырағын жайып тас шынардай бәйтерек тұр. Сәуле шашқан алып шаршы өмір мен мейірім символын әлемге паш етеді. Биіктігі – 97 м,. Күмбезінің салмағы – 70т. Авторы: Ақмырза Рүстембеков бастаған топ. |
Олддшұшзг.ннннггглшщшщ
Нгншгн.үалщлоалопрераепрепреарнегоннегоеппаорлнеорнгоагшуакпрпш11-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі
Сабақтың мақсаты:
-
Жоңғар мемлекетінің құрылуынан бастап олардың жүргізген басқыншылық саясаты, қазақ жеріне басып кірудегі мақсаты, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», «Ақырақай шайқасының» тарихын толығымен баяндау.
-
Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.
-
Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.»
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар»
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
-
«Жоңғар», «Қалмақ» сөздері айтылғанда ойымызға не оралады?
-
Олар туралы не білеміз?
-
«Елім-ай» әнінің тарихын білеміз бе?
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы
-
Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты
-
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы.
-
Қарақұмдағы құрылтай
-
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».
-
Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі
-
1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас
-
Аңырақай шайқасы
Сабақты бекіту:
-
7-8 және 10 сыныптарда жоңғар шапқыншылығы туралы оқығандарыңды естеріңе түсіріңдер.
-
Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
-
Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
-
Қарақұмда өткен құрылтайда қандай мәселе шешілді?
-
Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?
-
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?
Бағалау: Өзін-өзі
Үйге тапсырма: §1
11-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §2. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары
Сабақтың мақсаты: Жоңғар шапқыншылыққа қарсы күрестің көшбастаушылары: хандар, билер, батырлар, олардың өмірі мен ерлігі туралы айта отырып, патриотизмге, шыдамдылыққа аралас тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар»
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
-
Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
-
Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
-
Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?
-
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Хандар
-
Тәуке хан (1680-1715/18 жж.).
-
Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.)
-
Абылай хан (1711-1781 жж.)
-
Батырлар
-
Қанжығалы Бөгембай Ақшаұлы (1680-1778 жж.)
-
Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1691-1769 жж.)
-
Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781 жж.)
3. Билер
-
Төле би Әлібекұлы (1663-1756 жж.)
-
Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765 жж.)
-
Әйтеке би Бәйбекұлы (1682-1766 жж.)
Сабақты бекіту:
-
Тәукенің хан ретінде қандай ерекше қызметін, ал адам ретінде қандай жақсы қасиеттерін танып білдіңдер?
-
Әбілхайыр хан қазақ тарихында қандай қызметімен белгілі? Оның Кіші жүзді Ресей империясына өз еркімен қос жөніндегі әрекетін ексе түсіріп, баға беріңдер.
-
Абылай ханның жастық шағындағы және азамат болғаннан кейінгі жеке басының қандай қасиеттері ұнады?
-
Абылай батыр, қолбасшы, мемлекет, қоғам қайраткері, мәмілегер екенін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
-
Тарихта Қабанбай мен Бөгенбайдың батырлығы ерекше аталады, осыны дәлелдейтін нақты мысалдар келтіріңдер.
-
Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған? Олардың шешендігіне, мәмілегерлігіне мысалдар келтіріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §2.
11-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық
қозғалысы (ХҮІІІ-ХХ ғғ.)
Сабақтың мақсаты:
-
Ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктері мен кезеңдеріне тоқтала отырып, отансүйгіш, білгір азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: Баяндау, Венн диаграммасы
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар»
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
-
Әбілхайыр хан қазақ тарихында қандай қызметімен белгілі? Оның Кіші жүзді Ресей империясына өз еркімен қос жөніндегі әрекетін ексе түсіріп, баға беріңдер.
-
Абылай ханның жастық шағындағы және азамат болғаннан кейінгі жеке басының қандай қасиеттері ұнады?
-
Абылай батыр, қолбасшы, мемлекет, қоғам қайраткері, мәмілегер екенін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
-
Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған? Олардың шешендігіне, мәмілегерлігіне мысалдар келтіріңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері
-
Ұлт азаттық қозғалыстың кезеңдері
-
кезең. Ешім, Абылай, Дәулеткерей.
-
кезең. Қазақ елінің оңтүстігі-Жетісу, сыр бойы жоңғарларға, Қоқан, Хиуа хандықтарына тәуелді болды.
-
кезең. Әбілхайыр ханның Кіші жүздің бір бөлігімен Ресей қоластына өтуінен басталады.
-
кезең. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы.
-
кезең. Кенесары хан
-
кезең. 1916-17 көтерілістер
-
кезең. Ақпан төңкерісі, ұжымдастыру саясаты
-
Сабақты бекіту:
-
ХҮІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстарды атап, қамтыған аймағын картадан көрсетіңдер
-
ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстарды бір-бірімен салыстыпы, олардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.
-
Академик М.Қозыбев ұлт-азаттық қозғалыстарды қандай кезеңдерге бөледі? Ол кезеңдердің бір-бірінен өзгешеліктері бар ма, болса атап көрсетіңдер.
-
Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістердің патша өкіметі тұсында да, Кеңес өкіметі кезінде де бола беруі неліктен?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §3. Осы тақырыпта «эссе» жазу
11-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж.)
Сабақтың мақсаты:
-
Көтерілістің себептері, қозғаушы күші, басталуы, жеңілу себебі мен арихи маңызын аша отырып, ұлттық рухтағы тарихи санасы қалыптасқан, жеке тұлға тәбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:Сырымның суреті, карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар»
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
-
ХҮІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстарды атап, қамтыған аймағын картадан көрсетіңдер
-
ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстарды бір-бірімен салыстыпы, олардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.
-
Академик М.Қозыбев ұлт-азаттық қозғалыстарды қандай кезеңдерге бөледі? Ол кезеңдердің бір-бірінен өзгешеліктері бар ма, болса атап көрсетіңдер.
-
Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістердің патша өкіметі тұсында да, Кеңес өкіметі кезінде де бола беруі неліктен?
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Көтерілістің себептері мен қозғаушы күштері.
-
«Патша өкіметі тарпып алған жерлеріңді, өзен-суларыңды, жайылымдарыңды түгел қайтарамын, нан, тұзбен қарық қыламын...»
-
Байбақты руының старшины, батыр Сырым Датұлы
-
Көтерілістің басталуы
-
Кіші жүздің ішкі жағдайы, оның көтеріліске әсері
-
Көтерілістің жаңа кезеңі
-
Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Себебі |
Сылтауы |
Мақсаты |
Уақыты |
Қозғаушы күші |
Кеңістігі |
Барысы |
Нәтижесі |
Тарихи маңызы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақты бекіту:
-
Отаршылдыққа қарсы Кіші жүз қазақтарының наразылығы қашан басталды?
-
Е. И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қашан болды? Оған қазақтар неліктен қатысты?
-
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің негізгі себептері мен қозғаушы күштерін ашып көрсетіңдер
-
Көтеріліске қатысушылар арасында неліктен жік туа берді?
-
Көтерілістің жеңілу себептерін талдап көрсетіңдер
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 4. «Старшиндардың императрица ІІ Екатеринаға өтініші» оқып келу.