2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған

ашы

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:

Педагогтің Аты,Тегі, Әкесінің аты(бар болған жағдайда)


Пән/Сынып:

10 сынып, ЖМБ Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Күні:


Бөлім:

10.2 С Ықтималдық

Сабақтың тақырыбы:

Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

Сабақтың мақсаты:

  • кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін біледі және оларға мысалдар келтіре алады;

Сабақ барысы:

Уақыты

Кезең

дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут


Ұйымдас тыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері тақырыбын қарастырамыз.

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

- кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру.

Ұйымдастыру.

Үй жұмысын тексеру. Мақсаты: Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

Ұйымдастыру кезеңі.

«Ашық микрафон» әдісі. Үй тапсырмасын тексеру. Бірінші оқушы үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.




«Болжап біл» ойыны арқылы сыныпты «Сынақ» және «Оқиға» деп екі топқа бөлемін.

Оқушыларға «Болжап біл» ойынын ұйымдастырамын. Ол үшін түрлі сынақтар және оқиғалар жазылған үлестірмелер таратып беремін. Оқушылар қайсысы сынақ, қайсысы оқиға екенін ажыратады.

Амандасады.

Үй тапсырмасын айтады.




Мысалы:

1. а)Тиын лақтырылды – сынақ.

б) Елтаңбаның шығуы – оқиға.

2. а) Нысанаға оқ атылды – сынақ.

б) нысанаға тигізу немесе тигізбеу – оқиға.

3.Сауытта түрлі шарлар бар. Сауыттан тәуекелмен бір шарды алады.

а) Сауыттан шарды алып шығу – сынақ.

б) Қандай да бір түсті шардың пайда болуы - оқиға.



«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Қызыл түс – қате.

Сары түс – орташа

Жасыл түс – өте жақсы.










Оқулық

10 мин

Негізгі бөлім

Оқиғалар алгебрасы:
Элементар оқиға деп сынақтың (эксперименттің , тәжірибенің) қандай да бір нәтижесін айтады, яғни сынақтың әрбір «жіктелмейтін» нәтижесін айтады. Мысалы, ойын сүйегін бір рет тастағанда 1, 2, 3, 4, 5, 6 ұпайларының бірі түсуі мүмкін.
Белгілі бір жағдайда орындалатын немесе орындалмайтын құбылыстарды 
кездейсоқ оқиғалар деп атайды. Элементар оқиғалар кеңістігінің әрбір ішкі жиынын кездейсоқ оқиға деп атайды.
Берілген шарт бойынша міндетті түрде орындалатын оқиға 
ақиқат оқиға деп аталады. Ал берілген шарт бойынша орындалмайтын оқиғаны жалған (мүмкін емес) оқиға деп атайды.

Бір сынақ нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін емес 
екі кездейсоқ оқиғаны өзара үйлесімсіз оқиғалар деп атайды. Ал өзге оқиғаларды, яғни сынақтың қандай да бір нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін оұиғаларды үйлесімді оқиғалар деп атайды.

Ықтималдықтың классикалық анықтамасы

Айталық, U = {A
1, A2, … An} элементар оқиғалар кеңістігі мен A = {, , … }, мұнда , (k=1, 2, …, m), кездейсоқ оқиғасы берілсін. , , …  элементар оқиғаларын А оқиғасына қолайлы нәтижелер деп атайды.
Анықтама. AU кездейсоқ оқиғасының ықтималдығы деп А – ға қолайлы нәтижелер санының барлық мүмкін нәтижелер (барлық элементар оқиғалар) санына қатынасын айтады және оны Р(А) арқылы белгілейді.Сонымен анықтама бойынша бұл анықтаманы ықтималдықтың классикалық анықтамасы деп атайды, өйткені мұнда қарастырылатын барлық элементар оқиғалар өзара тең мүмкіндікті оқиғалар болып табылады

Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып түсінеді

Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады.


Сұрақтарға жауап береді.



Анықтаңдар:

Сенбі күні поездың кешігуі, мүмкін оқиға

Тиынды бір рет лақтырғанда елтаңба бетінің түсуі, кездойсоқ оқиға

Үш рет ойын сүйегін лақтырғанда 19 ұпайдың болуы мүмкін емес.

Бұл тұжырымдар қандайда бір шарттарға сәйкес кездейсоқ оқиғаның орындалу ықтималдығын  аңғартады.












«Екі жұлдыз бір ұсыныс»                              












Оқулық

25 мин

Бекіту тапсырма лары

Тапсырмалар. №1 (ауызша). Әрбір жағдайда қайсысы тәжірибе қайсысы оқиға болатынын көрсетіңіз: 1) Мен лотерея билетін сатып алмай лотереяда ұттым. 2) Мен жазған кезде бірде-бір қате жіберген жоқпын. 3) Маған сыйлаған телефонның кемістігі бар екен.

2-тапсырма:

Мақсаты: Кесте толтыру. Сынақ пен оқиғаның анықтамасын тұжырымдау.

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылар ойланып, жұптаса және топтасып , тапсырманы бірлесіп орындайды.

Оқушылар сынақтың не екенін, оқиғаның не екенін анықтап болған соң, тақтадағы кестені толтырады. Әр топ бес сынақ, бес оқиға жазады.

Мысалы:

Сынақтар

Оқиғалар

Тиын лақтырылды

Елтаңбаның пайда болуы



3-тапсырма:

Мақсаты: Кездейсоқ оқиға ұғымын қалыптастыру. Мысалдар келтіру..

Ақиқат және мүмкін емес оқиғаларға мысал келтіре отырып,кестені толтырады.

Мысалы:

Кездейсоқ оқиғалар

Ақиқат оқиғалар

Мүмкін емес оқиғалар

Сауытта ақ және қара шарлар бар. Сауыттан шамалап екі шар алынды. Екі шар да ақ .

1-ден 6-ға дейін ұпайлар саны бар кубик лақтырылды. Алтыдан көп емес ұпайлар санының түсуі.

1-ден 6-ға дейін ұпайлар саны бар кубик лақтырылды. Оннан көп емес ұпайлар санының түсуі.



Есептер шығарады

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп есепті орындайды.

Өз бетімен жұмыс.

Бағалау критерийі: Сынақ пен оқиғаны ажыратады;







Бағалау критерийі:

Кездейсоқ оқиға түрлерін ажыратады;


Дескриптор:

- Оқиғалар түрлерін анықтайды.



Дескриптор:

Сынақ пен оқиғаның анықтамасын топта дұрыс тұжырымдай алады;

-сынақ пен оқиғаны анықтайды;

-кестені толтырады;

Дескриптор:

кездейсоқ оқиғаға мысал келтіреді;

-ақиқат немесе мүмкін емес екендігін ажыратады; ;

-кестені толтырады;



ҚБ «Екi жұлдыз бiр тiлек» әдiсi .Бiрiн-бiрi бағалау




Интернет ресурстары





Жалпы білім беретін мектептің 10–сыныбына арналған оқулық.



Жеке жұмыс

Оқулықтан №26.1, №24.2, №26.3.

Тапсырмаларды орындайды.



5 минут





Бүгінгі сабақта:

- кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін біледі және оларға мысалдар келтіре алады

Кері байланыс:

Білемін

Білдім

Білгім келеді






Тақырыпты меңгергенін анықтау


Үйге тапсырма. №26.5.


Кері байланыс







Жариялаған:
Оңғарова
26 Ақпан 2025
81
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі