Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық оқу қызметі "Тәуелсіздік -тірегім"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІМ!
Панфилов ауданы «Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің «Шұғыла» балабақшасы мемлекеттіккоммуналдық қазыналық кәсіпорны
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылы,
Сатай Батыр көшесі№8а
Телефон: 8(72831)42-3-55 shugila13@mail.ru Жоба қуаттылығы: 120 бала.
Оқыту тілі: Қазақ тілі
Балабақша меңгерушісі: Джолдасова Сандуғаш Абулмаджиновна
Автор тәрбиеші Какей Унзийла
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының
рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәр-
биелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық
жауап берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан
Республика-сының Туы, Елтаңбасы,Гимн және тағы басқа кітапшалар.
Әдіс-тәсілдері: Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді, біз үшін бұл ең ұлы,
қастерлі мереке.
Бәрі тік тұрып ГИМН ды орындайды
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.
Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазқақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар,
сұлтандар, билер басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз басқарады.
Балалар сендер, білесіңдер ме, Біздің тұңғыш президент кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы
1 желтоқсанда сайланды. Жылда
Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі болып аталып өтіледі.
Ал сендер білесіңдерме біздің қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаев.
Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков,
Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз
құрбан болды. Содан бері 33 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл
сайын басымызды иіп, еске аламыз.
Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпес із қалды. Олардың арман тілегі
орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз.Біздің елі-
міз дамыған елдер қатарына қосылды.
Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Айтатын Әнұран
Қай елдің баласы (Қазақ елінің баласы)
Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі? (Нұрсұлтан)
Қоспырағым қос қанат,
Шаңырағым күн менің
Шолпан жұлдыз маңдайда.
Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)
Көк аспанның түсі бар
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап ,
Кімнің туы біліп ал. (Қазақстан мемлекетінің Туы)
Туымыздан күн қарап
Күлімдейді әлемге
Күнмен бірге қандай құс.
Қанат қаққан бар елге (Қыран)
Есімізге түсірейікші Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейне-ленген.
Балалар: Ту. Көк.
Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің тыныштығы мен
тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің
белгісі. Балалар ал мынау не?
Балалар: Елтаңба.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы.
Арғымақ- Еркін діктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі.
Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгісі
Мынау ГИМН. Кәне, енді маған қарап отырыңдар
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
Мерей: Егеменді елдің біздер,
Ұланымыз жас қанат
Апайларға сәлеміміз,
Құттықтаудан бастаймыз.
Тәшнә: Ызғарлы қыс-тоқсан күн,
Желтоқсан деп аталған
Желтоқсанда жастарым,
Тәңірінен бата алып
Нұрайым: Жыр арнадым еліме тебіріне,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Дархан: Біргемін мәңгі сенімен,
Ешқашан сені сатпаймын
Өзіңе деген өлшеусіз
Құрметімді сақтаймын.
Арнаймын саған ән-жырды
Сен туралы жырлаймын
Көркейе бер, Отаным,
Сенсіз жерге сыймаймын.
Ерасыл: Отан-анаң ауялы,
Отан- әкең,ақылшың.
Отан-асыл арманның,
Аялаған өз елін.
Айым: Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі
Кәусар: Көк аспанда көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Жанерке: Атағы артық, жаны аппақ
Әй Отаным, Отаным
Үмітіңді мен ақтап,
Үлесімді қосамын.
Жақсылық: Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі
Серігіту жаттығуы.
Көк байрақ желбіре,
Асқақтап аспанда
Жас ұлан ел- бірге
Сап түзе, жасқанба
Көрініс: Ерасыл, Зере, Жақсылық, Райд, Мұстафа.
Көрініс:Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырды.Үйге
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік.Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқын-
дауға келдік.Прокурордың санкциясы бар.Міне!
Жеңгесі: Қайрат,бері кел.
Милиция:Тез жинал,бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке-
шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милицция: Жеңеше,сабыр етіңіз!Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-
қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
Тергеуші:Қайрат сен адам өлтірді
Тергеуші:Мойында жазаң жеңілденеді
Қайрат: Жоқ, мен өлтірмедім
Тергеуші:Алып кетіңдер өлтіріңдер
Қайрат (Ерасыл)
Тоқта!Айтар сөзім бар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты-құрбандық»
Атам десеңдер атыңдар
Деп айтады екі милициянер алып кетеді
Тәрбиеші: Отыра қойыңдар. Ал енді балалар, қазір мен сендерге сұрақ қоямын.
Сендер соған жауап беріңдер.
Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды және неше жыл толды?
Жақсылық: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік
алды және егеменді ел болғанымызға 28 жыл толды.
Тәрбиеші: «Тәуелсіздік алдық» дегенді қалай түсінеміз?
Мұстафа: Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және Туымыз, Елтаңбамыз,
Гимніміз бар.
Тәрбиеші: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады
Дінмұхамед: Өз елім- өлең төсегім.
Раид: Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол!
Айым: Отан-оттан да ыстық.
Тәрбиеші: Енді балалар тағы да «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақ айтайық.
Зере: Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз
Айша: Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер
Отан-Ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел!
Тәрбиеші: Өркениетті ел боламыз келешек,
Шет елдерге болмаймыз біз берешек
Екі мың отыз келген кезде бұйырса,
Елім дейтін, халқым дейтін ер өсед.
Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды салтымыз
Президентті әрқашанда қолдаймыз,
Жастарыма, толық сенім артамыз.
Айша: Арқасына күнді алып,
Қыранымыз самғап жүр
Көк туымыз желбіреп,
Жер мен көкті жалғап тұр.
Алихан: Әділдік жеңіп соңында.
Тәуелсіз болды еліміз
Татулықпен бірлікпен,
Гүлдей бер, туған жеріміз.
Айым: Өзіңдікі туыңды
Отпен ауа суыңда
Cырым: Отан туған үйіміз
Отан туған жеріміз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз
Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығымен таңқалдырған.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Хор:«Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы
туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі оқу
қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.
Гимнді орындау сәті