Материалдар / Ашык сабак
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашык сабак

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата ана мен жұмым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2019
548
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

1


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы « » ___________
№ ____ бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығына 59-қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сәйкес әзірленген.
2. Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың
мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру,
сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін
сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
3. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде
коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым)
сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
2) білім алушылардың қазақ тілін күнделікті өзі еркімен қолданып жүрген
қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып-білу
дағдыларын қалыптастырады;
3) қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және
олардың табиғатын танып біледі;
4) тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным
құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық-
коммуникативтік бағдарда танып-біледі, соған лайықты машықтар мен
дағдыларды қалыптастырады;
5) «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен
сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу
қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді
көздейді.


Page 2

2


2-тарау. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
5. Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары
жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін
бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормасы.
6.«Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) негізгі ойды анықтау;
4) тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау;
5) сөйлеу мәдениетін дамыту.
7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
5) мәліметтерді өңдей білу;
6) әртүлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әртүлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу;
2) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
3) эссе жазу;
4) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
5) шығармашылық жұмыс;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
9. Әдеби тіл нормасы бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфография;
2) орфоэпия;
3) лексика;
4) грамматика;
5) пунктуация.
10. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз
біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты
аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау,


Page 3

3


тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу,
мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды
анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын
ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау, коммуникативтік жағдаятқа
сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу тілінің
лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін
ажыратып, орынды қолдану;
2) оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба,
шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылыми-
көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану
(терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері), әртүрлі стильдегі
мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік
бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін
дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу,
көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі
мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын,
тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей,
морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды
анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу,
белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ,
энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау
жолдарын білу;
3) жазылым: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік), ауызекі
сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-
қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім,
тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б. мәтіндер
құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере
отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме,
рецензия және мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және
жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат,
информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік
және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау
бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі
деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, эссе
түрлерінің құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өзіндік
пікір жаза білу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі
ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі тақырып
бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолда нып, шығармашылық
жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен
бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік
түзетулер енгізу, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары: орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді
фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық-фонематикалық


Page 4

4


принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу,
сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі,
леп белгісі, көп нүкте), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою
(үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша).
11. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау,
тиісті ақпаратты анықтай білу, мамандандырылған тар аядағы арнайы
мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты
аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін
үзінділерін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық)
мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, мәтінде көтерілген мәселені,
автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды
анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын
ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау,
коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу,
тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу, сөйлеу тілінің лексикалық,
фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды
қолдану;
2) оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба,
шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау, таза
ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану
(терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы), әртүрлі
стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің
стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік
бедерін дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс
қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі
стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға
сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
(фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік
деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен
пікірлерді өңдеу және толықтыру, белгілі бір мақсат үшін оқылым
стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-
көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз
келтіру жолдарын білу;
3) жазылым: жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема
түріндегі жоспар), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін
құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат,
кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі
және т.б.мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық
ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, дәріс, баяндама тезистері,
аннотация, түйіндеме, рецензия мәтіндер құрастыру, публицистикалық
стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала,
репортаж, сұхбат, ақпарат, ақпараттық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем


Page 5

5


әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып
мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып,
әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен
үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау, көтерілген мәселе бойынша
академиялық тұрғыдан эссе жаза білу, мәселенің артықшылықтары мен
кемшіліктерін талдап жазу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі
ақпаратты іріктеу, әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына
білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс
жүйелеп, логикалық және стильдік түзетудер енгізу, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді қазіргі
орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді фонетикалық принцип негізінде
жазу, сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу,
сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлеу ағымындағы
интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу
мәнеріне сай қолдану, әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі
мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану, мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін
құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып), мәтін және мәтін үзінділері
деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.


3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

12. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық
белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және
үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту
мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып,
«2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
13. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген:
1) тыңдалым және айтылым:

Білім алушылар:
10-сынып 11-сынып
1. Болжау 10.1.1.1 мәтін үзінділері
бойынша болжам жасау, өз
біліміне сүйеніп тақырыпты
жалғастыру
11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша
болжам жасау, тиісті ақпаратты
анықтай білу
2. Әртүрлі жанрдағы
мәтіндерді талдау
10.1.2.1 мамандандырылған
тар аядағы арнайы
мәтіндердегі (дәріс,
интервью, пікірталас,
мақала) мақсатты
аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды,
11.1.2.1 мамандандырылған тар
аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс,
интервью, пікірталас, мақала,
бейнебаян) мақсатты аудиторияға
арналған терминдер мен
ұғымдарды, тілдік оралымдарды,
мәтін үзінділерін талдау


Page 6

6


тілдік оралымдарды талдау
3. Мәтіннен ақпаратты
анықтау
10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі
ақпаратты ғаламдық
мәселелермен байланыстыра
білу, астарлы ойды анықтау
11.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі
ақпаратты ғаламдық (отандық)
мәселелермен байланыстыра білу,
салыстыру, факті мен көзқарасты
ажырата білу
4. Негізгі ойды
анықтау
10.1.4.1 мәтінде көтерілген
мәселені (қоғамдық-саяси)
талдай отырып, негізгі ойды
анықтау және ғаламдық
мәселелермен байланыстыру
11.1.4.1 мәтінде көтерілген
мәселені, автор позициясын
(қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай
отырып, негізгі ойды анықтау
5. Тыңдалым
материалы бойынша
сұрақтар құрастыру
және бағалау
10.1.5.1 мәтінде көтерілген
мәселеге автор мен
оқырманның қарым-
қатынасын ескере отырып,
сұрақтар құрастыру және
бағалау
11.1.5.1 мәтінде көтерілген
мәселеге автор мен оқырманның
қарым-қатынасын ескере отырып,
талқылау сұрақтарын құрастыру
және сыни тұрғыда бағалау
6. Сөйлеу мәдениетін
дамыту
10.1.6.1 коммуникативтік
жағдаятқа сай көпшілік
алдында тиісті сөйлеу әдебін
сақтай отырып, дұрыс
сөйлеу
11.1.6.1 коммуникативтік
жағдаятқа сай көпшілік алдында
дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға
ықпал ете білу, шешен сөйлеу


2) оқылым:

Білім алушылар:
10-сынып 11-сынып
1. Ақпаратты түсіну 10.2.1.1 әртүрлі графиктік
мәтіндердегі (кесте,
диаграмма, сызба, шартты
белгі) мәліметтерді талдау,
негізгі үрдістерді анықтау
11.2.1.1 әртүрлі графиктік
мәтіндердегі (кесте, диаграмма,
сызба, шартты белгі) мәліметтерді
салыстырып талдау, негізгі
үрдістерді анықтау
2. Мәтіннің стильдік
ерекшелігін тану
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік
және публицистикалық
стильді тілдік құралдар
арқылы тану (терминдер,
тілдік оралымдар, өзге стиль
элементтері)
11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік
құралдар арқылы тану (терминдер,
ұғымдар, шартты белгілер,
синтаксистік құрылымы)
3. Мәтіннің жанрлық
ерекшелігін ажырату
10.2.3.1 көпшілікке арналған
дәріс, интервью, мақала,
очерктің құрылымы мен
рәсімделуін білу, жанрлық
ерекшеліктерін талдау
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі
дәріс, интервью, мақала, баяндама,
тезис, аннотация, рецензияның
құрылымы мен рәсімделуін білу,
жанрлық ерекшеліктерін талдау
4. Мәтіндерге
салыстырмалы талдау
жасау
10.2.4.1 әртүрлі стильдегі
(ғылыми, ресми іс-қағаздар,
публицистикалық, ауызекі
сөйлеу, көркем әдебиет
стилі) мәтіндердің
тақырыбын, мақсатты
11.2.4.1 әртүрлі стильдегі
(ғылыми, ресми іс-қағаздар,
публицистикалық, ауызекі сөйлеу,
көркем әдебиет стилі) мәтіндердің
тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес


Page 7

7


аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра
талдау
қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдау
5. Мәліметтерді өңдей
білу
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі
ойды анықтау, көтерілген
мәселеге баға беріп,
мәліметтер мен пікірлерді
өңдей білу
11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды
анықтау, берілген мәліметтер мен
пікірлерді өңдеу және толықтыру
6. Оқылым
стратегияларын
қолдану
10.2.6.1 белгілі бір мақсат
үшін оқылым
стратегияларын жүйелі
қолдана білу
11. 2.6.1 белгілі бір мақсат үшін
оқылым стратегияларын жүйелі
қолдана білу
7. Әртүрлі ресурс
көздерінен қажетті
ақпарат алу
10. 2.7.1 БАҚ,
энциклопедиялық, ғылыми-
көпшілік деректерді ала білу,
сілтеме жасау жолдарын білу
11.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық,
ғылыми-көпшілік, ғылыми
еңбектерден деректерді ала білу,
сілтеме жасау, дәйексөз келтіру
жолдарын білу

3) жазылым:

Білім алушылар:
10-сынып 11-сынып
1. Жоспар құру 10.3.1.1 жоспар түрлерін
құру (қарапайым, күрделі,
тезистік)
11.3.1.1 жоспар түрлерін құру
(күрделі, тезистік, тірек-схема
түріндегі жоспар)
2. Әртүрлі жанрда
мәтіндер құрастыру
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік
стильдің жанрлық және
стильдік ерекшеліктеріне сай
тілдік құралдарды орынды
қолданып, мақала, интервью,
нұсқаулық жазу
11.3.2.1 таза ғылыми стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік
құралдарды орынды қолданып,
мақала, интервью, тезис,
аннотация, рецензия жазу
3. Жазба жұмыстарын
әртүрлі формада
ұсыну
10.3.3.1 мәтін құрылымын
сақтай отырып, әртүрлі
графиктік мәтіндегі
деректерді салыстырып,
маңызды тұстары мен
үрдістерді талдап жазу
11.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай
отырып, әртүрлі графиктік
мәтіндегі деректерді салыстырып,
маңызды тұстары мен үрдістерді
талдап жазу, өзіндік тұжырым
жасау
4. Эссе жазу 10.3.4.1 қажетті клишелер
мен лексикалық
құрылымдарды қолданып,
көтерілген мәселе бойынша
өз ойын дәлелдеп эссе жазу
(«келісу, келіспеу» эссесі,
дискуссивті эссе,
аргументативті эссе)
11.3.4.1 қажетті ақпараттарды
орынды қолданып, көтерілген
мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп
эссе жазу (дискуссивті эссе,
аргументативті эссе)
5. Оқылым және
тыңдалым
материалдары
10.3.5.1 оқылым және
тыңдалым материалдары
бойынша негізгі ақпаратты
11.3.5.1 оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша түртіп
жазудың (конспектілеудің) әртүрлі


Page 8

8


негізінде жинақы
мәтін жазу
іріктей отырып, түртіп жазу
(конспектілеу)
жолдарын меңгеру арқылы негізгі
ақпаратты іріктеу
6. Шығармашылық
жұмыс
10.3.6.1 әртүрлі тақырып
бойынша көркемдегіш
құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық
жұмыстар (өлең, хат, әңгіме,
шығарма) ұсына білу
11.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық
жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік,
шығарма) ұсына білу
7. Мәтіндерді түзету
және редакциялау
10.3.7.1 жазба жұмысын
абзац пен бөліктерге бөлу,
ойын (ақпарат, идея) дұрыс
жүйелеп, логикалық және
стильдік түзетулер енгізу,
редакциялау
11.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен
бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат,
идея) дұрыс жүйелеп, логикалық
және стильдік түзетулер енгізу,
редакциялау)

4) әдеби тіл нормасы:

Білім алушылар:
10-сынып 11-сынып
1. Орфографиялық
норма
10. 4.1.1 мәнмәтін бойынша
тілдік бірліктерді
орфографиялық нормаға сай
жазу
11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік
бірліктерді орфографиялық
нормаға сай жазу
2. Орфоэпиялық
норма
10. 4.2.1 сөйлеу ағымындағы
интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті сөйлеу
мәнеріне сай қолдану
11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы
интонацияның құрамдас бөліктері:
әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай қолдану
3. Лексикалық норма 10.4.3.1 белгілі бір тақырып
аясында сөздерді іріктеп,
түрлендіріп, талғаммен
қолдана білу
11.4.3.1 белгілі бір тақырып
аясында тілдегі көркемдік
құралдарды орынды пайдалану:
көркемдеу, айшықтау, дәлелдеу,
сөздерді сұрыптай білу (образды-
эстетикалық)
4. Грамматикалық
норма
10. 4.4.1 сөзжасамдық және
синтаксистік нормаларды
сақтай білу
11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап
жазу (мәтін құрылымы, абзац,
мәтін бөліктері, тақырып)
5. Пунктуациялық
норма
10. 4.5.1 сөйлем және мәтін
деңгейінде тыныс белгілерін
қолдана білу
11.4.5.1 мәтін және мәтін
үзінділері деңгейінде тыныс
белгілерін қолдана білу
14. Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген жалпы орта білім беру
деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған
«Қазақ тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша
сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


Page 9

9


Жалпы орта білім беру деңгейінің
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы 10-11-сыныптарына
арналған «Қазақ тілі» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік
оқу бағдарламасына қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
ұзақ мерзімді жоспар


1) 10-сынып:

Лексика-
грамматикалық
бөлім
Грамматика
лық материал
Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
1. Тіл және алаш
идеясы.
Сөз мәдениеті
Кітаби тіл.
Сөйлеу тілі
Тыңдалым
және
айтылым
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша
болжам жасау, өз біліміне сүйеніп
тақырыпты жалғастыру;
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені
(қоғамдық-саяси) талдай отырып,
негізгі ойды анықтау және ғаламдық
мәселелермен байланыстыру
Оқылым 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және
публицистикалық стильді тілдік
құралдар арқылы тану (терминдер,
тілдік оралымдар, өзге стиль
элементтері);
10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық,
ғылыми-көпшілік деректерді ала білу,
сілтеме жасау жолдарын білу
Жазылым 10.3.4.1 қажетті клишелер мен
лексикалық құрылымдарды қолданып,
көтерілген мәселе бойынша өз ойын
дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу»
эссесі);
10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен
бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея)
дұрыс жүйелеп, логикалық және
стильдік түзетулер енгізу, редакциялау
Әдеби тіл
нормалары
10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік
бірліктерді орфографиялық нормаға
сай жазу


Page 10

10


2. Әлем
жаңалықтары: өнер
және мәдениет.
Сөз мәдениеті
Сөз құрамы
мен сөз
байлығы.
Сөйлеу
стильдеріндегі
тілдік
оралымдар
және олардың
қолданысы



Тыңдалым
және
айтылым
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты
аудиторияға арналған терминдер мен
ұғымдарды, тілдік оралымдарды
талдау;
10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі
ақпаратты ғаламдық мәселелермен
байланыстыра білу, астарлы ойды
анықтау
Оқылым 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің
құрылымы мен рәсімделуін білу,
жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін
оқылым стратегияларын жүйелі
қолдана білу
Жазылым 10.3.5.1 оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша негізгі
ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу
(конспектілеу);
10.3.4.1 қажетті клишелер мен
лексикалық құрылымдарды қолданып,
көтерілген мәселе бойынша өз ойын
дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)
Әдеби тіл
нормалары
10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік
бірліктерді орфографиялық нормаға
сай жазу
2-тоқсан
3. Қазіргі қоғам
құндылықтары:
мәдениет және
өркениет.
Тілдік жүйе және
норма
Сөз
қолданысын
дағы
ерекшеліктер
және стиль.
Ғылыми
әдебиет тілінің
ерекшеліктері
Тыңдалым
және
айтылым
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (интервью)
мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды талдау;
10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге
автор мен оқырманның қарым-
қатынасын ескере отырып, сұрақтар
құрастыру және бағалау
Оқылым 10.2.3.1 көпшілікке арналған
интервьюдің құрылымы мен
рәсімделуін білу, жанрлық
ерекшеліктерін талдау;
10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық,
ғылыми-көпшілік деректерді ала білу,
сілтеме жасау жолдарын білу
Жазылым 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды
орынды қолданып, интервью жазу;
10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық жұмыстар


Page 11

11


(өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына
білу
Әдеби тіл
нормалары
10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы
интонацияның құрамдас бөліктері:
әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай қолдану
4. Экономикалық
интеграция –
бүгінгі күннің даму
үрдісі.
Тілдік жүйе және
норма
Сөз тазалығы.
Ресми
ісқағаздары
тілінің
ерекшеліктері
Тыңдалым
және
айтылым
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (мақала)
мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды талдау;
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа
сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу
әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
Оқылым 10.2.3.1 көпшілікке арналған
мақаланың құрылымы мен рәсімделуін
білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі
(кесте, диаграмма, сызба, шартты
белгі) мәліметтерді талдау, негізгі
үрдістерді анықтау
Жазылым 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды
орынды қолданып, мақала, интервью,
нұсқаулық жазу;
10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай
отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі
деректерді салыстырып, маңызды
тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен
бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея)
дұрыс жүйелеп, логикалық және
стильдік түзетулер енгізу, редакциялау
Әдеби тіл
нормалары
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында
сөздерді іріктеп, түрлендіріп,
талғаммен қолдана білу
3-тоқсан
5. Білім. Ғылым.
Инновация.
Тілдік жүйе және
норма
Сөз дәлдігі Тыңдалым
және
айтылым
10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі
ақпаратты ғаламдық мәселелермен
байланыстыра білу, астарлы ойды
анықтау;
10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге
автор мен оқырманның қарым -
қатынасын ескере отырып, сұрақтар
құрастыру және бағалау
Оқылым 10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің
құрылымы мен рәсімделуін білу,
жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін


Page 12

12


оқылым стратегияларын жүйелі
қолдана білу
Жазылым 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық жұмыстар
(өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына
білу;
10.3.5.1 оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша негізгі
ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу
(конспектілеу)
Әдеби тіл
нормалары
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында
сөздерді іріктеп, түрлендіріп,
талғаммен қолдана білу
6. Қазіргі қоғам:
әлеуметтік
теңсіздік.
Тілдік жүйе және
стиль
Әлеуметтік-
тұрмыстық
қатынастағы
сөздер.
Публицистика
лық шығарма
тілінің стильдік
ерекшеліктері
Тыңдалым
және
айтылым
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша
болжам жасау, өз біліміне сүйеніп
тақырыпты жалғастыру;
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (пікірталас)
мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды талдау
Оқылым 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми,
ресми ісқағаздар, публицистикалық,
ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі)
мәтіндердің тақырыбын, мақсатты
аудиторияға сәйкес қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін
салыстыра талдау;
10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі
(кесте, диаграмма, сызба, шартты
белгі) мәліметтерді талдау, негізгі
үрдістерді анықтау
Жазылым 10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай
отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі
деректерді салыстырып, маңызды
тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.4.1 қажетті клишелер мен
лексикалық құрылымдарды қолданып,
көтерілген мәселе бойынша өз ойын
дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу»
эссесі, аргументативті эссе)
Әдеби тіл
нормалары
10.4.4.1 сөзжасамдық және
синтаксистік нормаларды сақтай білу
7. Сәулет өнері.
Стильдік
ерекшеліктер
Жаңа
қолданыстағы
сөздер.
Ғылыми және
ғылыми-
көпшілік стиль
Тыңдалым
және
айтылым
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені
(қоғамдық-саяси) талдай отырып,
негізгі ойды анықтау және ғаламдық
мәселелермен байланыстыру;
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа
сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу


Page 13

13


атаулары әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
Оқылым 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми,
ресми ісқағаздар, публицистикалық,
ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі)
мәтіндердің тақырыбын, мақсатты
аудиторияға сәйкес қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін
салыстыра талдау;
10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі
(кесте, диаграмма, сызба, шартты
белгі) мәліметтерді талдау, негізгі
үрдістерді анықтау
Жазылым 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды
орынды қолданып, нұсқаулық жазу;
10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай
отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі
деректерді салыстырып, маңызды
тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.4.1 қажетті клишелер мен
лексикалық құрылымдарды қолданып,
көтерілген мәселе бойынша өз ойын
дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе,
аргументативті эссе)
Әдеби тіл
нормалары
10.4.4.1 сөзжасамдық және
синтаксистік нормаларды сақтай білу
4-тоқсан
8. Қазіргі әлемдегі
саясат және
жаһандық
мәселелер.
Пунктуация
Публицистика
лық шығарма
тілінің стильдік
ерекшеліктері.
Сөйлем
ішіндегі
даралаушы,
ерекшелеуші,
ойдың аражігін
ажырататын
тыныс
белгілерді
ережеге сай
қолдану
Тыңдалым
және
айтылым
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша
болжам жасау, өз біліміне сүйеніп
тақырыпты жалғастыру;
10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі
ақпаратты ғаламдық мәселелермен
байланыстыра білу, астарлы ойды
анықтау
Оқылым 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми,
ресми ісқағаздар, публицистикалық,
ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі)
мәтіндердің тақырыбын, мақсатты
аудиторияға сәйкес қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін
салыстыра талдау;
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды
анықтау, көтерілген мәселеге баға
беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей
білу
Жазылым 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды
орынды қолданып, мақала жазу;


Page 14

14


10.3.5.1 оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша негізгі
ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу
(конспектілеу)
Әдеби тіл
нормалары
10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде
тыныс белгілерін қолдана білу
9. Сөз мәдениеті
және шешендік
өнер.
Пунктуация
Көркем
әдебиет тілінің
ерекшеліктері.
Сөйлем
ішіндегі
даралаушы,
ерекшелеуші,
ойдың аражігін
ажырататын
тыныс
белгілерді
ережеге сай
қолдану
Тыңдалым
және
айтылым
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (пікірталас)
мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды талдау;
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа
сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу
әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
Оқылым 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды
анықтау, көтерілген мәселеге баға
беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей
білу;
10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық,
ғылыми-көпшілік деректерді ала білу,
сілтеме жасау жолдарын білу
Жазылым 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық жұмыстар
(өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына
білу;
10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен
бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея)
дұрыс жүйелеп, логикалық және
стильдік түзетулер енгізу, редакциялау
Әдеби тіл
нормалары
10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде
тыныс белгілерін қолдана білу

2) 11-сынып:

Лексика-
грамматикалық
бөлім
Грамматика
лық материал
Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
1. Қазақстан
бейнесі.
Қазақстанның
өткені мен
келешегі.
Шешендік сөздер
Ойталқы
(диспут).
Ғылыми
стильдің тілдік
ерекшеліктері
Тыңдалым
және
айтылым
11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша
болжам жасау, тиісті ақпаратты
анықтай білу;
11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге
автор мен оқырманның қарым -
қатынасын ескере отырып, талқылау
сұрақтарын құрастыру және сыни
тұрғыда бағалау
Оқылым 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік
құралдар арқылы тану (терминдер,


Page 15

15


ұғымдар, шартты белгілер,
синтаксистік құрылымы);
11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды
анықтау, берілген мәліметтер мен
пікірлерді өңдеу және толықтыру;
11.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық,
ғылыми-көпшілік, ғылыми
еңбектерден деректерді ала білу,
сілтеме жасау, дәйексөз келтіру
жолдарын білу
Жазылым 11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша
өз ойын дәлелдеп эссе жазу
(дискуссивті эссе);
11.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен
бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея)
дұрыс жүйелеп, логикалық және
стильдік түзетулер енгізу,
редакциялау)
Әдеби тіл
нормалары
11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік
бірліктерді орфографиялық нормаға
сай жазу
2. Жастар
мәдениеті және
мәселесі.
Шешендік сөздер
Ой көкпар
(дебат).
Публицистика
лық стильдің
тілдік
ерекшеліктері

Тыңдалым
және
айтылым
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты
аудиторияға арналған терминдер мен
ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін
үзінділерін талдау;
11.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі
ақпаратты ғаламдық (отандық)
мәселелермен байланыстыра білу,
салыстыру
Оқылым 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі
дәрістің құрылымы мен рәсімделуін
білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми,
ресми ісқағаздар, публицистикалық,
ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі)
мәтіндердің тақырыбын, автор
көзқарасын, мақсатты аудиторияға
сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдау
Жазылым 11.3.5.1 оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша түртіп
жазудың (конспектілеудің) әртүрлі
жолдарын меңгеру арқылы негізгі
ақпаратты іріктеу;
11.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық жұмыстар
(өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына


Page 16

16


білу
Әдеби тіл
нормалары
11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік
бірліктерді орфографиялық нормаға
сай жазу
2-тоқсан
3. Қазіргі қоғам.
Миграция.
Зияткерлік
миграция.
Шешендік сөздер
Сөзталас.
Ресми
ісқағаздар
стилінің тілдік
ерекшеліктері

Тыңдалым
және
айтылым
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (интервью )
мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды, мәтін үзінділерін
талдау;
11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа
сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу,
тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен
сөйлеу
Оқылым 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік
құралдар арқылы тану (терминдер,
ұғымдар, шартты белгілер,
синтаксистік құрылымы);
11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі
(кесте, диаграмма, сызба, шартты
белгі) мәліметтерді салыстырып
талдау, негізгі үрдістерді анықтау
Жазылым 11.3.2.1 таза ғылыми стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды
орынды қолданып, интервью жазу;
11.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай
отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі
деректерді салыстырып, маңызды
тұстары мен үрдістерді талдап жазу,
өзіндік тұжырым жасау
Әдеби тіл
нормалары
11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы
интонацияның құрамдас бөліктері:
әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай қолдану
4. Әлемді өзгерткен
өнертабыстары.
Шешендік сөздер
Пікір алмасу.
Публицистика
лық стильдің
тілдік
ерекшеліктері
Тыңдалым
және
айтылым
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (мақала )
мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды, мәтін үзінділерін
талдау;
11.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі
ақпаратты ғаламдық (отандық)
мәселелермен байланыстыра білу,
салыстыру, факті мен көзқарасты
ажырата білу
Оқылым 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі
мақаланың құрылымы мен рәсімделуін
білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;


Page 17

17


11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми,
ресми ісқағаздар, публицистикалық,
ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі)
мәтіндердің тақырыбын, автор
көзқарасын, мақсатты аудиторияға
сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдау
Жазылым 11.3.1.1 жоспар түрлерін құру
(күрделі, тезистік, тірек-схема
түріндегі жоспар);
11.3.2.1 таза ғылыми стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды
орынды қолданып, мақала жазу
Әдеби тіл
нормалары
11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында
тілдегі көркемдік құралдарды орынды
пайдалану: көркемдеу, айшықтау,
дәлелдеу, сөздерді сұрыптай білу
(образды-эстетикалық)
3-тоқсан
5. Бейбітшілік,
қауіпсіздік және
жаһандық
экономика.
Шешендік сөздер
Пікірталас.
Көркем
әдебиет
стилінің тілдік
ерекшеліктері
Тыңдалым
және
айтылым
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (пікірталас)
мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды, мәтін үзінділерін
талдау;
11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені,
автор позициясын (қоғамдық-саяси,
ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды
анықтау
Оқылым 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі
баяндаманың құрылымы мен
рәсімделуін білу, жанрлық
ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды
анықтау, берілген мәліметтер мен
пікірлерді өңдеу және толықтыру;
11.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін
оқылым стратегияларын жүйелі
қолдана білу
Жазылым 11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша
өз ойын дәлелдеп эссе жазу
(аргументативті эссе);
11.3.5.1 оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша түртіп
жазудың (конспектілеудің) әртүрлі
жолдарын меңгеру арқылы негізгі
ақпаратты іріктеу
Әдеби тіл 11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында


Page 18

18


нормалары тілдегі көркемдік құралдарды орынды
пайдалану: көркемдеу, айшықтау,
дәлелдеу, сөздерді сұрыптай білу
(образды-эстетикалық)
6. Ұлттың тарихи
жәдігерлерін
сақтау.
Шешендік сөздер
Әңгіме және
дөңгелек үстел.
Ой айқынды
лығы. Сөз
дәлдігі.
Пікірталас
мәдениетіндегі
сөз қолданыс
тар
Тыңдалым
және
айтылым
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (бейнебаян)
мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды, мәтін үзінділерін
талдау;
11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа
сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу,
тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен
сөйлеу
Оқылым 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі тезис,
аннотацияның құрылымы мен
рәсімделуін білу, жанрлық
ерекшеліктерін талдау;
11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми,
ресми іс-қағаздар, публицистикалық,
ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі)
мәтіндердің тақырыбын, автор
көзқарасын, мақсатты аудиторияға
сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдау
Жазылым 11.3.2.1 таза ғылыми стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды
орынды қолданып, тезис, аннотация,
рецензия жазу;
11.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық жұмыстар
(өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына
білу
Әдеби тіл
нормалары
11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу
(мәтін құрылымы, абзац, мәтін
бөліктері, тақырып)
7. Табиғат және
экология.
Шешендік сөздер
Айтыс.
Сыни пікірдің
өзіндік
ерекшелігі
Тыңдалым
және
айтылым
11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша
болжам жасау, тиісті ақпаратты
анықтай білу;
11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге
автор мен оқырманның қарым -
қатынасын ескере отырып, талқылау
сұрақтарын құрастыру және сыни
тұрғыда бағалау
Оқылым 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі
(кесте, диаграмма, сызба, шартты
белгі) мәліметтерді салыстырып
талдау, негізгі үрдістерді анықтау;


Page 19

19


11.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін
оқылым стратегияларын жүйелі
қолдана білу
Жазылым 11.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай
отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі
деректерді салыстырып, маңызды
тұстары мен үрдістерді талдап жазу,
өзіндік тұжырым жасау;
11.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша
көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық жұмыстар
(өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына
білу
Әдеби тіл
нормалары
11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу
(мәтін құрылымы, абзац, мәтін
бөліктері, тақырып)
4-тоқсан
8. Жаңа әлемдегі
театр мен
киноматография.
Шешендік сөздер
Көпшілік
алдында
сөйленетін
сөздің
ерекшелігі.
Даралаушы,
ерекшелеуші,
ойдың аражігін
ажырататын
тыныс
белгілерді
ережеге сай
қолдану
Тыңдалым
және
айтылым
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью,
бейнебаян) мақсатты аудиторияға
арналған терминдер мен ұғымдарды,
тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін
талдау;
11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа
сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу,
тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен
сөйлеу
Оқылым 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі
рецензияның құрылымы мен
рәсімделуін білу, жанрлық
ерекшеліктерін талдау;
11.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін
оқылым стратегияларын жүйелі
қолдана білу
Жазылым 11.3.2.1 таза ғылыми стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды
орынды қолданып, рецензия жазу;
11.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен
бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея)
дұрыс жүйелеп, логикалық және
стильдік түзетулер енгізу,
редакциялау)
Әдеби тіл
нормалары
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері
деңгейінде тыныс белгілерін қолдана
білу
9. Еңбек нарығы
және сұраныс.
Шешендік сөздер
Сөйлеу
мәнерлілігі

Тыңдалым
және
айтылым
11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені,
автор позициясын (қоғамдық-саяси,
ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды
анықтау;


Page 20

20


11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге
автор мен оқырманның қарым -
қатынасын ескере отырып, талқылау
сұрақтарын құрастыру және сыни
тұрғыда бағалау
Оқылым 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі
(кесте, диаграмма, сызба, шартты
белгі) мәліметтерді салыстырып
талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық,
ғылыми-көпшілік, ғылыми
еңбектерден деректерді ала білу,
сілтеме жасау, дәйексөз келтіру
жолдарын білу
Жазылым 11.3.1.1 жоспар түрлерін құру
(күрделі, тезистік, тірек-схема
түріндегі жоспар);
11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша
өз ойын дәлелдеп эссе жазу
(дискуссивті эссе, аргументативті
эссе)
Әдеби тіл
нормалары
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері
деңгейінде тыныс белгілерін қолдана
білу




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!