2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ашық есік күні "Бізді жетелеген болашаққа деген сенім" .Ата-аналарға арналған тренинг

Ашық есік күні "Бізді жетелеген болашаққа деген сенім" .Ата-аналарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық есік күнінде ата-аналармен жүргізілген жұмыстар.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады







Shape1










Shape2
















Дайындаған: педагог-психолог Э. Қаунбаева




Shape3 Shape4

Бағдарламада:

9.00 -9.30- Қонақтарды күтіп алу.

9.35 -10.05 – Балалар шығармашылығынан көрме.

Көрмені таныстырушы Психолог: Э. Қаунбаева.

10.10-10.35 - Кабинетте жүргізілетін түзету, дамыту сабақтарына қатысу. Психолог: Э. Қаунбаева.

10:40-11.10 - Дөңгелек стол. Ата-аналармен пікір алмасу.

Психолог: Э. Каунбаева.

11.10-11.50 - «Алтын сарай» тренинг.

Психолог: Э.Каунбаева

12.00-12.30- Ата-аналарға ойын ойнату. Психолог: Э. Каунбаева


Бір тамшы мейірім оларды бақытты етеді.

Біздер ғана емес, олар да, түрлі-түсті түстер көреді.

Олай болса,олардың өмірлері жақсы болуы үшін

қолымыздан келгеннің барлығын жасап, қамқорлығымызды аямайық.


Психолог мамандары: Э. Қаунбаева, Д Саматова.









Shape5





Дөңгелек стол






Психолог : Э. Қаунбаева






Б. Момышұлы ауылы 2025 ж

«Бізді жетелеген болашаққа деген сенім»


  1. Психолог: Э. Қаунбаеваның баяндамасы.

2. Ата-аналармен пікірлесу.

3. Қорытындылау.

Барлық адам баласы өмірге келіп, дүниені тани бастағанда бақытты. өз-өзіне сенімді болуды аңсайды, соған қиял жүгіртеді,армандайды. Жұмыста,қызметте,оқуда табысқа жетуді мақсат тұтады. Бала болсын,ата-ана болсын алдында не күтіп тұрғанын болжай алмайды. Сондықтан жақсылықымызға да, жамандығымызға да аллаға шүкіршілік етіп әр нәрсеге дайын болуымыз керек. Тағдырымызға мойынсынбай күресуіміз керек. М.Мақатаев «Өмір - өзен», Ж.Жолдыбаев «Өмір - орман», К. Маркс «Өмір дегеніміз –күрес». Жалпы үшеуі де дұрыс сияқты, өйткені Өмір адамның соңғы деміне дейін тәрбие және күрес, егерде біз тайынбай бір мақсаттқа, арманға жету үшін тер төксек. Біздің алдымызда тура еңбегімізге қарай көптеген қуанышты сәттер күтіп тұр.

Қ .Р. Президенті Н. Назарбаевтың 2002 жыл 11 шілде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы шықты. Осы Заң кемтар балаларды қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындап, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеуге, оқытуға бйланысты келелі мәселелерді шешуге бағытталған. Соның айғағы ретінде біздің ауданымыздан Осы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған.

Дамуында кез-келген ауытқуы бар балалар үшін ең маңыздысы бұл аз мөлшерде өзіне қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүниені, ортаны бағдарлауға үйрену және қаншалықты мүмкін болса соншалықты дербес өмір сүруге бейімделу. Сондықтан да сіздер мен біздің міндетіміз қоғамдағы осындай балалардың қарапайым өмірін қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыру. Оңалту мен түзету жұмыстары тек арнайы ауруханаларда немесе сауықтыру орталықтарында ғана жүруі мүмкін деп ойлайтын ата-ана қателеседі. Негізгі оңалту жұмысы отбасында күнделікті және жүйелі түрде, ұзақ уақыт, барлық жанұя мүшелерінің, жақындарының қолдауымен жүргізілуі керек. Сонда ғана сіз бен біз екі жақты жүргізген жұмыстың арқасында белгілі бір нәтижеге қол жеткіземіз. Біздің кабинетіміздегі балаларымыз ол көбі психикалық дамуы тежелген балалар және баланың церебрельдік параличі, жалпы тіл кемістігі бар балалар. Солардың ішінде балалардың сал ауруы ДЦП мен ЖТК қайта қалпына келтіру ұзақ уақытта кешенді емді, баланың ата-анасының шыдамдылығын қажет етеді. Емдеу жұмыстары неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оң нәтижесі болады. Ем – дәрі-дәрмекпен, массаждың түрлі әдістері, емдік дене шынықтыру жұмыстары, ортопедтік көмек, физиотерапиялық ем-домның жүргізілуі түрінде жасалынады. Осының ішінде бізде қазір ЛФК, емдік уқалау, физиотерапия түрлері жүргізіліп жатыр. Барлық балаларға оңалтуға көмектесетін әдістің, тәрбиенің бірі ол ойын арқылы жүзеге асады. Мысалы: психологиялық дене бітімдік бұзылған және жалпы тіл кемістігі бар балаларда истерикалық, айқайлап ауруы ұстауы, мінез-құлқындағы ызаланып және агрессия болуы, олар мұны тілегіне жету үшін жиі қайталайды. Сондықтан әр ана өзінің баласына әрқашан арнайы уақыт бөліп қарап жанұяда баланы мадақтап, мейірімділікпен қарап, ашу-ызасын қойдыратын ерекше бір жылы қарым-қатынасқа түсіп, сәбидің өзіне-өзі сенімділігін тудырып, жақсы мінез-құлқын мадақтау керек. Қорыта келе, сіздің ерекше қажеттілігі бар сәбиіңізге нәтижелі түзелуін тілейміз. Өмірде оптимистік көзқараспен төзімділік пен шыдамдылық болсын. Тірек қимыл аппаратының бұзулулары мен байланысты мүгедектеріне қарамастан, осындай диогназы бар көптеген адамдардың арасында дарынды ғалымдар, суретшілер, спортшылар, музыкаттар, ақындар бар екенін білеміз. Олай болса, «Болашаққа жетелеген сенімдеріңіз » сәтті болсын.








П сихологиялық педагогикалық түзету кабинеті














«Алтын сарай»

релаксация жұмысы






Психолог маманы: Қаунбаева Э.Ж














Б. Момышұлы ауылы 2025ж

П р а к т и к а л ы қ ж ұ м ы с

« Р е л а к с а ц и я »

Тақырыбы: «Алтын сарай» релаксация жұмысы

Аталған жұмыс педагогикалық ұжыммен жұмыс істейтін психологтың қызметіне арналған.

Мақсаты: Әркімге өз орнын тауып, топ мүшелеріне өзін біртұтас жүйенің ішінде дара екенін сезіндіру мүмкіндігі бар. Өмірде болып жатқан күйбең тіршіліктен бір мезгіл тынығу, шешімін таппай жүрген мәселелерді уақытша ұмыту, түйсіну процесін дамыту мақсатында қолданылады.

Осы жұмыс педагогикалық әдістемелік семинарда оқылуы мүмкін және психодрама сияқты түзету мақсатында сахналануы мүмкін. Осылайша педагогтар мен психологтың өзара қарым-қатынасы қалыптастырады.

Көрнекілігі: магнитофон

Барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологтың кіріспе сөзі.

Менің сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырған практикалық жұмысын «Алтын сарай» релаксация жұмысы. Аталған жұмыс педагогикалық ұжыммен жұмыс істейтін психологтың қызметіне арналған.

Мақсаты: Мұнда, әркімге өз орнын тауып, топ мүшелеріне өзін біртұтас жүйенің ішінде дара екенін сезіндіру мүмкіндігі бар. Өмірде болып жатқан күйбең тіршіліктен бір мезгіл тынығу, шешімін таппай жүрген мәселелерді уақытша ұмыту, түйсіну процесін дамыту мақсатында қолданылады.

Бұл жұмыс педагогикалық әдістемелік семинарда оқылуы мүмкін және психодрама сияқты түзету мақсатында сахналануы мүмкін. Осылайша педагогтар мен психологтың өзара қарым-қатынасы қалыптастырады.





І І.Психологиялық дайындық. Енді сіздерден сұрайтыным, ыңғайланып отырып, өздеріңізге кедергі келтірмейтіндей етіп заттарыңызды жинақтап, менің нұсқам бойынша ойша жүріп отыру.

Негізгі бөлім.

Дайын болсақ, бастайық. Музыка.

Көзімізді жұмып, терең дем алып, еркін тыныстайық. Сіз көктемгі табиғат аясында серуендеп жүріп келесіз. Мамыражай мамыр айы. Ағаштар жапырақтарын жайқалтып, гүлдеп, жасыл желекке айналған. Әрбір ағаштың жанынан өткен сайын жасыл жапырақтың иісін сезініңіз.

Сіз қызғалдақтардың арасында келе жатырсыз. Қызғалдақ гүлі қызыл-сары түспен әсем кілемдей құлпырады. Алдыңызда биік заңғар тау көрінеді. Таудан салқын самал жел еседі. Құлағыңызға бұлақтан сылдырап аққан судың дауысы келеді. //

Самал желдің бетіңізден өпкен лебін, райхан гүлінің иісін, судың аққан дыбысын, құстардың сайраған әнін естіңіз. Осының барлығына жаныңызды ашыңыз: салқынға, тыныштыққа, дыбысқа... Бүкіл айнала сіздің денеңізді бастан аяқ толтырсын. «Иә» деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз). Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Өз өткеніңізге, бүгініңізге, ертеңіңізге күлімдеңіз. //

Бұл жағымды сезім өте нәзік, жұқа, жаңа ғана ашылған раушан гүл секілді, ол сіздің жүрегіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады. Өзіңізге айтыңыз: «Мен салмақтымын, төзімдімін, қиындықты жеңіп келемін, келешекте мені жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімдімін».

Осындай жағымды көңіл-күймен келе жатқанда алдыңыздан алтын күмбезді зәулім сарай көрінеді. Сізден кол созым жерде тұрған алтын сарайға қарай беттейсіз. Жақындаған сәтте алдыңыздан сарайдың қақпасы ашылады. Табиғаттың әсем әуенімен үйлескен бұлбұл құстардың сайраған әнімен сарайдың есігін ашасыз.

С із аттап ендіңіз. Сарайдың іші ерекше безендірілген бөлмелерге толы. Сіз алғашқы бөлмеге кірдіңіз. Бөлмеде уылжып піскен жемістер дастарханда жайнап тұр. Өзіңіз ұнататын жемісті таңдап алып, дәм татыңыз.

Сіз «жеміс бөлмесінен» шығып, жоғарғы бөлмеге аяқ бастыңыз. Бұл бөлмеде, сіз, аяулы анаңызды, асқар тау әкеңізді, бірге туған бауырларыңызды, ағайын туыстарыңызды көріп, ерекше күйге бөленіп, сағынышыңызды басып, қауышасыз. //

Келесі бөлмеде сізді дастархан басында бала күннен бірге өскен дос – жарандарыңыз құшақ жайып қарсы алады.

Жоғары қарай көтеріліп, соңғы бөлменің есігін аштыңыз. Әсем өрнектелген сандықтардың есіктері айқара ашылып, ішінен алтын теңгелер, бағалы гауһар тастар төгіліп жатыр. Сандықтарға жақындап, көңіліңізге ұнаған інжу-маржаннан, алтын теңгелерден қоржынды толтырып алып, бөлмеден шықтыңыз.

Жоғарыдан төменге қарай аяқ басып келесіз… ойыңызда дәл осы шақта бір ғана сұрақ: Осы байлықты кіммен бөліссем екен? Ата-анаммен бе? Туған бауырларымен бе? Қиын сәтте қолын созған достарыммен бе? Кіммен бөлісемін? Кімге жақсылық жасаймын?

Терең дем алып, көзімізді ашайық.

Қорытынды бөлім. Құрметті ата-аналар, сіздер «алтын сарайға» саяхат жасап, оралдыңыздар. Ендігі кезекте «Алтын сарайдан» алған әсерлеріңізбен бөлісейік. Көкейде тұрған сұрақтар, алған әсерлеріңіз жайлы еш қысылмай, ортаға салайық. ...............................................................................

Бүгінгі шара өз мәресіне жетіп, сіздер жақсы әсер алдыңыздар деп ойлаймын. Өмірлеріңіз «Алтын сарайдың» бөлмелеріндей жақсылыққа, бақытқа, қуанышқа, байлыққа толы болсын. Бір тамшы мейірім біздің балалар үшін бір қоржын алтынмен тең. Бір тамшы мейірім оларды бақытты етеді. Олай болса, балаларымыздың өмірлері жақсы болуы үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасап, қамқорлығымызды аямайық. Рахмет!







20 Ақпан 2025
102
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі