Ашық оқу қызметі: "Жануарлар әлеміне саяхат" МАД тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі: "Жануарлар әлеміне саяхат" МАД тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Жануарлар әлемі туралы түсінік беру, жануарлардың табиғаттағы рөлі зор екенін айту; сұрақ жауаптар арқылы балалардың ой өрісін, зейіндерін дамыту; қоршаған ортаны сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КМҚК «№144 БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ»

«Жануарлар әлеміне саяхат»
МАД «Балауса» тобы
Ашық оқу қызметі

Тәрбиеші: Калибекова Г.М..

2021-2022 оқу жылы

Білім беру салалары: «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеумет»
Бөлімдері: «Сөйлеуді дамыту», «Мүсіндеу», «Қоршаған ортамен
таныстыру».
Тақырыбы: «Жануарлар әлеміне саяхат»
Мақсаты: Жануарлар әлемі туралы түсінік беру, жануарлардың табиғаттағы
рөлі зор екенін айту; сұрақ жауаптар арқылы балалардың ой өрісін,
зейіндерін дамыту; қоршаған ортаны сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Балалардың сөздік қорына "жабайы табиғат", "жануарлар",
"тіршілік ету" сияқты сөз тіркестерін қосу күн тәртібіне байланысты "мекен
ету", "жануарлар мекені", "құрлықтағы көлік түрлері" сияқты сөздерді
айтқызып, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, мнемотехника
Тәрбиеші: Балалар қонақтармен амандасып алайық. (Шаттық шеңбер
орындалады)
Көрнекіліктер: Көңілді әуен жазбасы. Ырғақты, темпі орташа әуен
жазбасы. Жабайы және үй жануарларының суреттері Жануарларға қатысты
жеке жеке көрнекілік суреттері: жабайы және үй жануарларының суреттері,
табиғи заттар. Ғажайып сәттің көрнекілік кестесі. Үлестірмелі материалдар.
Әрбір балаға дидактикалық ойын "Көлеңкесінен таны", ақ қағаз, тұзды
қамыр, жануарлар ойыншығы.
Шаттық шеңбері.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді көңілмен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Тәрбиеші: - Балалар, мында қараңдаршы ненің ізі? - Балабақшаға біз
келгенше біреулер болған сияқты. Ол қандай қонақ екенқарсы алайық.
Аңшы кіреді:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен жануарларды іздеп жүр едім. Сендер
жануарларды ізінен тани аласыңдар ма? Ненің ізі? Қалай ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары. - Иә, аңдардың іздері секілді, мүмкін біз жоқта
келіп, біз топта болмаған соң мұңайып қайтып кеткен болар.
Балалар, , олай болса, тілімізді жаттықтырып алайық. Тілімізді
жаттықтыруға арналған тіл дамыту жаттығулары:
Ян - ян - секендеген ақ қоян,
Ю - ю - ю - қорбандаған аю
Кі - кі - кі – бұл айлакер түлкі
Қыр - қыр - қыр - бұл көкжал қасқыр
Балаларға жануарлар әлемі туралы бейнеролик көрсетіледі.
- Жануарлар қалай бөлінеді?
Иә, жануарлар жабайы және үй жануарлары болып бөлінеді.
- Жабайы жануарлар мен үй жануарлардың қандай айырмашылығы бар? Иә.
Жабайы жануарлар орманда болады, ал үй жануарлары үй жанында мекен
етеді.
- Жануарлар бір-біріне ұқсайды ма? Жоқ, ұқсамайды екен.

- Балалар, қандай мезгіл жақындап қалды? Иә. Қыс мезгілі.
- Ал қыста қандай жануарлар ұйқыға кетеді? Иә. Аю, тиын. Жарайсыңдар! Жабайы жануарлар қайда мекен етеді? Иә, жабайы жануарлар орманда,
далада мекен етеді.
- Жабайы жануарлар қалай қоректенеді? Иә, жабайы жануарлар далада
шөппен, аң-құстармен қоректенеді.
Дидактикалық ойын: «Аңдарды тап?» - Текшені ортаға лақтырып, қай аң
түссе сол аң туралы айтуды ұсынады.
- Бірінші қай аң түсті? Тиін -Тиін қыс мезгіліне қалай дайындалады? Ол өзіне
ағаштан қуыс тауып алады да саңырауқұлақтар, жаңғақтарды сонда
жинайды. - Оған ағаштан ағашқа секіруге не көмектеседі? Ағаштан ағашқа
секіруге аяқтары көмектеседі. - Тиін туралы қандай тақпақ білеміз? Білетін
тақпақтарын айтады.
- Тағы да текшені лақтырайық. - Не түсті? Қоян. - Ал қоян қысқа қалай
дайындалады? Қоян - жабайы аң. Қоян жүнін аққа ауыстырады, ағаштардың
бұтақтарының қабығын жейді. - Не үшін ол түсін өзгертеді? Басқа жыртқыш
аңдар оны жеп қоймау үшін. - Балалар, біздің қоян өзінің жүнінің түсін
ауыстырмапты. Енді оны жыртқыш аңдар байқап қоятын болды ғой.
Алдыларындағы ақ қағазға ақ қоянның және сұр қоянның сұлбасын салып
салыстыруды ұсынады.
- Қардың түсі қандай? Қардың түсі ақ. - Олай болса ақ қағазды алыңдар.
Енді оның үстіне ақ қоянның және сұр қоянның сұлбасын қойып
салыстырыңдар. Қорытынды: ақ түстен ақ көрінбейді, сұр түс көрінеді. Қоян туралы қандай тақпақ білеміз? Қоян туралы білетін тақпақтарын
айтады. - Қоянның баласын қалай атайды? - Қоянның баласы көжек
. - Тағы да текшені лақтырайық. – Қандай аң түсті ? Түлкі. -Түлкі қысқа
қалай дайындалады? Түлкі-жабайы аң. Түлкі аң аулайды, мұрны иісшіл, көзі
қырағы, құлағы жақсы естиді, інде тұрады. - Ол қандай аң? Ол өте қу. -Түлкі
туралы кім тақпақ біледі? Білген тақпақтарын айтады. -Түлкінің баласын
қалай атайды? Түлкінің баласы мыршай. - Тағы текшені лақтырайық.
- Қай аң түсті? Қасқыр - Қасқыр неге ұқсайды? Қасқыр - итке ұқсайды. Қасқыр қысқа қалай дайындалады? Қасқыр да аң аулайды, көшпенді өмір
сүреді, тісі өткір, қорқынышты. - Қасқырдың баласын қалай атайды?
Қасқырдың баласы - бөлтірік.
- Тағы текшені лақтырайық. -Келесі аң қай аң? Аю - Қыс мезгіліне аю қалай
дайындалады? Өйткені аю күз бойы жеген азығын денесіне май қылып
жинап алады да ұйқыға кетеді. - Аю қайда ұйықтайды? Аю апанда
ұйықтайды.
- Тағы текшені лақтырайық. - Ақырғы қай аң түсті? Кірпі - Кірпі қысқа қалай
дайындалады? Кірпі қыста ұйқыға кетеді.
Сергіту сәті. - Балалар, орнымыздан тұрып, бір серігіп алайық!
Біз орманға барайық,
Жан - жағымызға қарайық
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап

Түлкі шықты майысып
Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар, балалар
Қарап - қарап алыңдар
Сергіту сәті кезінде педагог өз дауысын барынша естілетіндей шығарып,
сергіту сәтінің жолдарын нақтылы, тартымды мәнерде айтуға міндетті.
Дидактикалық ойын: «Көлеңкесінен таны» Суреттегі аңдарды көлеңкесінен
танып, сызық арқылы қосуды ұсынады.
Мнемокестелермен сөздік жұмысы. Педагог көрсеткішпен мнемокестеге
назар аудартады. Мнемокесте көмегімен бала өзінің ойындағы бір аңның
атауын атамай, сипаттап жасырады. Келесі бала қай аң екендігін табу қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ Оқу қызметін пысықтау, балалардың іс-әрекетін бағалау. Балалар, бүгін сендер үшін не қызықты болды? - Жабайы жануарлары мен
үй жануарларының айырмашылығын атайықшы? - Жабайы жануарларға
қандай жануарлар жатады? - Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Жабайы жануарлары қайда мекендейді? -Үй жануарлары қайда мекендейді? Бізге қонаққа кім келді? Егер балалар бірден жауаптарды таппай жатса,
алғашқы уақыттарда педагог өзі жауап үлгісін айтып, балаларға қайталатады.
Контексті ұқсас сұрақтар қойылған сайын, балаларды жауап беруде көптеген
үлгілер мен нұсқалар пайда болады, сөздік қорының молаюына қолайды
жағдайлар туындайды. - Балалар, бүгін сендер, әңгімеде айтылғандай, өте
зерек, ұйымшыл, тәртіпті де бола білдіңдер. Келешекте біз көптеген
ойындарға, ойындар үстінде ізденімпаз, тапқыр, ұғымтал болып, көптеген
ертегілерді тыңдап әңгіме құрастыруды үйренеміз. Оқу қызметіміз аяқталды.
Жарайсыңдар.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
25.04.2022
568
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі