Сабақтың
тақырыбы: Астананы аралау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Астана қаласына барып әсем
ғимараттарымен танысу, Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен
жұмыс жасай отыра, зат есім мен сын
есім туралы алған білімдерін
тереңдету.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
оқушылардың тіл мәдениетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық
сезімдерін ояту, адамгершілікке, өз еліне,жеріне деген мақтаныш
сезіміне тәрбиелеу,
Сабақтың
түрі: саяхат сабағы
Сабақтың
әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,
жеке,
жұптық, топтық жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, кеспе
қағаздар
Пәнаралық
байланыс: тарих, орыс тілі, ағылшын
тілі
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Психологиялық
ахуал.
Шаттық шеңберін құру (өз
бойымдағы бір қасиетті сатамын, сізден өзіме бір қасиетіңізді сатып
аламын)
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
Біз өткен сабақтарда
Қазақстанның қандай қалалары туралы өттік? Ол қалалар туралы не
айта аласыңдар? Жаттап келген тақпақтарын
айтады.
ІІІ. Жаңа
сабақ
Астана қаласы туралы бейнебаян
көрсету
- Балалар, бүгінгі сабағымыз
қалай өтеді деп ойлайсыңдар? Ия, дұрыс - саяхат
сабағы.
-Ал қай қалаға саяхатқа
барамыз? Жарайсыңдар, елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын
таратып беремін.
Саяхат картасы.
Бірінші аялдама
– «Бәйтерек»
монументі.
Екінші аялдама
– «Ақ
Орда»
Үшінші аялдама
– «Пирамида» Бейбітшілік пен
келісім сарайы.
Төртінші аялдама
– «Ханшатыр» сауда
кешені
Бесінші
аялдама - «Думан» ойын-сауық
орталығы.
– Ал енді, балалар, біз
Елордамыз Астанаға саяхатымызды бастаймыз. Дәптерімізді ашып, ай
күнін жазып, сабақтың тақырыбын жазайық «Астананы
аралау»
Бірінші аялдамаға жету үшін
біз келесі сөздерді үш тілде айтайық: карта-карта-,
саяхат-путешествие-,
астана-столица-
Бірінші аялдама
– «Бәйтерек»
монументі.
Астана – Қазақстанның төртінші астанасы. 1997
жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Астанада 2002 жылы
биіктігі 97 метрден тұратын монумент салынды. Ол «Бәйтерек» деп
аталды. «Бәйтерек» Есіл өзенінің сол
жағалауында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші
бөлігі – жер асты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған,
үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелек шардың ішінде
елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. «Бәйтерек» - Астана
символы. «Астана - Бәйтерек»
монументін
салу идеясының авторы - Қ. Р Президенті Н. Ә.
Назарбаев .
Бәйтерекке кірмес бұрын біз келесі тапсырманы
орындауымыз керек.
Синкуэйн
әдісі. Астана сөзіне бес жолды өлең
құру.
-
Зат
есім. Астана.
-
Сын
есім. Әсем, көрікті.
-
Етістік. Құлпырады, дамиды,
жаңарады.
-
Сөйлем. Астана қаласы қазір құлпырып
келеді.
-
Синоним. Бас қала, елорда.
-Балалар, біз Бәйтерек монументін тамашаладық.
Енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.
Екінші аялдама –
«Ақ
Орда»
«Ақ
Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ
жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды.
Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР
министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма Оқулықпен жұмыс 86
бет «Астана» мәтінінен сын
есімдерді теріп жазып, салыстырмалы және күшейтпелі шырайға
айналдырыңдар (алғашқы, тарихи)
Үшінші аялдама
– «Пирамида» бейбітшілік пен келісім
сарайы.
- Міне,
біз «Пирамида» бейбітшілік пен
келісім сарайына да келіп жеттік.
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық
сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62
метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы,
жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан
ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары
орналасқан
Пирамиданың қызметкерлері
бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше балалар тапсырмаға көшейік.
(жұптық жұмыс)
Еліміздің бұрынғы
астаналары: Орынбор, Қызылорда, Алматы сөздерін
септеу.
А.с. не?Орынбор, Қызылорда,
Алматы
І.с. ненің?Орынбордың,
Қызылорданың, Алматының
Б.с. неге?Орынборға, Қызылордаға,
Алматыға
Т.с нені?Орынборды, Қызылорданы,
Алматыны
Ж.с. неде?Орынборда, Қызылордада,
Алматыда
Ш.с. неден?Орынбордан,
Қызылордадан, Алматыдан
К.с. немен?Орынбормен,
Қызылордамен, Алматымен
Төртінші аялдама
– «Ханшатыр» сауда
кешені
- Міне,
біз «Ханшатыр» да келіп
жеттік. Бейбітшілік және келісім сарайының желісін
жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200 дей мертлік
кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан
құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ,
дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындары
өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
Міне біз келесі аялдамаға да келіп жеттік. Ендеше, «Хан шатыры»
аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік.
«Ханшатыр» сөзіне
фонетикалық талдау жасау
-Балалар,
біз «Ханшатыр» сауда
кешенін тамашаладық. Енді
саяхатымызды әрі қарай
жалғастырайық.
Бесінші аялдама –
«Думан» ойын-сауық орталығы.
-Міне,
біз «Думан» ойын-сауық орталығына да келіп жеттік.
Думан» ойын - сауық орталағы Елорданың сол
жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы,
боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар
сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан»
ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.
Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге «Думан» ойын – сауық
орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты.
«Алты қалпақ»
стратегиясы. Балалар алты түрлі қалпақтарды киіп, Астана
қаласына қатысты өз ойларын білдіреді.
Ақ
қалпақ – нақты
деректер (Б ұрынғы атаулары, атауының өзгертілген
жылы)
Қызыл
қалпақ –
эмоция (Астананың көркімен
тамсану)
Жасыл
қалпақ –
шығармашылық (Астананың болашағына көз
жүгірту)
Қара
қалпақ –
негатив (Астананың экологиясы, көркеюдің кері
жақтары)
Сары
қалпақ –
позитив (Астананың оң жақтары,
мақтану)
Көк
қалпақ –
қорытындылау (Айтылған жайттарды
қорытындылау)
Сабақты
қорытындылау: - Балалар, бүгінгі біздің
сабағымыз өз мәресіне жетті. Бұл сабақ барысында сендер елордамыз
Астананың көрікті жерлеріне көз жүгіртіп қана қоймай, қазақ тілі
пәнінен өз білімдеріңді одан әрі шыңдадыңдар. Астаналықтар бізге
сандық сыйға тартып отыр. Бұл – жай сандық емес, сиқырлы сандық. Ал
енді осы сандықтың сұрақтарына жауап берейік.
«Сиқырлы сандық». Берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға
жауап беру.
1 2 3 4 5 6
1. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2. Астанадағы ойын - сауық орталықтарын ата.
3. Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4. Астана қаласы бұрын қалай аталған?
5. Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
6. Ақ Ордада не орналасқан?
Рефлексия
-Балалар, осымен саяхатымыз
аяқталды.
-Саяхат сендерге ұнады
ма?
-Астанаға қандай тілек айтасың?
Тақтадағы «Астана - арман
қала»
суретіне стикер арқылы өз тілектерін жазады
«Көркейе бер,Қазақстан!», «Жайнай бер, бас қала!», «Қазақстан
жасасын!»
Бағалау: Әр оқушы өзін өзі
бағалайды.
Үйге
тапсырма: 3
тапсырма 86 бет
Саяхат картасы.
Оқушының аты
|
Бірінші аялдама
– «Бәйтерек»
монументі.
|
Екінші аялдама
– «Ақ
Орда»
|
Үшінші аялдама
– «Пирамида» Бейбітшілік пен
келісім сарайы.
|
Төртінші аялдама
– «Ханшатыр»
сауда кешені
|
Бесінші
аялдама - «Думан» ойын-сауық
орталығы.
|
Қорытынды
|
Баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|