Қызылорда
облысы
Қазалы
ауданы
Әйтеке би
кенті
№7 «Балдырған»
санаториялық-бөбекжай балабақшасы
Садыкова Жадыра
Сайлаубаевна
Білім беру саласы:
Таным
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Жаратылыстану Тақырыбы: Еліміздің ірі
қалалары
Мақсаты:Балаларға Қазақстанның ірі қалалары және жергілікті
қала туралы мағлұмат беру,
еліміздің орталық қалаларының
атауларын дұрыс атап, үлкен қалалардағы ғимараттар көрнекті
жерлерімен таныстыру. Еліміздің ірі қалалары туралы білімдерін
кеңейту, мақтаныш сезімін ұялату, сөздік қорларын
байыту, туғанжерін, табиғатын аялап,
сүйе білуге баулу. Мнемокесте арқылы әңгіме құрастырып ой-қиядарын
дамыту. Геоконт құралыменжұмыс жасауды одан әрі
жалғастыру.
Көрнекілігі:Астана, Алматы,
Қызылорда қалаларының суреттері,
қазақстан картасы, АКТ слайд,
проектор.
Пәнаралық
байланыс:Тіл дамыту, Құрастыру,
Музыка
-
Мотивациялық
қозғаушы:
Бір біріне сәттілік
тілеу
Басымызды сипаймыз, жақсы
ойлау үшін
Құлағымызды сипаймыз, жақсы
есту үшін
Көзімізді сипаймыз, жақсы көру
үшін
Алақанымызды сипаймыз,
бір-бірімізбен амандасу үшін
Балалар қимылдар
жасайды.
Балалар бүгін бізге
бейбітшілік құсы «Ақ көгершін» ұшып келіпті не
істейміз?
Ақ көгершін бізге бір хат
әкеліпті, қане оқып көрейік.
Хат: Сәлеметсіздерме балалар,
мен сендердей балалардың болғанына қуаныштымын, сендер жақын биыл
мектепке барасыңдар, сендер көп біліп, көп үйренулерің керек
сондықтан мен сендерді Еліміздің ірі қалаларын көруге саяхатқа
шақырамын. ( Мұқият тыңдап
отырады.)
Іздену-
ұйымдастырушы:
көргілерің келеді
ма?
-Онда біз ғаламтор арқылы
Еліміздің ірі қалаларына саяхат
жасайық.
Билингвалды
компонент:
Ғаламтор дегеніміз – орыс
тілінде интернет деп аталады.
Саяхат-
путешествие,
Қала –
город,
Ғаламтор –
интернет Саяхат-путешествие, Қала –
город, қайталайды
1-слайд: Қызылорда облысы туралы
мәлімет
Қызылорда қаласы бұл еліміздің
ең бірінші астанасы болған. Қаламыз өте әдемі көрікті жерлері көп
екен.Қызылордада көптеген оқу орындары бар біздің аға – апаларымыз
сол оқу орындарынан білім алып шығады, Облысымыз күріш өсірумен
айналысып, тұз шығарады. Біздің облысымызда «Ғарыш айлағы» бар,
одан не ұшырылады?
-Дұрыс айтасыңдар, зымыран
ұшып барып айды жұлдыздарды зерттейді екен. Сонымен бірге біздің
Қызылорда облысында барлық қалаларға үшатын әуежай бар. Біз әрқашан
өзіміз тұратын Қызылорда облысы туралы мақтанып
жүреміз.
2слайд: Алматы туралы
мағлұмат
-Ал енді Еліміздің екінші
астанасы болған Алматы қаласына да келіп
жеттік.
Алматы - Қазақстанның ең үлкен
қаласы, бұл қалада алма көп өскендіктен Алматы аталған. Алматы
қаласы өте үлкен әдемі ғимараттар көп
қала. Қалада жоғарғы оқу орындары, театрлар,
мұражайлар, саябақтар бар.
Қаланың ерекшелігі «Мұз
айдыны» бар.
-Мұз айдынында не
істейміз?
-Біз конькиді қай кезде
тебеміз?
Ал Алматыда «Мұз айдыны» қысы
– жазы жұмыс жасап тұрады екен.
Жаз мезгілінде де сырғанап
коньки тебуімізге болады екен.
Және «Көк төбе» деген жер бар,
онда арқан бойымен жүретін аспалы жолдары бар сол жолдармен қаланың
үстімен жүріп қыдыруға болады.
Балалар сендер басқа қалаларға
бару үшін немен барасыңдар?
Дұрыс айтасыңдар поездбен
барамыз. Ал Алматы қаласында жер асты жолдары бар екен. Оны «Метро»
деп атайды Онда жер асты поезы жүреді. Алматы қаласы туралы қандай
тақпақ білесіңдер?
3-слайд: Астана туралы
мағлұмат
Балалар біздің бас қаламыз қай
қала?
Ендеше біз қазір Астанаға да
келіп жеттік.
Астана қаласы Есіл өзенінің
жағасында орналасқан , жылдан - жылға көркейіп бүкіл дүние жүзі
таныған мемлекетіміздің мақтанышы. Елордамызды әрдайым мақтан
тұтайық!
- Бәйтерек» - бас қаламыздың
символы, ол өте биік орналасқан, онда адамдар барып жоғарыға шығып
Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы бар оған адамдар өз
қолдарын қойып тілек тілейді.
Сонымен бірге Биік-биік зәулім
ғимараттары, кең түзу даңғылдары мен көшелері көздің жауын
алады.
Міне Бііздің Елбасымыз
отыратын Ақорда,
Балалар сендер үшін өте
керемет жер «Думан» орталығы бар. Бұл думанда судың ішінде
жүргендей сезінеміз себебі: айналаның бәрі су, балықтар жүзіп
жүреді. Т.б айтылады.
Астана туралы тақпақ
айту: Астана арман
қала
Бағы бір жанған
қала
Тұрады жап-жас
болып,
Мен үлкен
болғандада
-
Балалар сендерге Еліміздегі
ірі қалалар ұнады ма?
-
Осы қалаларға барғыларың
келеді ма?
-
Ал бізідің тұратын жеріміз
қалай аталады?
-
Қазалы ауданы, Әйтеке би
кенті.
-
Қазалы ауданы, Әйтеке би
кенті.
-
Дұрыс айтасыңдар, біз Қазалы
ауданы, Әйтеке би кентінде тұрамыз. Біздің ауылымыз да күннен күнге
көркейіп әдемі қала болып келе жатыр. (көрнекті жерлерді
көрсету)
Туған жер туралы тақпақ
айту
Сергіту
сәті: «Туған жер» әнін
айту Әнге сәйкес қимылдар
жасайды.
Мнемокестемен әңгіме құрау
«Мен армандаған қала» Сурет бойынша әңгіме құрап
айтады
Бала
жұмысы: Геоконт құралымен
Тәуелсіздік белгісі немесе Бәйтеректі
жасау. Резеңкелерді қолдана отырып өз
қалауларын жасайды
Тамаша, жарайсыңдар
балалар!
Рефлексивті
коррекциялау:
Бүгін біз сендермен Еліміздің
ірі қалаларына саяхатқа шықтық
- Қазақстанның қандай ірі
қалаларымен таныстық? Астана, Алматы,
Қызылорда
-Астана қаласында қандай әдемі
ғимараттар бар?
-
Бәйтерек, Ақ орда
т.б
–Алматы қаласында қандай жерлер
бар?
-Медеу мұз айдыны, көк төбе,
метро т.б
–Қызылорда қаласы туралы не
айтасыңдар
-Зымыран ұшады, күріш егеді
т.б
–Бұл қалалар сендерге ұнады
ма?
-
Ия
ұнады.
-Балалар бізге деген көгершіннің сыйлықтары
бар екен» деп суреттерді үстел үстіне қояды. (Кішкентай
көгершіндер)
Егерде кім бүгінгі еліміздің қалалары туралы
түсіндім деп ойласа осы сыйлықтарды келіп
алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметін
қорыту.
Күтілетін
нәтиже:
Жаңғыртады: Еліміздің басты қалаларымен
танысып, көрікті жерлерін
суреттен көреді, көріністі
сипаттайды. Мнемокестемен әңгіме
құрайды.
Түсінеді: Еліміздің басты қалаларының
маңызын біледі
Қолданады: Қала туралы мәліметтерді,
қалаларды сурет бойынша әңгімелейді