Ашық флипчарт сабақ "Ақшақардың сүйікті достары" ересектер тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық флипчарт сабақ "Ақшақардың сүйікті достары" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда ересектер тобындағы сурет ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша "Ақшақардың сүйікті достары" тақырыбында балалардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында флипчарт сабағын құрастырып өткізу барысы ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Целиноград ауданы МКҚК "Қошақан" балабақшасы



















"Ақшақардың сүйікті достары"

сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметі

ересектер тобы





















Өткізген: Сабырова Асемгуль Турлюбековна

МКҚК " Қошақан" балабақшасының бейнелеу өнерінің мұғалімі

Қажымұқан ауылы, Целиноград аудан, Ақмола облысы



Білім беру салалары: « Таным» «Шығармашылық» Оқу іс – әрекеттері : «Сурет салу»

Тақырыбы: «Ақшақардың сүйікті достары» Өткізу формасы: дәстүрден тыс, кіріктірілген интерактивті оқу қызметі

Мақсаты: балаларды сурет сабағында интерактивті тақта арқылы жұмыс жасауға үйрету

Міндеттері:

Б.Дәстүрден тыс әдіс-тәсілмен-поролонмен бастыру әдіс- тәсіл арқылы сурет салу, Ақшақардың достарымен танысу;

Д.Жануарлардың бейнесін ажырата білуге үйрету, саусақтарын дамыту.

Т.Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, палитра, гуашь, поролон, қылқалам, көгілдір түсте боялған қағаз, флипчарттар.

Үштілдік: Ақшақар-снегурочка-snow maiden, түлкі-лиса-fox, коян-заяц-rebbit, мысық- кошка-cat, ит-собака- dog .

Әрекеттердің

кезеңдері

Педагогтың әрекеттері

Балалардың іс - әрекеттері

Ұйымдастырушы-лық,

оқытушылық,

қызықтырушылық


1 Флипчарт

 

Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Қалдарың қалай?
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қанекей, қонақтармен амандасайықшы.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Өте жақсы, балалар! Қонақтармен амандастық, енді осындай тамаша көңіл - күймен шаттық шеңберін құрайық:
Шеңберді біз құрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Қонақтарға шашайық









Балалар өздері ойларын жеткізеді.











Өлең жолдарын қимыл арқылы көрсету

Ұйымдастырушы-лық –

ізденушілік







Ғылым орталығы

-Балалар, қазір бізге қонақ келеді. Сендер кім келетінің тауып алып көріңдерші. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар

Жұмбақ

Қыс мезгілінде келеді,

Аязатамен ылғи бірге жүреді.

2Флипчарт.

Пердеше арқылы

-Дұрыс тапқандарыңды тексерейік

-Жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар. Ал міне Ақшақар өзіде келіп қалды. Бәріміз қонағымызбен үш тілде амандасайықшы!?

-Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!

-Ақшақар, сен неге мұнайып тұрсын? Бірдене болды ма?

-Ия апай, міне қыс мезгілі кетуге таяп қалды, менің келесі қысқа дейін сендермен қоштасатын күнімде келіп қалды. Ал мен кетуге дайын емеспін, мен жыл сайын бүкіл жұмысымды өз достарыма тапсыратынмын. Бүгін мен оларды табалмай жатырмын. Бүкіл жерді іздеп шықтым, ешқайдада жоқ. Енді не істеймін?

-Мұнайма Ақшақар, біз бүгін "Бүлдіршін" тобымен саған достарынды табуға көмектесеміз, солай ғой балалар?

-Балалар, сендер менің достарымды білесіңдер ме? Білмесеңдер, мен сендерге жұмбақ жасырайын:

3Флипчарт. Сиқырлы қалам арқылы

1) Шықпайды үйден,

Тоны - жібектен.

Күндіз ұйықтайды,

Түнде дамыл таппайды.

Аңға барады,

Сол аңды үйден табады.

Мысық

2) Өзі кішкентай,
Құлағы ұзын,
Өзі қорқақ.  Қоян

Тілдік гинмастика

4Флипчарт

-Ық-ық-ық-ық,

Ол біздің мысық.


- Ян - ян - ян - ян,
Өзі қорқақ қоян.


-Балалар, Ақшақардың достары кім екен?

-Ал енді балалар, Ақшақардың достарын табу үшін біз олардың суретін саламыз да, салған суреттерді адам жоғалғанда іздейтін полиция мырзаға жібереміз.

Алдарыңда мынадай трафареттер бар. Соны алып парақ бетіне қоясыңдар, содан кейін колдарына поролон қиығын алып керекті түске бояйсыңдар.

-Балалар, мысықтын түсін қандай бояумен бояйсыңдар?

-Ал қоянды қандай түспен бояйсыңдар?

-Алдарыңда неше түс тұр, санап көрейікші?!

қандай түстер бар?


-Сарғылт түсті алу үшін біз сары түспен қызыл түсті араластырамыз, жасыл түсті алу үшін көк түспенен сары түсті аламыз, күлгін түсті алу үшін қызыл түспен көк түсті араластырамыз.

5Флипчарт.

-Ал кәнеки сары түспен қызыл түсті араластырып көрейік.

-Балалар, енді оң жақтағы топ мысықтың, сол жақтағы топ қоянның суретін салады. Поролонды аламыз, бояуға маламыз,ыдысқа артық бояуды ағызамыз да, трафаретті қағазға қойып, бастыру арқылы бояймыз. Сурет тезірек кепсін десек, өкпемізді ауамен толтырамыз,үрлейміз.

Енді қолымызға қылқаламды аламыз, коянменен мысықтың суретін толықтырамыз: мұрын, көз, мұртын саламыз.

( интерактивті тақтада педагог қаламмен көрсетеді)


Сергіту сәті

Отыр аппақ, ақ қоян

Неткен сап-сақбұл қоян

(жүресінен отыру)

Құлақтарыделеңдеп

(екі қолмен қоянның құлақтарын келтіру)

Әр дыбысқа елеңдеп (сол жаққа және оң жаққа құлақтарын тосу)


-Балалар, суретімізді салдық, енді Ақшақар кімнің суреті достарына ұқсайтының таңдап алыңыз, сосын уақытты жоғалтпай полицияға жіберейік.

-Телефон соғып, шақырайық, телефон номері қандай екен?

-Менде телефон нөмірі бар, бірақ мен сандарды ұмытып қалыппын, балалар, сендер оқып беріндерші

6Флипчарт

1 0 2- интерактивті тақтада ойын түрінде орнын табу.

Аудиожазба

-Полиция мырза келеді, суреттерді алып кетеді.

"Үйін тап" ойынды ойнау.

7Флипчарт

Ойынды ойнап болғанда, полиция мырза мысық пен коянды тауып әкеледі. Ақшақар қуанып қалады.

-Балалар, сендерге көп рахмет! Менің достарымды тауып беруге көмектестіңдер! Ал маған көмектескен үшін, сендерге менің сүйікті "Снежок" атты кәмпитімді тастап кетейін. Апай сендерге таратып берсің. Енді тездетіп кетуге дайындалуым керек, мен достарыма әлі тапсырма беруім кажет. Біз кетейік, сау болындар!



-Ақшақар















Балалар үш тілде амандасады




Балалар қызығушылықпен тыңдайды.









-Ия

-жоқ




Балалар жұмбақты шешеді.

























тілдік гимнастика жасайды















- Қоян, түлкі












- сарғылт түспенен


- ақ түспенен


-1,2,3,4,5 деп санайды


-ақ, көк, сары, қызыл, қара




-Балалар түсті алып араластырады













-балалар педагогтың артынан кайталап, салады.











балалар педагогтың нұсқауымен жұмыс жасайды.





-балалар қимылмен көрсетеді

















-балалар интерактивті тақтада нөмерін құрастырады

























-Сау болыңыз

Рефлекстік - түзету

-Балалар, біз бүгін кімге көмектестік? біз ненің суретін салдық?


-Ол үшін қандай түстер қолдандық?



8Флипчарт

Мақалды түсіндір

-Балалар, сендерде де достарын бар. Достарынды бағалай біліндер, көмектеріңді аямандар!

- Ақшақарға

-Қоян, мысық.


- Сарғылт сары, ақ, қоныр



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ағаштарға қамқорлықпен қарауға.

Болу керек: ағаштардың пайдасын.

Үйрену керек: қалай баптап, қарауға үйрену.











































Қосымша





1 Флипчарт

























2Флипчарт. Пердеше



































3 Флипчарт. Сиқырлы қалам

















4Флипчарт

















5Флипчарт. Бояу





6Флипчарт.





7Флипчарт.









8Флипчарт.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2018
2651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі