Көңілді әуен орындалады. Балалар қол ұстасып залға кіреді. Шеңбер бойында тұрады. Қол соғып шапалақтап, би-билейді.
Жүргізуші- Келді көктем арайланып,
Жер жұмақтай шырайланып.
Сағынышпен ару көктем,
Қарсы алам құшақ жайып!
Құрметті де, ардақты аналар, ақ жаулықты әжелер, сіздерді көктемнің алғашқы күнімен бірге келген 8 – наурыз аналар мерекесімен «Еркемай» кіші тобы құттықтайды.
Сеннен өскен балалар,
Бақыттылар аналар.
Құттықтаймыз мейрамымен,
Құрметті аналар!!!
Балалардың орындауындағы «Апатайым анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Апатайым анашым»
(Балалар әнді орындап болғаннан кейін отырады)
Жүргізуші- Сүйікті аналар, сіздерге балаларыңыз құттықтап жылы лебіздерін айтады.
(балалар тақпақ айтады)
Мұхамедали: Анам менің анашым,
Сені жақсы көремін.
Мерекеңмен бүгінгі,
Құттықтаймын мен сізді.
Диас: Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең.
Әр кез саған тілеймін,
Ұзақ өмір жолдарын.
Нұр: Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрінде.
(әдемі «Вальс» әуенімен Көктем аруы келеді, қолында себетке салынған көктем гүлдері бар)
Көктем- Мен шырайлы көктеммін,
Табиғатты оятып,
Көкке бояп өңірді,
Даланы гүлге ораймын!
Армысың әжелерім, аналарым!
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтаймын сіздерді !!!
Жүргізуші- Қош келдіңіз Көктем, төрлетіңіз!
Мерекелі көктем келді,
Берекелі көктем келді.
Тақпақ айтып балалар,
Қуантайық Көктемді.
(Балалар көктем туралы тақпақтар айтады)
Анель: Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласа.
Жайнай берші жарқырап,
Жаны жайсаң аналар.
Балауса: Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктем де жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
Көктем - Рахмет кішкентай бүлдіршіндерім, қандай әдемі тақпақтар айтып бердіңдер, жарайсыңдар. Ал, енді менің қолымдағы гүлдерді осы жерде отырған кішкентай қыздарға сыйлағым келіп отыр. Алдымен ортаға ұл балаларды шақырамын. Мына гүлдерді сендерге берейін, музыкамен ойын арқылы би-билеп қыздарға сыйлайсыңдар.
Ойын: «Қыздарға гүл сыйлау»
Көктем - Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көріп сондай қуанып қалдым. Рахмет сендерге. Енді мен қайтайын, басқада сендер сияқты балаларға барып қуантып олардың өнерлерін тамашалайын. Көріскенше балалар сау болыңдар! (Көктем шығып кетеді)
Жүргізуші- Мені жақсы көретін,
Сені жақсы көретін,
Еркелетіп, аймалап,
Ертегі айтып беретін, кім екен балалар?
Балалар- Ол, әже!
Жүргізуші- Дұрыс айтасыңдар, ол құрметті әжелерің. Олай болса әжемізді қарсы алайық!
(музыка әуені орындалады, ортаға әже келеді)
Әже- Сәлеметсіңдер ме, кішкентай ботақандарым. Бүгін бәріңде әдемі, көңілді болып кетіпсіңдер.
Жүргізуші- Әже мерекеңіз құтты болсын!
Бөбегіңнің тілегін,
Қабыл алшы әжетай.
Ұзақ өмір, жүз жасап,
Жүрші әже қамықпай.
Әже балалардың сізге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыз.
(Балалар әже туралы тақпақтар айтады)
Дина: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Құралай: Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып берейін.
Асылай: Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі әжем.
Жүргізуші- Әжелерді ардақтап,
Қуантатын келді күн.
Мейрамымен құттықтап,
Ән салайық біз бүгін.
Балалардың орындауында «Әжем менің» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Әжем менің»
Әже- Жарайсыңдар балаларым, енді мен сендердің көңілдеріңді көтеріп ойын ойнайын.
Жүргізуші- Әже ойынға аналарымызды да, шақырайық. Өз баласын қалай табады екен.
Ойын: «Ана мен бала»
Жүргізуші- Әже енді сізде осы ойынды ойнаңыз.
(әженің көзін орамалмен байлайды, балалардың арсына келіп табады)
Әже- Ой, бұл кім екен? Е, бұл менің немерлерімнің ойнайтын қуыршағы ғой.
Қуыршақ- (әжені құшақтап алады) Дәл өзі әже, немелеріңіз ойнайтын қуыршақпын. Мен сізді, мына әдемі қыздарды және қымбатты аналарымызды мерекелеріңізбен құттықтап келдім.
-
Сәлеметсіздер ме, аналар!
-
Сәлеметсіздер ме, балақайлар! (Балалармен амандасып шығады)
Жүргізуші- Қуыршақ мерекеде балалардың көңілін көтересің бе?
Қуыршақ- Әрине, мен қыздарға қуыршақтар әкелдім. Қыздарды ортаға шақырып қуыршақтармен би-билейміз.
Би: «Қуыршақтар биі»
Жүргізуші- Балалар Қуыршақ қонағымыз сендерге мынадай әдемі торт әкелді.(қағаздан жасалған тортты көрсетеді. Түрлі-түсті етіп безендірілген. Тортты ортаға қояды)
Қуыршақ- Олай болса, балалардың барлығын ортаға шақырып би-билейік.
Жалпы би.
Әже- Жарайсыңдар балаларым, бүгін сендердің тақпақтарыңды, әндеріңді тыңдап сондай көңілдерімізді көтердіңдер. Сол үшін мен сендерге бүгінгі мерекелік дастарханға тәтті дәм сыйлаймын.
(Тәрбиешіге береді. Балалар рахмет айтады)
Жүргізуші- Рахмет сізге әже! Рахмет саған Қуыршақ!
Әже- Ал, енді балалар біздер қайтаймыз. Әрдайым ата-аналарыңның сүйікті де, сүйкімді балалары болып жүре беріңдер.
Қуыршақ- Көріскенше сау болыңдар балақайлар!
(Әже мен Қуыршақ балалармен қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші: Ана деген алтын қазық, алтын бақ,
Аналар қалқып бақыт аралығында,
Лайым мұң қоспасыншы жанарыңа!
Осыменнен ертеңгілігіміз аяқтайық,
Гүл бітсің бәріңіздің қадамыңа!
- дей отырып, бүгінгі аналар күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Асыл анам!

шағым қалдыра аласыз