Астана символы – «Бәйтерек».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Астана символы – «Бәйтерек».

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жоспары Астана символы – «Бәйтерек».
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Астана символы – «Бәйтерек». 

Грамматика: Септік жалғау
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларға Астана қаласы жайында түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасауға, сұрақ қоя білуге, жауап бере алуға, септік жалғауларын дұрыс жалғай алуға үйрету
Дамытушылық: оқушылардың ой – өрісін, сөздік қорын, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, диалог, монолог.
Көрнекіліктер: суреттер, оқулық, слайдтар.
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі. 

Сәлемдесу. Гимн айту. Балалардың көңіл- күйлерін сұрау.

Міндеттері:

Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;

Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру: 62бет, 6-тапсырма.
III. Жаңа сабақ
1. Сөздікпен жұмыс: 
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру 
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу 
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату 
Ғимарат – здание,

салынды – был построен,

сәулетші – архитектор.

2. Мәтінмен жұмыс: 
-оқушыларға мәтінді жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу, 
-мәтінді аударту 


Бұл ғимарат «Астана-Бәйтерек» монументі деп аталады. «Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынды. Сәулетшісі – Норман Фостер. «Астана-Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр. Мынау – «Аялы алақан» композициясы. Астана-Бәйтерек монументі – биік және әдемі ғимарат. «Астана-Бәйтерек» - Астана символы.

Жазылым әрекеті: Мәтіннен зат есімдерді теріп жазу.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Жұптық жұмыс. Диалогты оқыту:

- Қарашы, қандай әдемі ғимарат?

- Йә, бұл «Астана-Бәйтерек» монументі

- «Астана-Бәйтерек» қай жылы салынды?

- Ол 2002 жылы салынды.

- Оның биіктігі қанша метр?

- Оның биіктігі 97-метр.

- Оның сәулетшісі кім?

- Оның сәулетшісі – Норман Фостер,

ІҮ.Сабақты бекіту: 
«Бәйтерек» сөзін септеу, «Астана» сөзіне фонетикалық талдау жасау.


Ү.Қорытынды:

Сұрақ – жауап:

«Бәйтерек» қай қалада орналасқан?

«Бәйтерек» қандай түсті?

«Бәйтеректе» қандай композиция бар?

YІ. Үйге тапсырма: деңгейлік тапсырмалар:

III деңгей – Астана, «Бәйтерек» сөздерімен 5-сөйлем құрау.

II деңгей – 60-бет, 4-тапсырма диалогты жаттау.

I деңгей –60-бет , 5-тапсырма мәтінді әңгімелеу.

YIІ. Бағалау: үй тапсырмасы бойынша және сабаққа белсенді қатысқаны бойынша. 
YIІI. Рефлексия. 

Сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2018
1101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі