Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы
Саралжын ауылы
Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББМБ тәрбиешісі
Сафиева Жанаргүл Жасулановна
Сабақтың тақырыбы: «Көктем келді»
Білім беру саласы:Қатынас
Түрі: Тіл дамыту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды көктем мезгілімен таныстыруғ көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру, жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамтыу;
Тәрбиелік: көктем мезгіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалптастыру, табиғат сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: көктем суреті, құстар суреті, гүл.
Пәнаралық байланыс: жапсыру, экология.
Барысы:
-
Балалар , бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызға сәлемдесейік!
Балалар шаттық шеңберін құрып. Қонақтармен сәлемдеседі.
-
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға, құстарға!
Көктем мезгілінің табиғат құбылыстарының дыбыстары естіледі: құстар, жылғада аққан су дыбысы.
-
Балалар бұл ненің дыбыстары?
-
Торғайдың, көгершіннің, желдің
-
Иә, балалар, бұлар – табиғат құбылысының дыбыстары. Енді сендерге жұмбақ жасырайын!
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл бәйшешекке толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
-
Көктем!
-
Демек, біздің бүгінгі ашық сабағымыз жылдың қай мезгілі туралы болмақ?
-
Көктем!
-
Балалар, көктемде күн шуағын шашады, түрлі гүлдер өседі, қар ериді, бәйшешектер пайда болады, ағаштар бүршік жарады, бұтақтардан жапырақтар шығады, ағаштар жасыл желекке оранады, құстар жылы жаққа ұшып келеді, құстар ұя салады және жұмыртқалайды, адамдар жеңіл киінеді. Көктем – тамаша жыл мезгілі.
Тосын сәт. Шағала ұшып келеді. (суреттер арқылы түсіндіріледі)
-
Мен – шағаламын. Осында солтүстіктен ұшып келдім. Мұнда көктем келіпті, біз барлық құстар, сендерге жылы жаққа ұшып келдік. Осында ұя саламыз. Балалар, сендер көктем туралы, құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?
-
Келді көктем жағаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала.
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Сары тұмсық балапан,
Аузын жиі ашады.
Үш жастағы балақан
Одан қорқып қашады.
Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі төгілді.
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салып.
Оларды жас достары,
Ұя салып қарсы алды.
Қырға тырна қонады,
Жылға суға толады.
«Көктем, көктем» - деп көкек
Тынымсыз ән салады.
Балалар-ау балалар,
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жаралып.
-
Кәнеки, балалар, енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Күндей юолып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз,
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
-
Енді, балалар, жылы жақтан ұшып келген құстарға ұя жасап берейік!
Балалар құс ұясын жапсырады. Жапсырған ұяларын шағалаға сыйлайды.
Шағала: - Балалар, сендерге көп рахмет! Енді осы ұяға балапандарымды қоныстандырайын! Уақытты көп созбай, балапандарымның қасына барайын! Сендер көктем мезгілі туралы, құстар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер! Барлығың да өнерлісіңдер! Сендерге рахмет айтамын! Сау болыңдар!
Шағала ұяны алып ұшып кетеді.
-
Балалар, енді ойынға да кезек келді.
«Құс мекені» ойыны ойналады.
Балалар дала құстары мен үй құстарын мекендеріне топтастырады.
Қорытындылау.
-
Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?
-
Көктем
-
Көктемде қандай өзгерістер болады?
-
Қар ериді.
-
Құстар келеді.
-
Ағаштар бүршік жарады.
-
Гүлдер өседі.
-
Адамдар жеңіл киінеді.
-
Сабағымызды «Көктем» әнімен қорытындылайық!
Ән орындалады.
Мадақтау: - Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа бәрің де жақсы қатыстыңдар. Сендердің қыс бойы көктемді сағынғандарың көрініп тұр. Бәрің де көктем мезгіліндей жарқырап жүріңдер!
Қоштасу шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеіберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашык сабак 'Коктем келдi"

шағым қалдыра аласыз