«Бағалау – оқушының шынайы қол жеткізген
іс-әрекетінің нәтижесі»
«Ашық алаң»
ток-шоуы
Шынар
Ерғарақызы: Елімізде 2020-2021 оқу жылынан
бастап, 10 балдық жүйе еңгізілді. Бағалау – одан арғы оқу туралы
шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде
жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын
термин.
Лагыл
Самаркановна: Бағалау арқылы оқушы өзінің
қандай сатыда тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті
деңгейге қалай жету керек екенін
анықтайды.
Ал, біз қалай бағалап жүрміз?
Оқыту үшін бағалаудың маңызы неде? Дәл қазір осы тақырыпты
талқылайтын боламыз.
Бүгінгі «Ашық алаңның» тізгіні
бізде. Сіздермен бірге Шынар
Ерғарақызы
Лағыл
Самарқанқызы
Музыка, видео,
басталуы
Лағыл
Самаркановна: Қайырлы күн, құрметті
қонақтар, әріптестер! Сіздермен бүгінгі ашық алаңда кездескенімізге
қуаныштымыз!
Шынар
Ерғарақызы:
Бүгінгі тақырыпты талқылау
үшін “Ашық алаңға” келген қонақтарымызбен таныстырып
өтейік:
1.
Нургалиева Куаныш
Ергалиевна – Ақмола облысы білім
басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің
әдіскері.
2. Орынбекова Ләзат
Кәрімқызы мектебіміздің шебер
педагогы
3.
Қабижанова Сырым
Қаршығақызы – көп балалы ана,
мектебіміздің ата-анасы;
4.
Еркінбек
Еңілік – 11 сынып оқушысы, алтын
белгі үміткері.
Шынар
Ерғарақызы: Бағалау – оқу сапасы туралы
қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері, жоспарлы және жүйелі
жинақталған кез-келген қызмет түрлеріне қажет санат. Осы санат
бағалаудың екі аспектісі көзделеді. Оқу үшін бағалау және оқыту
үшін бағалау.
Лағыл
Самаркановна: Сабақ беру үдерісінде көптеген
түсінбеушіліктер бағалау кезінде туындап жататыны жасырын
емес. «Бағалау – оқушының шынайы қол
жеткізген іс-әрекетінің нәтижесі» тақырыбындағы бүгінгі ашық алаңда
сіздерден ашық пікір, ұтымды ойлар күтеміз. Олай болса, алғашқы
сұрағым Он балдық жүйеде оқыту үшін
бағалаудың маңыздылығы неде? Біз қалай бағалап
жүрміз? Осы тақырып төңірегінде
сөйлесеңіздер.
Сөз кезегі
қонақтарда.
Өзіміз үшін: Бағалау арқылы мұғалім оқушыны
шабыттандырады, ынталандырады, алға ұмтылысына көмек бере алады.
Қарапайым мысалмен келтірсек, формативті бағалауды саяхат деп
алсақ, ол саяхатта жүрген жолымыз. Ал жиынтық бағалау біздің
саяхатымыздың аяқталу орны деп қарастырсақ болады. Яғни, формативті
бағалау арқылы біз жиынтық бағалау жасай
аламыз.
Шынар
Ерғарақызы:
2-сұрақ: Бағалауда оқытуды жақсартатын бес фактор
қандай болуы тиіс?
(Сөйлейді)
Оқыту үшін бағалау кезінде әр оқушының
пікірімен санасып, сыртта қалған оқушы болмайды. Бағалау - кез
келген сабақтың маңызды бөлігі. Себебі баланы бағалау арқылы біз
олардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін оята
алуымыз керек. Оқыту үшін бағалауды біз оқу үшін бағалауға
айналдыра аламыз. Сабақтың соңында баланы бағалауда, біз кейде
нақты бағасының қандай екендігін білмей жатамыз. Осы орайда оқыту
үшін бағалау тәсілін қолдану арқылы біз балаға нақты баға қоя
аламыз. Оқыту үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі – оқушылар мен
мұғалімдерде жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқытудағы мақсаттың
ортақ түсінігі болуға тиіс, сонда ғана олар өздері қол жеткізетін
деңгейді бағалай алады. Мұғалім тапсырманы орындаудағы жетістіктің,
жартылай жетістік немесе жетістікке жетудегі кемшіліктің неден
құрылатынын анық түрде жеткізсе ғана, оқушылар өз күші неде екенін
және оны жетілдірудің саласы қандай екенін бағалай
алады.
Лағыл Самаркановна:
3-сұрақ: Осы факторларды пайдалана отырып
Өзін-өзі бағалауды, топтық бағалауды қалай
ұйымдастыруға болады?
-
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз
ету
-
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді
қатысуы
-
Бағалау нәтижелерін ескере отырып,оқытуды
өзгерту
-
Бағалауда оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен
қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау,бұл өз кезегінде
білім алуға түбегейлі түрде ықпал
етеді.
-
Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және
өздерінің оқуын қалай жақсатруға болатындығын түсінудің
қажеттілігі.
Қалыптастырушы бағалауда
түрлі стратегиялар бар, кейбіреуі өте қиын болуы мүмкін. Егер
оқушылар үшін олар күрделі немесе оларды жалықтыратын болса, оларға
бөлінген уақытты қасқартуға болады, алайда оларды мүлдем алып
тастамаған жөн. Оларды пайдаланбай қалдыруға болмайды, себебі олар
өте тиімді. Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені
қалай бағалайтынын тыңдау керек, бірақ араласпаған дұрыс. Бұл біз
үшін өте құнды дүние, оқушылардың түсіну деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Егер оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды
талқылауда, бірін – бірі бағалау немесе өзін – өзі бағалауда өте
белсенді болмаса да, олармен жұмысты тоқтатпау керек. Бұл оларға
осы мәселеге қатысты көбірек жаттығуға мүмкіндік береді. Алайда,
біз жалпы кемшіліктерді қарастыру және басты сәттерді атап өту үшін
оны өткізгеннен кейін, оқушылардың өзін – өзі бағалауын және бірін
– бірі бағалауын қайта қарастырып, түзеті үшін түсіндіруді
пайдалана аламыз. Бағалаудың бірнеше стратегиялары бар. Жұптарды
өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут
ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын
алмастыру және бірін – бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді.
Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Топтардағы өзара
бағалау. Оқушылар үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға
бөлінеді, олардың достық қарым- қатынаста болмағаны жақсы. Олар
неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл
болуына көмектеседі. Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан
орындауға тиіс сұрақтар беріледі. Содан кейін өз ойларын ортаға
салып, «үздік идеяны» табады. Оқушылар қандай қателіктер жасады
және неліктен деген сұрақтарға жауап береді. Оларға жауап үлгілері
ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап
үлгісімен салыстырады.
Осы секілді бағалаудың
бірнеше түрлерін пайдалана отырып оқушыларды бағалауға мүмкіндік
аламыз.
Қорытынды.
Аяқтау.
Ата-анаға:
Қазіргі бағалауға көңіліңіз тола
ма?
Шынар
Ерғарақызы:
«Баға» оқушының
кемшіліктерін табу үшін емес, келешекте дамуына ықпал ету үшін
қойылады. Бағалау оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және
өзін-өзі бағалауы
жақсартады.
Лағыл
Самаркановна:
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы
болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп
өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына
байланысты. Бүгінгі «Ашық алаңға» келіп ойларыңызды ортаға
салғандарыңыз үшін үлкен
рақмет!
Уйнстон Черчилдің «Ешқашан, ешқашан, ешқашан
берілме!» деген қанатты сөзі бар. Нәтижеге жетудің басты құпиясы
талмай еңбектену, қиындықтарға берілмеу, оқу, іздену. Баршамыздың
бағындырар биігіміз көп болсын! Бүгінгі Ашық алаңнан сіздерге шағын
естелік сыйлығымызды қабыл алыңыздар. Тек амандықта
кездесейік!
Сыйлық