ашық оқу қызметі "Табиғат байлықтары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық оқу қызметі "Табиғат байлықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Экология»

Тақырыбы: «Табиғат байлықтары»

Мақсаты: Балаларды еліміздің табиғат байлықтарының (өсімдіктер, өзен-

көлдер, пайдалы қазбалар) түрлерін таныстыру; олардың халық

игілігіне қажеттілігін ұғындыру.Табиғат туралы алған білімдерін

дамыту. Сөйлеу, ойлау, зейін аудара білу қабілеттерін дамыту.

Табиғат байлықтарын үнемді қолдану турлаы алғашқы

түсініктерін қалыптастыру; туған елдің байлығына деген

сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер: табиғат дыбыстары жазылған үн таспа, табиғат байлықтары

көріністерінен слайд, әр балаға қорапша, түрлі-түсті тұздар.

Алдын ала атқарылатын жұмыс: табиғат туралы тақпақтар жаттау, «Тұз

не үшін керек?»тақырыбында әңгіме жүргізу.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі




Мотивациялық қозғаушы

Балаларға қонақтармен амандасуды ұсынады.


-Балалар сендер саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма?

-Олай болса, мен сендерді еліміздің әсем де сұлу табиғатына қиялмен саяхаттап қайтуға шақырамын. Қане, барлығымыз көзімізді жұмайық.

-Міне, біз еліміздің сұлу табиғатын тамашалап келеміз. шыңында аппақ қар жатырған, аспанмен таласқан асқар таулар, мөлдір таза өзендер мен көлдер, жап-жасыл жайқалған ну ормандар, кең жазира далалар, сан алуан гүлдер, жануарлар. Алыстан құстардың әсем әндері естіледі. Табиғат қандай тамаша!

-Көздерімізді ашып, бақшамызға оралайық.


Балалар қонақтармен амандасады.


-Иә



Балалар көздерін жұмып, табиғат үндеріне елтіп, қиялады.











Көздерін ашады


Іздену ұйымдастырушы

Балалар, біз қиялымызбен қайда барып қайттық?

-Табиғат дегеніміз не?




-Табиғат қандай топтарға бөлінеді?

-Өлі табиғатқа не жатады?

-Тірі табиғатқа не жатады?



-Кім табиғат туралы тақпақ біледі?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Табиғат дегеніміз-адам, аң-құс, өсімдік, тау,тас, өзен-көлдер, күн, ауа, жер. Бұлардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Осылардың қайсысы адам үшін ең қажеттісі деп ойлайсыңдар? Олай болса балалар, қызықты көрініс тамашалайық.

Көрініс: «Табиғат айтысы».

Тоқтай тұрыңыздар, дауласпаңдар. Барлығың да қажетсіңдер. Сендер біздің байлығымызсыздар. Балалар біз бүгін табиғат байлықтары туралы әңгімелесеміз. Табиғат байлықтарын пайдалану нәтижесінде адамдар азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар, жанар-жағар май, шикізат алады. (Слайд көрсетіп әңгімелейді). Біздің еліміз табиғи байлықтарға бай ел. Соның бірі өзен, көл, теңіздердегі балықтар. Онда сазан, алабұға , албырт, табан т.б. көптеген балықтар бар.

Солардың ішіндегі еті жұмсақ, бағалысы бекіре. Бекіре өзіміздің Каспий теңізінде де бар. Олар азайып бара жатқандықтан бекірені аулауға тыйым салған. Балықтарға қалай көмектесе аламыз?


-Табиғат байлықтарына ну орманымызды, емдік шөптерімізді қоса аламыз. Қазақстанда жолжелкен, жалбыз, өгейшөп,түймедақ т.б. емдік шөптер көп. Біздің өлкемізде адыраспан, жусан, итмұрын, жусан сияқты емдік шөптер өседі.

Емдік шөптердің қандай пайдасы бар?


-Табиғат байлықтарына жерден өндірілетін пайдалы қазбалар да жатады. Мынау, көмір, ол ертедегі өсімдіктердің шіріген қалдықтары сазға айналып, жер қойнауында қатып қалуының нәтижесінде пайда болады. Көмір Қарағанды, Екібастұзда өндіріледі.

Көмірдің түсі қандай, оны не үшін пайдаланады?



-Біздің өлкемізде қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?

-Дұрыс бізде мұнай өндіріледі. Оның түсі қоңыр қошқыл, кейде ашық сарғыш түсті болады. Оны «кара алтын» деп те атайды. Еліміз мұнай қоры жөнінен алдыңғы орындардың бірінде тұр. Мұнай көп жылғы жииналған өсімдік, жануарлар қалдықтарынан пайда болады. Мұнайдан не алынады?

-Жанар-жағармайдан басқа мұнайдан иіссу, крем, дәрі-дәрмек, пластмасса т.б. заттар алынады.

Табиғи байлыққа жататын пайдалы қазбаның тағы бір түрі- тұз.

-Тұз не үшін қолданылады?

-Ас тұзы біздің елімізде Арал

Теңізінен, Балқаш көлінен, Ертіс, Есіл өзендерінен алынады. Ас тұзынан басқа техникалық, емдік тұз түрлері бар.

Сергіту сәті

Өзеннен жүзіп өтеміз.

Тауға өрмелеп шығамыз.

Тау тастардан секіріп, Ну орманнан өтеміз.

Ашық алаңға жетіп,

Қуанып біз дем аламыз.

Д/о: «Табиғат ғажайыптары»

-Балалар, енді мен сендерді табиғат байлықтарының бірі тұзбен сурет салуға шақырамын.

Табиғат аясында саяхаттап қайттық. Табиғат бізді қоршаған орта.




Өлі және тірі табиғат.

-күн, су, ауа, тау, тас т.б.

Адам, өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер т.б.

Тақпақтар айтады.


Зейін қойып тыңдайды.







Балалар өз ойларын айтады. Тамашалайды.






















-Өзен, көл, теңізді таза ұстаймыз.










-Шөптерден түрлі дәрілер жасайды.










-Түсі қара, үйді жылыту үшін, үлкен пештерді қыздыру үшін.


-Мұнайдан жанармай, жағармай алады.









-Өз білгендерін айтады.













Өлең мазмұнына сай қимыл жасайды.






Қызығушылықпен ойнайды. Балалар арнаулы тақтайшаларда тұзбен сурет салады.

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік?

-Табиғат байлықтарына не жатады?

-Елімізде табиғат байлықтары көп екен. Бірақ үнемді пайдаланбасақ олар да таусылады. Сондықтанда табиғатты аялап, табиғи байлықтарымызды үнемдеп пайдаланайық.





Тыңдайды, жадыларына сақтайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2018
1621
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі