АСЫҚ ОЙЫНЫ – ТӘРБИЕНІҢ КӨЗІ
Асық ойыны – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ішіндегі ең танымал, ең қызықты болған спорттық ойындарының бір түрі.Бұл ойын мазмұны жағынан ұтыс ойынына жатады.Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген.Соның бірі – асық арқардың, қой – ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады.Асықты сіңірінен тазалап, шикі не піскен күйінде пайдалана береді. Шикі асық мықты, салмақты болып келеді. Осындай жақсы салмақты түрлерінен сақа жасайды.
Осы орайда қазақ халқының асыққа деген көзқарасы ерекше болғанын айта кеткен орынды.Осыған байланысты ежелгі заманнан келе жатқан ырым – тыйымдар тілдік қолданысымызда әлі күнге дейін сақталған. Мәселен,"қой асығы демеңіз, қолыңа жақса, сақа тұт,...." немесе "асығың алшысынан түссін", "бүге – шігесіне дейін анықтау" сынды тіркестер бекер айтылмаса керек. Ауылдың үлкендері "Алты жыл аш болсаң да, асық мүжіме" деп кішкентай балаларға асық етін жегізбеген.
Халқымыз асықты киелі, қасиетті санаған. Аналарымыз ер баланың бесігіне көкжалдай айбарлы, айбатты, қайтпас қайсар болсын деген ниетпен қасқырдың асығын байлаған. Ал қыз баланың бесігіне еліктің асығын тағып, сұлу да көрікті болсын деп ырымдаған. Шаңыраққа келін келгеннен бастап, ата – әжелеріміз "ұл болсын" деп ырымдап асық жинаған.Сондай-ақ адамдар қасқырдың асығын тіл-көзден сақтайды,
жаудың оғынан қорғайды деп өзімен бірге алып жүрген.
Жануар түрлеріне қарай асықтардың сан алуан атаулары бар.Мәселен,Сақа – қошқар немесе серкенің асығы, ол асықтың үлкен, әрі салмақты түрі.Шүкей – жас қозы мен лақтың асығы. Шүкейт – киіктің асығы.Ешкімер – ешкінің асығы.Топай – сиырдың асығы. Қолқар –арқардың асығы.Жабайт – еліктің асығы.Құлжаз – құлжаның асығы.
Асық ойыны күндіз де, түнде де кез-келген жерде ойналады.Асықты иіргенде түскен қалпына қарай алшы, тәйке, бүк, шік, омпа, шоңқа деп аталады.Алшы – асықты иіргенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.Тәйке (тауа) – асықты иіргенде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.Бүге (бүк) – асықты иіргенде дөңес жағы үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі.Шіге (шік) – асықты иіргенде шұңқыр жағының жоғары қарап, шалқасынан жатық түсуі. Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.Халқымыз асықтың жатысына қарап та болжам жасаған. Әрине, асық алшысынан түссе, аңшының қанжығасы майлы, жолаушының ісі оңға басатынын шамалап отырған. Сондықтан алшыны өте жоғары бағалаған.Ал омпы тұрса, жолым болады деп ырымдап, сақтап жүрген. Өйткені асық омпысынан өте сирек тұрады.
Халық даналығында – "ойнай білмеген, ойлай да білмейді" – деген сөздің астарында үлкен мән жатыр.Сондықтан халқымыз асық ойынын ғасырлар бойы жадында сақтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің бірден – бір құралы ретінде пайдаланған.Өйткені ойнай білген адамға асықтың адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор. Асық ойнау, біріншіден, денені шынықтырса, екіншіден, адам ағзасының дұрыс дамуына мүмкіндік береді.Асық ойыны баланың ойлау қабілетін дамытып, мергендікке, дәлдікке,ептілікке баули отырып, табанды және шыдамды болуға үйретеді. Балалардың есепке жүйріктігі де асық ойнау кезінде қалыптаса бастайды.Асықтарды қаз-қатар тізіп санау,ұтысты есептеу кез- келген баланың математикаға бейімін арттырады. Қазақ баласының есепке жүйріктігі, міне, осындай ойындарды ойнаудан қалыптасқан десек те артық айтпағандық болар.Осындай қасиеттер болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына жете алмайды.Асық ойыны – ғасырлар бойы игілікке қажетті бай қазынамыздың бірі болып қала бермек.
Руслан Тасыбеков,
№ 254 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз