Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы
КМҚК №1 «Еңлік» балабақшасы
Бекшойнова Арай Еркинбекқызы
II санатты музыка жетекшісі.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Ауылдағы той»
Мақсаты: Жыл көлемінде алған білімдерін бекіту. Әуеннің түрлі бөлімдерін ажырата білуге, күйді тыңдап, сезіне білуге, әуенге сай би қимылдарын ауыстыра білуге үйрете отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ұлттық дәстүрімізді құрметтеуге баулу.
Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар, аттың басы бейнеленген ойыншық таяқша аттар.
Сөздік жұмыс: Күй, той.
Оқу қызметінің жүру барысы:
Кеңес күйі ойналып, музыка жетекшісі балаларды қарсы алады. Шаттық шеңберіне тұрғызып, балалармен сәлемдеседі.Балалар орындарына отырады жыл мезгілдері жайлы сұралып, көктем мезгілінің ерекшеліктері жайында айтылады. Олай болса балалар «Көктем» жаттығуын жасайық.
Күтпеген сәт: Тазша бала келеді атқа мінген қолында шақыру қағазы бар. Балалармен амандасады.
Тазша бала: «Мен Арманның ауылынан келе жатырмын,бүгін Арманның тілашар тойы соған сіздерді де шақыра келдім. Міне шақыру билеттеріңіз менің тағыда басқа жерлерге шақыру билетін апаруым керек, мен асығып жүрмін тойда кездесеміз балалар»-деп Тазша бала кетіп қалады. Шақыру билетті алып музыка жетекшісі оқиды. «Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін сағ 09 30 да сендерді тілашар тойыма шақырамын»- деп жазылған екен. Мекен жайым: Кеңсай ауылы. «Сәлеммен Арман».
-Балалар тілашар тойы дегеніміз не білесіңдер ме? Балалар балабақшаны бітіріп, мектеп жасына жеткенде ата- анасы оған арнап тілашар тойын жасайды. «Баламыз ер жетті енді ол мектепке барады»- деп туған- туыс, көршілерін, достарын шақырып, дастархан жайып, үлкен аталардан бата тілеген. Балалар Арманның тілашар тойына барайық па?
Жақсы балалар енді тойдан кешігіп қайлмайық кәне ауылға жолға шығайық. «Сарыарқа» күйі орындалыпі әуеніне қыздарға домбыра ойнатып, ал ұлдарға атқа отырып жүруді ұсынады.Шеңбермен бір айналып шыққан соң орындарына отырады. Балалар біздің жолды су басып кетіпті. Енді өзеннен өту үшін не істесек болады? Көпірді жөндесек көп уақыт кетеді, тойдан кешігіп қаламыз. Қане ойланып көрейік, балалар ертегілер елінен Көлтауысарды шақырсақ қайтеді? Мүмкін ол бізге көмектесер?
Көлтауысар: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар менің атымды айтып жатқан сендерсіңдер ме? Не болды сендерге көмек керек пе?
Музыка жетекшісі: Ия Көлтауысар сенің келгенің жақсы болды ғой, біз ауылға Арманның тойына бара жатыр едік, жолда су жайылып кетіпті, біз судан қалай өтерімізді білмей тұрмыз.
Көлтауысар: Ой, ол мен үшін сөз емес, балалар сендер білесіңдер ғой мен бір ұрттасам мына судан бір тамшы да қалмайды. Бірақ менің сендерге арналған тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды орындасаңдар мен сендерге көмектесемін.
1.Көлтауысардың тапсырмасы: Олай болса мына бір әуенді тыңдап көріңдер. Құрманғазының «Адай» күйі ойналады.
-Балалар сендер нені тыңдадыңдар? Күй қандай аспапта ойналып тұр? Ал мына экранда кімнің суреті? Күй атасы кім? Күй анасы кім?
2.Тапсырма: балалар қане экранға қараңдаршы қандай аспаптардың суреттері? Домбыра оны қалай ойнайды? Ол қандай аспап түріне жатады? (Қобыз, домбыра, барабан, тайтұяқ, сыбызғы,сылдырмақ ) ал енді балалар осы аспаптарды бірге ойнауды не деп атайды? Қане,балалар біз өзіміздің оркестрімізді құрып, Көлтауысарға ойнап көрсетейік. «Еркем- ай» әні оркестрмен ойналады.
Көлтауысар: «Жарайсыңдар балалар сендер шынымен білімді екенсіңдер, енді мен сендерге көмектесейін» - деп суды ішіп жолды ашады. Рахмет саған Көлтауысар. Қане балалар ары қарай жүрейік. Алдыларынан тау шығады.
Музыка жетекшісі: - Балалар алдымызда биік –биік таулар, енді қалай өтеміз? Енді кімді көмекке шақырсақ екен? Дұрыс айтасыңдар Таусоғарды. Осы кезде таулардың арасынан Таусоғар шығады.
Таусоғар: - Мені біреу шақырған сияқты ма? Сәлеметсіңдер ме балалар, сендер қашан келіп қалғансыңдар?
Муз.жетекші: -Сәлеметсің бе Таусоғар? Біз көрші ауылға Арманның тілашар тойына бара жатыр едік. Енді мына таулардан қалай өтерімізді білмей тұрмыз. Айналып өтсек тойдан кешігіп қаламыз.Сенің күшің көп қой, мүмкін бізге көмектесерсің?
Таусоғар: А солай ма? Ия менің күшім көп, маған мына таулар түк те емес, оларды қаласаңдар орнынан жылжытып, сендерге жолды ашып бере аламын. Бірақ менің сендерге тапсырмаларым бар. Сендер менің тапсырмаларымды орындасаңдар көмектесемін.
-
Тапсырма: Олай болса қазір ойналатын музыка жанрларын тыңдап, маған ажыратып беріңдер.Вальс, полька, марш әуендері ойналады, балалар әуендерді қандай жанрға жататанын тауып, билеп көрсетеді.
-
Тапсырма: Балалар сендер тойға бара жатыр екенсіңдер билеріңді көрдім, ал тойға арналған жақсы әндерің бар ма? Қане тыңдап көрейін.
Дауыс жаттығуы жасалып, Домбыра әні айтылады.
Таусоғар: балалар сендер шынымен білімді екенсіңдер,өнерлі екенсіңдер мен сендерге көмектесейін деп тауларды орнынан жылжытады.Сау болыңдар балалар!
Муз. жетекшісі: Сендер өздеріңнің мектепке дайын екендеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар!Міне біз Арманның ауылына да жеттік.
Арман, әжесі, атасы үшеуі дастархан басында отырады.Балалармен амандасады. «Балалар келгендерің өте жақсы болды, кәнекей тойымызды ойынмен қыздыра түсейік»- деп ата ұлдарды ойынға шақырады.
Ойын: «Арқан тартыс»
Би: «Қаражорға»
Арманның атасы риза болып, балалар сендерде менің Арманым сияқты мектепке барады екенсіңдер қане бата берейін – деп батасын береді.
Таудай болсын талабың,
Ашылсын тілің қарағым.
Оқу сіңіп санаңа,
Жарқырай берсін қабағың.
Мақтанышы бола біл,
Атаменеен анаңның. Әумин!
Қортындылау: - Балалар бүгінгі оқу қызметінде біз қайда бардық? –Тілашар тойы деген қандай той екен? –Музыкалық аспаптардың қосылып ойналуы қалай аталады? –Аманның тойында қандай би биледік? –Қандай ойын ойнадық?
-Балалар бүгін тойға барып өз өнерлеріңді көрсеттіңдер, барлығың өнерпаз, өнерлі екенсіңдер- деп мақтайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әуеннің түрлі бөлімдерін, әнді жеке және хормен мәнерлеп айтуды.
Игереді:Ұлттық аспаптардың үндестігін тыңдап, бірігіп оркестрде ойнауды.
Меңгереді: ауыспалы әуенге сай би қимылдарын көрсетуді, әнді сипатына көңіл күйіне сәйкес орындауды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметі "Ауылдағы той"

шағым қалдыра аласыз