Материалдар / ашык сабак танбалары ар турли сандарды косу 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашык сабак танбалары ар турли сандарды косу 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
танбалары ар турли сандарды косу такырыбында саяхат сабак
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2023
225
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 13.12.2022ж

Мұғалімнің аты-жөні: Алмат Жарқынай Ембергенқызы

Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесімен таныстыру; таңбалары әртүрлі сандарды қосуға үйрету; таңбалар ережесін сақтай отырып, есептер шығаруға дағдыландыру;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту; математика үйірмесіне қызығушылығын арттыру;

  3. Тәрбиелік: жан-жақты дамыған азамат етіп, ұқыптылыққа, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты меңгерту

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

ІV. Үйге тапсырма

V. Қорытынды

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушылармен амандасу;

Ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

Б) Оқушылардың сабаққа даярлығын байқау;

В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

Біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, саяхат сабақ болмақшы. Саяхаттағанды барлығымыз жақсы көреміз бе?

Кім қай елге барып көрді?

Біз бүгін 2 мемлекетке саяхат жасап, ол жақтың сұлу табиғатымен, мақтан ететін ескерткіштері мен зәулім ғимараттарымен таныс боламыз. Бірінші қай елге саяхаттайтынымызды білмес бұрын бүгінгі тақырыппен таныс болайық.

ІІ. Жаңа бір сабақты меңгерту

Оқушылар мына сурет бойынша есеп құрастырып көрейік:

Бұл біздің бүгінгі қарастыратын тақырыбымыздың мысалы болады.

Координатасы (-5) нүктесіндегі оң бағытта 8 бірлік кесіндіге жылжығанда қосындының мәнін кескіндейтін нүкте координатасы (3) болады.

-5 + 8 = 3

Есіңе сақта!

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды қосу үшін:

- Модулі үлкен саннан модулі кіші санды азайту керек;

- Шыққан санның алдына модулі үлкен санның таңбасын қою керек.

Мысалы,

Мысалы,

Есіңе сақта!

Таңбалары теріс сандарды қосу үшін:

  • Модульдерін өзара қосу керек;

  • Шыққан санның алдына «-» таңбасын қою керек.

Жақшаны ашу ережесі:

  • Жақшаны ашқанда жақшаның алдында «+» таңбасы болса, жақша ішіндегі өрнек өзгеріссіз жазылады;

  • Жақшаны ашқанда жақшаның алдында «-» таңбасы болса, жақша ішіндегі өрнек қарама-қарсы таңбалы өрнекке айналады.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

Біз қай елге саяхаттайтынымызды білу үшін жасырылған тапсырманы орындайық.

a

-0,6

7

-2

-9

b

0,3

-11

9

3

a+b








-4

7

-0,3

-6

О

Р

К

Е

Я



Әріптерде есептің шешімдері жасырылған. Әріптерді есептің берілу ретіне байланысты қойсақ, бізде бір елдің атауы шығады.

Жасырын сөз: Корея

Корея елінің астанасы – Сеул қаласы.

Халық саны – 2010 жылғы санақ бойынша 50 млннан астам.

Корея Оңтүстік және Солтүстік Корея болып бөлінеді.

Корея туралы бірнеше қызықты факт айта өтейін:

  1. Кореяда ең танымал спорт түрі – бейсбол. Оны барлығы, жасынан бастап кәрісіне дейін ойнайды.

  2. Кәрістер тауға шыққанды қатты жақсы көреді. Тауларда серуендеу кәрістер үшін сүйікті ойын-сауық.

  3. Кореялықтардың 90%-ы алыстан нашар көреді. Сондықтан, олар көзілдірік немесе контактілі линзалар тағып жүруге мәжбүр. Кәрістер көзілдірікті бала кезінен бастап тағады

  4. Кәрістер кофені қатты жақсы көреді және мұнда кофе ішетін орындар өте көп. Олар түскі немесе кешкі астан кейін міндетті түрде бір шынаяқ кофе ішеді.

  5. Кореяда демалыс деген түсінік жоқ. Кәрістерге жұмыстан демалуға бірнеше күн жеткілікті. Әдетте, көптеген жұмысшылар тамыздың басында шетелге шығып келу үшін ғана бірнеше күнге демалыс алады.

  6. Корея халқы таза болғандары сонша, Кореядағы көшелерден қоқыс жәшігін табу өте қиын.

  7. Кәрістер тамақтануға өте ерекше мән береді. Олар «қалың қалай» деудің орнына «дұрыс тамақтандың ба» деп сұрайды. Кәрістерде кем дегенде бір рет тамақ уақытын жіберіп алу күнә секілді есептеледі. 

  8. Кореяда қаңғыбас иттер жоқ. Үлкен иттерді де асырайтындар аз. Бірақ, оларда қалтаға салып жүретін кішкентай ит алып жүру сәнге айналған.

  9. Оңтүстік Кореяда қызыл сиямен біреудің атын жазса, жақын арада ол адамға жаман бірдеңе болады деп сенген.



КЕНБОККУН САРАЙЫ



СЕУЛ ТЕЛЕМҰНАРАСЫ

СОРАКСАН ҰЛТТЫҚ ПАРКІ


Корея еліне саяхатымыз ұнадыма?

Олай болса саяхатымызды жалғастырайық. Ол үшін келесі тапсырмаға кезек берейік:

Төменнен бастап тапсырманы орындап, белгісіз сандарды табайық. Сандар белгілі болғаннан кейін, өрнектерді орындап ең соңғы шыққан мәндерін өзара қосайық.



Жарайсыңдар! Есептің шешімін кестемен тексерейік.

Бізде келесі саяхаттайтын ел – Катар мемлекеті.

Катар мемлекеті - Парсы шығанағының Катар түбегіндегі мемлекет. Жері 22 мың км2. Халқы 1,6 млн. (2010). Астанасы - Доха қаласы. Елдің ұлттық табысының 90%-ін мұнай өнеркәсібі береді. Катардың жері шөлейтті жазық болып келеді. Тұрақты ағатын өзендері жоқ. Климаты қуаң, ыстық.

Корниш жағажайы

Ислам өнерінің мұражайы

Катар мемлекеті туралы қызықты деректер:

  1. Катар - әлемнің ең бай елдерінің бірі. Жергілікті халық жұмыс істемейді, ал салықты тек жеке компаниялар төлейді. 

  2. Жансыз шөлді дала қазірде адам танымастай өзгеріп шулы мегополиске айналған. Шөл орнында қала астанасы Доха пайда болды. 

  3. Катар мемлекеті Араб түбегінің шығыс бөлігінде орналасқан және үш жағынан Парсы шығанағының сулары қоршаған ел. 

  4. Оңтүстік Катар Сауд Арабиясымен және Біріккен Араб Әмірліктерімен шектеседі. 

  5. Өз тарихында Катар Бахрейн, Португалия, Осман империясы және Ұлыбритания қол астында болып үлгерген.

  6. Катар билеушісі эмир және эмирмен ешкімсөз таластырмайды. Катар - абсолютті монархияның жарқын үлгісі, яғни қазіргі таңда сирек кездесетін басқару формасы дәл осы елде.

  7. Катардың мемлекеттік тілі — араб тілі, бірақ бұл ел халқының 40% -ы ғана арабтар болып табылады.

  8. Барлық Катар жастары кем дегенде екі тілде, араб және ағылшын тілдерінде сөйлейді.

  9. Катардағы алкогольге ресми түрде тыйым салынған.

ІV. Үйге тапсырма

Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға 10 есеп құрастырып, шығарып келу

V. Қорытынды

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан , сұрақтарға жауап беріп, өз ойын ашық жеткізіп отырған оқушыларға тәтті шоколад сыйлаймын.

Келесі сабаққа дайындалып келеміз, қош сау болыңыздар!

















Анықтама

Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің «Математика» үйірмесінде 20.12.2022 жылы «Таңбалары әр түрлі сандарды қосу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесімен таныстыру; таңбалары әртүрлі сандарды қосуға үйрету; таңбалар ережесін сақтай отырып, есептер шығаруға дағдыландыру; Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту; математика үйірмесіне қызығушылығын арттыру;жан-жақты дамыған азамат етіп, ұқыптылыққа, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ашық сабаққа Артықбай Диас, Тағыберген Талант, Еркінұлы Диас, Жолдыбай Құралай, Русланқызы Жансая, Алтынбек Нұрислам, Ашықбай Ертуған, Шынболат Кәусар, Нағмет Гүлсая, Жұмахан Назым, Мұханбет Нұрасыл, Тұрәлі Ұлықбек, Үсенбев Нұрдаулет, Бауыржанұлы Нұрислам 14оқушы қатысты.

Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ барысы саяхат сабақ түрінде өткізілді. Сабақ барысында таңбалары әр түрлі сандарды қосу үйретіліп, жақшамен жұмыс жасау ережелері таныстырылып, тақырыпқа байланысты мәліметтер берілді. Оқушылар тақырыпқа сай таңбалары әр түрлі сандарды қосуды үйренді.Тақырып бойынш көрнекіліктермен, суреттермен, слайдтармен жұмыс жасалды.

Сабаққа қатысқан педагогтар: қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры Г.Құдайбергенова, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Искандирова, педагог-психолог Д.Абубакирова, ғылыми-әдістемелік меңгеруші А.Жәлімбетова, «Жас математик» үйірмесінің жетекшісі Ж.Тулегенова , «Жас пилот» үйірмесінің жетекшісі Д.Оралбаев қатысты. Қатысушы педагогтар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді, оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты.







Хатшы: Ж.Алмат













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!