Мотивациялық-ізденімпаздық
Ұйымдастырушылық
ізденістік
|
Амандасу
Біз,
қандаймыз,қандаймыз
Шұғылалы
таңдаймыз.
Күлімдеген
күндейміз,
Ренжуді
білмейміз.
Біздер жақсы
баламыз.
Өсті ақыл
санамыз.
Қонақтармен
бірінші,
Амандасып
аламыз.
Ертегі –халқымыздың
ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің мәдени мұраларының бірі.
Ертегі мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше
түрге бөлуге болады.
-жануарлар
жайында(суреті немесе кітабын
көрсету),
-қиял ғажайып
ертегілер,
шыншыл
ертегілер
-Бүгінгі ашық оқу
іс-әрекемізде ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен
танысамыз.
-Күнделікті сабақта
осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық.Кәне, қандай ертегілер
естеріңде қалды?
Балалар,ертегі не
жайында?
-Балалар,сабағымызға
ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр
екен.
Әуен естіледі( сол
кезде балалар бір жерге жиналып,ертегі кейіпкерлеріне айналып
кетеді) «Бауырсақ» ертегісінің сахналық
қойылымы:
Тәрбиеші:
Ертегілер еліне қош
келдіңіздер!
І-ші сәбилер тобының
сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиалынан туындаған Бауырсақ
ертегісін тамашалайық.
Тәрбиеші:
Ертеде шал мен
кемпір болыпты. Бірде шал
жалынып:
Кемпір-ау,маған
бауырсақ пісіріп берсеңші.
Тәрбиеші:
Кемпір қамыр илеп,
бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Жата-жата
жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі,
іргеден көгал үстіне домалап,жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай
жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап келе жатса қарсы алдынан қоян шыға
келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ»
мен сені жеймін.
Бауырсақ
Жоқ, сен мені
жемеші, саған өлең айтып беремін,онан да соны
тыңдашы.
Тәрбиеші:
Қоян құлағын
түреді,ал бауырсақ әнге
басады:
Бауырсақ
Атайдан да
құтылдым,әжейден де құтылдым,қоян енді сенен құтылу
оңай.
Қоян:-қой, бауырсақ
сенің өлеңің жақсы екен, бірақ сен одан да менің тапсырмамды
орында.ал, балалар бауырсақты құтқару үшін біз оған
көмектесейік,сұрағына жауап
берейік..
Қоянның
тапсырмасы:
-Қандай жыл
мезгілдерін білесіңдер?
-көктем айларын
атаңдар?
-
Тәрбиеші:
Бауырсақ жалғыз аяқ
жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға
келіп:
Қасқыр:
- Бауырсақ!
Бауырсақ» мен сені жеймін.
Бауырсақ:
Сен мені жемеші,мен
саған өлең айтып берейін.
-Тәрбиеші:
-Бауырсақ әндете
жөнеледі.
- Атайдан да
құтылдым,әжейден де құтылдым,қояннан да құтылдым,қасқыр енді сенен
құтылу оңай.
-Қасқыр:
-жоқ,
бауырсақ,өлеңіңнің керегі жоқ, сен менің тапсырмамды
орында.
-Қасқырдың
тапсырмасы:Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып алдық,енді
қасқырдың сұрағына жауап
берейік.
1-ден 5-ке дейін
санау.
Үй құрастырып,
геометриялық пішіндерін ата.
Тәрбиеші:
Бауырсақ қасқырдан
құтылып, орман ішімен келе жатса,оған аю қарсы
шығады.
-Аю
-Әй,бауырсақ! Мен
сені жеймін.
-Бауырсақ:
-Сен мені жемеші,мен
саған өлең айтып берейін.
-- Атайдан да
құтылдым,әжейден де құтылдым,қояннан да құтылдым,қасқырдан да
құтылдым,маймақ енді сенен құтылу
оңай!
-Аю,Әй,балалар,балалар,!
Менде қызық ойын
бар.
-Ал, ықылас
қойыңдар,
Кәне, тәртіп
сақтайық.
Мен берген
тапсырманы,
Бұлжытпай
орындайық.
Аюдың тапсырмасы:
Ұннан жасалған тағамдарды ата:Бауырсақ,нан,торт,
печенье,бәліш,түрлі макарон
өнімдері
-Тәрбиеші:
-Осылай бауырсақ әрі
қарай домалай жөнеледі.
-Түлкі:
-Бауырсақ мақтағанға
мәз болып,өлеңін айта бастайды.Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,
қыбырын білдірмей, бауырымен сырғып, жақындай
береді.
Бауырсақ:
Атайдан да
құтылдым,әжейден де құтылдым,қояннан да құтылдым,қасқырдан да
құтылдым, аюдан да құтылдым, түлкі, сенен енді құтылу
оңай!
-Түлкі:
-Оңай құтыла
алмассың,менің тапсырмамды
орында.
1.Қыста
ақ,
Жазда сұр.
(Қоян)
2.Қорбаң-қорбаң
етеді,
Орманда ол жүреді.
(Аю)
3.Орманда тұрады,
өзі бір қу,
Жүрген жері
айқай-шу. (түлкі)
Түлкі бауырсақты бас
сап жейін депжатқанда, балалар айқайлап, бауырсақты ажыратып
алады.
-Балалар:-жоқ,қу
түлкі олай болмайды,біз сенің тапсырмаларыңды орындадық.Сен
бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып
кетеді.
-Түлкі ештеңе істей
алмай жөніне кете береді.Ал, балалар,бауырсақты жетектеп ата мен
әжеге келеді.
Сергіту
сәті
Қорбаңдаған
аюдың,
Құлпынайы көп
екен.
Теріп-теріп
алайық,
Қалтамызға
салайық.
Тәрбиеші:
Әже келе жатқан
Тәуелсіздік 25 жылдық мерекесіне арнап 25 бауырсақ пісіріп,
дастарқан жасап қойыпты.
Әже: кәне ,балалар, қонақтарға
да беріңдер,бауырсақ жеңдер.
|
Сәлеметсіздерме
апайлар!
(балалар 2-3
сөйлемнен ертегілер айтады)
|