Материалдар / Ашық оқу қызметі "Құстар-біздің досымыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық оқу қызметі "Құстар-біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топ тәрбиешілеріне арналған ашық оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
425
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құстар біздің досымыз»

Мақсаты:

Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.

Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.

Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі Құстар суреті,

Билингвалдық компоненті: Құстар - птицы

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Шаттық шеңбері.

Нұр құшып әлемге

Арайлап таң атты

Жарқырап күніміз

Жер көкті оятты

Қайырлы таң, қайырлы күн!

- Балалар жылдың қай мезгілі?

- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

- Балалар сиқырлы баққа барғыларың келе ме?

Олай болса сиқырлы баққа барайық.

Балалар сап түзеп жүреді.

Біз келеміз адымдап

Жол ізімен арындап

1, 2, 3, 4

Қолды жоғары көтеріп

Биіктерге жетеміз

Үп - үлкен боп өсеміз.

Қолды жанға созамыз

Топ - топ етіп басамыз.

Алға қарай асамыз.

- Балалар міне сиқырлы баққа да келдік.

Қандай керемет бақ, балалар сендерге ұнайды ма?

Бақта нелер өсіп тұр?

(Музыка ойналып, тауыс құсы ұшып келеді.)

Тауыс құсы: Мен өз бағыма қонайын деп ұшып келсем, балалар келіп қалыпты ғой. Жарайды ендеше, менің сендерге қоятын шартым бар, орындасаңдар қонақ етемін, сыйлығымда бар.

1 – ші шартым: Сендер қандай құстарды білесіңдер?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, құстар екіге бөлінеді. Сендердің айтқан құстарың дала құстарына жатады. Ал үйлеріңде қандай құс бар?

Жұмбақ.

1.Мұстафа

2.Екі айыр құйрығы

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі/ қарлығаш/

2.Мерей

3.Ұзақ тектес құс,

Шіркей жеп.

Ауыл шаңынан,

Ұзап кетпес құс /қараторғай/

3.Каусар

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там тұмдап. \ қарға \

2- ші шарты: Құстар туралы тақпақ.

Аяла:

Мен торғаймын, торғаймын

Жерге бекер қонбаймын

Құрт - құмырсқа шіркейден

Ақ бидайды қорғаймын.

Талант:

Шыр - шыр еткен торғайды

Қорғамасақ болмайды

Кіп - кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

3 - ші шартым: Тыйым сөздер.

1. Құсты атпа

2. құстың жұмыртқасын жарма

3. құстың ұясын бұзба

4. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

4 - ші шартым: Д/О: «Қандай құстың дауысы»

Балалар енді сендер құстар туралы жақсырақ білу үшін орталықтарға бөлінейік.

І – орталық. Ғылыми - ізденіс. Белгісі құс.

Қараторғай. Түсі: қара. Көлемі: торғайдан сәл үлкендеу

Ұясы: адамдар жасаған үйшіктерге, ағаш қуыстарына, таулы, тастардың арасына салады. Жейтін қорегі: маса, құрт, шіркей, жауын құрты.

Жыл құсы. Ерекшелігі: басқа құстардың дауысын келтіре алады.

Тырна. Түсі: сұр. Көлемі: ірі, кең қанатты, мойыны, аяғы, тұмсығы ұзын

Ұясы: қамыстардың арасына, батпақты жерге салады

Жейтін қорегі: батпақты жерде өсетін шөптер, жемістер, бақа, қоңыз, құрт.

Жыл құсы. Ерекшелігі: балапандары біреу болады, екі балапан шықса олар төбелесіп, қайсысы жықса сол тірі қалады.

Қарлығаш. Түсі: бауыры ақ, қалған жері қара. Көлемі: кіші, қанаты сүйір, құйрығы айыр. Ұясы: саз - балшықтан қалап, сілекейімен сулап салады.

Жейтін қорегі: шыбын, маса, шіркейлер. Жыл құсы. Ерекшелігі: адамдарға өте жақын, үйдің ішіне ұясын салады.

Тоқылдақ. Түсі: шұбар. Көлемі: торғайдан ірі, өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ұясы: ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды, түскен үгінді ұясының астына жұмсақ болу үшін төсейді. Жейтін қорегі: ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді Қыстап қалатын құс Ерекшелігі: Бұл құсты «орман дәрігері»- деп атайды.

Сауысқан. Түсі: қара ала. Көлемі: торғайдан ірі, ұзын құйрықты құс

Ұясы: ағаштың басына, бұтақ, шірпілерден жасайды.

Жейтін қорегі: басқа құстардың жұмыртқаларын, балапандарын ұрлап жейді. Қыстап қалатын құс. Ерекшелігі: жылтыр, әшекей заттарға әуес. Ұясынан алтын сақинаны, жылтыр әйнектерді, күміс тиындарды кездестіруге болады.

Бүркіт. Түсі: қоңыр. Көлемі: ірі, жыртқыш құс

Ұясы: биік жартастарға салады, бұтақтардан тоқып салады

Жейтін қорегі: құстар, қоян, түлкі, тышқан.

ІІ – орталық. Қатынас. Белгісі ағаш.

Құстардың түрі өте көп. Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орнында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет олар ұшады. Қанаттары, мамықтары бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығы: құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.

Д/О: «Не артық.»

ІІІ – орталық. Шығармашылық. Белгісі ұя

Құстарға арнап ұя суретін саламыз.

Балалар 7 минуттан кейін фишкаларын ауыстырып сергіту сәтін жасайды.

1. Қане қанат жазайық

Мойнымызды созайық

1, 2, 3

Құс аспанға ұш

1, 2, 3,

Құс аспаннан түс.

Құстар жем жейді

Құстар су ішеді

1, 2, 3

Құс аспанға ұш

2. Қанат жазам жалма жан

Талпынғандай ұшуға

Иіліп кеп қол созам

Аяғымның ұшына

3 орталықта жұмыс жасап болған соң, балалар ортаға жиналып орталықтың жұмыс нәтижесін айтады.

Қ/о: «Құс ұясы.»

Тауыс құсы: Балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер, мен сіздердің білімдеріңе риза болып, сыйлық беремін.

Балаларға құс суретін тарату.



Тексерген әдіскер:____________Досжан А

Тәрбиеші:___________Нұргазиева Н

15.04.2021ж











































«Алматы облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұғыла балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«БЕКІТЕМІН»

Балабақша меңгерушісі:

__________С.А. Джолдасова









«Құстар біздің досымыз»

«Бөбек»ортаңғы тобы

(Тақырыптық ашық оқу қызметі)

















Тәрбиешілер: Нұргазиева Н



«Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Дала құстарының тіршілігі туралы білімдерін кеңейте отырып,оларды өзара салыстыруға үйрету.

Көрнекілігі:Мультемедиялық суреттер.

Әдіс тәсілдер: Сұрақ, жауап, ойын, түсіндіру.

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер бойымен тұрып ,қонақтармен амандасып, бір бірімізге жылулық сыйлайық.

Сәлем деймін достарға,

Сәлем деймін құстарға.

Сәлем деймін ұстазға,

Ашық болсын айымыз.

Тату болып халқымыз,

Аман болсын балалар!

Балалар бір бірімізге жылы жүзбен қарап, қуаныш сыйладық.Осы алған күш қуатымызбен сабағымызды бастайық.

Өткенді пысықтау:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын кім атайды?

-Көктемнің ерекшеліктерін кім айтады?

Жарайсыңдар, балалар

1. Жаңа сабақты түсіндіру әдісі.

Балалар, тақтадан нелердің суретін көріп отырсыңдар?

Құстардың.

Бірінші суреттегі құстарды атайықшы.

Тауық,қаз, үйрек

Екінші суреттегі құстарды атайықшы.

Қарға,сауысқан торғай,шымшық т.б

Жарайсыңдар, балалар.

Балалар, жалпы құстар екіге бөлінеді үй құстары және дала құстары.

Үй құстарын қолдан тамақтандырамыз жем,су,шөп береміз жылы қорада ұстайды. Ал Дала құстары жемтіктерін өздері тауып жейді.

Бүгінгі оқу қызметіндебіздер,дала құстарының тіршілігі мен пайдасы туралы танысамыз.

Құстар біздің –досымыз,олардың бізге пайдасы көп.Құстар өсімдікке зиян келтіретін жәндіктермен құрт,құмырсқалармен қоректенеді,сөйтіп бау-бақша егістердің жақсы өсуіне пайда келтіреді.

Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады.

-Балалар, өзіміз білетін қарғаны қарайықшы.Қарғаның екі түрі бар, ала қарға, қара қарға.Ала қарғаның қанатында, бауырында сұр түс бар сондықтан, оны ала қарға дейді. Ал қара қарғаныңбасы,қанаты,құйрығы мен бауыры бәрі қара болып келеді.Сондықтан оны қара қарға дейміз. Қарғалардың тұмсығы үшір,тырнақтары өткір болып келеді. Даладан түрлі тамақ қалдықтарын жеп қоректенеді.

Сауысқанның түсі қара- ала,көлемі торғайдан ірі,ұзын құйрықты құс.Жейтін қорегі басқа құстардың жұмыртқаларын,балапандарын ұрлап жейді. Қыстап қалатын құс. Балалар құстар туралы кім тақпақ біледі? Кәне айтайықшы.

1-бала тақпақ

Қарға,қарға,қарғалар.

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.

2-бала тақпақ

Алманы қарға шоқиды,

Көкқұстан кітап оқиды.

Ұшып кеп ағаш басына,

Ала сауысқан қоқиды.

Жарайсыңдар балалар, енді жұмбақтар жасырайық.

1.Имек тұмсық алғыр құс /қаршығы/

1.Бала

2.Екі айыр құйрығы

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі/ қарлығаш/

2.Бала

3.Ұзақ тектес құс,

Шіркей жеп.

Ауыл шаңынан,

Ұзап кетпес құс /қараторғай/

3.Бала

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там тұмдап. \ қарға \

Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық

Қарлығаш болып ұшайық

Ұшып, ұшып алайық

Сауысқан болып секіріп

Торғай болып қонайық.

Ойын: «Құстың ұясын құрастыр»

Балалар біздер құстар туралы тыйым сөздер айтайықшы:

Жаннұр:

1.Құстарды атпа.

2.Құстың жұмыртқасын жарма.

3.Құстың ұясын бұзба.

4.Аққуды атпа,досыңды сатпа.

Қортынды:

Балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер мен сендердің білімдеріңе риза болып бүгінгі сабаққа қатысқан балаларды мадақтаймын.

Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар – біздің досымыз. Біздер үнемі құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүруіміз керек.

















Тексерген әдіскер:____________Досжан А

Тәрбиеші: ___________Нұргазиева Н

16.04.2021ж













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!