15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Асық ойындар
7 - 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:ұлттық және қимыл-қозғалыстық ойынға деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ұлттық ойындар арқылы білімдерін жинақтау, бекіту.
Дамытушылық:оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерін ұлттық ойындар арқылы жан-жақты дамыту, денсаулықтарын нығайту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұлтжандыққа, ұллтының салт –дәстүрін құрметтеуге және де отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, машықтық, топпен жұмыс, ойын
Қажетті құралдар: ысқырық, уақыт өлшегіш, асықтар, арқан, кедергілер.
Сабақ бөлімі |
Сабақтың мазмұны |
Уақыт мөлшері |
Әдістемелік нұсқаулар |
І. |
Кіріспе- дайындық бөлім. 1.Сыныпты сапқа тұрғызу. Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу. 2.Сабақтың мақсатымен таныстыру. 3.Саптағы бұрылулар: оңға, солға, кері, орныңда адымдай бас т.б. |
|
Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын көңіл бөліп тыңдау. |
4. Жалпы жүру жаттығулары. -Саппен жүру, қолды жоғары ұстап, аяқтың ұшымен жүру; -Қолды белде, өкшемен жүру; -Қолды алға ұстап, тізеден бүгіліп жүру; -Қол тізеде толық отырып жүру; -спорттық жүріс. |
|
Қолды түзу ұстап жаттығудың дұрыс орындалуына көңіл бөлу.
Денені тік ұстап отырып жүру. |
|
5. Арнайы жүгіру жаттығулары. -Жеңіл жүгіру; -Оң жақ жанмен жүгіру; -Сол жақ жанмен жүгіру; -Қол белде, тізені кеудеге көтере жүгіру; -Қол белде, аяқты артқа сілтей жүгіру; -Жеңіл жүгіру; -Спроттық жүгіріске көшу. |
|
Оқушылардың жаттығуларды дұрыс жасап, қол аяқтарын тік ұстап орындауларын қадағалау. |
|
6. Тынысты қалпына келтіру жаттығуы 1-2 қолды екі жаннан жоғары көтере 3-4қолды екі жаннан төмен түсіру |
5-6 рет |
Жай жүріске көшу.
Демді ішке тарту.
Демді барынша сыртқа шығару |
|
7. Жалпы дене жаттығуы 1-жаттығу: 1-қолды алда 2-қол жоғарыда 3-қол екі жақта 4-б.қ. 2-жаттығу: Б.қ. қол иықта 1-шынтақты алға 2-екі жанға 3-жаттығу: Б.қ. кол кеуде тұсында 1-2 шынтақты артқа сермей 3-4 қолды артқа сермей 4-жаттығу: Б.қ. қолды алға созып 1-оң аяқты сол алақанға тигізу 2-керісінше Саптық жаттығулар: -солға бұрыл! 1-нші, 2-ншіге санал (саналады) Екіншілер үш адыммен алға бас! (бір орында орындалатын жаттығулар) 1-жаттығу: Б.қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде қою 1-оң жақ денені бұру 2-Б.қ. 3-сол жақ денені бұру 2-жаттығу: Б.қ.н.т. 1—2 оң қол белде, сол қол жоғарыда солға иілу 3-4 керісінше 3-жаттығу: Б.қ. қол белде 1-оң жақ аяққа отырып, сол аяқты созу 2- керісінше 4-жаттығу: Б.қ. қолды алдыға созып 1-отыру 2-Б.қ. 3-4 тура солай |
|
Жаттығуды бірдей жасау.
Жауырын ортасын қосу.
Денені тік ұстау.
Денені бүкпеу қажет.
Денені бұрғанда аяқ қозғалмауға тиіс.
Аяқты бүкпеу.
Денені тік ұстау.
Денені тік ұстау. |
|
ІІ. |
Негізгі бөлім 1.Сыныпты сапқа тұрғызып, саналу арқылы екі топқа бөлу. 2. Сабақтың ережесін түсіндіру. |
|
|
«Қыз қуу» ойыны. Сынып оқушылары қыздар мен ұлдар болып екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір-бірден оқушы шығады. Алдымен ұл бірінші сызыққа келіп тұрады, ал қыз ұлдан 10 м. Қашықтыққа алыс барып тұрады. Содан соң ұл қызды 2 айналым жүгіріп қуады, егер ұстап алса ұлға ұпай беріледі, ал егер ұстай алмаса керісінше қыз ұлды қуады. Қыз ұлды ұстап алса қызға ұпай беріліп, жеңіске жетеді. |
|
Шеңберге айнала белгілер қойылады. Ойын шарты бойынша арнайы белгілердің сыртымен ғана жүгіру керек. |
|
«Аударыспақ» ойыны. Ойын ережесі: 2 топ бір-біріне 15-20м. жерден қарама-қарсы тұруы керек. Ортаға көкпар лағы қойылады. Жеребе бойынша лаққа бір топ иелік етеді. Төрешінің белгісімен ойын басталады. Көкпарға иелік еткен топ өз қазандығына әкеліп салса, ұпай беріледі. Ойын нәтижесінде ең көп ұпай алған топ жеңіске жетеді. |
|
Көкпарды ойын ережесін бұзбай қазандыққа салу керек. Көкпарды ұстап келе жатқан ойыншыны ұстауға, итеруге немесе жығуға тыйым салынады.
|
|
«Асық ойыны» топ басшылар сайысы. Ойын ережесі: бұл ойын әр топтың топ басшылары арасында өтеді. Ортаға сызық дөңгелек сызылып оның ортасына 10 асық қойылады. Сол асықтарды топ басшылары 5 м. жерден атып, өз асықтарын жинауы керек. кім көп асық жинаса, сол топ басшысы жеңіске жетеді. |
|
Топ басшыларына 5 мүмкіндік беріледі және сол мүмкіндікті бос жібермеу керек. |
|
«Арқан тартыс» сайысы. Ойын ережесі: бұл ойында екі топ ортаға шығып арқанды екі жағынан ұстайды. Орта да сызықтың екі жағында тұрып және арқанның ортасына орамал байланады. Төреші белгісі берілгенде әр топ өз жақтарына қарсыластарын сыцзықтан асырып өз жақтарына шығаруы керек. |
|
Арқанды ұстағанда ойыншылар қарама-қарсы тұруы. |
|
ІІІ. |
Қорытынды бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылау. Жарыс қорытындысын шығару. Оқушыларды бағалау. |
|
Ойын қорытындысын шығару, жеңімпаз команданы мадақтау. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген