![]()

Мамыр 2018
Асық ойыны – ұлттық ойынның бір түрі
Қазір балалардың көбі асық ойнамайды.Себебі, ғылым қарыштап дамыған сайын балалардың қызығушылығы басқа жаққа ауатыны сөзсіз. Дегенмен де, асық пен асық ойыны өз құндылығын жоғалтпайды. Тарихи деректерден де асық арқылы талай дау – дамайдың шешіліп, соңына нүкте қойылғанын білеміз. Сондай – ақ ертедегі көшпенділердің өзі асық арқылы жаугершілік заманда кімнің жеңіп немесе кімнің жеңілетіні туралы біліп отырған. Сол тұста үйсін мен найман руының жерге байланысты дауы да осы асықтың күшімен шешіліпті.Бүгінде асықпен дау шешпесе де біз білмейтін ойындары көп екен. Негізінен, асық ойыны – балалардың ежелгі ұлттық спорттық ойыны. Оны ойнау үшін балалар тақыр алаңға көлденеңінен түзу сызық сызады да, соны бойлай тігілген кенейді кезектесіп сақамен ату арқылы мергендіктерін сынасады. Кенейді кім көп атып алса, сол ұтады.
Дегенмен асық ойынының түрлері өте көп. Мысалы, солардың ішінен кеңінен таралғаны «Үш табан», «Бір табан», «Атпақыл», сондай – ақ, қыз бозбалалар кешкісін үйде отырып ойнайтын «Қора», «Хан талапай», «Құмар», «Алшы», «Таған», «Шеңбер», «Шік – бүк», «Қақпақыл», «Иірмекіл», «Жемекіл» т.б.
Ең бастысы, «сақаң» жақсы болса болды, сонда ұту мүмкіншілігің де арта түседі. Ол үшін қорғасынды молырақ құю керек. асықтар әр түрлі болып боялады. Түсіне, көлеміне қарай әртүрлі болып бағаланып отырады. Ал ең жеңіл кішкентай асықтарды боямаса да болады. бұл асық ойындарының көздің көру қабілетін және қолдың ептілігін арттыруға пайдасы зор. Сондықтан да, оны спорттың бір түріне балаған екен ғалымдар.
Жалпы асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық деген болмайды. Ондай қасиеттері болмаса адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Асық ойынының астарындағы ұлттық тәрбие.
Салт – ұлттың ғұмыр бойы жиған мәдениеті. Ұлттың ұлт екендігін әлем халықтары мойындаудағы төрт бөлігінің бірі. Біз асылы бар, жасығы бар, құдайға шүкір, салтқа бай халық болғанбыз. Асық ойыны сол бай салтымыздың бір дәстүрі. Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұста асық әр үйдің әр ауыл балаларының, жастарының, тіпті, жасамыстарының да бас қосуының негізі болған ойыны.
Жалпы асық ойыны тек көңіл ашу, құмарлық ойыны ғана емес. Бейне шахмат ойынының төркініндегі әскери стратегия сияқты бұл да халқымыздың ел болуы мен тәуелсіздігі жолындағы ішкі – сыртқы қорғаныс мәселесін терең зерттеуден туған, ұлттың елдік ішкі кемелін, ірге бекітуін хан мен қараша арасындағы бірлік пен байланысты нығайтуды ойлауы арыдан жалғасын тауып келген ұлттық негіздің ойын түріндегі көрінісі.
Ханталапай.
Мақсаты: Балаларды есепке, мергендікке, дәлдікке үйрету; жауапкершілікке, адамгершілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу; жүйке жүйелерін шыңдау; есте сақтау қабілеттерін арттыру;
Ойын барысы: Ойынға 5-10 дейін балалар қатыса береді. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояп, сол асықты «хан» сайлайды. Ойынды бастайтын бала санамақ арқылы айқындалады. Ол барлық асықты қос уыстап жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «ханның» қалай түскенін бақылап отырады. Егер «хан» бүге, шіге не тәйке түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақпен жер тіреп тұрып, сұқ саусағымен ыршыта итеріп бір – біріне дәл тигізуі шарт. Тигізген асықтар оның өзінікі болады. «Ханды» түсуі «ханға» ұқсаған ең соңғы асықпен ғана атып алуы тиіс.
Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке мән берілуі керек. ойын бастауыш баланың қолы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жалғастырады. Ал «хан» алшы түссе, балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, «ханға» таласады. Оны кім алса сол жеңіске жеткен болып есептеледі, ойынды сол бала қайта бастайды.
«Хан» ойыны
Ойын мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мергендікке, төзімділікке тәрбиелеу, «хан» мен «қараның» арасындағы айырманы ажырата білуге үйрету;
Ойын барысы: «Хан» ойынында асық ортаға шашылады да, ішінен екі сақа екі жақтың ханы делінеді. Бұл ойын көбінесе түнде болады. күндіз ойнауға қазақ балаларының жұмысы басынан асып жатады да, қолдары тимейді. Асық шашылған соң екі жақ өз ханымен шашылған асықты атады.»Хан» тиген асық басқа біріне тиіп кетсе, атқан жақ ұтылып, кезекті қарсыласына береді. Сонан соң ол асықты шашып атуды өзі бастайды. Бұл атыс қайта-қайта қайталанып, ақырында ұтып алған біреуі хан болады. ұтыс асықты кімнің көп алғанына байланысты. Өйткені асықты аз алған жақтың ханы әскерінен айрылады ғой.
«Омпы»
Ойын мақсаты: балалардың көздеп ату дағдыларын арттыру, мергендікке, ұйымшылдыққа, жолдастыққа тәрбиелеу;
Ойын барысы: Ойнаушылар арасы 20 адымдай екі көмбе сызады да, дәл сол жерге көмбенің тең ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады.
Ойнаушының мақсаты: әрқайсысының өз кезегі келгенде қолдарындағы сақаларымен 10м жердегі омпыны ату, сөйтіп асық ату. Егерде ортадағы тұрған омпыға тигізсе, онда көндегі бар асықты алады да, ол кез келгеніне тигізсе, сол тигізген асығын ғана алады. Көндегі асық таусылған сайын қайтадан тігіліп отырады.
Асықты тігіп ойнау.
Ойын мақсаты: Балаларды ауызбірлікке, келісімге баулып, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
Ойын барысы: Бір топ бала тегіс жерді таңдап алады. Оны тазартып, ортадан 4 бұрышты сызық сызады. Сол 4 бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1 – 1,20 см немесе 1,5 м-ге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көнен 4-5 м не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. ойынды кім бірінші болып, бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды.сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып, ату кезегін алады.Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көмбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалпында атып, көннен шығарып алуы тиіс. Ойын көндегі асықтар біткен соң, ойынға қатысушылар бір – бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып жалғаса береді.
Бес тас немесе асық.
Ойын мақсаты: Балаларды ептілікке, жинақылық пен белсенділікке, қағілездікке үйрету, жолдастыққа, әділдікке, сыпайыгершілікке тәрбиелеу;
Ойын барысы: Ойынға қатысушылар дөңгелене отырады да кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады, қалғандары сол ретпен кезекке тұрады.
Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар.
1-ші тәсіл: -Ойыншы бес тасты еденге шашып тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші 3,4,5 – тастарды бір – бірлеп іліп алып отырады.
2-ші тәсіл – Бес тасты еденге шаша тастап, ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілменжерде жатқан асықтарды екі – екіден жинап алады.
3-ші тәсіл – еденге 5 тасты шаша тастап, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп алып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алады.
4-ші тәсіл – бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы 4 тасты жерге қойып, жоғары серпілген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған 4 тасты жиып алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.
5-ші тәсіл – 5 тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап,, шынашағымен еденді үш не бес(келісім бойынша) рет сипап өтіп, лақтырған тасын қағып алады.
6-шы тәсіл – 4 тасты 4 бұрышқа орналастырып, бір тасты жоғары серпе тастайды да, 4 тасты жедел теріп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді.
7-ші тәсіл – 5 тасты еденге шаша тастайды да, арасынан біреуін іліп алып жоғары лақтыра отырып, жердегі тастарды жиып алып, лақтырған тасын қайта қағып алады. Сонан соң оны сол қолына салады да, жоғары серпе лақтырып, жерге түсірмей қайта қағып алады.
8-ші тәсіл – тастарды еденге тастайды да, арасынан біреуін алып, жоғары лақтыра отырып, жерде жатқан тастарды бір – бірлеп алақанына жинай береді. Осы тәсілмен жерден тасты жинап алады.
9-шы тәсіл – 1-ші тәсіл қайталанады. Бірақ тастарды қағып алған кезде тастар бір – біріне тимеу керек.
10-шы тәсіл – 1-ші тәсіл қайталанады. Бірақ жерден іліп алған тасқа жоғарыдан қағып алған тас дәл тиюі керек.
11-ші тәсіл – сол қолының бас бармағымен (сұқ қолын ортан қолының үстіне айқастыра ұстап) ортан қолын жерге тіреп тұрып, оң қолымен сол қолының астына әкеліп сыртынан асыра бес тасты алдыға қарай тастайды да, ішінен бір тасты «ата» деп белгілейді. Оны «нәби» деп атайды. «Нәбиді» (атаны) белгілейтін отырғандар, ойыншылар. Ол иілген қолдың астына өткізуге қиын бір тас болады, не тас өткізетін жерге тақау, не ең алыс түскен тас болады. ойыншы жерде жатқан «нәбиден» басқа тастардың бірін алып, оны жоғары серпе тастап отырып, барлық тастарды біртіндеп иілген қолдардың астынан өткізеді де, ең соңында «нәбиді» өткізеді. Жоғары лақтырып отырған тасын жерге түсірмеумен бірге «нәби» сайлаған тасқа да басқа тастарды тигізуге болмайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Асық - ұлттық ойынның бір түрі"

шағым қалдыра аласыз