"Асыл әжем- ғасыр әжем"(эссе)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Асыл әжем- ғасыр әжем"(эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысы жылдарында өмір сүрген барша әжелердің рухына арналады.Оқырман қауымға тарихи естелік ретінде ұнайды деген ойдамын,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Асыл әжем- ғасыр әжем

«Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді теңемегем.

Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,

Ақ кимешек астынан сені көрем»

М.Мақатаев Әже туралы сөз қозғалса, жүрегіме сағыныш сезімі ұялап, сан жетпес сансыз естеліктер көз алдымнан жөңки жөнеледі.

Мен тұңғыш немере болғандықтан атам мен әжемнің бауырында өстім. Әкем мен шешем мені кемпір шалдың баласы деп өздерімен тең ұстады. Атам Есмағамбет соғыстан аман есен оралып, әжем екеуі тылда еңбек етті. Бес қызы бірдей құрөзек деген індеттен көз жұмып, әжем қайғыдан дала кезіп,бейіт жағалап кетіпті. Бір мазардың түбіне келіп, шаршап- шалдығып, жылап отырып ұйықтап кетеді. Түсінде ақ киінген бір әулие ата келіп әжеме; « Жылама, мынаны ал да үйіңе қайт!» деп екі қолына екі орақ береді. Әжем үйіне келеді. Абысыны аяп, жеті жасар баласын береді. Артынша «май құйрық» болып менің әкем өмірге келген екен. Анама « бір баламның басын он қыл, шырағым!» дейтін. Тілеген тілегі орындалып, барлық немерелерін өзі бақты.

Ауылда әжемді молданың елтісі дейтін. Атам құран кітап ұстаған, дем салып, бала емдеген діни сауатты адам болыпты. Әжемнің айтуынша: «Айналайыннан басқа сөз айтпайтын, ақ көңіл, аузының кілті бар» жан болған.

Бес уақыт намазын қаза қылмаған, күндіз-түні өзімен өзі күбірлеп сөйлеп, елдің амандығын , отбасының берекетін бере көр деп құдайға құлшылық ететін..,қайран әжем...!.Түнімен сүрелерді жарысып біз де қосылып айтатынбыз.Ашаршылық көргендіктен бізді үнемшіл болуға, еңбексүйгіш, қанағатшыл болуға тәрбиеледі. Таңның атысы күннің батысы тезек теріп, отын тасимыз. Айран пісіп құрт жасаймыз. Көктем шыға киіз үй тігіп, далада текемет тоқимыз. Қой қырқу, жүн сабау,жүн түту, ұршық иіру, киім тоқу сияқты жұмыстардың бәрін жасап үйретті. Мінезі өте жұмсақ, қарапайым, көпшіл, қонақжай еді. Қазалыға, ар жағымыз Арал ауданы, Аманөткелге, самолетпен баратынбыз. Бер жағымыз Тараз, Шымкент қаласына пойызбен талай қыдырдық. Бауырына басқан баласы Қазалы қой совхозында тұратын. Сол ауылға әжем екеуміз көп баратынбыз. Баласы мен келіні әдемі көйлек кигізіп жіберетін. Әжем соған қатты қуанып айтып отыратын. Бертін келе мен бойжеткеннен кейін маған ; « Қыз мұраты-кету,тезірек тұрмысқа шық, жасың келген сайын мінезің қатайып, кісікиік болып кетесің» - дейтін.

«Есік көріп кетсем деп едім» деген сөзі есімде қалыпты. Сөйтсем, менің үй болғанымды көргісі келген екен. Ол арманы да орындалып, менің есігімді көрді. Сексен жетіге қараған шағында еш ауырмастан өзінің тілегеніндей әдемі күйінде, балаларының алдында кете барды.

Қазіргі кезде әжемнің көзін көргендер мені көрсе; «Алтынай кемпірдің аузынан түскендей екенсің, өзің де, сөзің де...» деп таңданады. Мен, әрине, оған қуанамын.Өзім де әже болатын жасқа жеттім.Асыл әжем- ғасыр әжемнің арқасында ұрпақтар сабақтастығы жалғасады.

Есмағамбет Зада Низатуллақызы

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған

мамандандырылған сыныптары бар мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті мұғалімі















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2021
1187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі