Ашық оқу қызметі "Отан менің ата-анам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Отан менің ата-анам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша музыка жетекшілері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Бекітемін:

«Шаттық» бөбекжайының әдіскері: ___________ Капезова Г.Н


Уақыты: 17.11.2016 ж

Тобы: «Ботақан» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық,

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: Музыка

Тақырыбы: «Менің Отаным»

Мақсаты: Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге баулу. Алдын-ала қалалар, туған жер, ауыл туралы әңгімелеу.

Кіріктірілген сабақ: «Коммуникация» Сөйлеуді дамыту

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Отан туралы түсінік беру.

Қажетті көрнекі құралдар: Үнтаспа, слайд көрсету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, үйрету, түсіндіру

Үштілділік: Отан-родина- republic, туған жер- родной край-motherland

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық




«Марш» әуенін ойнатып, балаларға әуен екпінін сезіне жүруді ұсынады.

Бір, екі, үш!

Бойға жинап күш

Шынығамыз таңертең

Ағалардай Отанға

Ұлан балам мен ертең!

Тізені жоғары көтере нық басып, арқаларын түзу ұстауларын қадағалайды.

Сәламат па балалар?

Әуен екпінімен нық басып,ырғақты сезіне жүруге талпынады.



Тізелерін көтере, мақтанышпен жүріп, өлең жолдарын қосыла айтады.




Сәламатсыз ба!

Ұйымдастырушы-ізденушілік

Балаларға түрлі түсті жалаушалар береді.

«Жалаушамен би» орындалып, би қимылдарын көрсетеді. Жалаушаны бірдей қозғап, бірге қозғауларын бақылайды.

«Марш» қайта ойналып, балаларға әуен екпінімен жүруді ұсынады.

Маршпен адымдап жүреміз,

Ержетіп, өсіп келеміз!-деп марш екпінімен жүріп, орындықтарға отыруларын сұрайды.

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайқалған жомарт даласы

Ел-Отан біздің кең-байтақ

Отанның біздер баласы.

(Қ.Шаңғытбаев)

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қай елді мекенде тұрамыз?



Мемлекеттік тіліміз қандай?

Елбасымыз кім?


Біз қандай мемлекетпіз?

Ал енді балалар сендер рәміздерді білесіздер ме?

Ендеше мына суреттен қандай рәмізді көріп тұрсыздар?

Жарайсыңдар, балалар!

Ендеше орынымыздан тұрып, әнұранды шырқап жіберейік.

Қалалардың, еліміздің сұлу табиғатын бейнелейтін суреттерді көрсетеді.

Балаларды суретке қарап әңгімелеуге, ойларын толық жеткізуге дағдыландырады.

Балалардан Отан, туған жер туралы білетін өлеңдерін сұрап, белсене қатысқан балаларды мақтайды.

Отан –менің ата-анам,

Отан-досым,бауырым.

Отан-өлем,астанам,

Отан-туған ауылым!

(С.Оспанов)

-Кең-байтақ Отанымыз туралы ақын ағаларымыз осылай жырлайды.

Сөздік жұмыс:

Отан-родина- republic,

туған жер- родной край-motherland

Ән тыңдау: «Отан-ортақ үйіміз»

-Бұл әннің көңіл күйі қандай?

-Ән мазмұнында не туралы айтылады?

-Сен өз Отаныңды жақсы көресің бе?-деген сұрақтар қою арқылы балалардың Отан туралы түсінік-ұғымын кеңейте түседі.

Мақал-мәтел

Мнемотаблица арқылы мақал жаттау.

1.Отан- оттан да ыстық.

2.Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

3.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

4.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Дауысымыз әдемі,

Шықсын созыла

Әндетейік енді біз

Бірге қосыла!

Дауыс жаттығуы:

«Біз ән айтамыз,

Жақсы айтамыз». Дауыс ырғақтарына мән бере тыңдалады.

Ән үйрену: «Менің Отаным»

Әнді таныстырып, балалар композиторы Ө.Байділдаев туралы әңгімелейді,суретін көрсетеді.

(Мнемотаблица арқылы әнді жаттату)

Әнді орындап,сипатын, мәтінін әңгімелеуге ықпал етеді.

-Ән не туралы?

-Сендерге ән ұнады ма?

Бірге айтуды ұсынады.


Қысылып еш саспайық,

Қызық ойын бастайық!

Ойын: «Тақия тастамақ».

Ойым бар ойын бастамақ,

Аты оның - «Тақия тастамақ».

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Ым қағып жүрмесін қасқабақ.


Ортаға бір баланы бастаушы етіп сайлайды. Ойынның шартын түсіндіреді. Ойынды дұрыс орындауын қадағалайды.

Жалаушаларды ұстап, 4-5 қатарға тұрады.

Көрсетілген би қимылдарын қайталайды.

Жалаушаны желбірете жоғары көтереді, оңға, солға бұрылып, бірге қимылдауға тырысады. Марш екпінін сезіне жүреді.











Қазақстан Республикасында


Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жаңажол ауылы

Қазақ тілі

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәуелсіз

-ия


Ту, Елтаңба, Әнұран



Әнұран орындайды.

Суреттерге назар аударып,қызыға қарайды.

Өздері білетін қалалар немесе өзі туған ауыл, қала туралы әңгімелейді.




Балалар жатқа білетін тақпақ, өлеңдерін жарыса айтады,бір-біріне қошемет көрсетіп, қол шапалақтайды. Тақпақты қайталап айтады. Жаттауға талпынады. «Менің Отаным» атты слайдты немесе сурет көрмесін тамашалайды.





Отан-родина- republic,

туған жер- родной край-motherland




Әнді ықыласпен тыңдап, әсерленеді. Ән мазмұнын әңгімелеп беруге әрекеттенеді.

Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысады.






Суретті талдау арқылы мақалды жаттайды.








Дауыс жаттығуын бірге бастап,бірге аяқтап,дауыстарын соза әндетеді.

Терең тыныс алып, жаттығуды еркін айтуға дағдыланады.





Композитор Ө.Байділдаев туралы мағлұмат алады.

Әннің сипатын ажыратып,мазмұнын әңгімелейді.







Тез жүгіріп, ойында жеңімпаз атануға талпынады.

Балалар шеңбермен көздерін жұмып отырады. Бастаушы бала шеңберді айнала қолына тақия ұстап жүріп, өзі қалаған бір баланың артына тақияны тастап кетеді. Балалар көздерін ашып артына қарайды. Қай баланың артында тақия болса сол бала орнынан тұрып, бастаушы баланы қуады. Бастаушы бала қашып тұрған баланың орнына отырып қалуы керек. Егер ұсталып қалса айып ретінде өз өнерін көрсетеді.

Рефлексиялық -түзетушілік





Балаларға шеңбер бойымен жайғасып отыруды ұсынады.

-Туған жерің қандай?

-Қай ауылда тұрасың?

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Қазіргі көңіл күйлеріңіз қалай?

Ендеше мына жерден өздіріңізге ұнаған көңілді смайликтерді алып, мына жердегі Қазақстанның басты символы Бәйтерекке жапсырыңыздар.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Әдемі, көрікті.

Жаңажол




Жақсы

Өздеріне ұнаған көңіл күйді білдіретін смайликті алып бәйтерекке жапсырады.

Қызығушылықтары артып, көтеріңкі көңіл күймен қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Шығарманы сезіне тыңдап, әнді табиғи дауыспен орындай білуді.

Нені игереді: Әуен ырғағымен жалаушаларды ұстап билеуді,әнді әуенімен айтуды.

Нені меңгереді: Әнді тыңдап, мәтінін әңгімелеуді, ырғақпен қозғалуды.







МКҚК «Шаттық» бөбекжайы










Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Музыка

Тақырыбы: «Отан менің ата-анам»

Тобы: «Ботақан» ортаңғы тобы











Музыка жетекші: Капезова Гулдана Нурболатовна









2016 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.10.2018
1582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі