Нұр-Сұлтан қаласы, 41 «Балдырған» балабақшасы
Тәрбиеші:Оразбекова Зайра Мухтаровна.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: сөйлеуді дамыту, сауат ашу
Тақырыбы : «Төрт түлік».
Билингвалды компонент:верблюд-түйе, корова-сиыр.
Ресурыстар: төрт түліктің суреттері, слайд, төлдердің бетпердесі,
Әдіс- тәсіл: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, тақпақтар, мақал- мәтелдер , жұмбақтар шешу, ырым-тыйымдарды үйрену, сұрақ- жауап, ойын.
Мақсаты:
1. Балалардың төрт түлік туралы білімдерін кеңейту.
2.Төрт түліктің адамдарға пайдасы, олардың төлдері, жануарлардың бір-бірінен ерекшелігі,ұқсастығы туралы әңгімелеу. Балалардың тілдерін, сөздік қорларын дамыту.
3. Төрт түлікке деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
I кезең: Ұйымдастырушылық-қозғаушылық
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонақтар келді.
Қонақтармен сәлемдесейік.
Балалар сәлемдеседі.
Шаттық шеңбері:
Сұрақ-жауап:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің айларын атап бер?
Қазір қыс мезгілінің қай айы?
Бір аптада неше күн бар?
Апта күндерін атап бер
Сырттан аттың кісінеген дыбысы естіліп ата қонаққа келеді.
Ата:амансыңдарма балалар!
Балалар: амансызба ата!
Ата: балалар мен сендерге бір бұйымтаймен келіп отырмын.
Тәрбиеші: ата олай болса айта отырыңыз
Ата:мен төлдерімді жоғалтып жоқ іздеп жүрмін, маған сендердің көмектерің керек.
Тәрбиеші:балалар атаға көмектесемізбе?
Балалар: әрине көмектесеміз
II кезең: ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәрбиеші:атаға көмектесу үшін төрт-түлік жайында не білетінімізді еске түсірейік, ол үшін менің біраз тапсырмаларым бар соларды орындауға дайынсыңдарма?
Балалар: - әрине
Тәрбиеші: Кәне балалар, сендер төрт -түлік малды атаңдар.Оларға нелер жатады?
Балалар: Түйе,жылқы, сиыр, қой, ешкі.
Тәрбиеші: Балалар,малдар жылдың қай мезгілінде төлдей бастайды? Олардың төлдерін білесіңдер ме?
Балалар: Малдар жылдың көктем мезгілінде төлдей бастайды.
Түйенің төлі- бота,ботақан.
Жылқынын төлі-құлын, құлыншақ.
Сиырдың төлі-бұзау.
Қойдың төлі-қозы,қошақан.
Ешкінің төлі-лақ.
Жұмбақ жасыру: жұмбақтың жауаптары слайдтан көрсетіледі .Балалар көрсетілген жануар туралы сипаттап, оның адамға беретін өнімдері,пайдасы жайында айтып береді.
Жұмбақ:
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйргім.
Ол не? (жылқы)
Тәрбиеші:-кәне, сендер жылқы туралы не білесіңдер?
Балалар: жылқы суыққа төзімді, сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының жүйрігі, жорғасы, желгіші, жүк тартқышы болады.
Тақпақ :
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Жұмбақ:
Маң-маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Екі өркешін қом басқан,
Төрт аяғын тең басқан.(түйе)
Балалар: Түйе- төрт түліктің төресі. Түйе таптырмас көлік. Онын еті тамақ, шұбаты-сусын жүні киім. Түйе шөлге өте төзімді. Ол қос және сынар өркешті болады. Көбінесе түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйе екі жылда бір рет боталайды.
Тақпақ : Ботақаны нардың,
Жарға неге бардың.
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың.
Жұмбақ:
Қос мүйізді, төрт сирақты,
Ағызады сүт-бұлақты. (сиыр)
Тәрбиеші: ал, енді сиыр туралы не білесіңдер?
Балалар: Сиырдың терісі, еті,сүті бар.Айран, қаймақ, май,ірімшік, сүзбе, құрт бәрі сиырдыкі.
Тақпақ: Әукім- әукім, әукешім,
Қасиыншы әукешін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді
Жұмбақ:
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Балалар:Қой-аша тяқты, жүні тығыз мал. Ол төрт түлік, малдың момыны. Оның еті, терісі, жүні пайдалы. Жүнінен киім тоқылады, киіз басылады, алаша, кілемдер жасалады.
Тақпақ : Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Жұмбақ:
Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Сақалы тағы бар. (ешкі)
Тәрбиеші: ал, енді ешкі туралы не білесіңдер?
Балалар: Ешкі суыққа төзімсіз,тоңғақ келеді. Ешкінің еті,терісі, сүті, түбіті бар. Ешкінің сүтін емге пайдаланады. Түбітінен киім тоқылады. Еті- тамақ, терісінен киімдер тігіледі.
Тақпақ: Секен, секен ей, лақ,
Жүрімін саған кейіп-ақ.
Тыныш тапсаң болмай ма?
Секірмей ақ бей уақ.
Тәрбиеші: Өте, дұрыс.
Тәрбиеші: Қазақ халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар деп айтылады. Қазақ атамыз малдың пірлеріне сыйына отырып малдарының көп болып өсіп- өнуін тілейді.
Енді сол төрт түлік малдың пірлерін атаймыз.
Балалар: Түйе атасы-Ойсылқара,
Жылқы атасы-Қамбар ата,
Сиыр атасы-Зеңгір баба.
Қой атасы- Шопан ата,
Ешкі иесі- Сексек ата.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар,енді біраз сергіп демалайық.
Сергіту сәті:«қара жорға»
Дыбыстық талдау: сиыр,қой,жылқы сөздерін талдау.

Ертегіні сахыналау: «Төлдердің айтысы»
Ата:ой, менің төлдерім мында жүр екен ғой. Балалар рахмет сендерге, менің төлдерімді тауып бергендеріңе, көп жасаңдар.
Ата: балалар төлдерімді тауып бергендеріңе көп рахмет!
Мен енді жолға шығайын, сау болыңдар !
Балалар:сау болыңыз! Жолыңыз болсын
Ата төлдерін ертіп шығып кетеді.
III кезең: рефлексиялық-түзетушілік
Оқу қызметін қортындылау: «Тақия тастамақ» ойнаймын қортындылау.
-Балалар, біз бүгін оқу қызметінде
не істедік?
-Біз атаға қандай көмек көрсеттік?
- Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
-Несімен ұнады?
№41 «Балдырған» балабақшасы МКҚК
Келісілген Бекітемін
№41 «Балдырған» б/б әдіскері №41 «Балдырған» б/б меңгерушісі
Молшылық.Б_________ А.К.Ахметжанова__________
«Балалық тілазарлық»
Ата-аналарға арналған кеңес
«Қарлығаш» ересектер тобы
Дайындаған және өткізген:
Психолог:А.Е.Алина.
Астана -2018жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту,сату ашу.Тақырыбы:Төрт түлік. Мектепалды даярлық тобы.

шағым қалдыра аласыз