Асық ойыны-ұлттық қазынамыз.Ханталапай

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асық ойыны-ұлттық қазынамыз.Ханталапай

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке мергендікке ептілікке жеңіске деген құштарлыққа намысқойлыққа, әділдікке баулу. Балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Денсаулық.

Тақырыбы: Асық ойыны-ұлттық қазынамыз.Ханталапай.

Мақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке мергендікке ептілікке жеңіске деген құштарлыққа намысқойлыққа, әділдікке баулу. Балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу.

Балалардың өй-өрісін дамыту. Балаларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Асық,арқан,орамал,қамшы.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын.

Кіріспе.

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

-Саламатсыздарма балалар!Көңіл күйлерің қалай?

- Балалар бүгінгі оқу қызметіміз өте қызық болмақ. Балалар бүгін біз асықпен жалпы дамыту жаттығуларын орындап,асықпен ойналатын ойындар ойнаймыз.



Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы : Асық ойыны-ұлттық қазынамыз

Балалар асық дегеніміз не? Кім біледі? Асық қайдан шығады?

-Біздің үйде асық бар, әжем оны қойдың аяғынан алдым дейді.

Дене шынықтыру жетекшісі: Жарайсыңдар балалар, Қойдың жілігінен алынады. Онда мен сендерге осы асықпен қалай ойнау керек екнін , қандай ойын түрлері бар екенін айтайын, сонан соң сіздермен ойнайтын боламыз.

-Ертеде қазақ халқы асықты бала кезде қолына алып, жас кезінен бастап ойнай бастайды. Тіпті бала тумай жатып, жас нәрестеге арнап асық жинайтындарда болған. Асық ойынының ерекшелігі және оның сан қилылығы: асықпен үйде де, далада да ойнауға болады. Ертеде қазақтың қыз – келіншектері де ойнаған. Сондай-ақ бұрынғы аға буын өкілдерінде, асық ойнамай өскен бірде-бір адам жоқ.

Халқымыз асықты қастерлеген. Мысалы, қазақта «асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар. Асық ойныныда кімнің ойыны алшысынан түссе, сол бірінші түссе сол бірінші айтады. Яғни асықтың алшы түсуі оның иесін басымдыққа жеткізеді. Сәті түсіп, жолы болып тұрғандығын, білдіреді. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті де. Сол себеппен ертеде бақсы балгерлер асықұ арқылы болашаққа болжам жасаған.

Асық ойыны- спорт ойынының бір түрі. Асық ойынының тәрбиелік мәні зор. Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, ептілігін және қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын, асық ойыны баланың намысын жинап, қатарымнан озсам деген талпынысты , бойға қасиет қылып сіңіреді.

Асықтың түрлері

Асық түрлеріне қарай сақа, кеней болып, бөлінеді. Сақаға ірі үлкен қошқар, ісек асықтарының оңқайы алынады. Кеней деген қой, ешкі, киік, қозы, лақ асықтарының жалпы аты. Асықты тәйкесінен тұрғызып, өзіне қаратып қойғанда, ұшы оң жаққа қарап тұрса оңқай, ал сол жаққа қарап тұрса – солақай асық деп аталады.

Сақаның түрлері: айналсақ сақа, жымпиыт сақа, тәйпек, қорғасын сақа.

-Сұрақ-жауап балалармен.

Негізгі бөлім.

-Шеңбер бойымен жаттығулар орындау.Әр блаға екі-екіден асық таратылады.

Әуенмен балалар шеңбер бойымен орындайды.

Ал, ойналық, балалар,

Әр асықта  баға бар.

Ұта білген баланы –

Әрбір бала бағалар.

Дене шынықтыру жетекшісі.-Керемет бірінші тапсырманы орындадыңдар.

ЖДЖ

-Балалар бүгін біздер жалпы дамыту жаттығуларын қамшымен ,аттың үстінде орындаймыз.

(Жаттығуды гимнастикалық орндық үстінде орындайды.Әр балаға қамшы беріледі)

-Жарайсыңдар балалар бұл тапсырманы да керемет орындадыңдар.Ал енді уәде еткендей сыйқырлы кілемшемен өз еріктеріңмен қимылды ойынды ойнаймыз!

(Сыйқырлы кілемшенің әр түсінде ойын құралдары:ат,асық,орамал,теңге,тақия,арқан тұрады.Балалар дөңгелекті домалатып,дөңгелек қай жерге тоқтаса сол затпен ойын құрастырып ойнайды)

Ойын мақсаты: Балаларды ойынды өз мәнінде өрбіте білу, жылдамдыққа баулу.

Ойын құралдары: теңге, ағаш ат

Ойын шарты: Екі топ ойыншылардың әрқайсысы жеке - жеке шыбықты ат қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-32 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай (15-20 см) екі шұңқыр қазылады. Әр шұңқырға он-оннан тас салынады. Екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша, шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

Тосын сый ретінде балаларға сыйқырлы қорапшадан дәрумендер сыйлау.

Қортынды: Балалар бүгінгі оқу қызметі сіздерге ұнады ма?

Қай бөлімі ұнады?

Асықтың түсі қандай?

Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Ал, ойналық, балалар,

Әр асықта  баға бар.

Ұта білген баланы –

Әрбір бала бағалар.

 

Шиыр, кәне, асықты,

Таңда және қашықты.

Алшы тұрғыз сақаны,

Қаламаймыз жасықты!

Мына бала қайтеді...

Тұрғызды ғой тәйкені.

Сірә, өзі ұтқыш – ау,

Пысық екен, әй, тегі!

Басу қиын ұтқышты,

Мынау сақа бүк түсті.

Енді қара мынаған –

Анау сақа шік түсті!

 















МКҚК №26 «Үміт» бөбекжай-балабақшасы.



















Тақырыбы:

Асық ойыны-ұлттық қазынамыз.Ханталапай.



























Дене шынықтыру нұсқаушысы:Бекеева.ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі