Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Буын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша бүлдіршіндеріне және тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалалық білім бөлімінің «ЕрТарғын» КМҚҚ балабақшасы











Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Сауат ашу


Тақырыбы: «Буын»






8«Қуаныш» ересек тобы


Тәрбиеші: Қалиева Жанар








2019ж

Білім беру саласы: Қатынас

ҰОҚ: Сауат ашу.

Тақырыбы: «Буын» Мақсаты:

Тәрбиелік: Сөз буыннан,буын дауысты дыбыстардан құралатынын түсіндіру

Білімділік: Балаларға буын туралы түсінік беру,сөздерді буынға бөлуге үйрету

Дамытушылық:

Танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,көрсету, ойындар.

Көрнекілігі: Дидактикалық ойындар, үлестірмелі материалдар,В.Воскобовичтің «Аққала»ойын құралы, айна, дауысты,дауыссыз дыбыстарға арналған таяқша белгілері,видиопроектор.

Барысы:

Балалар ,келген қонақтармен амандасайық

-Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті,

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой,

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздерме.

-Балалар,біз осы уақытқа дейін сауат ашу оқу қызметінде қандай тақырыптармен таныстық кім айтады.

Ханшайым:

-Дыбыстар туралы өттік,Біз дыбыстарды айтамыз,құлақпен естиміз,дыбыстар дауысты,дауыссыз болып екіге бөлінеді.Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен,,дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.Дыбыстарды әріптермен танбалаймыз.

-Дауысты дыбыстар созылып,дауыссыз дыбыстар қысқа айтылады.

Тәрбиеші:

-Жарайсын Ханшайым.Осы дыбыстарға арнап мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Ал сендер ойын ойынағыларын келеме.?

Олай болса алдарыңдағы қызыл түс пен көк түсі бар таяқшаны пайдаланамыз

Дауысты дыбыс естісек қызыл түстіні, дауыссыз дыбысты естісек көк түстіні көтереміз.

А. С. Р.О. М. Ә.Т

-Жарайсындар,балалар.

-Абылайхан сен айта ғой,сөйлем деген нені білдіреді?

Абылайхан:

-Сөйлем аяқталған ойыды білдіреді.

Мысалы: Гүл-десек ,ол бір ғана сөз. Ал, Аулада әдемі гулдер бар -десек,ол бір аяқталған ойды білдіреді.

Сөйлем бас әріппен жазылады,соныңда нүкте қойылады.

-Жарайсын,тағы кім айтады?

Иса:

-Біз сөз туралы өттік.Сөз бір зат туралы ұғымды білдіреді.

Мысалыға: Машина-бұл ойыншықты білдіреді.Сөз дыбыстардан құралады.

Тәрбиеші:

-Өте тамаша балалар.Сендер өткен тақырыптарды жақсы меңгеріп алыпсыңдар.

-Енді бүгін біз сендермен «Буын туралы»танысып білеміз.

Яғни бүгінгі тақырыбымыз «Буын»

Бугінгі оқу қызметімізді ойын түрінде өтеміз.

-Балалар, «Буын дегеніміз»- Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады,Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды,дауысты дыбыссыз буын болмайды.Дауысты дыбыстың өзі де буын бола алады.

(Видио проектордан көрсету)

-Балалар ,мынау ненің суреті

-Алманың суреті.

-«Алма»сөзінде неше дыбыс бар?

-Мен алма сөзін неше бөлікке бөліп айтамын мухият тыңдаңдар.

-Ал-ма,бірінші бөлігі «Ал»буыны, екіншісі «ма» бөлігі.осы бөліктерді буын деп атаймыз.

-Алма сөзі неше буыннан тұрады екен? Қәне бәріміз атап айтайық.

Екі буыннан,Біріншісі «Ал»,екіншісі «ма»

(Тақтадан бірнеше суреттер көрсетіп,буынға бөліп айтқызу)

-Балалар,кәні тағыда ойын ойынап көрейік.

2.«Жұмбақ арқылы сөздердің үйқасын табу.»

Тапқан сөзді буынға бөлу.

1.Орнынан орынға ауысқан,ұшқалақ қара ала...(сауысқан) 3буын

2.Бәрі бірдей жұмысқа ,шығады не ...(Құмырсқа)3буын

3.Судан ол қорқады,бүдан кір қорқады.(Сабын)

4.Ийілсен иіліп,түйілсен түйіліп,қарайды кісіге,ұқыпты ісіне(айна)

Жарайсындар балалар.

Әрі қарай жұмысымызды үстел үстінде тұрған құралдармен жүмыс жасайықшы.

-Балалар, үстел үстінде алдарыңда В.Воскобовичтің «Аққала» ойын қуралын пайдаланып ,1 ден -4 ке дейінгі сандар реттілігімен жіп арқылы байланыстырамыз. («қала»сөзін жазу,буынға бөлі.)

Сергіту сәті:

Жел улейді у-у-у

Құйын келіп билейді Зу-зу-зу

Шыдай алмай жапырақтар ох-ох-ох

Билеп кетті қалтырап пах-пах-пах.

2.Балалар,келісі ойынымыз «Сөздерді буынға бөл»

Сөздерде неше буын бар екенін сызбамен көрсет.Заттың атауларын буынға бөліп айтыныз

(Нанның суреті)

(Жұлдыз суреті)

(Машина сурет)

(Түлкінің суреті)

(Сәбіз суреті)

Балалар, кәнекей қолымызға айнаны алып тіл ұстарту жаттығуын орындап жіберейік.

Тіл ұстарту жаттығуы

Ер-Ер-Ер,қасиетті жер,

Лау-лау-лау,лапылдайды алау.

Ға-ға-ға,атқа тақты таға,

Іс-іс-іс,түсіп қалды тіс

Жарайсындар.

Балалар, біздің алдымызда тағы бір ойын бар,

Бұл ойын «Сан арқылы сөз құра» деп аталады.

Алдарымызда жатқан сандарды ретімен орналастырып шыққан сөзді буынға бөлеміз және сөйлем құрастырамыз.

Яғни сандар арқылы суретті құрастырып ,буынға бөліп айту, сөйлем құрастыру.

Мысалы: А-та 2буын,Менің атам зейнеткер.

Тақтамен жұмыс: Ребус шешу?

Ай суреті+Гүл суреті

Қорытыңды :

-Жарайсыңдар ,балалар,өте тамаша.

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Балалар:

-Сөздерді буынға бөліп үйрендік.

Тәрбиеші:

-Буын дегеніміз не,кім айтады?

Балалар:

-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.

Жарайсындар.

-Балалар оқу қызметімізді «Бір буынды сөздер»ойынымен аяқтайық.

Мен әріптерді айтамын,сендер бір буынды сөздерді атап шығыңдар.

Бұзау «М»-ны «Ө»ге қосып не дейді? «Мө» дейді

Бота «Б»-ны «Ө»ге қосып не дейді? «Бө»дейді

Қозы «М»-ны «Е»ге қосып не деді? «Ме»дейді.

Ал сендер «А»ны , «На»-ға қосып не дейсіндер? «Ана» дейміз!

-Жарайсыңдар,енді келген қонақтармен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық

Достық әнің салайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2020
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі