Ашық оқу қызметі: "Табиғатты қорғау міндетіміз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі: "Табиғатты қорғау міндетіміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға табиғаттың маңызын түсіндіру. Білімділік: Тірі және өлі табиғат туралы түсінік бекіту.Табиғат құндылығты,өсімдік тіршілігі туралы ұғымдарын қалыптастыру. Дамытушылық: Тірі және өлі табиғаттың ерекшелігін іс - тәжірибе жасау арқылы түсіндіру. Тәрбиелік: Табиғатты аялап қорғауға.қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балалардың табиғатқа,туған жерге,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тақырыбы "Табиғат қорғау міндетіміз"
Мақсаты: Балаларға табиғаттың маңызын түсіндіру.
Білімділік: Тірі және өлі табиғат туралы түсінік бекіту.Табиғат
құндылығты,өсімдік тіршілігі туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Тірі және өлі табиғаттың ерекшелігін іс - тәжірибе жасау
арқылы түсіндіру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялап қорғауға.қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Балалардың табиғатқа,туған жерге,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, жеке жұмыс.
Ресурстар: Үнтаспа,тәжірибеге арналған құралдар, (су,жарамсыз заттар)
Іс-әрекет Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-
әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы



Іздену-
ұйымдастырушы
Шаттық шеңбер.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күннің шуағын апайларға сыйлайық
Барысы: -Балалар мен сендерге өлең
шумағын оқып берейін, сендер мұқият
тыңдап отырыңдар.
Жаңбыры бар, қары бар.
Өзен, көлі, бағы бар.
Ұшқан құсы, жәндігі,
Түз тағысы-аңы бар.
Жасыл желек көмкерген,
Үйіміз бар «Жер» деген.
Маған, саған бұл мекен-
Бәрімізге гүл мекен.
-Балалар өлең шумағы не жайында
айтылған?
-Табиғат туралы айтылған екен.
-Жарайсыңдар балалар, ендеше біз бүгін
табиғат жайлы біраз нәрселер білетін
боламыз.
-Балалар мен сендерге бүгін қызықты қиял
ғажайып «Қызыл телпек»ертегісін айтып
бергім келіп отыр, тыңдаймыз ба?
Ертегі «Қызыл телпек»
Балалар іс-қимыл
арқылы көрсетеді.


Page 2

-Ертеде, Қызыл телпек ормандағы әжесіне
жол тартады, орманның әсем табиғатын
тамашалап, құстардың сайрағандарына қарап
жүріп уақыттың біршама өтіп кеткенін
байқамайда қалады.
Шаршаған Қызыл телпек орманның бір
шетінде қисайып жатып ұйықтап кетеді.
Ұйықтап жатып түс көреді.
Түсіне жеті лақ кіреді.
(Слайдт арқылы)
Балалар лақтар не істеп жүр?
(балалардың ойларын тыңдау)
Ендеше мен сендерге сұрақ қоямын кім тез әрі
нақты жауап бере алады екен.
1. «Ой қозғау» аялдамасы.
-Табиғат дегеніміз не?
-Табиғат байлықтарына не жатады?
-Табиғат тазалығын сақтау үшін, табиғат
байлықтарын қорғау үшін не істеуіміз керек.
Сендер қандай үлес қосып жатырсыздар?
Табиғатты аялап ұстауымыз керек.
-Жарайсыздар ертегімізді жалғастырайық.
-Кенет қызыл телпектің түсіне қасқыр енеді.
(Слайдт арқылы)
-Қасқыр не істеп жүр?
Қасқырдың жасап жатқан қылығы дұрыс па?
-Экология дегеніміз не?
-Экологияны тағы қандай заттар бұзып
жатыр?
-Түрлі зауыттар, көліктерден шыққан
түтіндер, айналадағы тастаған қоқыстар
осылардың барлығы табиғатты ластап
жатыр.
Бұлардың барлығы денсаулыққа да зиян.
-Қазіргі таңда денсаулықты сақтау үшін не
ісеп жатырсыздар?
-Балалар табиғатты, денсаулықты қорғау
үшін не істеуіміз керек?
- Сендер қай жолды таңдар едіңдер?
-Не үшін?
-Мына суретте қай табиғат ұнайды?
-Не үшін?
-Табиғатты таза ұстау үшін ағаштарды көп
отырғызу керек. Ағаштарды сындыруға


Page 3

болмайды ағаштардың барлығы таза ауаны
тазартып адамдарға пайдасы өте көп.
Ағаш - адамның мыңдаған жылдардан бері
отын үшін де және құрылыс материалы
ретінде қолданған шикізаты. Ағаштардан
еңбек аспаптарын және музыка аспаптарын,
қару, ыдыс, жиһаз, өнер туындыларын, қағаз
т.б. жасау үшін қолданады.
Ағаштарды күн сайын пайдалы заттарға
кесіп алып жатқандықтан ағаштардың саны
да кеми түседі.
-Сендер ағаштар азаймау үшін не
істейсіңдер?
-Ағашта жанды табиғат оларды сындыратын
болсақ өзекетеріне ауа кіріп өліп қалады.
Өзегі дегенің не екенін білесіңдер ме?
Олда адамның жүрегі сияқты, ендеше
кәнікей барлығымыз ағаштардың өзегін
бақылап көрейік.
(ұлғайтқышпен кесілген ағаштың өзкгін,
қабығын. Бақылайды)
1Сыртқы қабат
2.Тоз.
3.Камбий
3, сүрек
4. өзек
Балалар сендерге түсінікті болды ма?
(ертегіні жалғастыру)
-Қызыл телпек сайраған құстар әлеміне кіріп
кеткендей болды.
-Құстар бұларда табиғат иелері.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай
білген.
Сендерге тапсырма, мен болжаудың басын
бастайымын кім тез жауап бере алады екен
сынап көрейін.
2. «Шешендік» аялдамасы
• Құс жүнін үрпитсе,.....( жаңбыр жауады, ауа
райы өзгереді.)
• Сары шымшық ысқырса- ....(шынымен күз
болғаны.)
• Қарға қарқылдаса –...(қар жауады.)
• Жыл құсы қаптап кетсе -...(көктем ерте
келеді.)
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –...(күн


Page 4

жылиды.)
• Сауысқан шақылдаса, ...(қонақ келеді.)
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, ...(күн
жылиды.)
Үйге келген жыланның басына ....(ақ сүт
құйып шығарған.)
* Бақаны өлтіруге болмайды,...( жаңбыр
жауады.)
*Көкті жұлма ...(«көктей соласың» деп
жамандыққа жорыған.)
-Енді кім табиғатқа байланысты тыйым
сөздер, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер
біледі?
3. «Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы.
Тыйым сөздер: «Бұлақты былғама» , «көкті
жұлма», «ағашты сындырма», «аршаны
аралама», «суға түкірме», «суды ылайлама»,
«құмырсқаның илеуін бұзба» , «аққуды
атпа», «қүстың ұясын бұзба» және тағы сол
сияқты
Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер: «Судың
да сұрауы бар» , «Өзен жағалағанның өзегі
талмас» , «Бақ өсіргеннің баңғы жанады»,
«Тоғайды тұяқ тоздырады» және тағы басқа
Ойын: «Кім тапқыр?»
Берілген суретке қарап мақал айту.
-Балалар біз Қызыл телпегіміз оянғанша
біраз нәрсе үйрендік.
(Ертегіні жалғастыру)
-Қызыл телпек кенет теңіз шуын естиді.
4«Үнемшіл» аялдамасы
-Судың түсі қандай?
-Біз қандай суларды пайдаланамыз?
-Судың дәмі қандай?
Судың түсі ше?
Логикалық ойын:
Үш шыныдағы судың біріне шекер, біріне
тұз салып араластырылады, бірі таза күйі
қалады.
Сұрақ: Тұз салынған судың дәмі қандай?
Шекер салынған судың дәмі қандай?
Таза судың дәмі қандай?
Қай шыныдағы суды асқа пайдалануға
болады, қай ыдыстағы суды тосап қайнатуға
болады және қай суды ішуге болады?


Page 5

(Барлығына таза суды пайдаланады)
Балалар, суды үнемдеп жұмсауымыз керек.
-Сендер су асты әлемін көргілерің келеді
ме?
-Сендер не көріп тұрсыңдар?
-Балалар су астында өлі табиғат түрлі
тастарда болады.
Олардан не жасауға болады?
( зергерлік бұйымдар)
Ойын «Кім жалдам?»
(саусақ маторикасы) түрлі тастарды су
астынан алып шығады.
-Жарайсыңдар, ертегімді әрі қарай
жалғастырайын.
Қызыл телпек оянып болашақтың керемет
болса екен деп армандайды. Мол арманымен
үйіне бет алады.
Ал сіздер ше?
5. «Ой шақыру» аялдамасы.
Топпен жұмыс: Екі топқа бөлу, топтардың
тапсырмаларын беру.
1.Топ: тақпақт оқып мазмұнына байланысты
қандай ой түйгенін ақ парақ бетіне
бейнелеу.
Табиғатым - аманатым
Табиғатым, тіршілігім, ырысым,
Сенсіз менің тарылады тынысым.
Биік - биік тауларыңа қарасам,
Алшаң басып, түзеледі жүрісім.

Сенсің менің тазалығым, тұнығым,
Сенсіз менің үзіледі үмітім,
Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,
Сен бар кезде құлшынамын өмірге.
2 Топ: Жанұяның бір күнгі үйден шығатын
(қоқыстарын ) жарамсыз заттарды
пайдаланып, олардың азайту жолдарын
қолданып жарамды дүние жасауға
тапсырмалар беру. Қазақстанның
экологиясын бүлдірмеу үшін қандай
ұсыныстар айтылатынын білу.
4. «Болашақ» аялдамасы
Эксперттерге сөз беру. Бүгінгі тақырып
бойынша ой түю.
Өз пікірлерін айту.


Page 6

6.«Ақ тілек» аялдамасы. Глобусты бір –
біріне бергенде табиғат туралы жақсы
сөздер айтып, келесі балаға береді.
Мысалы: Глобусты ұстап «Жер ананы
аялайық» өзінен бастайды.
-Жарайсыздар, сіздерге рахмет осымен
бүгінгі шебер сынып аяқталды.

Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртады: Тірі және өлі табиғат туралы
Түсінеді: Табиғатты аялап қорғауға
.Қолданды: тәжірибе жасау


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
09.01.2021
467
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі