Материалдар / Асығыңыз алшысынан түссін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Асығыңыз алшысынан түссін

Материал туралы қысқаша түсінік
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Шілде 2018
1090
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Асығыңыз алшысынан түссін



Асық төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.

*Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.

*Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.

*Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

*Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.

*Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.

*Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.

*Сомпы – асық тұмсығының көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.

*Табан – асықтың тәйке жағы.

*Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.

*Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.

*Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, межемдісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.







Асық – төрт түлік мал мен аңдар тілерсегінде болатын, бітісі бөлек, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Ешкі, қой, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан сыртқы формасы бір пішіндес, мүсіндес зат.

Асық түрлері

  1. Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. "Кішкентай" сөзі "Кіші" және "кентай" сөздерінен шыққан.

  2. Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі.

  3. Ешкімер - ешкінің асығы.

  4. Қойлақ - қойдың асығы.

  5. Құлжаз- құлжаның асығы.

  6. Топай, сомпай - сиырдың асығы.

  7. Шүкейт - киіктің асығы.

  8. Пүш- тәйке түспесін деп, алшы жағы жонылған асық. "Пұшайман болу" деген сөз осыдан шыққан.

Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы.

Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы.

Асық ойынының пайда болуы мен оның тәрбиелік мәні

Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табии заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады.

Асық - қазақтың ықылымнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар,алтайлықтар да ойнады.

Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік ба­сында орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Ба­ласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ сал­ғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын деген­ге саяды. Мысалы, менің есім кіргенде, біздің үйде әке-шешем жиған алпыс асық болған.

Асық түрлерінің аталуы

1. Түйе асығы – бунасын

2.
Жылқы асығы – қидасап

3.
Сиыр асығы – топай

4.
Қой-ешкінікі – кеней

5.
Киік асығы – кигат

6.
Арқардың асығы – қоңқар

7.
Қасқыр асығы – бунақ

Қасқыр асығы басқа малмен жоғарыда аталғандарға қарағанда екеу емес, төртеу болады. Артық екі аяғында екеуден, тек тәйке жағының бір жамбасы кем болады, бір қызығы ұялас үй иттерінде төртеу емес екі асық болады.



Асық иірудегі атаулар

Асықты шиырып-шиырып иірсеңіз, ол сегіз түрлі жағдайда болады: алшы, тәйке, бүге, шіге, қыңжы, тоққа, омпы, шомпы болып жерде жатады, әрине көбінде бүгесі мен шігесі көп болады.

Асықты жерге иірген кезде төрт түрлі қалыпта түседі: алшы – асықтың тік тұрғандағы алшыға қарама-қарсы томпақтау жағы, бүк – асықтың шалқасынан жатқан томпақ беті, шік – бүкке қарама-қарсы асықтың етпетінен жатқан ойық жағы.



 Асықпен ойналатын ойын түрлері

Ойынның атауы: «Алшы»

Ойынның мақсаты: Балаларды ептілікке, шымырлыққа тәрбиелеу. Ұлт мұрасын сыйлауға тәрбиелеу. Тез ойлауға, алыстан көруге, қайраттылыққа баулу.

Ойын барысы:Көнге әрбір ойыншы бір асықтан тігеді де, төреші олардың сақаларын иіру арқылы ойнаудың кезегін анықтайды. Бірінші кезекке ие болған ойыншы сақасын көннен алыстау жерге иіреді. Себебі, сақасы тәйге түсе қалса, оны ойыннан шығару үшін оны өзінен кейінгі ойыншы тәйке түскен сақаны көннен тұрып атады. Егер тигізсе, бірінші ойыншы шығып қалады. Ал тигізген ойыншы көннен бір асық алады да, сақасы түскен жерден өз кезегі келгенде көндегі асықтарды атады. Тәйкеге тигізе алмаса, ойыннан өзі шығады. Осыдан кейін үшінші кезектегі ойыншы сақасын иіреді. Егер сақасы алшы түссе, көннен бір асық алады да, өз кезегі келгенде сақасы жатқан жерден көндегі асықтарды атады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ойын ережелері:

1.Ойыншылар ұтқан асығының санына қарай ұпай жинайды.

  1. Ойыншылардың ойнау кезегін анықтау үшін сақаны төреші иіреді.

  2. Әр ойын алаңында аға төреші және оның көмекшісі төрелік етеді.

  3. Ойынға пайдаланылатын сақалар тексеріледі. Ойынға пайдаланылатын сақаны жонып, егеп өзгертуге немесе оған қорғасын құюға болмайды.

Қолданылатын сөздер: алшы, омпы, сақа, тәйке, ойнайық, сенің кезегің, ұтылдың, менің кезегім, тигіздің.

Ойынның атауы: «Ханталапай»

Ойынның мақсаты: Балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын барысы:Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.

Қолданылатын сөздер: ханталапай, кім көп жинады?мына асық менікі, менде асық көп

Ойынның атауы: «Атқапыл»

Ойынның мақсаты: Балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын барысы:Бұл ойынға екі бала қатысады.Біреуі сақасын иіріп, екіншісі сол сақаны екінші бала өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп апарады.Осылайша екі бала бірінің сақасын бірі атып, бір-бірін кезек-кезек көтерісіп ойнай береді. Бұл ойын балаларды шымырлыққа, дене күшін жетілдіруге үйретеді.

Қолданылатын сөздер: менің кезегім, енді сенің кезегің, мен сені жеңіп кеттім, сақа.

Ойынның атауы: «Бес тас»

Ойынның мақсаты: Балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, қол моторикасын дамыту. санауға үйрету.

Ойын барысы:Бұл ойынға бірнеше балалар қатысады. Ойын бірлік, екілік, үштік, төрттік, бестік деген деңгейлерден тұрады. Асығын қағып ала алмаған бала сол деңгейде қалып, кезегі келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады. Бірлікте асықты көкке лақтырып қалғандарын бір-бірлеп қағып алу керек, солай деңгей жалғасады. Бестікте барлық асқытарды «көпірден» екі саусақтың арасынан өткізеді.

Қолданылатын сөздер: бірлік, екілік, үштік, төрттік, бестік, көпір, сенің кезегің, бес тас ойнайық.

Асық ойнаудың тигізер пайдасы

Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға берiп, жоғары билiкке хат та жазған екен.
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді.

Ұлттық асық тарихын ұмыт қалдырмай, жаңашыл леппен ойындар ойлап табу да әрбіреуіміздің қолымыздан келері хақ. Асық – таусылмас мұрамен қатар, таусылмас идея. Оған дәлел Б.Момышұлының айтқаны: «Асық ептілікке, мергендікке баулиды. Бұл – үлкен халықтық тәрбие »,- деп жоғарғы басшылыққа хат жазған болатын. Ендеше, құрметті тыңдарман, асық төңірегінде тақырыпты бірге түрлендірейік!

Кешке дейін асықты

Ойнап едік ләй-ләй.

Қызығына ойынның,

Тоймап едік ләй-ләй.


Осы асықпен жетілген,

Батырларым ләй-ләй.

Бұл асықты ойнаған

Ақындарым ләй-ләй.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!