Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министірлігі
«М.О.Әуезов атындағы
педагогикалық колледжі» ҚМҚК
«Бекітемін» _______________
Колледж әдіскері: Кабимолдина
А.К.
«Келісемін»
_____________________
Сынып жетекшілері: Тайтөлеуова
Р.Қ
Имажанова
А.Т
Іс-шара
жоспары
Тақырыбы: «Жасөспірімдік шақ
және бұл кезеңді дұрыс өту»
Өтетін орны: «№8 ЖОББМ»
КММ
Сыныптар: 8
«Ә», 8
«А»
Мерзімі:
Тобы: 24
Машықкер:Төлеугалиева Аяжан,
Слямбаева Дильназ, Чайков Айдос
Баға:
«__ »
(________)
Баға: «___
» (________)
Семей
2022
Іс-шараның
мақсаты: Оқушылардың жасөспірімдік
шақта қандай мәселелерге тап болатынын анықтау, оларды шешу
жолдарын қарастыру.
Іс-шараның
міндеті:
-
Жасөспірімдердің тәрбиесін
жетілдіру.
-
Оқушылардың ойлау, сөйлеу, өз
ойын еркін жеткізу қасиеттерін дамыту.
-
Оқушылардың өз арасындағы
мәселелерін шешу жолдары.
Іс-шараның ұйымдастыру
формасы, түрі: психологиялық
сағат.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,
сиқырлы сандар.
Техникалық
жабдықталуы: ноутбук, компьютер,
интербелсенді тақта
Көрнекілік: слайд,
суреттер
Қажетті
жабдықтар: а4 форматындағы қағаз,
маркерлер.
Іс-шараның
құрылымы
І. Ұйымдастыру
кезеңі 1-5
минут
ІІ. Негізгі
кезең минут
-
«Пікірталас»
-
Дәрігер кеңесі.
7минут
-
Бейнеролик 7
минут
-
«Сиқырлы сандар»
5-7 минут
-
Психологпен кездесу. 10-12
минут
-
«Тізбек» ойын-тренингі 10-12
минут
ІІІ. Қорытынды
кезең 1-3
минут
Іс-шараның
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
-Қайырлы күн, құрметті,
оқушылар! Сіздерді бүгінгі «Жасөспірімдік шақ және бұл
кезеңді дұрыс өту» атты іс-шарамызда көргенімізге қуаныштымыз.
Бүгінгі іс-шараның жүргізішілері 8 «Ә»
сынып машықкерлері
Слямбаева Дильназ, Чайков Айдос және 8
«А»
сынып машықкері
Төлеугалиева Аяжан.
- Бұл қазіргі таңда сіздер
үшін ең өзекті тақырыптардың бірі. Жасөспірім күн сайын көптеген
мәселелермен бетпе-бет келеді: ата-аналардың түсінбеуі, өз
ойларында шатасасуы және көңіл-күйдің үнемі өзгеруі. Өз өміріңізден
тағы қандай мәселелерді атай аласыз?
ІІ. Негізгі
кезең
-Пікірталас.
* Ұялшақтық пен өзіне деген
сенімсіздікті дамытатын өз келбетіне өте сыни
көзқарас.
* Үлкендермен қарым-қатынаста
өткірлік пен категориялық.
* Ата-ананың тыйымдарын бұзу –
ішу мен темекі шегудің алғашқы тәжірибесі.
* Депрессиялық
күйлер.
* Мектеп үлгерімінің нашарлау
себептері: ғашық болу, жаңа достар мен
қызығушылықтар.
-Қалай ойлайсыздар, бұл
белгілерге жол бермеу үшін қандай іс-әрекеттер жасауымыз
қажет?
-Неге балалар тыйым салынған
нәрселерге құмар болады?Бұл қаншалықты дұрыс
емес?
-Сендерде осындай мәселелер
өмірлерінде көрініс табуда ма?
-Дәрігер
кеңесі.
-Іс-шарамызды дәрігер
кеңесімен жалғастырайық. Маманымыз сіздерге осы жасөспірімдік шақта
болатын физиологиялық ерекшеліктерді және гигиена дұрыс ұстану
жолдары жайлы айтып береді.
-Бейнеролик.
-Ал енді бейнероликке назар
аударыңыздар, бұл бейнероликте жасөпірімдік кезеңде болатын
қиындықтарды шешу жолдары көрсетілген.
-Шынымен, құрметті оқушылар,
алдында көрсетілген қызығушылықтармен ешқашан айналыспаңыздар. Оның
ертең сіздің өміріңізге де, болашағыңызға да алып келер ешқандай
пайдасы жоқ.
-Ата-аналар мен басқа
ересектерден эмоционалды тәуелсіздікке қол жеткізу жасөспірімдер
үшін қиынға соғады. Бұл мәселені шешу барысында дүниетанымның
өзіндік біртұтас жүйесі жасалады. Жалпы, дүниетаным және өзіндік
пікір дегеніміз не? Оны қалай білдіруге
болады?
-Сиқырлы
сандар.
-Жақсы, ендігі кезекті
«Сиқырлы сандар» атты керемет ойынымызға берейік. Қазір әр топ
сандар таңдап алады және әрқайсысында жағдаятты тақырыптар
беріледі. Сіздер біріге отырып, өздеріңіздің іс-әрекеттеріңізді
айтцларыңыз керек.
1-топ – сыныптасымен
қақтығыс;
2-топ – бейтаныс жасөспірімдер
тобы сізді көшеде тоқтатады;
3-топ – сізге темекі немесе
алкогольді ішіп көру ұсынылады.
-Психологпен
кездесу.
- Осы кезеңдердегі болатын
баланың ойындағы, іс-әрекетіндегі ерекшеліктер мен мәселелерді шешу
жолдарын профессионалды көқарастан білу үшін біз бүгін психологты
шақырып отырмыз, маманымызға сөз кезегін
берейік.
-Маманымыз жаңа ақпаратты
жүйелі түрде түсіндірді, рахмет. Осы айтылғаннан қандай өй
түйдік?
-Біздің қазіргі міндетіміз –
сіздердің құрдастармен жаңа әрі жетілген қарым-қатынастарды
қалыптастыру. Егер сіз өз күшіңізді көрсетуге тырысып, әлсіздерді
ренжітсеңіз немесе қыздардың шашынан тартсаңыз, бұл дөрекілікке
жатады. Өмірде қарым-қатынастың басқа да қолайлы түрлері бар,
мысалы, адамдарға жағымды нәрселерді айту. Осы айтылғанымызды
бекіту үшін, ойын-тренингімізге көшейік.
Ойын – тренинг
«Тізбек».
Ортаға 10 оқушы шақырылады,
сапқа тұрады, бірінші тұрған көршісіне өзі естігісі келетін жағымды
сөз тіркесін айтып, саптың соңына қарай тұрады. Келесісі сөз
тіркесін тізбек бойымен өткізеді де, бірнеше секундтан кейін өз сөз
тіркесін айтып, жолдың соңына өтеді. Ойын барлық қатысушылар өз сөз
тіркестерін айтқанша жалғасады.
Осы тренингтің арқасында біз
жетілген қарым-қатынастарды қалыптастыру өте маңызды міндет екенін
және оны назардан тыс қалдыруға болмайтынын түсіндік, өйткені бұл
кезеңде жасөспірім қарым-қатынас жасауды
үйренеді.
ІІІ. Қорытынды
кезең
-Іс-шарамызды сұрақтармен
қорытындылайық.
1. Жасөспірімдік шақта шешуді
қажет ететін міндеттер қандай?
2. Жасөспірім нені үйренуі
керек?
3. Жасөспірімдік шақта
жіберілген қателіктер кейінгі өмірге әсер ете ала
ма?
5. Өзіңізге деген махаббатты
қалай білдіруге болады?
-Енді болса қорытынды ойымызды
шығарайық. Кейде өзіңді қабылдау қиын. Біреудің құлағы үлкен,
біреудің сепкілдері бар, біреу өзін тым толық, арық санайды.
Өзін-өзі сынау жақсы, бірақ қалыпты жағдайда. Сіз өзіңізді қандай
болсаңыз, солай қабылдауыңыз керек, әр адам өзінше
әдемі.
-Жасөспірім өз іс-әрекетіне
жауапты болуды үйреніп қана қоймайды, оның қоғам үшін де жауапты
болуы қажет. Бұл жаста адам өзінің моральдық құндылықтары мен
этикалық принциптерінің жүйесін құрады. Және бұл тағы бір сынақ, ал
өмірлік сынақтардан өту – адамның күнделікті ауыр
жұмысы.
-Бүгінгі іс-шараға белсенді
қатысқандарыңыз үшін рахмет! Бүгін сіз өздеріңіз үшін маңызды
ақпарат біліп, ойларыңызды жетілгендеріңізге сенеміз, сау
болыңыздар!