ашық оқу қызметі «ХХІ – ғасыр көшбасшысы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық оқу қызметі «ХХІ – ғасыр көшбасшысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық оқу іс – әрекеті

Тақырыбы: «ХХІ – ғасыр көшбасшысы»

Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғым

Қоршаған ортамен таныстыру

Сурет салу

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, білімділігін, тіл байлықтарын дамыту, жарыста өздерін еркін ұстауға, ойын ашық айта білуге, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Міндеті: Балалардың алған білімдерін бекіту, жетілдіру. Әр тапсырманы қызығушылықпен орындауға баулу. Ойын кезінде достаса, топтаса бірігіп, тапсырма орындауға баулу.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап , мультимедиялық оқыту технологиясы.

Құрал – жабдықтар: Интерактивтік тақта, жүрекше, эмблемалар, ақ қағаз,

түрлі – түсті фломастерлер, 3,4,5 баға көрсеткіштері.

Сөздік жұмыс : алма, ағаш, түлкі, балық, қоян, тауық, балапан.

Билингвизмдік компонент: Алма – яблоко, ағаш – дерево, түлкі – лиса, қоян – заяц, балық – рыба, тауық – курица, балапан – цыпленок.

Инклюзивті әлеумет: Қиындыққа ұшыраған балалармен жұмыс.

Оқу іс – әрекеті

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс -әрекеті

Мотивациялық қозғалыс





- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

- Балалар сендердің көңіл күйлерін қалай?


- Ал , ендеше өзіміздің көтеріңкі көңіл күйімізбен бір – бірімізбен бөлісейік. «Жүректен - жүрекке» жаттығуы арқылы бір – бірімізге ізгі тілектер білдірейік.

- Сәлеметсіз бе?


- Жақсы


Балалар бір – біріне жүрекшені ұсына отырып, жылы лебіздерін білдіреді.

Ізденуші-ұйымдастырушы

- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі біздің оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «ХХІ – ғасыр көшбасшысы». «Көшбасшы» болуға дайынбыз ба?

Эмблемаларды таратып, балаларды топтарға бөліп отырғызамын. Топтармен әділқазылар алқасымен таныстырамын.

- Ал, балалар ойын

IV бөлімнен тұрады.

І. «Бәйге»

ІІ. «Ойна да, ойла»

ІІІ. «Тапқырлық»

IV. «Жорға»

- Ал , бәйге кезінде 9 ұяшықтағы түрлі – түсті пішіндерді таңдай отыра сұрақтарға жауап беру.

1. Шалқан ертегісіндегі кейіпкерді ата.

2. Тігіншіге қандай заттар қажет?

3. Өзің келіп жүрген балабақша қалай аталады?

4. Жыл мезгілдерін ата.

5. Жапырақ қай мезгілде сарғаяды?

6. Үй жануарларын ата.

7. Жемістерді ата.

8. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

9. Шеңберде бұрыш бар ма?

ІІ. «Ойна да, ойла»

Балаларға логикалық сұрақтар қою.

1. Алаңда емен ағашы өсіп тұр.Еменде барлығы неше алма бар?

Алма – яблоко, ағаш – дерево

2. Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян, балық, түлкі дайындалыпты . Осы жарыста балық нешінші болып келді деп ойлайсыңдар?

Қоян – заяц, балық – рыба, түлкі – лиса.

3. Тауықтың 2 ақ балапаны және 1 сары балапаны бар? Тауықта барлығы неше балапан бар?

Тауық – курица, балапан – цыпленок.


- Ал, балалар, шаршаған шығармыз. Сергіту сәтін жасап біраз демалып алайық.

Сергіту сәті.


ІІІ. «Тапқырлық»

Балалар топпен «Табиғат аясы» тақырыбына сурет салу.


IV. «Жорға»

«Бейнесұраққа» жауап беру.

Видеоролик арқылы әже балаларға жұмбақ жасырады.

1. Еліміздің тірегі

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін

Қане кім біледі?


2. Көк аспанның түсі бар,

Ортасында күні бар.

Қыран ұшқан қалықтап,

Кімнің туы, біліп ал!


3. «Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы».

Айтатын әнұран

Қай елдің баласы.


Жарайсыңдар балалар. Сендерге бүгінгі оқу іс – әрекеті ұнады ма?

- Ал, ендеше әділқазылар алқасына кезек берейік.





- Иә, дайынбыз.












Топтар ұяшық таңдап, ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді.















Еменде алма өспейді.



























- Астана



- Қазақстан Республикасының туы.




- Қазақ елінің баласы.



- Иә.

Рефлексивті -түзетуші

Әділқазылар алқасы балалардың жауаптарын, белсенділіктерін талдап, мақтау қағазын таратады.

Балалардың бойында қуаныш сезімі қалыптасады.


Күтілетін нәтижелер:

Не білді: Топта жұмыс істеуді білді.

Не алды: Өз ойларын еркін жеткізе алды.

Не істей алды: Сұрақтарға еркін жауап бере алды.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2018
367
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі