Асық ату және бас тас ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асық ату және бас тас ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Асық ату бес тас қазақтың ұлттық ойындары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

МДОІЖО Б.Т.Жайтакова


Мектеп

«М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Самалұлы Б.

Сынып

Күні

02.12.2024ж

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Бөлім

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындар. Асық ату және бес тас ойыны

Оқу мақсаттары

6.2.3.1. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыр уға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

Бағалау критерийі

Біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтап, қолайлы ортаны қалыптастырады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ұлттық ойындар, «Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, «қазандық», команда, ойыншы, төреші, қарсылас, шабуыл, қорғаныс, ереже, баға, әділ ойын, «Бес табан», «Бестас», «Жаяу көкпар», «Арқан тарту».

Талқылауға арналған сұрақтар:

- командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?

- жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?

- жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

- сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

- «Жаяу көкпар» ойынында жеңіске жету үшін ойыншы мен команда қандай дағдыға ие болуы керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық ойындары

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу.

Қатарға тұру.

Сәлемдесу.

Рапорт тапсыру.

Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу.

Бағалау критерийлерін анықтау.

Техника қауіпсіздігін сақтау.

Бой жазу жаттығуларын орындау.

Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.


Әр топқа 5 асықтан. Ұлттық ойындар... Бестас Асық ойынына сілтеме:

https://www.facebook.com/oneshanyrak/posts/824860494229723:0

Сабақтың

ортасы

30 минут

(Т, ҚБ) «Бестас асық». Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта қатысушы саны 5 адамнан аспау керек. Ойынға қатысу кезегі жеребе арқылы анықталады. Барлығы шеңбер бойына жайғасады. Ойынды бірінші бастап, ойын ережесі бұзылғанша жалғастыра береді. Одан кейін екіншісі ойынға араласады, үшіншісі және с.с. жалғасады. Бір қолмен ойнайды. Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.

Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.

Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп алып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек.

Төртінші тәсіл: Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге қойып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.

Бесінші тәсіл: Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап, шынашағымен еденді үш, не бес рет (ойыншылардың алдын ала келісімі бойынша) сипап өтіп (жалап өтіп деп те айтады) лақтырған тасын қағып алады.

Алтыншы тәсіл: Төрт тасты бұрышқа (төрт) орналастырып (мөлшерін алдын ала келіседі), бір тасты жоғары серпе тастайды да, төрт тасты жедел теріп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді.

Жетінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастайды да, арасынан бір тасты алып, оны жоғары серпіп жібереді де, жердегі тастарды жиып алып, лақтырған тасын қайта қағып алады. Сонан соң оны сол қолына салады да, жоғары серпе лақтырып, жерге түсірмей, қайта қағып алады.

Сегізінші тәсіл: Тастарды еденге тастайды да, арасынан біреуін алып жоғары лақтыра отырып, жерде жатқан тастарды бір-бірлеп алақанына жинай береді. Осы тәсілмен жерден тасты (төрт) жиып алады.

Тоғызыншы тәсіл: Бірінші тәсілдегі қайталанады. Бірақ тастарды қағып алған кезде тастар бір-біріне тимеу керек.

Оныншы тәсіл: Бірінші тәсіл қайталанады. Бірақ жерден іліп алған тасқа жоғарыдан қағып алған тас дәл тиюі керек.

Он бірінші тәсіл: Сол қолының бас бармағы мен (сұқ қолын ортан қолының үстіне айқастыра ұстап) ортан қолын жерге тіреп тұрып, оң қолымен сол қолының астына әкеліп сыртынан асыра бес тасты алдыға қарай тастайды да, ішінен бір тасты «ата» деп белгілейді. Оны «Нәби» деп атайды. «Нәбиді» (атаны) белгілейтін отырған ойыншылар. Ол иілген қолдың астына өткізуге қиын бір тас болады. He тас өткізетін жерге тақау, не ең алыс түскен тас болады. Ойыншы жерде жатқан «Нәбиден» басқа тастардың бірін алып, оны жоғары серпе тастап отырып, барлық, тастарды біртіндеп иілген қолдардың астынан өткізеді де, ең соңында «Нәбиді» өткізеді. Жоғары лақтырып отырған тасын жерге түсірмеумен бірге «Нәби» сайлаған тасқа да басқа тастарды тигізуге болмайды.

Он екінші тәсіл:

Барлық тәсілдерді мүлтіксіз өткізген ойыншы өзіне жазылатын ұпайды екі жолмен белгілейді.

Бірінші жол: бес тасты уысына алады да, жоғары лақтырып, алақанымен қағып алады. Сонан соң оны екінші рет лақтырып, қолының сыртымен қағып алуы керек. Әр тас он ұпайдан есептеледі. Бес тас елу ұпай болады.

Екінші жол: Бес тасты жоғары лақтырады да, жоғарыдан төмен қарай қақшып, қағып алады. Мұнда да бір тас он ұпай деп белгіленеді. Бес тасты түгел қағып алса, елу ұпай алады.

Әр тәсілді орындаған кезде қойылатын шартты бұзған ойыншы кезегін келесі ойыншыға береді де, өзіне қайта кезек келгенше көруші болып отырады. Қайта кезек алған кезде, қай тәсілден қателік жіберсе, сол тәсілден бастап ойнайды.


Ойынды өткізу үшін нұсқама алу үшін оқу ресурстарын оқыңыз.


1) Ойыншылар асықтарды жерден көтерген кезде, басқа асықтарға қолын тигізбеуі керек. Егер қолы тиіп кетіп, ережені бұзатын болса, онда ойынды келесі ойыншы жалғастырады.


2) Ойыншы әр ойынды жалғастырған сайын қай тәсілден қателік жіберсе, сол тәсілден бастап ойнайды.





Сұраңыз: бірігіп жұмыс жасау үшін қандай дағдыңызды қолданасыз?


Өз командаңыздың ішіндегі қарым-қатынасыңызды 5 балдық жүйемен бағалағанда қалай бағалар едіңіз және неге олай бағаладыңыз?



Сабақтың

соңы

5 минут

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.


Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.


Үй тапсырмасы: жалпы дамыту жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі