Материалдар / Ашық оқу қызметі "Достық әлеміне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық оқу қызметі "Достық әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топ тәрбиешілеріне арналған ашық оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
989
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың атқырыбы: Достық әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:

  1. «Достық» құндылығы туралы түсінік беру, достық туралы жақсы пікір қалыптастыру.

  2. Оқушылар бойындағы сүйіспеншілік түсініктерін кеңейту, ой- пікірлерін кеңейту.

  3. Достықты қадірлей білуге тәрбелеу, адал дос таба білуге баулу, жан- жануармен достық қарым- қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: достық туралы нақыл сөздер, слайд.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық:

«Өзін- өзі тану» бар жақсылық ұясы,

Адалдық пен адамдықтың мұнар атқан аясы.

Кең әлемді шаттық нұрға орайтын,

Ақ жүректің, пәк тілектің аясы.

  1. Жаңа сабақ:

Балалар, біз қазір достық әлеміне саяхатқа барамыз. Ол жаққа біз кемемен барамыз. Қане бәріміз кемеге отырайық. Қазір мен бір дегенде сендер жалғыз өздерің қалған кездегі сезімдеріңді қимылмен көрсетесіңдер. Ал екі дегенде, екі- екіден құшақтасып тұра қалыңдар. Суға адам түсіп кетті дегенде, екі бала бір баланы ортаға алып қол ұстасып тұрады. Бес дегенде бес- бестен тұра қалады. Он дегенде барлығы бірінің артынан бірі тұра қалып біреуі капитанның рөлінде болады.

Мұғалім:Достық-Өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да

басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос- жарансыз өмірді қаламақ емес. (Аристотель) .

  • Ия, бұл сөздің астары зор, кең мағыналы.

  • Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зло маңызына байланысты екені даусыз.

  • «Шын дос үшін қалайда

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда

Досың менен қасыңды». Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар» әнін тыңдайық.

  • Мұғалім:Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.

  • Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон

«Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.

  • Достық- Адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

  • Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен:

«Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».

Мұғалім: жақсы, енді достық туралы ойларыңды білейік.

  • Қандай адам досқа лайық?

  • Дос қандай болуы керек?


жан достар   қыз бен ұл бала

ана мен бала арсындағы бостық

Мұғалім: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.

Мұғалім: Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.

1 – көрініс

Айжанның етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.

  • Айжан, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба

  • Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.

  • Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр

  • Мамаң ұрыспай ма?

  • Мамама түсіндіріп айтамын ғой.

  • Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді

Мұғалім:

-Достың ұлы ерлігі- досқа өзіміздің кемшіліктерімізді көрсету емес, қайта оның өз кемшіліктерін өзіне көрсету. Ф. Ларошфуко

- Жаман дос- көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың. Абай

- Мен туралы шындықты дос айтпаса, маған кім айтады, ал өзің туралы шындықты өзгелерден тыңдау- қажет- ақ. В. Г. Белинский

Мұғалім: Достық туралы мақал- мәтелдер.

1.Жолдасы жаманда жау алады.

2. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

- Сендер тағы да қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

Мұғалім: Халықта: «Досыңнан тап!» - деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос-дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», - деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.

  1. Сабақты қорытындылау:

  • Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарта, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», - демес еді.

  • Достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі – ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» - деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді. Сендер де өз достарыңды қадірлеу, мақтан тұта біліңдер.

  • Мен осы сабағымды мына өлең жолдарымен аяқтағым келед

Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,

Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.

Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,

Әлде кімге көңілің бір мұздаса.


Жамандыққа бастырмайды қаққылап,

Жолдас үшін басыңды бер,жат құлап.

Жақын өлсен тағы солар жүргені,

Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.



Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,

Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.

Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,

Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.


Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,

Жеңілірек көтересің қазаны.

Содан шығар,

Адам бірге өмірге

Жолдасыменен туады екен ғажабы

















































Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Өзін - өзі тану.

Тақырыбы: Достық неден басталады

Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету.

Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу..

Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.

Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.

Шаттық шеңбер

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым!

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.

Балалар: Сәлеметсіз бе.

Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын.

Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.

Әңгімелесу

Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін - өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады.

Балалар: Бұл суреттен бір - біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз.

Біз осы «Өзін - өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір - бірімізбен достасуды үйренеміз.

Тәрбиеші: Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар: Достар бір - бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір – бірімізбен доспыз.

Әңгімелеу

В. Осееваның «Үш жолдас» әңгімесі.

Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?

Балалар: Үшінші бала нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.

Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?

Балалар: Мен досыма қолымдағы асымды берер едім. Бөліп беремін.

Ойын. «Менің досым»

Тәрбиеші: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?

Балалар: Менің досым ренжітпейді

Менің досым алдамайды.

Мен досыммен бірге ойнаймын.

Дәптермен жұмыс.

Тәрбиеші: Балалар барлығымыздың достарымыз бар. Олар сүйкімді, мейірімді, қайырымды.. Өз достарыңды естеріңе түсіріп, суретін салып көреміз. Содан кейін суретке қарап, достарың жайлы әңгімелеп береміз.

Сергіту сәті

(Қимыл - қозғалыспен көрсету.)

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір.

Бұрыламыз оңға бір

Біз мейірімді баламыз.

Біздер тату боламыз

Гүл – гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз.

Ғажайып сөздер.

Тәрбиеші: Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Достар тату, мейірімді болады.

Достар бір-біріне көмектеседі.

Қорытындылау

Тәрбиеші: Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымыз үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір - біріне көмектеседі. Достарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір - бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.

Тәрбиеші; Балалар достар қандай болу керек?

Балалар: Адал, тату, мейірімді, қамқор.

Балабақшада бір - бірімізбен доспыз. Ренжітпейміз. Бірге ойнаймыз.

Жүректен - жүрекке.

Тәрбиеші балаларға шеңбер жасайды. Бір - біріне тілектерін айтады. Өз достарының қандай екенін айтып шығады.

Менің досым батыр болса деймін.

Менің досым әдемі өтірік айтпаса екен деймін.

Менің досым әдемі қыз болсын.

Менің досым суретші болса екен деймін.

Менің досым мұғалім болғысы келеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!