"Асыл әжем, ақ әжем"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Асыл әжем, ақ әжем"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Асыл әжем, ақ әжем»



Мақсаты: Бөбекжай мен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы. Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану.Әже тәрбиесін үлгі ету.

Сайыстың жүру тәртібі:

1.Ұйымдастыру.Тәрбиешінің кіріспе сөзі

2.Екі топтың әжелерімен таныстыру

3.Әділ қазылар алқасын таныстыру

4.Сайыстың шартымен таныстыру

5.Сайысты қортындылау.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар сүйкімді қыздар Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты күнмен бірге қазақ даласына жаңа жыл да келді. Бәрімізге жаңа жыл бейбіт жылы болсын!Наурыз құтты болсын!

Сайысымызды ашу үшін сөз кезегін Қобда аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А.С.Кусмагамбетоваға береміз.

Басталды,міне, тойымыз,

Ұнады ән мен ойымыз.

Наурыз бақыт әкеліп,

Тойға ұлассын тойымыз деп біздің бөбекжайымызға қош келдіңіздер!

Ардақтыда асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Ал қәнекей, Әжелер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді ол кісі

Қандай ғажап күлкісі деп–дей отырып ортамызға «Балапан» мен «Балбөбек» тобының әжелерін ду қол шапалақпен ортамызға шақырамыз.



Өздері сондай әдемі,

Күндей күліп жүреді.

«Балапан» топтың әжелері сүйкімді,

Бөбекжай қызметкерлерінің бәрі біледі,деп Нұрия әжені, Тоқсұлу әжені, Жұмабике әжені қошеметпен қарсы алайық.

Бізге әркез тілекші боп жүретін,

Қуанышымызға ортақ бола білетін,

Шақырайық «Балбөбек» топ әжелерін

Қарлығаш әжені, Айымгүл әжені,Кулпан әжені, деп қошеметпен қарсы алайық.

Кім жеңеді сайыста үміт алда

Қобалжу бар жүректе,күдік барда

Әділ қазы алқасы атыңды ақта

Жүректерге арман мен бақыт жолда деп әділ қазы алқасымен таныстырамын.



1.Патриоттық тәрбие беру орталығының директоры Бағдаш Әбдіжәмиқызы

2.Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп директоры Бәтес Шалабайқызы

3. Бұлақ ауылдық округінің бас маманы Жанар Шалабайқызы

Енді сайысымыздың шартыман таныстырайық.

1. «Шаңырағым шаттығым!» өлең жолдарымен таныстыру

2. «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету

3. «Ата-дәстүр салтымыз» Ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыру

4. «Ас-адамның арқауы» Үйден пісіріп әкеліп, көрерменге көрсеткен ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру.

5. «Сыр-сандық» сұрақ жауап сайысы

6. «Кімнің ойы ұшқыр» Қимылмен іс –әрекет көрсету кезеңі

7. «Тұлғасына сән киім жарасады» Киім үлгісін көрсету

Жүргізуші:

Енді ортаны ашайық,

Інжу –маржан шашайық.

Ән мен биді шалқытып,

Бөбекжай ұжымының биін тамашалайық



Құрметті қонақтар сайысымызды «Балдырған» бөбекжай ұжымы би шашуымен ашады.

Би: «Әке толғауы»

Жүргізуші:

Гүл көңілдер қуанышпен өрледі,

Көздерінін жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой, әне үніңмен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді? – деп сайысымыздың бірінші «Шаңырағым шаттығым» таныстыру кезеңіне береміз.





(Әділқазылар таныстыру кезеңінің бағаларын көрсетеді)

Жүргізуші:

Қазақ халқы өнегелі бай екен,

Өнер деген мол қазына кең екен,

Би билеп,ән айтып жырламайтын,

Өнерсіз қазақ, кемде кем екен,- келесі кезекті «Өнерлі өрге жүзер»өнер көрсету кезеңіне береміз.



(Әділқазылар өнер көрсету кезеңінің бағаларын көрсетеді)

Жүргізуші:

Анам мені тербетіп,

Өсіп кетім ер жетіп.

Сол бесігім үйімде,

Сақтаулы тұр төрімде, - деп бесікке салу және

Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан

Тұсауыңды кеселік,- деп тұсау кесу рәсімі жасалады.

(Әділқазылар салт- дәстүрге бағаларын көрсетеді)

Жүргізуші:

Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстырып өтеді.

(Әділқазылар ұлттық тағам кезеңіне бағаларын көрсетеді)

Жүргізуші:

«Сыр сандық» сұрақ -жауап сайысы. Екі топ әжелеріне бір билеттен беріледі, ішінде үш сұраққа жауап беру.

1-сұрақ

Тілашар қай кезде жасалады?

Дастархан басында қандай ескертулер жасалады?

Жеті ата қалай аталады?

2-сұрақ

.Үш арсыз қалай аталады?

Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген?

Бес парыз қалай аталады?

(Әділқазылар сұрақ –жауап кезеңіне бағаларын көрсетеді)

Жүргізуші:

«Кімнің ойы ұшқыр» қимылмен іс әрекетті көрсету кезеңі

1. Аяқ киімі аяғын қысып тұрған адамның кейпін көрсетіңіз?

2. Қараңғы түнде орманда адасып кеткен адамның кейпін көрсетіңіз?

3. Ұтыс билетін қомақты ақша ұтып алған адамның кейпін көрсетіңіз?

4 Автобусқа міндіңіз, билет алайын десеңіз теңгеңіз жоқ. Сіздің іс-әрекетіңіз?

5. Түн.Сіз ұйықтайын деп жатырсыз? Есік қағылды қонақтар келді,сіздің іс-әрекетіңіз?

6.Өте қымбат сырғаңызды жоғалтып алдыңыз,сіздің іс-әрекетіңіз?

(Әділқазылар қимыл іс-әрекет кезеңіне бағаларын көрсетеді)

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Жыр шашуын шашайық.

Би: «Өзбек»биі

Жүргізуші:

Тұлғасына сән киім жарасады,

Бүкіл әлем таңғалып қарасады –деп ортаға көрікті , сымбатты, инабатты әжелерімізді шақырамыз өздерінің сән үлгілерін көрсетеді.



(Әділқазылар сән киім кезеңіне бағаларын береді)

Жүргізуші:

Сүйсіндірген баршаны өнерімен,

Әжелердің жүзінен таң нұрланды.

Қуандырып сіздерді шаттандырған,

«Ал қәнекей әжелер» сайысы аяқталды.

Әділқазылар алқасы бағасын бергенше балалардың өнерлерін тамашалайық.

Ән. «Ақ мамам»әні

Би «Қамажай»Дильназ,Айша,Гүлім,Сайда

Балалардың тақпақтары

Әділқазылар ақасына сөз беріліп, Әжелерімізге сыйлықтар мен мадақтама қағаздары беріледі.

Жүргізуші:

Өзің мені өсірген Айналайын ақ әжемТентек болса кешірген,

Балдай тәтті бал әжем ! - деп осымен сайысымызды аяқтаймыз.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2018
765
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі